1. "Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жарияланған кезiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерiн қаржы,
материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз
ету жөнiнде шаралар қолдансын;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiн осы Заңға сәйкес
келтiру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Қазақстан
Республикасының iшкi әскерлерi туралы" Заңға сәйкес келтiретiн
болсын.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы
