Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 V980564_ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нотариустарының нотариалды әрекеттер жасау тәртібі туралы Нұсқауға мынадай өзгерістер енгізілсін:
91 тармақтың 3 тармақшасы алынып тасталсын.
92 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілені куәландыру кезінде нотариус
жылжымайтын мүлік құқықтарын иемденушіге, құқығын растайтын құжатта
көрсетілген техникалық мәліметтерінің, иесіздендіретін жылжымайтын мүлік
объектісінің техникалық мәліметтеріне сәйкес келуін, сондай-ақ жылжымайтын
мүлік объектісінің техникалық сипаттама өзгерістері белгіленген тәртіпте,
Құқықтық кадастрде тіркелуге тиіс екендігін түсіндіру қажет".
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің
міндетін атқарушы
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.
