Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес, "Қобда аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2015 жылғы 29 қазандағы № 230 "Шектеу іс шараларын тоқтату туралы" ұсынысы негізінде, Бегалы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда ауданының Бегалы ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 4 "Шектеу іс-шаралары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3914 болып енгізілгн, 2014 жылғы 25 мамырда "Қобда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Бегалы ауылдық округінің әкімі | Утянов Ю.М |
