"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 243-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 36-бапта:

      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;";

      1-2-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын;

      1-3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Күрделі" деген сөз "Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, күрделі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-5 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-5. Шегінде шектеулі өңірлік геологиялық зерттеулер жүргізілмеген немесе жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша перспективалы шөгінді бассейндер анықталмаған аумақтар аз зерттелген аумақтар деп танылады.

      Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу тәртібін құзыретті органмен келісу бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.";

      "2-2. Бұрын жер қойнауын пайдалану құқығының тоқтатылуына байланысты көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шарттардан басқа, мынадай:

      1) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шартына сәйкес жүргізілген шығындарды сенімгерлік басқарушыға өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу;

      2) осы Кодекстің 107-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген жабдық пен өзге де мүліктің құнын бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға өтеу;

      3) сенімгерлік басқару процесінде сенімгерлік басқарушы сатып алған және (немесе) алған берілетін мүліктің құнын мемлекетке өтеу жөніндегі шарттар қамтылуға тиіс.";

      5-тармақтағы "барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың, өндіруге арналған келісімшарттың, күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың немесе күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге" деген сөздер "жер қойнауын пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 40-бапта:

      2-тармақ 3) тармақшасындағы "бойынша ауысуына тыйым салынады." деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) осы Кодекстің 103-бабының 8-тармағында және 160-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт қолданысының алғашқы үш жылында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша ауысуына тыйым салынады.";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 44-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) ауысқан жағдайда көрсетілген өтінішті жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) иеленуші береді.";

      3) 42-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Егер көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған басқа келісімшарт (келісімшарттар) болмаған кезде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт объект жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объект деп танылатын жалғыз келісімшарт болса, келісімшарт жасалған күннен бастап алғашқы үш жыл ішінде осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілердің ауысуына тыйым салынады.";

      4) 43-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мыналар стратегиялық жер қойнауы учаскесі болып табылады:

      1) көлемі елу миллион тоннадан астам мұнайдың немесе он бес миллиард текше метрден астам табиғи газдың геологиялық қорлары бар жер қойнауы учаскесі.

      Мұнайдың немесе табиғи газдың геологиялық қорларының болуы жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектердің геологиялық қорларын есептеу жөніндегі есеппен расталады;

      2) Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесі.

      Егер жер қойнауы учаскесі аумағының барлық географиялық координаттары шектес елдердің учаскелерімен кеңістіктік шекаралары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген, ал құрлықпен кеңістіктік шекарасы Каспий теңізі суының барынша көтерілуі нәтижесінде пайда болатын сызық бойымен өтетін түбі мен жер қойнауы учаскесі шегінде орналасса, осындай жер қойнауы учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан деп танылады;

      3) уран кен орны бар жер қойнауы учаскесі.

      Уран кен орнының болуы жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған уранның геологиялық қорларын есептеу жөніндегі есеппен расталады. Егер жер қойнауы учаскесінде сирек кездесетін уранды кен орны болса, онда осы тармақшаның мақсаттары үшін мұндай жер қойнауы учаскесі уран кен орны бар жер қойнауы учаскесі деп танылады.

      Стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін және оны жүргізу тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретті орган бекітеді.";

      5) 44-баптың 2-тармағының 14) тармақшасындағы "қатысқан жағдайда талап етілмейді." деген сөздер "қатысқан;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша заңды тұлға мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда талап етілмейді.";

      6) 59-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 64-бапта:

      16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1) пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын пайдалы қазбалардың кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-2) пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын пайдалы қазбалардың қорларын есептеу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;";

      8) 70-бапта:

      3-тармақта:

      екінші бөліктегі "көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру үшін, сондай-ақ уранды немесе сирек кездесетін уранды кен орнында уранды барлау немесе өндіру үшін шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы ұлттық компанияға ғана берілуі мүмкін аумақты (аумақтарды) көрсету қамтылуы" деген сөздер "шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін ұлттық компанияға, сондай-ақ уранды кен орнында уранды барлау немесе өндіру үшін уран саласындағы ұлттық компанияға ғана берілуі мүмкін аумақты (аумақтарды) көрсетуді қамтуы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы көмірсутектер немесе уран саласындағы ұлттық компанияларға ғана берілуге тиіс аумақты көрсету мыналармен:

      1) тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасу үшін – мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына тиісті аумақ енгізілген күннен бастап қатарынан үш жылмен;

      2) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру үшін – уранның кенденуі және (немесе) уран кенжатыны бар аумақтармен;

      3) уран өндіруге арналған келісімшарт жасасу үшін уран кен орнының болуымен шектеледі.

      Құзыретті орган осы тармақтың үшінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген аумақтарды аукцион негізінде үшінші тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аумақтар санатына:

      1) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасу үшін қатарынан үш жыл өткеннен кейін;

      2) көмірсутектер немесе уран саласындағы ұлттық компаниялардың жер қойнауы учаскесінен (учаскесінің бір бөлігінен) бас тартуы, лицензияны кері қайтарып алу немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын тоқтату нәтижесінде оларға берілген жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы ауыстыруға тиіс.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Құзыретті орган осы баптың 3-тармағына сәйкес мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында осы мақсаттар үшін айқындалған аумақтарда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға өзгеше түрде беруге құқылы емес.";

      9) 77-баптың 3-тармағы екінші бөлігі 6) тармақшасындағы "болса, ашып көрсетеді." деген сөздер "болса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімінің алғашқы үш жылы үшін жұмыстар бағдарламасын орындау нәтижелері бойынша ашып көрсетеді.";

      10) 94-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін аукцион негізінде берілетіндер ретінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында көрсетілген жер қойнауы учаскесінің немесе аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінің сұралатын аумағының атауы мен географиялық координаттары.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы параграфтың мақсаттары үшін жер қойнауы учаскесінің аумағы осы Кодекстің 36-бабының 1-5-тармағында немесе 70-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген аумақ шегінде толығымен болуға тиіс.";

      2-тармақта:

      бірінші бөлік "жұмыс күні ішінде" деген сөздерден кейін ", ал аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      1) тармақшадағы "осы" деген сөз "аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, осы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер:

      өтініш бергенге дейін үш жыл ішінде өтініш беруші аукцион өткізуге арналған басқа өтініш берсе, бірақ аукционға қатысушы ретінде тіркелмесе;

      мәлімделген учаске осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе, аукцион өткізуге арналған өтінішті қараудан бас тартады;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) егер өтініш берушіге осы бөліктің 2) тармақшасына сәйкес өтінішті қараудан бас тартылмаса, көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша осы Кодекстің 95-бабына сәйкес аукцион өткізу туралы хабархатты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген өтінішті қарау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жариялайды.";

      11) 95-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі "өтініш бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Кодекстің 103-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі қамтылуға тиіс.

      Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша өтініштер беру мерзімі хабархат жарияланған күннен бастап он жұмыс күні болып белгіленеді;";

      6) тармақша "жағдайда –" деген сөзден кейін "осы баптың 3-1-тармағының талаптары ескеріле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      14) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша барлаудың бастапқы кезеңі үш жыл болып белгіленеді.";

      екінші бөліктегі "Аукционды" деген сөз "Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукционды қоспағанда, аукционды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион аукционға қатысуға арналған өтініштерді қарау үшін берілген мерзім аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде өткізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған аукцион өткізілген жағдайда, жұмыстар бағдарламасында:

      1) жер қойнауы учаскесі аумағының кемінде отыз пайызын алатын алаңда екі өлшемді сейсмикалық жұмыстар жүргізуді қамтитын, барлаудың бастапқы кезеңіндегі геологиялық түсіру жұмыстарының және (немесе) геофизикалық жұмыстардың ең аз көлемі;

      2) кемінде бір барлау ұңғымасын бұрғылау жөніндегі жұмыстарды қамтитын, барлаудың бастапқы кезеңінен кейінгі тікелей келесі барлау кезеңіндегі барлау жұмыстарының ең аз көлемі көзделуге тиіс.

      Аукцион өткізілетін күні аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың тарапы болып табылатын немесе аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыны бақылайтын тұлға болып табылатын тұлға аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукционға қатысуға жіберілмейді.";

      12) 97-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "және 9)" деген сөздер ", 9) және 10)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-1-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі ", бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей", ", бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтың 9) тармақшасындағы "жағдайда, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады." деген сөздер "жағдайда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) өтініш беруші осы Кодекстің 95-бабы 3-1-тармағы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады.";

      13) 98-бап алып тасталсын;

      14) 100-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізуге бір ғана қатысушы жіберілген болса, онда қол қою бонусының бастапқы мөлшерін осындай тұлға төлеген жағдайда, мұндай қатысушы аукционның жеңімпазы деп танылады.";

      2-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "хаттамамен автоматты түрде ресімделеді" деген сөздер "автоматты түрде шығарылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", оған құзыретті орган мен аукцион жеңімпазы қол қояды" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "үш" деген сөз "бір" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығы берілген кезде жұмыстар бағдарламасы осы Кодекстің 95-бабы 3-1-тармағы бірінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып әзірленеді.";

      15) 101-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша өткізілетін аукционға қолданылмайды.";

      2-тармақта:

      "Аукционды өтпеді деп тану комиссияның барлық қатысқан мүшесі қол қоятын хаттамамен ресімделеді." деген сөздер алып тасталсын;

      "хаттама ресімделген күннен бастап үш жұмыс күні" деген сөздер "аукцион аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 103-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания тікелей келіссөздер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған өтінішті тиісті аумақ мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген күннен бастап үш жылдан кешіктірілмейтін мерзімде беруге тиіс. Егер тікелей келіссөздер жүргізу туралы өтініш көрсетілген мерзімде берілмеген болса, тікелей келіссөздер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығы берілмеген аумақ осы тараудың 1-параграфына сәйкес аукционға шығарылуға жатады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігіндегі "және құзыретті органмен келісілген" деген сөздер алып тасталсын;

      17) 106-баптың 1-1-тармағының 4) тармақшасындағы "орындамаған жағдайларда, біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады." деген сөздер "орындамаған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі үшін көзделген жұмыстар бағдарламасы орындалмаған жағдайларда, біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.";

      18) 107-бапта:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Кодекстің 126-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасында және 127-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген мерзімдерде жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстарды бастауға міндетті;";

      8-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімде жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға бергенге дейінгі мерзімге көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға беруге жататын жабдық пен өзге де мүліктің тізбесін жасауға және құзыретті органда бекітуге міндетті.

      Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүліктің тізбесін жасаудан және (немесе) бекітуден жалтарған жағдайда, мұндай тізбені көмірсутектер саласындағы ұлттық компания дербес қалыптастырады;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) құзыретті орган жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүліктің тізбесін бекіткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы Кодекстің 108-бабының 2-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасасуға міндетті.

      Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлікті көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға беруден жалтарған жағдайда, құзыретті орган осындай жабдық пен өзге де мүлікке қатысты оның сенім білдірілген өкілі ретінде әрекет етеді және осы тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге сәйкес, жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін берілетін жабдық пен өзге де мүліктің жай-күйі туралы көрсетуді көздейтін акт бойынша оларды көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға береді;";

      2) тармақшада:

      "объектілерді" деген сөз "жабдық пен өзге де мүлікті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жабдықты және өзге де" деген сөздер алып тасталсын;

      9-тармақта:

      1) тармақшадағы "мүлікке бағалау" деген сөздер "жабдық пен өзге де мүліктің жай-күйі мен бар-жоғына тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) сенімгерлік басқарушы осы баптың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жабдық пен өзге де мүлікке сенімгерлік басқарушы және құзыретті органның хабарламасын алған тұлға арасында келісілген әдістеме бойынша бағалау жүргізуді ұйымдастырады.

      Егер сенімгерлік басқарушы және құзыретті органның хабарламасын алған тұлға жабдық пен өзге де мүлікті сенімгерлік басқару шарты жасалған күннен бастап бір ай ішінде жабдық пен өзге де мүлікті бағалау әдістемесі бойынша келісімге келе алмаса немесе бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаса не ол сенімгерлік басқару шартын жасасудан жалтарса, құзыретті орган салықтық есепке алу деректеріне негізделген жабдық пен өзге де мүлікті бағалау әдістемесін жабдық пен өзге де мүлікті беру жүзеге асырылатын салықтық кезең алдындағы салықтық кезеңнің соңындағы жағдай бойынша тіркеп-белгіленген активтердің құнын негізге ала отырып айқындауға құқылы;";

      2) тармақшада:

      "көрсетілген мүлік" деген сөздер "көрсетілген жабдық пен өзге де мүлік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "аукцион өткізу туралы хабархатта көрсетілген мерзімдерде мұндай мүліктің" деген сөздер "жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мұндай жабдық пен мүліктің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Осы Кодекстің VII бөлімінің мақсаттары үшін жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлік деп көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдаланылатын мүліктік кешенді құрайтын өзара байланысты заттардың, мүліктік құқықтар мен материалдық емес активтердің жиынтығы түсініледі, олардың болмауы не жоғалуы жобалау құжаттарының көрсеткіштері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін қол жеткізілген өндірудің тоқтауына немесе өндіру деңгейінің төмендеуіне алып келеді және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне қатер төндіреді немесе төндіруі мүмкін. Оның ішінде, мұндай жабдық пен мүлікке ұңғымалар, технологиялық қондырғылар, құбыржолдар, шикізатты сақтау және тазарту жөніндегі құрылысжайлар, жер қойнауы учаскесінде және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде орналасқан ғимараттар мен құрылысжайлар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың технологиялық процесін және өнеркәсіптік қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілері, мүкәммал, шикізат, бағдарламалық қамтылым, техникалық және өзге де құжаттама, материалдық емес активтер және мүліктік кешеннің өзге де элементтері жатады.";

      10-тармақта:

      1) тармақша "немесе жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөздер арқылы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға береді" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) құзыретті орган стратегиялық жер қойнауы учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөздер жүргізу арқылы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға береді;";

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Осы баптың ережелері табылған көмірсутектер кенжатынының немесе кен орнының бір бөлігін қамтитын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату жағдайларына қолданылмайды, мұндай жер қойнауы учаскесі кейіннен осы Кодекстің 151-бабының 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған басқа келісімшартқа енгізіледі.";

      19) 110-баптың 7-тармағы ", ал осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт бойынша бес жүз блоктан асыруға болмайды" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 111-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап жер қойнауын пайдаланушымен осындай келісімшарт негізінде жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шарты Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, жер қойнауын пайдалануға арналған тоқтатылған келісімшартта бекітілген жер қойнауы учаскесінің шекаралары шегінде тоқтатылуға жатады.";

      21) 113-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Төменгі белдеулерді жете барлауды жүргізу мақсаттары үшін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер бетіндегі (жер қойнауы учаскесінің аумағындағы) тұйық контурларды (шекараларды) өзгертпей, жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістіктік шекарасын бес мың метрге дейін тереңдету арқылы жер қойнауы учаскесін ұлғайту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

      1) жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістіктік шекарасын ұлғайту сұралатын жер қойнауы учаскесі өндіру учаскесіне жатса және ірі кен орындарына жатпаса;

      2) жер қойнауы учаскесінің кеңейтілетін бөлігінің төменгі кеңістіктік шекаралары көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдаланудан бос болса және оларға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салу белгіленбесе;

      3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді құзыретті органның хабарламасында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы жоймаған бұзушылықтар болмаса;

      4) осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және құзыретті орган бекіткен көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына ауыспаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша осы Кодекстің 129-бабының 1-тармағында көрсетілген міндеттемелер қабылданса, жүргізіледі.

      Қабылданатын міндеттемелердің талаптары жер қойнауын пайдалану құқығы берілген талаптарға қарағанда, Қазақстан Республикасы үшін пайдасы аз болмауға тиіс;

      5) кен орнын игеру жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) негізінде үш жылға дейінгі мерзімге жер қойнауы учаскесінің кеңейтілетін бөлігінде төменгі белдеулерді жете барлау бойынша жұмыстарды жүргізу жөніндегі міндеттеме қабылданса, жүргізіледі.

      Жер қойнауы учаскесінің кеңейтілетін бөлігінде төменгі белдеулерді жете барлау нәтижелері бойынша көмірсутектер кенжатынының (кенжатындар жиынтығының) табылғанын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 123-бабында көзделген тәртіппен осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген мерзім өткенге дейін растайды.";

      3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес берілетін өтінішке қосымша түрде мыналар:";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың 1-1-тармағына сәйкес берілетін өтінішке қосымша түрде мыналар:

      1) базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған және жер қойнауы учаскесінің кеңейтілетін бөлігінде төменгі белдеулерді жете барлау жөніндегі жұмыстарды көздейтін кен орнын игеру жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар);

      2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру қоса беріледі, онда:

      жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістіктік шекарасын тереңдету (келісімшартқа қосымша түрінде);

      жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесінің кеңейтілетін бөлігінде төменгі белдеулерді жете барлау жөніндегі жұмыстарды жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістіктік шекарасын тереңдетуді көздейтін келісімшартқа толықтыру жасалған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімде жүргізу жөніндегі міндеттемелері;

      жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган растаған төменгі белдеулерді жете барлау нәтижелері бойынша жер қойнауы учаскесінің кеңейтілетін бөлігінде табылған көмірсутектер кенжатыны (кенжатындар жиынтығы) болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 1-1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мерзім өткен соң жер қойнауы учаскесінің осындай бөлігін қайтару жөніндегі міндеттемелері көзделеді.";

      22) 114-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ консервациялауды көмірсутектер саласындағы ұлттық компания немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға жүзеге асырған жағдайда, жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайтару күніне дейін аяқталған;";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің немесе егер консервациялауды көмірсутектер саласындағы ұлттық компания немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жүзеге асырған болса, консервациялау актісінің көшірмесі;";

      23) 115-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының және екінші бөлігінің талаптары осы Кодекстің 153-1-бабына сәйкес сарқылып жатқандар санатына жататын кен орны (кен орындары) шегінде жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөліп шығаруға қолданылмайды.";

      24) 116-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік "келісімшартты" деген сөзден кейін ", сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі үш жыл мерзімге белгіленеді.";

      5-тармақта:

      бірінші бөліктегі "Бағалау" деген сөз "Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік "жер қойнауын пайдаланушыға" деген сөздерден кейін "күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақтың бірінші бөлігі "арналған келісімшарт бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 117-бапта:

      тақырып "келісімшарт бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша барлаудың бастапқы кезеңінің жұмыстар бағдарламасы толық көлемде орындалған жағдайда, осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.

      Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы баптың 3-2-тармағында көзделген тәртіппен және шарттарда ұзарту мүмкіндігі ескеріле отырып, осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында көзделген мерзімнен артық ұзартылуы мүмкін.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі "келісімшарт бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1-тармақ "келісімшарт бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігі "келісімшарт бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:

      "келісімшарт бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      "116-бабының 1-тармағында" деген сөздер "116-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "келісімшарттар бойынша" деген сөзден кейін ", сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңін ұзарту туралы өтінішке мыналар:

      1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекстің 95-бабы 3-1-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының талаптары ескеріле отырып, барлау кезеңі ұзартылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемін, сипатын және орындау мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;

      2) мыналарды:

      осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес барлау кезеңін ұзартуды;

      жер қойнауын пайдаланушының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшарттың ажырамас бөлігі ретінде оған қоса берілетін қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндетін көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру;

      3) барлаудың бастапқы кезеңі ұзартылған жағдайда, осы Кодекстің 123-бабының 16-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есеп қоса беріледі.";

      9-тармақтың бірінші бөлігінде:

      2) тармақшадағы "1 – 3" деген цифрлар "1, 2, 2-1, 3 және 3-2" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "болса, бас тартады." деген сөздер "болса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңінің жұмыстар бағдарламасы толық көлемде орындалмаса, бас тартады.";

      11-тармақтағы "келісімшарт шеңберінде барлау кезеңі аяқталған жағдайда" деген сөздер "келісімшарт, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде барлау кезеңі аяқталғаннан кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 118-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "келісімшарттар бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      27) 119-бапта:

      7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді қабылдаудан басқа, аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа елу және одан көп пайыз мөлшерінде үлестік қатысуы өндіру кезеңін бекіту шарты болып табылады. Бұл ретте көмірсутектер саласындағы ұлттық компания өндіру кезеңіне өту туралы өтініш берілген күнгі жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу деректеріне сәйкес барлауға жұмсалған шығындар үлесін көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның пайдасына берілетін үлеске пропорционалды түрде жер қойнауын пайдаланушыға өтеуге міндетті. Шығындарды өтеу тәртібі мен шарттары тараптардың келісімімен айқындалады. Мұндай келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, көрсетілген шығындар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттағы үлес көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның пайдасына берілген күннен бастап алты ай ішінде өтелуге тиіс. Өндіру кезеңі бекітілгеннен кейін жұмсалған шығындар жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттағы үлестеріне пропорционалды түрде бөлінеді.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 7-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы мен көмірсутектер саласындағы ұлттық компания осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттағы немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттағы үлесті беру шарттарын келісуге тиіс.";

      17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 7-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа көмірсутектер саласындағы ұлттық компания да қол қоюға тиіс.";

      28) 123-бапта:

      2-тармақ:

      "ескере отырып," деген сөздерден кейін "осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыға барлау кезеңінің алғашқы үш жылы үшін көзделген жұмыстар бағдарламасын толық көлемде орындағанға дейін ұңғымаларды бұрғылауды жүргізуге тыйым салынады. Мұндай тыйым салу барлау кезеңінің алғашқы үш жылы үшін көзделген жұмыстар бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалған және осы баптың 16-тармағына сәйкес геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісілген жағдайда қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:

      "16. Жер қойнауын пайдаланушы аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі аяқталғаннан кейін осы Кодекстің 132-бабына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепті ұсынуға міндетті. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган есепті барлаудың бастапқы кезеңінің жұмыстар бағдарламасында көзделген жұмыстардың толық көлемде орындалуы тұрғысынан бір ай мерзімде қарайды.

      Есепті қарау нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган есепті келіседі немесе егер жұмыстар толық көлемде орындалмаған болса, келісуден бас тартады.

      Есепті келісуден бас тартылған жағдайда, есепте мұндай бас тартудың негіздері, оларды жою жөніндегі шаралар мен мерзімдер көрсетілуге тиіс.

      Егер есепті қарау немесе есепті келісуден бас тарту себептерін жою кезеңінде келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі аяқталған болса, онда аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың есепті қарау немесе есепте анықталған ескертулерді жою кезеңінде осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты қолданылуы жалғасады (шартты түрде ұзартылған деп есептеледі). Бұл ретте мұндай ұзартудың мерзімі үш айдан аспайды.

      17. Егер шегінде жер қойнауы учаскесі орналасқан оның аумағы көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалғаннан кейін осы Кодекстің 36-бабының 1-5-тармағына сәйкес аз зерттелген аумақтарға жатпайтын аумақ ретінде танылса, келісімшарттың жұмыстар бағдарламасы жөніндегі міндеттемелерді қоса алғанда, мұндай келісімшарт бойынша барлау шарттары барлау кезеңі ішінде сақталады.";

      29) 126-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен бастап алты айдан кешіктірмей жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бастауға міндетті. Егер жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстар жер қойнауын пайдаланушының еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша басталмайтын болса, құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлғаның өтініші бойынша көрсетілген мерзімді ұзартуы мүмкін;";

      30) 127-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен бастап алты айдан кешіктірмей жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстарды бастауға міндетті. Егер жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстар жер қойнауын пайдаланушының еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша басталмайтын болса, құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлғаның өтініші бойынша көрсетілген мерзімді ұзартуы мүмкін;";

      31) 130-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың талаптары:

      1) осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген күрделі жобалар бойынша;

      2) осы Кодекстің 148-1-бабына сәйкес мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектер көлеміне қатысты көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша өндіру кезеңінде қолданылмайды.";

      32) 132-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіндегі геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепті;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген есептер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өзі бекітетін тәртіппен ұсынылады.";

      33) мынадай мазмұндағы 148-1-баппен толықтырылсын:

      "148-1-бап. Мұнай алуды ұлғайту әдістерін қолдана отырып көмірсутектерді өндіру

      Көмірсутек кен орындарында мұнай алуды ұлғайту мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар күрделілігіне қарай мұнай алуды ұлғайтудың дәстүрлі және арнаулы болып бөлінетін әдістерін қолдана алады.

      Мұнай алуды ұлғайту әдістерін сыныптау, мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектер көлемін есептеу тәртібі жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда айқындалады.

      Мұнай алуды ұлғайтудың тиісті әдістерін қолдану түрлері мен шарттары кен орнын игеру жобасында белгіленеді.

      Мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдануды ынталандыру мақсатында мынадай қолдау шаралары көзделеді:

      мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектер көлемін осы Кодекстің 130-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерден босату;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар.";

      34) 151-бап мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Табылған кенжатынның немесе кен орнының бір бөлігін қамтитын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, табылған кенжатынның немесе кен орнының басқа бөлігін қамтитын жер қойнауының басқа учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кенжатынның немесе кен орнының тиісті бөлігін қосу мақсатында жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы өтінішпен құзыретті органға жүгінуге құқылы.

      Көрсетілген жағдайда жер қойнауы учаскесін ұлғайту осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 113-бабына сәйкес жүргізіледі.

      5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы шешім қабылданған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа осы Кодекстің 107-бабы 4-тармағының ережелері қолданылмайды.

      Бұл жағдайда бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы құрамы осы Кодекстің 107-бабының 9-1-тармағында айқындалатын жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлікті жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы өтініш берген жер қойнауын пайдаланушыға беруге міндетті. Берілетін жабдық пен өзге де мүлікті бағалау осындай жабдық пен мүлікті беру жүргізілетін салықтық кезең алдындағы салықтық кезеңнің соңындағы жағдай бойынша тіркеп-белгіленген активтердің құны негізге алына отырып, салықтық есепке алу деректері бойынша жүргізіледі.

      Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесін басқа жер қойнауын пайдаланушыға бергеннен кейін оған жер қойнауын пайдаланудың салдарын жоюды қамтамасыз ететін кепіл нысанасы болып табылатын банктік салым шарты бойынша құқықтарды беруге міндетті.

      6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарының ережелері жер қойнауының стратегиялық учаскелеріне қолданылмайды.";

      35) 153-1-баптың 3-тармағындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 723" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 757" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 160-баптың 3-тармағындағы "елу" деген сөз "жетпіс бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) 163-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) осы Кодекстің 176-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында немесе жобалау құжатында көзделген уранның алынатын қорларын толық әзірлеген;

      2-2) осы Кодекстің 173-бабы 5-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған;";

      38) 164-бапта:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жабдық пен өзге де мүлік уран өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап жаңа жер қойнауын пайдаланушының меншігіне ауысады, ол бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға осындай жабдық пен мүліктің құнын салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құны негізінде мынадай тәртіппен айқындалатын мөлшерде төлейді:

      берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құны жер қойнауын пайдаланушының мүлкін беру жүргізілетін салықтық кезең алдындағы салықтық кезеңнің соңындағы салықтық есепке алуда көрсетілген, осындай беру жүргізілетін салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған құн мөлшерінде айқындалады. Берілетін тіркеп-белгіленген активтердің көрсетілген құны жер қойнауын пайдаланушының жабдығы мен өзге де мүлкін осындай беру жүргізілетін салықтық кезеңде шығып қалған тіркеп-белгіленген активтердің сомасына да азайтылады.

      Берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құны болмаған немесе осы Кодекстің 173-бабы 5-1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, жабдық пен өзге де мүлікті беру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Осы баптың мақсаттары үшін жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлік деп уранды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдаланылатын мүліктік кешенді құрайтын өзара байланысты заттардың, мүліктік құқықтар мен материалдық емес активтердің жиынтығы түсініледі, олардың болмауы не жоғалуы жобалау құжаттарының көрсеткіштері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін қол жеткізілген өндірудің тоқтауына немесе өндіру деңгейінің төмендеуіне алып келеді және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне қатер төндіреді немесе төндіруі мүмкін. Оның ішінде, мұндай жабдық пен мүлікке ұңғымалар, құбыржолдар, өнімділік ерітінділері мен сілтісіздендірілген ерітінділерді бөлетін технологиялық тораптар, қышқылдандыратын технологиялық тораптар, құм тоғандар, жер қойнауы учаскесінде және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде орналасқан ғимараттар мен құрылысжайлар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың технологиялық процесін және өнеркәсіптік қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілері, мүкәммал, шикізат, бағдарламалық қамтылым, техникалық және өзге де құжаттама, материалдық емес активтер және мүліктік кешеннің өзге де элементтері жатады.";

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайда:";

      39) 173-бапта:

      4-1-тармақ алып тасталсын;

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган уран өндіруге арналған келісімшарттың ережелерінде мынадай міндеттемелердің біреуінің бекітілуі шартымен өндіру кезеңін ұзарту туралы шешімді бес жұмыс күні ішінде қабылдайды:

      1) уран саласындағы ұлттық компания немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде тоқсан пайызы осындай ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға жер қойнауын пайдаланушы болып табылады;

      2) уран өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның шетелдік қатысушысының (акционерінің) уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту технологиясын уран саласындағы ұлттық компанияға немесе онымен бірлесіп құрылған заңды тұлғаға мынадай шарттармен:

      Қазақстан Республикасының аумағында уран саласындағы ұлттық компаниямен бірлесіп, зауыт өнімін өткізу нарығы бойынша шектеулер қоймай, осындай зауыт салу арқылы уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту технологиясын ендіру және оқшаулау;

      уран өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның шетелдік қатысушысының (акционерінің) уран өндіруді ұзартудың бүкіл кезеңіне өнімді кепілдендірілген сатып алу туралы ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу арқылы уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту зауытының өнімін кепілдендірілген өткізу нарығын зауыттың жылдық қуатының кемінде елу пайызы мөлшерінде қамтамасыз етуі шарттарымен беруі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында санамаланған міндеттемелер Қазақстан Республикасының аумағында уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту технологиясын ендіру және оқшаулау жөніндегі келісімдерде бекітілуге тиіс.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайларда, уран өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның шетелдік қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының аумағында уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту технологиясын ендіру және оқшаулау жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.";

      5-2 және 5-3-тармақтар алып тасталсын;

      40) 176-бапта:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уран өндіру кезеңінде уран кен орнының геологиялық құрылысы мен қорларын нақтылау мақсатында уран саласындағы ұлттық компанияның және (немесе) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде тоқсан пайызы уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаның ғана өндіру учаскесіне жете зерттеу (жете барлау) жүргізуіне жол беріледі.

      Егер дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде тоқсан пайызы уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға болып табылмайтын жер қойнауын пайдаланушы уран кен орнының геологиялық құрылысы мен қорларын нақтылау мақсатында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап өндіру учаскесіне жете зерттеу (жете барлау) жүргізген болса, соның нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган қорлардың өсімін растаса, уран саласындағы ұлттық компания мұндай жер қойнауын пайдаланушыға жете зерттеуге (жете барлауға) жұмсаған шығындарын өтейді.

      Бұл ретте жете зерттеуге (жете барлауға) жұмсалған шығындарды "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудитор болып табылатын адам растауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Уран өндіруге арналған келісімшартта осы Кодекстің 173-бабы 5-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген міндеттемелердің біреуі бекітілген кезде уран өндіруге арналған келісімшартта немесе кен орнын игеру жобасында бекітілген өндіру көлемін және (немесе) қорларды ұлғайтуға жол беріледі.";

      41) 186-бапта:

      2-тармақтың 7) тармақшасы "толық" деген сөзден кейін "немесе ішінара" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларындағы ", 6) және 7)" деген сөздер "және 6)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42) 187-баптың 1-тармағында:

      "тұлға" деген сөзден кейін "және (немесе) уран саласындағы ұлттық компания" деген сөздермен толықтырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уранды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында айқындалған жер қойнауында уранның кенденуі және (немесе) уран кенжатыны бар аумақтар бойынша уран саласындағы ұлттық компания ғана өтініш беруші бола алады.";

      43) 193-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер барлау учаскесінде уранның кенденуі және (немесе) уранның кенжатыны болса, басқа пайдалы қатты қазбалардың кендерін және уранды ілеспе пайдалы құрауыш ретінде кешенді түрде минералдандыру жағдайларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының тиісті блоктар бойынша барлау учаскесінің уранның кенденуі және (немесе) уран кенжатыны бар бір бөлігінен бас тартуы және (немесе) уран саласындағы ұлттық компанияның барлау жөніндегі операцияларды жүргізуі шартымен лицензияның мерзімін ұзартуға жол беріледі.";

      44) 201-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уран кен орны табылған жағдайда пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия иесінің осы Кодекстің 70-бабының 3-тармағы және 160-бабының 2-тармағы негізінде өндіру учаскесінің берілуіне айрықша құқығы болмайды.";

      45) 277-бапта:

      3-тармақта:

      тоғызыншы абзац "көмірсутектер" деген сөзден кейін "және уран" деген сөздермен толықтырылсын;

      отыз алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "173 және 174-баптарда, 176-баптың 1, 7, 8 және 9-тармақтарында, 177, 178, 179, 180, 181 және 184-баптарда;";

      5-1-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақтың бірінші абзацындағы "2026" деген цифрлар "2030" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      12-тармақтың бірінші абзацындағы "2026" деген цифрлар "2030" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      14-тармақтың 1) тармақшасындағы "2026" деген цифрлар "2030" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      46) 278-бапта:

      14-1 және 22-1-тармақтар алып тасталсын;

      26-тармақ "жасалған" деген сөзден кейін "пайдалы қатты қазбалар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      35-тармақтың он бірінші бөлігіндегі "құзыретті" деген сөз "сарқылып жатқан кен орнына (кен орындарына) жататын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөліп шығаруды қоспағанда, құзыретті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      40-тармақта:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер өтініш берілген күнге физикалық жұмыстардың орындалмаған көлемі бойынша міндеттемелер кейінгі кезеңдердің міндеттемелерінде көзделетін жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігі төртінші абзацының талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкес келетін кен орындарына қатысты қолданылмайды.";

      оныншы бөліктің үшінші абзацындағы "жетінші" деген сөз "оныншы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 41 және 42-тармақтармен толықтырылсын:

      "41. Өндіру учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы дайындық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:

      1) күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына өту туралы өтініш 2026 жылғы 1 наурызға дейін берілсе;

      2) өтініш беру кезінде жер қойнауын пайдаланушыда бастапқы келісімшарт бойынша міндеттемелердің құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жойылмаған бұзушылықтары болмаса;

      3) өндіру учаскесі (кен орны) мынадай талаптардың біріне сәйкес келсе:

      осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген параметрлердің кем дегенде біреуі болатын құрлықтағы жобаларға жатқызылса;

      жиынтығында мынадай көрсеткіштері бар көмірсутектер кен орны қорларын қамтыса:

      қатталған жағдайларда мұнайдың тығыздығы кемінде 880 кг/м3 құраса;

      мұнай кенжатынының жоғарғы шекарасы (шатыры) бір мың метрден астам тереңдікте болса, күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына өтуге құқылы.

      Осы тармаққа сәйкес күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына өту туралы өтініш осы баптың 40-тармағының алтыншы – он екінші бөліктеріне сәйкес қаралады.

      Бұл ретте осы баптың 40-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, өтінішке жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған, өндіру учаскесінің (кен орнының) осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының талаптарына сәйкестігін растайтын геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есеп қоса беріледі.

      Осы тармаққа сәйкес күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына өту кезінде келісімшартта осындай келісімшарт бойынша өндірудің нақты мерзімі шегеріле отырып, осы Кодекстің 119-бабының 1-1-тармағында көзделген өндіру кезеңінің мерзімі белгіленеді.

      42. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына сәйкес жер қойнауы учаскелерінің шекаралары аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскелерінің аумағында толығымен болатын, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген, осы тармақта көрсетілген өтінішті беру күніне қолданылып жүрген жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілер тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін құзыретті органға өтініш беру арқылы осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт жасасуға құқылы.

      Осы тармаққа сәйкес аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалған жағдайда, жер қойнауын геологиялық зерттеуге бұрын берілген лицензия келісімшарт жасалған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін барлау кезеңі аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауының учаскелері үшін жер қойнауын пайдаланудың келісімшарттық режиміне көшу туралы өтініш берілген күнге қолданылып жүрген жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның нақты мерзіміне азайтылған алты жыл мерзімге бекітіледі.

      Осы Кодекстің 117-бабы 1-тармағы үшінші бөлігінің ережелерін қоспағанда, аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін кейіннен ұзартуға осы Кодекстің 117-бабында көзделген тәртіппен және шарттарда жол беріледі.

      Барлау кезеңінің жұмыстар бағдарламасы осы Кодекстің 95-бабы 3-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жұмыстардың түрлері мен көлемі бойынша ең төменгі талаптарды қамтуға тиіс. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасу кезінде құзыретті орган жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша неғұрлым жоғары болатын ең төменгі талаптарды белгілеуге құқылы.

      Жер қойнауын пайдаланушының осы тармаққа сәйкес жер қойнауын пайдаланудың келісімшарттық режиміне көшуді жүзеге асыруына негіз болған жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған қолданыстағы лицензия бойынша аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде іс жүзінде орындалған жұмыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің жұмыстар бағдарламасында көзделген осы жер қойнауы учаскесінде тиісті жұмыс түрлерін орындау есебіне ескерілуі мүмкін.

      Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасу кезінде барлау учаскесі осы Кодекстің 110-бабының талаптарына сәйкес айқындалады.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлға учаскелерінің шекаралары аз зерттелген аумақтарда орналасқан жер қойнауы учаскелерінің шегінде толығымен орналасқан жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған екі және одан көп лицензияға ие болса, мұндай тұлға осы Кодекстің 110-бабының талаптарына сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған тиісті лицензияның негізінде аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге бір немесе бірнеше жекелеген үлгілік келісімшарттар жасасуға құқылы.

      Осы тармаққа сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес айқындалған барлау кезеңі ішінде жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына тыйым салынады.

      Жер қойнауын пайдаланушы аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасу кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын қол қою бонусының бастапқы мөлшеріне тең сомада қол қою бонусын төлейді.

      Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдаланудан бос болуға тиіс.

      Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге келісімшарт жасасуға арналған өтініште мыналар қамтылуға тиіс:

      1) осы Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны иеленуші туралы мәліметтер;

      2) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның берілген күні мен нөмірі, жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесі шекараларының координаттары;

      3) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасу үшін сұралатын жер қойнауы учаскесі шекараларының координаттары.

      Өтінішке қосымша түрде мыналар:

      1) қол қою бонусына ақы төлеу растамасы және аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына сәйкес келетін, аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған, өтініш беруші қол қойған келісімшарт;

      2) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) осы Кодекстің 96-бабы 3-тармағының 4-1) тармақшасында көзделген құжаттар;

      4) барлау кезеңінің жұмыстар бағдарламасы;

      5) өтініш беруші жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған тиісті лицензия бойынша жер қойнауы учаскесінде жүргізген сейсмикалық барлау жұмыстары туралы мәліметтер қоса беріледі.

      Өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдайды немесе келісімшарт жасасудан бас тартады.

      Өтініш осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда немесе егер сұралатын жер қойнауы учаскесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өзге тұлғаның пайдалануында болса, құзыретті орган аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасасудан бас тартады.

      Құзыретті органның бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны құзыретті органның бас тартуында көрсетілген бұзушылықтар жойылғаннан кейін қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.

      Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда, құзыретті орган жиырма жұмыс күні ішінде осындай келісімшарт жасасады және оның қол қойылған данасын өтініш берушіге жібереді.

      Шекаралары ішінара немесе толығымен сәйкес келетін жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның әртүрлі иеленушілері берген, аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге келісімшарт жасасуға арналған өтініштер олардың түсу кезектілігі тәртібімен қаралады.

      Егер шекаралары ішінара немесе толығымен сәйкес келетін жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның әртүрлі иеленушілері аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасуға бір күнде екі және одан көп өтініш берген болса, өтініштерді қарау кезектілігі (басымдығы) жер қойнауын геологиялық зерттеуге бұрын берілген лицензия бойынша айқындалады.".

      2-бап. Осы Заң:

      1) 2025 жылғы 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 21) тармақшасын;

      2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 35) тармақшасын, 39) тармақшасының бірінші, үшінші – оныншы абзацтарын, 40) тармақшасының бірінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 45) тармақшасының бірінші, екінші, төртінші – тоғызыншы абзацтарын және 46) тармақшасының бірінші, бесінші – жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады