БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 12 қазандағы № 358 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 06-1/545 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7259 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы тізбеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7713 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мониторинг деректерін талдау үшін ұлттық тасымалдаушыдан және теміржол көлігіндегі басқа тасымалдаушылардан алынатын және астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілетін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықты ішкі нарыққа және экспортқа тасымалдау турады ақпарат пайдаланылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген ақпарат субъектінің цифрлық жүйесінің астық қолхаттарының тіркеуші цифрлық жүйесімен веб-сервистер арқылы online-режимде интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы тізілімге ұсынылады.";
11-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бағдарламалық қамтылымның тиісті үлгісі толтырылады, ол астық қолхаттарының тіркеуші цифрлық жүйесінің www.qoldau.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) жүктеу үшін еркін қолжетімділікте орналастырылады;";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы тізбеге 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-1/502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11848 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
4. "Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 4-1/564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11835 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларында:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы сотқа арыз береді және астық қолхаттарының цифрлық тіркеу жүйесінің www.qoldau.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) берілген өтініш туралы ақпаратты жариялайды;".
5. "Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12016 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.";
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу тәртібін, астық қолхаттарын шығару, айналымы және өтеу, сондай-ақ астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне қолжетімділік ұсыну тәртібін айқындайды.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тіркеуші цифрлық жүйенің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) –интернет желісінде www.qoldau.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, тізілім деректеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;";
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – астық қолхаттарын ұстаушыларды белгілі бір уақытқа сәйкестендіруді, астық қолхаттарымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін астық қолхаттары және оларды ұстаушылар туралы мәліметтер жиынтығы, сондай-ақ олардың айналымына немесе құқықтарын жүзеге асыруға тіркелген шектеулердің сипаты және тіркеушінің цифрлық жүйесінде көрсетілген басқа мәліметтер;
4) тіркеушінің цифрлық жүйесі – астық қолхаттары және оларды ұстаушылар бойынша ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған тізілімді жүргізудің автоматтандырылған жүйесі;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) дербес шоттан үзінді-көшірме – бағалы қағаз болып табылмайтын, тіркеуші цифрлық жүйеде қалыптастыратын және белгілі бір уақыт кезеңінде астық қолхаты бойынша тіркелген тұлғаның құқықтарын растайтын цифрлық құжат;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиыны).";
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тізілімді тіркеуші цифрлық жүйемен интеграциялау үшін ведомстволық цифрлық жүйелерге қолжетімділікті ұйымдастыру арқылы құқықтық және жер кадастрларының деректері, рұқсаттар мен хабарламалар, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы орталық атқарушы органдардың, басқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметтері негізінде қалыптастырады және жүргізеді, атап айтқанда:";
1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, астық иесінен астық қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей астық қабылдау кәсіпорны астық қолхатын шығаруға арналған бұйрықты тіркейді, бұйрыққа осы Қағидалардың 16-тармағының 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді және иесінен астықтың қабылданған күнін енгізеді. Бұйрық сақталғаннан кейін оның мәртебесі цифрлық жүйеде "Келісілмеген" деп өзгертіледі;
2) "Келісілмеген" деген мәртебесі бар сақталған бұйрықты астық қабылдау кәсіпорны астық иесіне келісу үшін жібереді, ал бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Келісуде" болып өзгертіледі;
3) "Келісімде" деген мәртебесі бар бұйрық астық иесінің жеке кабинетінде:
не бұйрықты келісу үшін (бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Келісілді" болып өзгертіледі);
не астық қабылдау кәсіпорны бұйрыққа енгізген мәліметтер бойынша ескертулер енгізу үшін (бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Пысықтауға жіберілді" болып өзгертіледі) қолжетімді болады;
4) астық қабылдау кәсіпорны "Пысықтауға жіберілді" деген мәртебесі бар бұйрық бойынша:
не астық иесінің ескертулері бойынша бұйрықтың деректерін өзгертеді (бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Келісуде" болып өзгертіледі);
не астық иесінің ескертулері бойынша, оның дәлелдерін көрсете отырып, бұйрық деректерін өзгертпейді (бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Келісуде" деп өзгертіледі);
не Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, астық иесінен қабылданған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей астықтың иесіне қайтарылуын қамтамасыз ете отырып, бұйрықтың күшін жояды (бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі);
5) "Келісілді" деген мәртебесі бар бұйрық бойынша астық қабылдау кәсіпорны бұйрыққа енгізілген мәліметтермен келісетінін растайды және де бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Қол қойылуда" деп өзгертіледі;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бұйрыққа астық иесінің және астық қабылдау кәсіпорнының (бірінші басшының және бас бухгалтердің) ЭЦҚ-сы қойылғаннан кейін бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты:
осы Қағидалардың 16-тармағы 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді көрсете отырып шығарылады;
астық қолхатын ұстаушының дербес шотында "Белсенді" деген мәртебемен көрсетіледі.
Клиенттермен астық қолхаттары бойынша операциялар жүргізу кезінде астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасында жасалған астықты сақтау шарты бойынша құқығы мен міндеттері және оған сәйкес шығарылған осы астық қолхаты клиентке бір уақытта астық қолхатында көрсетілген көлемдегі астыққа арналған астық қолхаты бойынша құқықтарды бере отырып, беріледі.
Астықты астық қабылдау кәсіпорны өңдеген не астықтың сапалық көрсеткіштері орташаланған (астықтың орташа өлшенген сапасы) жағдайда астық иесі мен астық қабылдау кәсіпорнының келісімі бойынша осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес алдыңғы астық қолхаттарын өтей отырып, жаңа астық қолхатын шығаруға жол беріледі.";
15-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) егер клиенттердің бірі ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойғанға дейін бұйрықтың күші жойылса (бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі);
2) егер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, астық қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн өткеннен кейін астық иесінің және астық қабылдау кәсіпорнының (бірінші басшының және бас бухгалтердің) ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып бұйрыққа қол қойылмаса, онда бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйе "Күші жойылды" деп өзгертіледі.";
18-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) астық қолхатын ұстаушы немесе кепіл ұстаушы астық қолхатын жоюға арналған бұйрықты тіркейді. Бұйрық сақталғаннан және оған астық қолхатын ұстаушының немесе кепіл ұстаушының ЭЦҚ-сы қойылғаннан кейін бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Келісуде" деп өзгертіледі және астық қабылдау кәсіпорнының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Астық қолхатын ұстаушыға немесе кепіл ұстаушыға астық қолхаты бойынша астық берілгенге дейін бұйрықтың күшін жоюға рұқсат етіледі (бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі);
2) астық қолхаты бойынша астық берілгеннен және астық қабылдау кәсіпорны бұйрыққа астықтың берілген күні туралы мәліметтерді енгізгеннен кейін бұйрыққа астық қабылдау кәсіпорнының (бірінші басшы және бас бухгалтер) ЭЦҚ-сы қойылады.
Бұл ретте бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты астық қолхатын ұстаушының жеке шотында "Жойылды" деген мәртебеде көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бұйрық сақталған күннен бастап күнтізбелік үш күн өткеннен кейін, бұйрыққа клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, қол қойылмаса, онда бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі.";
20-1-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кепіл ұстаушы астық қолхатын бөлуге арналған бұйрықты тіркейді, онда астықтың сандық сипаттамасы көрсетіледі, оның жалпы көлемі астық қолхатындағы астықтың көлеміне тең болуы тиіс, оны бөлуге кепіл ұстаушы бастамашылық жасайды. Бұйрық сақталғаннан және оған кепіл ұстаушының ЭЦҚ-сы қойылғаннан кейін бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Қол қойылуда" деп өзгертіледі және астық қолхатын ұстаушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Кепіл ұстаушыға астық қолхатын ұстаушы қол қойғанға дейін бұйрықтың күшін жоюға рұқсат етіледі (бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі);
2) "Қол қойылуда" деген мәртебесі бар бұйрық бойынша астық қолхатын ұстаушы:
не ЭЦҚ-ны пайдалана отырып бұйрыққа қол қояды (бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Қол қойылды" болып өзгертіледі);
не бұйрықтың күшін жояды (бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі);
3) бұйрыққа клиенттердің ЭЦҚ-сы қойылғаннан кейін тізілімде:
жаңа астық қолхаттары шығарылады және "Кепілде" деген мәртебемен кепіл ұстаушының және астық қолхатын ұстаушының жеке шоттарында көрсетіледі;
бөлу жүргізілген астық қолхаты жойылады және кепіл ұстаушының және астық қолхатын ұстаушының жеке шоттарында "Бөлінген" деген мәртебе көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бұйрық сақталған күннен бастап күнтізбелік үш күн өткеннен кейін, бұйрыққа клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, қол қойылмаса, онда бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі.";
22-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) астық қолхатын ұстаушы бұйрықта сатып алушы клиенттің ЖСН/БСН және астық қолхатын сату құнын көрсете отырып, астық қолхатын сатуға/сатып алуға бұйрықты тіркейді. Астық қолхатын ұстаушының "Төлемге қарсы жеткізу" опциясын пайдалануына жол беріледі, оған сәйкес тіркеуші астық қолхаты мен ақша аударымдары жүйелері арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, ал операциялар тек қана сатып алушы-клиент төлемді жүзеге асырған жағдайда ғана жүргізіледі.
Бұйрық сақталған және оны астық қолхатын ұстаушының ЭЦҚ-сы қойылғаннан кейін, цифрлық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылуда" деп өзгертіледі және сатып алушының-клиенттің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Астық қолхатын ұстаушыға сатып алушының-клиенттің ЭЦҚ-сы қойылғанға дейін бұйрықтың күшін жоюға жол беріледі;
2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша сатып алушының- клиенттің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады (астық қолхатын ұстаушы "Төлемге қарсы жеткізу" опциясын пайдалану кезінде астық қолхатына жүргізілген төлем туралы мәліметті бұйрыққа енгізеді).
Бұл ретте цифрлық жүйедегі бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты мыналардың дербес шотында көрсетіледі:
"Сатылды" деген мәртебемен астық қолхатын ұстаушының дербес шотында ("Төлемге қарсы жеткізу" опциясын пайдалану кезінде тіркеуші сату бағасын Жеке кабинетінде көрсетілген астық қолхатын ұстаушының есеп айырысу шотына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сатып алушы-клиент бұйрыққа қол қойған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде аударады);
"Белсенді" деген мәртебемен сатып алушының-клиенттің дербес шотында.
Егер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сақталған күннен бастап күнтізбелік үш күн өткен соң клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қойылмаса, онда цифрлық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп көрсетіледі.";
23-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) астық қолхатын алушы-клиент астық қолхатын есепке алуға /есептен шығаруға арналған бұйрықты тіркейді, бұйрықта мыналар көрсетіледі:
астық қолхатын ұстаушының ЖСН-сы/БСН-сы, астық қолхаттарының нөмірлері және астық қолхаты үшін төленген төлем туралы мәліметтер (электрондық сауда-саттық жеңімпазы толтырады);
операция жүргізуге негіздер, бұйрыққа "Acrobat Reader" электрондық форматтағы құжаттар қоса беріледі (тіркеушіге астық қолхатын ұстаушының дербес шотынан астық қолхатын жоюға мүмкіндік беретін құжаттар, оның ішінде мұрагерлікке құқық туралы куәлік; заңды тұлғаның жойылғанын растайтын құжаттар; астық қолхатын алушыға-клиентке беру туралы сот шешімі; осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамалар).
Бұйрық сақталғаннан және оған алушының-клиенттің ЭЦҚ-сы қойылғаннан кейін бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Қол қойылуда" деп өзгертіледі және тіркеушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Алушыға-клиентке тіркеушінің ЭЦҚ-сы қойылғанға дейін бұйрықтың күшін жоюға жол беріледі;
2) "Қол қойылуда" деген мәртебесі бар бұйрық бойынша тіркеушінің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады.
Бұл ретте бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты мыналардың дербес шотында көрсетіледі:
"Есептен шығарылды" деген мәртебесі бар астық қолхатын ұстаушы; "Белсенді" деген мәртебесі бар клиент.
Егер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бұйрық сақталған күннен бастап күнтізбелік үш күн өткеннен кейін, бұйрыққа клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, қол қойылмаса, онда бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі.";
24-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) астық қолхатын ұстаушы астық қолхатын кепілге беруге/қабылдауға арналған бұйрықты тіркейді, бұйрықта мыналар көрсетіледі:
кепіл ұстаушының ЖСН-сы/БСН-сы;
бұйрыққа "Acrobat Reader" электрондық форматындағы кепіл шартын тіркей отырып кепіл шарты бойынша мәлімет (кепіл шартының нөмірі және күні, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің мәні, оның көлемі, орындау мерзімі).
Бұйрық сақталғаннан және оған астық қолхатын ұстаушының ЭЦҚ-сы қойылғаннан кейін бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Қол қойылуда" деп өзгертіледі және кепіл ұстаушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Астық қолхатын ұстаушыға бұйрыққа кепіл ұстаушының ЭЦҚ-сы қойылғанға дейін бұйрықтың күшін жоюға жол беріледі;
2) "Қол қойылуда" деген мәртебесі бар бұйрық бойынша кепіл ұстаушының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады. Бұл ретте бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты астық қолхатын ұстаушының және кепіл ұстаушының дербес шоттарында "Кепілде" деген мәртебемен көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бұйрық сақталған күннен бастап күнтізбелік үш күн өткеннен кейін, бұйрыққа клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, қол қойылмаса, онда бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі.";
24-1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кепіл ұстаушы астық қолхатының кепілі жөніндегі мәліметтерді өзгертуге арналған бұйрықты тіркейді, бұйрықта осы Қағидалардың 24-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мәліметтерді көрсетеді және бұйрыққа "Acrobat Reader" электрондық форматында өзгерістер мен толықтырулары бар кепіл шартын тіркейді. Бұйрық сақталғаннан және оған кепіл ұстаушының ЭЦҚ-сымен қойылғаннан кейін цифрлық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылуда" деп өзгертіледі және астық қолхатын ұстаушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Астық қолхатын ұстаушы бұйрыққа қол қойғанға дейін кепіл ұстаушыға бұйрықтың күшін жоюға жол беріледі (цифрлық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі);
2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша астық қолхатын ұстаушы:
не ЭЦҚ-ны пайдалана отырып бұйрыққа қол қояды. Бұл ретте цифрлық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты кепіл ұстаушы мен астық қолхатын ұстаушының дербес шоттарында "Кепілде" деген мәртебемен көрсетіледі;
не бұйрықтың күшін жояды (цифрлық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі);
Егер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бұйрық сақталған күннен бастап күнтізбелік үш күн өткеннен кейін, бұйрыққа клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, қол қойылмаса, онда бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі.";
25-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кепіл ұстаушы астық қолхатын кепілден қайтару/қабылдау бойынша бұйрықты тіркейді, бұйрықта астық қолхатын ұстаушының ЖСН/БСН көрсетеді. Бұйрық сақталғаннан және оны кепіл ұстаушының ЭЦҚ қойылған кейін бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Қол қойылуда" деп өзгертіледі және астық қолхатын ұстаушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Кепіл ұстаушыға бұйрыққа астық қолхатын ұстаушының ЭЦҚ-сы қойылғанға дейін бұйрықтың күшін жоюға жол беріледі;
2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша бұйрыққа қол қою астық қолхатын ұстаушының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты:
"Белсенді" деген мәртебемен астық қолхатын ұстаушының дербес шотында көрсетіледі;
кепіл ұстаушының дербес шотында көрсетілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бұйрық сақталған күннен бастап күнтізбелік үш күн өткеннен кейін, бұйрыққа клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, қол қойылмаса, онда бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі.";
27-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сауда-саттық өткізілген күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей клиент бұйрықты тіркейді, оған сауда-саттық туралы мәліметтерді (сауда-саттықты өткізу уақыты, орны, сауданың мәні, оны өткізу тәртібі, саудаға қатысуды рәсімдеу және астық қолхатының бастапқы бағасы туралы) енгізеді және бұйрыққа осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген "Acrobat Reader" электрондық форматтағы кепіл ұстаушыға арналған хабарламаны тіркейді.
Клиенттің "Электрондық саудаға қойылсын" опциясын пайдалануына жол беріледі, оған сәйкес тіркеуші белгілеген мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында Мүлікті сату жөніндегі электрондық сауда-саттықты жүргізу регламентіне сәйкес тіркеуші астық қолхаттарын электрондық сауда-саттыққа (бағаны көтеру әдісімен аукционда немесе тендерде) қоюды қамтамасыз етеді.
Бұйрықты сақтағаннан және оған клиенттің ЭЦҚ қойылғаннан кейін цифрлық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылуда" деп өзгертіледі және тіркеушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Клиентке бұйрыққа тіркеушінің ЭЦҚ-сы қойылғанға дейін бұйрықтың күшін жоюға жол беріледі;
2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша тіркеушінің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады. Бұл ретте цифрлық жүйедегі бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі, астық қолхатын ұстаушының Жеке кабинетінде көрсетілген мекенжайға астық қолхаты бойынша сауда-саттық жүргізілгені туралы хабарламаның веб-порталда жарияланғаны туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Тізілімде астық қолхаты оны ұстаушының дербес шотында "Сауда-саттықта" немесе "Электрондық сауда-саттықта" (сауда-саттықты жүргізу күніне дейінгі кезеңде) деген мәртебемен көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бұйрық сақталған күннен бастап күнтізбелік үш күн өткеннен кейін, бұйрыққа клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, қол қойылмаса, онда бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі.";
28-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) астық қолхатын ұстаушыдан астық сақтау қызметі үшін төлем түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде астық қабылдау кәсіпорыны астық қолхатының деректерін өзгертуге бұйрықты тіркейді, бұйрықта астық сақтау қызметі үшін төлем жүргізгенге дейінгі күні көрсетіледі.
Бұйрық сақталғаннан және оған астық сақтау кәсіпорнының (бірінші басшы және бас бухгалтер) ЭЦҚ қойылғаннан кейін цифрлық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылуда" деп өзгереді және астық қолхатын ұстаушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Астық қабылдау кәсіпорнына астық қолхатын ұстаушының ЭЦҚ-сы қойылғанға дейін бұйрықтың күшін жоюға жол беріледі;
2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша астық қолхатын ұстаушының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады. Бұл ретте цифрлық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхатында астық сақтау бойынша қызмет үшін төлем жүргізгенге дейінгі күн көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бұйрық сақталған күннен бастап күнтізбелік үш күн өткеннен кейін, бұйрыққа клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, қол қойылмаса, онда бұйрықтың мәртебесі цифрлық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес цифрлық жүйеге енгізілген мәліметтер алуға құқығы бар мемлекеттік органдардың жазбаша сұранымдары негізінде ақпараттық операцияларды тіркейді.";
38-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Сыртқы веб-порталды пайдаланушыларға ЭЦҚ пайдалана отырып цифрлық жүйеде тіркелу талап етілмейді. Бұл ретте оларға веб-порталда мынадай функциялар қолжетімді болады:";
39-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) цифрлық жүйеде өздігінен тіркелу және жеке кабинетте тіркеушімен шарт жасау үшін клиенттердің (астық қабылдау кәсіпорындарының, астық қолхаттарын ұстаушылардың, кепіл ұстаушылардың, астық иелерінің және басқа тұлғалар) ЭЦҚ-сы болуы қажет;".
6. "Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13931 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы тізбеге 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 12 қазандағы № 358 тізбеге 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 06-1/545 бұйрығына 1-қосымша |
Үлгілік нысан
Cақтауға қабылданған астықтың саны мен сапасы жайындағы ақпарат*
Астық қабылдау кәсіпорнының атауы | Тамыздан бастап желтоқсанның соңына дейін | ||||||
барлығы, тонна | соның ішінде ылғалдылығы бойынша | соның ішінде | |||||
14,5 % дейін | 14,6-17,0% | 17,1-20,0% | 20,0%-дан жоғары | кептірілгені, тонна | өнделгені, тонна | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
соның ішінде: | ||||||||||||
жұмсақ бидай (Тriticum aestivum L.) | ||||||||||||
соның ішінде кластар бойынша | ||||||||||||
2 класс | ||||||||||||
жоғарғы класс, тонна | 1 класс, тонна | барлығы, тонна | натурасы бойынша, грамм/литр | қоспасы бойынша, % | дән маңыздылығы бойынша, % | ақуыздың үлес салмағы, % | құлау саны, секунд | |||||
730-749 | 750-759 | 760-тан жоғары | арамшөп | дән | 25-27 | 28-32 | 32-ден жоғары | |||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
кестенің жалғасы
соның ішінде: | |||||||||||
жұмсақ бидай (Тriticum aestivum L.) | |||||||||||
соның ішінде кластар бойынша | |||||||||||
3 класс | |||||||||||
барлығы, тонна | натурасы бойынша, грамм/литр | қоспасы бойынша, % | дән маңыздылығы бойынша, % | құлау саны, секунд | ақуыздың үлес салмағы, % | ||||||
710-729 | 730-749 | 750–ден жоғары | арамшөп | дән | 23-24 | 25-27 | 28-ден жоғары | 160-199 | 200–ден жоғары | ||
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 |
кестенің жалғасы
4 класс | 5 класс | |||||||||||
барлығы, тонна | натурасы, грамм/литр | ылғалдылығы, % | қоспасы бойынша, % | дән маңыздылығы, % | барлығы, тонна | натурасы, грамм/литр | ылғалдылығы, % | қоспасы бойынша, % | дән маңыздылығы, % | |||
арамшөп | дән | арамшөп | дән | |||||||||
34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | |
соның ішінде | соның ішінде | |||||||||
жұмсақ бидай (Тriticum aestivum L.) | арпа | |||||||||
соның ішінде кластар бойынша | соның ішінде кластар бойынша | |||||||||
классқа жатпайды | 1 класс | |||||||||
барлығы, тонна | натурасы, грамм/литр | ылғалдылығы, % | қоспасы бойынша, % | дән маңыздылығы, % | барлығы, тонна | натурасы, грамм/литр | ылғалдылығы, % | қоспасы бойынша, % | ||
арамшөп | дән | арамшөп | дән | |||||||
46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 |
кестенің жалғасы
соның ішінде | басқа дақылдар, тонна | қатты бидай (Triti cum durum), тонна | күріш, тонна | рефакция, % | |||||
арпа | |||||||||
соның ішінде кластар бойынша | |||||||||
2 класс | класқа жатпайтын, тонна | ||||||||
барлығы, тонна | натурасы, грамм/ литр | ылғалдылығы, % | қоспасы бойынша, % | ||||||
арамшөп | дән | ||||||||
57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 |
Ескертпе: * тамыздан бастап желтоқсанның соңына дейінгі кезеңде өсу қорытындысымен апта сайын (сәрсенбі сайын Астана қаласы уақытымен сағат 15-00-ге дейін) электрондық форматта ұсынылады. Астық қабылдау кәсіпорындары www.minagro.kz астық қолхаттарының цифрлық жүйесі веб-порталынан жүктеп алуға болатын "Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі" бағдарламалық қамтымын пайдалана отырып, электрондық есеп қалыптастырады. Электрондық есепке астық қабылдау кәсіпорындарының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және ол бағдарламалық қамтымдағы астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) есепті жіберуге және енгізуге арналған сервисті пайдалана отырып, Тізілімге ұсынылады.
Басшысы ______________ ________________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Орындаушы ______________ ______________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон________ "____" _____ 20 __ жыл
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 12 қазандағы № 358 тізбеге 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 06-1/545 бұйрығына 2-қосымша |
Үлгілік нысан
20 ___ жылдың ___ тоқсанында сатып алынған, берілген, өтелген, бүлінген, таза астық қолхаттары бланкілері бойынша ақпарат*
Астық қабылдау кәсіпорнының атауы | Сатып алынған астық қолхаттары бланкілері** | Берілген астық қолхаттарының бланктері* * | Өтелген астық қолхаттары бланкілері | Астық қолхаттарының бүлінген бланкілері | Астық қолхаттарының таза бланкілері ** |
Ескертпе:
* тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей, электрондық форматта ұсынылады.
Астық қабылдау кәсіпорындары www.minagro.kz астық қолхаттарының цифрлық жүйесі веб-порталынан жүктеп алуға болатын "АӨК субъектілерінің электрондық есептілік жүйесі" бағдарламалық қамтымын пайдалана отырып, электрондық есеп қалыптастырады. Электрондық есепке астық қабылдау кәсіпорындарының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және ол бағдарламалық қамтымдағы астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) есепті жіберуге және енгізуге арналған сервисті пайдалана отырып, Тізілімге ұсынылады. ** - бланктердің сериялары және ___ бастап ___ дейінгі нөмірлері және саны, дана, көрсетіледі.
Басшысы _____________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны
Астық қолхаттарын ұстаушылар туралы ақпарат*
_____ жылдың _____ тоқсаны үшін**
______________________________________ астық қабылдау кәсіпорнының атауы
№ | Астық қолхаты бланкісінің сериясы және нөмірі | Астық қолхатының берілген күні | Астық иесінің атауы (жеке тұлғаның тегі, аты-жөні) | Астықты сақтау шартының нөмірі және күні | Дақыл | Сыныбы | Егін жинау жылы | Сорты (тұқым үшін) | Репродукциясы (тұқым үшін) | Егіс стандартының сыныбы (тұқым үшін) | Есептелген нақты салмағы | Ылғалдылығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Кестенің жалғасы
Қоспалар | Залалдануы | Иісі | Түсі | Типі | Табиғаты | ||
Арашөпті | Дәнді (майлы) | ||||||
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | |
кестенің жалғасы
Дән маңызы | Қабықтылығы | Түсу саны | Құрғақ затқа ақуыздың салмақтық үлесі | Өзге де көрсеткіштер | Астық қолхатын өтеу түрі | Астық қолхатын өтеу күні | Кепіл талаптары туралы мәліметтер | Кепілдік беру қорының, не сақтандырушы ұйымның атауы | ||
Салмақтық үлесі | Дән маңызының сапасы немесе индексі | Талап сомасы | Астыққа кепіл құқығын белгілеу мерзімдері | |||||||
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ескертпе: * - тек "қағаз" астық қолхаттарына ғана қатысты;
** - тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей, электрондық форматта ұсынылады.
Астық қабылдау кәсіпорындары www.minagro.kz астық қолхаттарының цифрлық жүйесі веб-порталынан көшіруге болатын, "Есептілік тапсырудың бірыңғай жүйесі" бағдарламалық қамтымын пайдалана отырып, электрондық есеп қалыптастырады. Электрондық есепке астық қабылдау кәсіпорнының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) бағдарламалық қамтымдағы жіберуге және Тізілім құрылымына қосуға арналған сервисті пайдалана отырып, беріледі.
Басшы _______________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 12 қазандағы № 358 тізбеге 4-қосымша Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасына 1-қосымша |
20____ жылғы "___" ______ жағдай бойынша астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы ақпарат
(ұлттық тасымалдаушының және басқа да тасымалдаушылардың атауы және мекенжайы)
Астық тасымалдау туралы мәліметтер (деректер құрамы) жағдай туындаған кезде хабарлама-сұраным түрінде мынадай көлемде беріледі:
1) identifier (ID) (жүк жөнелтудің бiрегей нөмiрі) жазба;
2) тиелген күні;
3) жүк жөнелтушiнiң коды (12 мәнді код);
4) жүк жөнелтушiнiң бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
5) жүк жөнелтушiнiң атауы;
6) жүк алушының коды (республика ішіндегі қатынаста 12 мәнді код, халықаралық қатынаста 4 мәнді код);
7) жүк алушының бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бар болса);
8) жүк алушының атауы;
9) жөнелту станциясының коды (бірыңғай желілік белгі коды);
10) межелі станцияның коды (бірыңғай желілік белгі коды);
11) мемлекетаралық түйiсу пунктінің коды;
12) межелі елдің коды;
13) вагон нөмірі;
14) жүкқұжат нөмірі (жөнелту нөмірі);
15) жүк коды (жүктердің бірыңғай тарифтік-статистикалық номенклатурасы);
16) жүк коды (жүктердің үндестірілген номенклатурасы);
17) жүк салмағы;
18) вагон типі;
19) төлеушінің коды;
20) төлеушінің атауы.
Астық тасымалдау туралы мәліметтер бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл сипаттамасы цифрлық жүйелердің иелері бекіткен Тиісті цифрлық жүйелерді интеграциялау жөніндегі техникалық талаптарда келтірілген.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 12 қазандағы № 358 тізбеге 5-қосымша Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасына 2-қосымша нысан |
20 __ жылғы "__" _________ астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат
Индексі: № 3-АОНБ.
Есепті кезең: апталық.
Ұсынатын тұлғалар тобы: ауыл шаруашылығы нарықтарының мониторингі
саласындағы мамандандырылған ұйым.
Қайда ұсынылады: астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне.
Ұсыну мерзімі: жұма сайын.
Атауы | Өлшем бірлігі | Облыстар | ||||||
Ақмола | Ақтөбе | Алматы | Атырау | Батыс Қазақстан | Жамбыл | Қарағанды | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
3-сыныпты бидай | теңге/тонна | |||||||
2-сыныпты арпа | теңге/тонна | |||||||
кестенің жалғасы
Облыстар | |||||||||
Қостанай | Қызылорда | Маңғыстау | Түркістан | Павлодар | Солтүстік Қазақстан | Шығыс Қазақстан | Астана қаласы | Алматы қаласы | Шымкент қаласы |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Басшы __________ _____________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Орындаушы ________ __________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Телефоны _________ 20 __ жылғы "__" _________
Ескертпе: Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
| Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанына қосымша |
Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы толтырылған ақпарат астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне ұсынылады, ұсыну мерзімі апта сайын, айдың әр жұмасы.
2. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанында:
1) нысанның 1-бағанында астықтың атауы және сыныптылығы көрсетіледі;
2) нысанның 2-бағанында өлшем бірлігі көрсетіледі;
3) 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағандарда облыстағы астықтың бір тонна бағасы теңгемен көрсетіледі.
| Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанына қосымша |
Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы толтырылған ақпарат астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне ұсынылады, ұсыну мерзімі апта сайын, айдың әр жұмасы.
2. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанында:
1) нысанның 1-бағанында астықтың атауы және сыныптылығы көрсетіледі;
2) нысанның 2-бағанында өлшем бірлігі көрсетіледі;
3) 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18-бағандарда облыстағы астықтың бір тонна бағасы теңгемен көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 12 қазандағы № 358 тізбеге 6-қосымша Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасына 3-қосымша нысан |
20___ жылғы "____" _____________ жай-күй бойынша астық қабылдау
кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпарат
Индексі: № 1-ҚКЖ
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатын тұлғалар тобы: лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары.
Қайда ұсынылады: астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік
цифрлық тізіліміне.
Тапсыру мерзімі: әр айдың 1-іне қарай.
№ | Астық қабылдау кәсіпорнының атауы | Жалпы сыйымдылығы, мың тонна | Барлық астық, мың тонна | Астық қабылдау кәсіпорнының жүктелгендігі, % |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Басшы _____________ _______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Орындаушы ___________ ____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Телефоны _________ 20 __ жылғы "_____" _________
Ескертпе: Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.
| Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпаратының нысанына қосымшасы |
Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы толтырылған ақпарат:
астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне ұсынылады, ұсыну мерзімі – ай сайын, әр айдың 1-іне дейін;
2. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпарат нысанында:
1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
2) нысанның 2-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының атауы көрсетіледі;
3) нысанның 3-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының жалпы сыйымдылығы көрсетіледі;
4) нысанның 4-бағанында көрсетілген кезеңдегі астықтың жалпы саны көрсетіледі;
5) нысанның 5-бағанында көрсетілген кезеңде астық қабылдау кәсіпорнының жүктелгендігі пайызбен көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 12 қазандағы № 358 тізбеге 7-қосымша Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасына 4-қосымша нысан |
Астық қабылдау кәсіпорнының уақытша басқаруды енгізу туралы ақпарат
20___ жылғы "____" _____________ жай-күй бойынша
Индексі: 1 – ЖАО.
Есептілік кезеңі: қажеттілігіне қарай.
Ұсынылатын тұлғалар тобы: астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі.
Қайда ұсынылады: астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне.
Ұсыну мерзімі: астық қабылдау кәсіпорнының уақытша басқаруды енгізу туралы соттың шешімін қабылдау күнінен бастап (3) үш жұмыс күні ішінде.
№ р/с | Астық қабылдау кәсіпорнының атауы | Жалпы сыйымдылығы, мың тонна | Барлық астық, мың тонна | Астық қабылдау кәсіпорнының жүктелуі, % | Сот шешімі туралы мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Басшы __________ ___________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Орындаушы ________ ________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Телефоны __________________________ 20 __ жылғы "_____" __________
Ескертпе: Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.
| Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы ақпараттың нысанына қосымша |
Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Астық қабылдау кәсіпорнының уақытша басқаруды енгізу туралы толтырылған ақпарат:
астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне, ұсыну мерзімі – қажеттілігіне қарай, астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы сот шешімін қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылады, ұсыну мерзімі – ай сайын, әр айдың 1-іне дейін.
2. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпарат нысанында:
1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
2) нысанның 2-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының атауы көрсетіледі;
3) нысанның 3-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының жалпы сыйымдылығы көрсетіледі;
4) нысанның 4-бағанында көрсетілген кезеңдегі астықтың жалпы саны көрсетіледі;
5) нысанның 5-бағанында көрсетілген кезеңде астық қабылдау кәсіпорнының жүктелуі пайызбен көрсетіледі;
6) нысанның 6-бағанында астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы сот шешімінің нөмірі мен күні, соттың атауы және сот шешімінің заңды күшіне ену күні көрсетіледі.
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінен астық қабылдау кәсіпорындарына ресімделген жер учаскелері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне беру нысаны мен көлемі
Цифрлық жүйеде тіркелетін іс-қимыл (жер учаскесіне құқықтың туындауы/тоқтатылуы және басқалар), оны жүргізу күні | Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімінде тіркелетін іс-қимыл (есепке алу объектісін енгізу, өзекті ету, алып тастау) | Жер учаскесі бойынша операция жүргізу күн | Құқық иесінің БСН | Құқық иесінің толық атауы | Құқық түрі | Жерлердің санаты | Жер учаскесінің нысаналы мақсаты (орыс тілінде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Жер учаскесінің бұдан алдыңғы кадастрлық нөмірі | Жер учаскесінің орналасқан жері/мекен жайы (облыс, аудан, көше, үй нөмірі)/мекен жайдың тіркеулік коды (МТК) | Жер учаскесінің алаңы (шаршы метр немесе гектар) | Жер учаскесінің бағалық құны (мың теңге) | Шектеулердің (тыйым салу және басқалар) бар-жоғы туралы мәліметтер | Бонитет балы | Бонитирлеу күні | Жер учаскесінің бөлінетіндігі |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
кестенің жалғасы
Иесіз | Алып қою | Кондоминиум | Объектінің нысаналы мақсаты (мемлекеттік тілде) | Құқықтық қатынастар мерзімі (мемлекеттік тілде) | Құқықтық қатынастар мерзімі (орыс тілде) | Құқық иесінің (компанияның) мекенжайы (мемлекеттік тілде) | Құқық иесінің (компанияның) мекенжайы (орыс тілде) | Экономикалық сипаттамасы | Жер учаскесі шекарасының координат жүйесіндегі бұрылыс нүктелерінің координаттары |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінен астық қабылдау кәсіпорындарына ресімделген жер учаскелері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне беру мерзімділігі
№ | Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне берілетін деректердің атауы | Деректерді беруді және/немесе оларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін орган | Беру нысаны | Беру мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жер учаскелері бойынша | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Электрондық нысанда | Сұраным бойынша ведомстволық цифрлық жүйеде есепке алу объектісімен іс-қимыл жүргізілген күннен бастап |