Талғар аудандық мәслихатының шешімі "Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 наурыздағы № 38-143 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 62-264 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылы 16 қыркүйекте № 39883 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 наурыздағы № 38-143 шешімінің (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6223-05 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Талғар аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Талғар аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесі интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар аудандық мәслихатының төрағасы М. Алибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады