"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Созақ аудандық мәслихатының төрағасы | О.Жәмиев |
| шешіміне қосымша |
Созақ аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Созақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 176 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6674-13 болып тіркелген).
2. "Созақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 176 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Созақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 3 шілдедегі № 200 шешімі.
3. "Созақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 176 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Созақ аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 261 шешімі.