"Қостанай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы" Қостанай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 168 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 397 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 қыркүйекте № 39942 болып тіркелді

      Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қостанай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы" Қостанай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 168 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10189-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 5-тармағына сәйкес, Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында бекітіліген, Қостанай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының төрағасы М. Сартов

  Қостанай аудандық мәслихатының
  2026 жылғы 21 қыркүйектегі
  № 397 шешіміне
  қосымша
  Қостанай аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 23 сәуірдегі
  № 168 шешіміне
  1-қосымша

Қостанай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай немесе оның бөлектері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Қостанай ауданында тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ Қостанай ауданында тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан, жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтау жарналарын;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.

2-тарау. Қостанай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      3. Қызмет алушының жиынтық кірісі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес есептеледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар).

      4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар қызмет алушының жиынтық кірісіне 5 пайызға белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.

      5. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметтеріне өтемақы "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігіне орай оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет мемлекеттік корпорацияға немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.

      8. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушылар ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады