Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 28 қарашасындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақтау теңізпорты" арнайы экономикалық аймақ құру туралы" № 853 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" № 702 Жарлығына сәйкес және "Ақтау теңізпорты" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2009 жылдың 9 қыркүйектегі № 1/1-1/17-372 санды хаты негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қыркүйектегі № 845 "Ақтау теңізпорты" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-95 санды тіркелген, 2008 жылғы 18 қазанда №162 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары М.Н. Молдагуловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Қала әкімі | С.Бекбергенов |
