1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z937000_ жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне:
- Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен шекарасынан
құқылық жағынан ресiмдеу туралы мәселенi қарап, Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету үшiн қажеттi жағдайлар
жасауды қамтамасыз ету;
- 1993 жылғы 1 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекараны күзетуге қатысты
шешiмдерiн қабылданған Заңға сәйкес келтiру тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесiнiң
Төрағасы
