"Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 588 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7802 болып тіркелген) күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы 2026 жылғы 20 наурыздағы № 188 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 наурызда № 38199 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 588 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7802 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Рудный қаласы әкімі                                           В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады