Ақтөбе облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 123 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 шілдедегі № 39227 болып тіркелді

      "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 47-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2026 жылғы 3 шілдедегі
№ 123 қаулыға 1-қосымша

Ақтөбе облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 47-бабына сәйкес әзірленді және Ақтөбе облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібін, түрлерін, мерзімдерін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қоғамдық көмекші - құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азамат;

      2) құқық бұзушылық профилактикасы - құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені;

      3) уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы орган (соның ішінде Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысы аудандарының әкімдіктері), құқық қорғау органы және өзге де мемлекеттік орган.

2-тарау. Ақтөбе облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері мен мерзімдері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

      3. Қоғамдық көмекшілерді көтермелеу мәселелерін мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы аудандары әкімі аппараттарының жанынан құрылған Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарастырады.

      Комиссия, егер олар тиісті аумақта құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе оны ашуға тікелей ықпал еткен болса, Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысы аудандары әкімдіктерінің аумағында қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы.

      4. Комиссия құрамы және ол туралы ереже Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы аудандары әкімдерінің өкімімен бекітіледі.

      Комиссия Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы аудандары мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, жұртшылықтың өкілдері және Комиссия хатшысынан құрылады. Комиссия құрамы кемінде бес адамнан тұруы тиіс.

      Комиссияны Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысы аудандарының әкімі (Комиссия төрағасы), ал ол болмаған жағдайда - әкімнің орынбасары (Комиссия төрағасының орынбасары) басқарады. Комиссия хатшысы Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы аудандары әкімі аппараттарының штаттық қызметкері болып табылады және оның дауыс беру құқығы болмайды.

      5. Мемлекеттік органдар Комиссияға қоғамдық көмекшілердің құқық бұзушылық профилактикасына қатысқанын растайтын материалдарды қоса бере отырып, оларды көтермелеу туралы ұсыным жібереді.

      6. Ұсынымдарды Комиссия олар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарауға тиіс. Қосымша материалдарды талап ету немесе ұсынылған мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, қарау мерзімі Комиссия төрағасымен ұзартылуы мүмкін, бірақ 10 (он) жұмыс күнінен аспауы тиіс, бұл туралы ұсыным бастамашысына хабарланады.

      7. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай және мемлекеттік органдардың ұсынымдары түскен кезде өткізіледі. Қоғамдық көмекшілерді көтермелеуге Комиссия қабылдаған хаттамалық шешім негіз болып табылады. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Комиссия отырысының хаттамасы ол қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде одан әрі іске асыру үшін тиісті уәкілетті органға жіберіледі.

      8. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеу түрлері (шаралары) мыналар:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен наградтау;

      3) ақшалай сыйақы төлеу;

      4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;

      5) ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;

      6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

      Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.

      9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiнiң фото- және бейнежазбасын қоса бере отырып уәкiлеттi органдарға хабарлама жiберген азаматтар құқық бұзушыдан өндiрiп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермеленуi мүмкiн. Азамат сыйақы алушы ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген қайырымдылық ұйымын көрсетуге құқылы.

      Анонимді хабарламалар ақшалай сыйақымен көтермелеуге негіз болып табылмайды.

      Көтермелеуді алу үшін азамат уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      10. Уәкілетті орган азаматтардан түскен өтініштерді әкімшілік құқық бұзушылықтың көрсетілген фактісін растау тұрғысынан қарастырады және ақпараттың бастапқы дереккөзін тексереді (азаматтың хабарламасы түскен сәтте құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен (камералармен) және аспаптармен тіркелмеген не уәкілетті лауазымды тұлғалармен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен немесе өзге де үшінші тұлғалармен анықталмаған болуы тиіс).

      Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі расталғаннан, іс бойынша қаулы заңды күшіне енгеннен және әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды толық төлегеннен кейін, көтермелеуді төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты болған жағдайда, уәкілетті орган ұсыным қалыптастырады және айына бір рет Комиссияға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген негіз бойынша көтермелеуден үміткер азаматтардың тізімі бар ұсынымды жібереді.

      Мұндай азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымдарды Комиссия осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімде қарауға жатады.

      Комиссия уәкілетті органдардың ұсынымдары негізінде азаматтарды құқық бұзушыдан өндіріліп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермелеуді ұсыну немесе ұсынбау туралы хаттамалық шешім шығарады.

      Комиссияның хаттамалық шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы орган тиісті шешім (қаулы) шығарады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу және оларға ақшалай қаражат төлеу үшін жергілікті атқарушы органның шешімі негіз болып табылады.

      11. Көтермелеу түрін, соның ішінде ақшалай сыйақының мөлшерін қоғамдық көмекшінің, азаматтың құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді.

      Ақшалай сыйақы төлеу 10-еселенген айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

      Көтермелеу мөлшерін айқындау кезінде Комиссия шешім шығарған сәтте қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

      12. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілер мен азаматтарға ақшалай сыйақы төлеуді уәкілетті органдар тиісті қорытынды актіге (сәйкесінше Комиссия хаттамасына немесе жергілікті атқарушы органның шешіміне) қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, азаматтардың ағымдағы банктік шоттарына (немесе олар көрсеткен қайырымдылық ұйымдарына) ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.

      Ақшалай сыйақы төлеу көтермелеуге ұсыным енгізген, жергілікті бюджетте осы мақсаттарға көзделген уәкілетті органдардың қаражаты есебінен жүргізіледі.

  Ақтөбе облысында құқық
бұзушылық профилактикасына
қатысатын азаматтарды
көтермелеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  ____________________________
  (уәкілетті органның атауы)

әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін көтермелеу алуға
ӨТІНІШ

      Азаматтан (азаматшадан) ___________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Туған күні: _________ жылғы "_____" ____________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): ___________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: ____________________________________

      Сериясы: ______________ нөмірі: ____________________________________________

      Кім берді: __________________, берілген күні: "_______" __________ _____ жыл.

      Нақты тұратын / тіркелген мекенжайы (керек емесін сызып тастаңыз):

      Облыс (қала) __________________________ (аудан) _____________________________

      Көше (шағын аудан) _________________________ үй ____________ пәтер __________

      Осы өтінішпен "" ____________ 20____ жылы сағат "____" мин. "___"-де менің тарапымнан әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелгенін хабарлаймын, ол мынадан көрініс тапты:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (құқық бұзушылықтың мәнін, орны мен мән-жайларын қысқаша көрсету)

      Аталған хабарлама фото-, бейнетіркеу материалдарымен бірге менің тарапымнан уәкілетті органға:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауын көрсету)

      мына құрал арқылы жіберілді:

      __________________________________________________________________________

      (және жіберу арнасы: "Е-Өтініш" ақпараттық жүйесі, "102" мобильді қосымшасы, кезекші бөлім және т.б.)

      Хабарлама жіберілген сәтте аталған әкімшілік құқық бұзушылық фактісі менің жүгінуіме дейін автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдармен (фото- және бейнетіркеу камераларымен) және аспаптармен немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тіркелмегенін растаймын.

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес маған көтермелеу тағайындау мәселесін қарауыңызды сұраймын.

      Көтермелеуді төлеуді мына мекенжайға жүргізуді сұраймын (қажетті нұсқаны [V] белгісімен белгілеңіз):

      Менің ағымдағы банктік шотыма:

      жиырма таңбалы шот нөмірі (IBAN): KZ_______________________________________

      банкте (қаржы ұйымының атауы): ____________________________________________

      Қайырымдылық ұйымының шотына:

      Ұйымның толық атауы: _____________________________________________________

      Ұйымның БСН: __________________________, шот (IBAN) _________________KZ

      банкте: ___________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      2. Ағымдағы банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама (IBAN туралы хабарлама).

      3. Фото-, бейнетіркеу материалдары (электрондық тасымалдағышта ұсынылған жағдайда).

      Маған көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін жауаптылық туралы ескертілді.

      Құқық бұзушылық профилактикасына көрсетілген жәрдем үшін көтермелеуді тексеру, тағайындау және төлеу үшін қажетті менің дербес деректерімді "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      Ұялы телефон: _______________________ E-mail: _____________________________

      Өтініш берілген күн: "___" ___________ 20 ___ жыл

      Өтініш берушінің қолы: _________________________

  Ақтөбе облысында құқық
бұзушылық профилактикасына
қатысатын азаматтарды
көтермелеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Мемлекеттік органның елтаңбалық бланкісінде

      "___" _________20 ___ жылғы № ___

  ____________________________
  ___________________________
  (уәкілетті органның атауы)

Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу туралы
ҰСЫНЫМ

      "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған және көтермелеу алуға өтініш жіберген азаматтардың тізімін Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынамыз:

      Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган азаматтардың аталған хабарламалары құқық бұзушылық анықтауға (ашуға) тікелей ықпал еткені және ақпараттың бастапқы дереккөзі деп танылғаны (бұрын бұл құқық бұзушылықтар автоматты түрде тіркейтін техникалық құралдармен немесе лауазымды тұлғалармен тіркелмегені) фактісін растады.

      Осы ұсынымды жасау сәтінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларға қатысты қаулылар заңды күшіне енді, салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді.

Азаматтың Т.А.Ә., ЖСН

Құқық бұзушылық туралы хабарламаның күні мен мәні

ӘҚБ туралы іс бойынша қаулының нөмірі мен күні

Төленген айыппұл сомасы (төленген күні)

Ұсыныла-тын көтермелеу мөлшері (АЕК-пен, 20 АЕК-тен аспайды)

Азаматтың ағымдағы банктік шоты (IBAN) / қайырымдылық ұйымының атауы, БСН немесе шоты








      Азаматтардың жіберген өтініштері және растаушы құжаттар қоса беріледі.

      Басшы ____________________________________________________________________

      тегі, аты-жөнінің бас әріптері (қолы)

      Ұсыным берілген күн: "___" ___________ 20 ___ жыл

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2026 жылғы 3 шілдедегі
№ 123 қаулыға 2-қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі

      1. "Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 314 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5659 тіркелген) қаулысы.

      2. "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 314 "Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 184 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6142 тіркелген) қаулысы.

      3. "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 184 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 314 "Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 381 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6395 тіркелген) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады