"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Облыстық мәслихаттың төрағасы |
Г. Суентаева |
| 2026 жылғы 25 қыркүйектегі | |
| № 360 шешімге қосымша |
Ақтөбе облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 262 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3308 болып тіркелген);
2. "Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 262 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 120 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5363 болып тіркелген);
3. "Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 262 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 62 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8409 болып тіркелген).