ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қағидалардың 77 және 78-тармақтары 2027 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданылатындығы белгіленсін:
"77. Еңбек мобильділігі орталығы төлемдерді тағайындау туралы шешімдер негізінде қоныс аударуға арналған субсидияларды төлеуге, мүліктік жалдауға (жалға алуға) алынған тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеу шығыстарын өтеуге, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын төлеуге бюджет қаражатына қажеттілікті ай сайын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Қажеттілік осы Қағидалардың 69, 71 және 73-тармақтарына сәйкес құқығы расталған нақты тағайындалған төлемдер бойынша қалыптастырылады және ағымдағы айдың соңына дейін қаржыландыруға арналған өтінімге енгізіледі.
78. Көшуге арналған субсидиялар, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттары түріндегі төлемдер халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде Мемлекеттік корпорация арқылы көшуге арналған субсидияларды, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын төлеуге қажетті сомаға өтінімге сәйкес жүзеге асырылады.
Көшуге арналған субсидияларды, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын төлеу үшін Еңбек мобильділігі орталығы есепті айдан кейінгі айдың 1 (бірінші) күні "Еңбек нарығы" АЦЖ-да көшуге арналған субсидияларды, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын алуға құқығы бар адамдардың тізімін (бұдан әрі – тізім) ай сайын қалыптастырады.
Қалыптастырылған тізім "Еңбек нарығы" АЦЖ-дан "ОДҚ" АЦЖ-ға автоматты түрде беріледі.
Мемлекеттік корпорация әр айдың үшінші жұмыс күнінде көшуге арналған субсидияларды, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын төлеуге қажетті сомаға өтінімді қалыптастырады және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей оны Еңбек мобильділігі орталығына жібереді.
Төлем айына қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін пайда болған сомалар еңбек мобильділігі орталығы тарапынан көшуге арналған субсидияларды, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын төлеу кезеңі көрсетіле отырып, келесі айға енгізілуге жатады.
Еңбек мобильділігі орталығы өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қажеттілікке сәйкес есепті айға арналған көшуге арналған субсидияларды, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын төлеуге арналған ақшалай қаражатты Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Еңбек мобильділігі орталығынан ақшалай қаражат келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастырады және көшуге арналған субсидияларды, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын аударуды жүзеге асырады.
Екінші деңгейдегі банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқығы бар өзге де қаржы институттарынан көшуге арналған субсидияларды, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын төлеуге көзделген сомалар қайтарылған кезде, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қайтарылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Еңбек мобильділігі орталығына хабарлама жібереді.
Еңбек мобильділігі орталығы ақша қаражатын қайтару туралы хабарлама түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтару себебін анықтайды.
Ақша қаражаты алушының төлем алуға құқығының болмауына байланысты емес, дұрыс көрсетілмеген банк деректемелеріне, техникалық қателікке немесе өзге де себептерге байланысты қайтарылған жағдайда, еңбек мобильділігі орталығы себеп жойылғаннан кейін ақша қаражатын қайта аудару үшін "Еңбек нарығы" АЦЖ-ға тиісті өзгерістер енгізіп, мәліметтерді "ОДҚ" АЦЖ-ға береді.
Тиісті төлемге құқықтың жоқтығы анықталған жағдайда, еңбек мобильділігі орталығы нақты негіздерін көрсете отырып, ақша қаражатын аударудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы алушыға хабарлайды.
Мемлекеттік корпорация:
1) ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының шотына түскен көшуге арналған субсидияларды, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын төлеуге көзделген артық есептелген (төленген) сомаларды Еңбек мобильділігі орталығына аударады;
2) есепті айдан кейінгі әрбір айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей, осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес көшуге арналған субсидияларды, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын төлеуге арналған қаражат бойынша Еңбек мобильділігі орталығымен салыстыру актісіне қол қояды.
Көшуге арналған субсидияларды, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын аударуға байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен Еңбек мобильділігі орталығы арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы | |
| Еңбек және халықты әлеуметтік | |
| қорғау министрі | |
| 2026 жылғы 13 қазандағы | |
| № 401 бұйрығына | |
| 1-қосымша |
Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай цифрлық жүйе (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" АЦЖ) – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған цифрлық объектісі;
3) әлеуметтік келісімшарт – тараптардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы мен еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) арасындағы, ал Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген жағдайларда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке немесе заңды тұлғалармен құқықтарын және міндеттерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
4) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
5) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
6) жалдаушы – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;
7) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
8) "Зейнетақы және жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "ОДҚ" АЦЖ) – Кодексте белгіленген шарттарда төлем түрлерін жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органның орталықтандырылған дерекқоры;
9) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер;
10) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес тиісінше мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
11) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Кодекске сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
12) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;
13) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Кодекске сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
14) қызметтік тұрғынжай – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және еңбек қатынастарының сипатына қарай өз міндеттерін орындауы кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялау не оларды мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарын не Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатындарды қоныстандыруға арналған, айрықша құқықтық режимі бар тұрғынжай;
15) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының астанада, аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;
16) моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 % және одан көп) шоғырландырылған қала;
17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
18) тұрғын үйді жалға алу (жалдау) – тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалға берушіге (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша иелену және ақыға пайдалану үшін беру;
19) тұрғынжайды жалдау шарты – оған сәйкес жалдауға беруші жалдаушыға тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін ақы төлеп пайдалану құқығын беретін шарт;
20) тірек ауылдық елді мекен – сол жерде тұратын халықты және іргелес орналасқан ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі - АЕМ) тұрғындарын мемлекеттік және ауылдық кластерді құрайтын әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым жасалатын абаттандырылған АЕМ;
21) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрі – аудандық (қалалық) комиссия) – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамту бөлігінде облыстың даму жоспарын, өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек картасын іске асыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жергілікті атқарушы органмен құрылатын комиссия;
22) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия – облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамту, өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек картасы бөлігінде облыстың даму жоспарын іске асыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында жергілікті атқарушы органмен құрылатын комиссия (бұдан әрі – өңірлік комиссия);
23) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
24) халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
25) "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
26) шекара маңындағы аумақтар – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан 50 километрге дейінгі қашықтықта орналасқан әкімшілік-аумақтық құрылымдардың және елді мекендердің аумақтары;
27) Электрондық еңбек биржасы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық тұғырнамасын білдіретін цифрлық объектісі.
3. Адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы:
1) бір облыс шегінде (облыс ішінде қоныс аудару) – экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан экономикалық даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерге, моноқалаларға, аудандық (облыстық) маңызы бар қалаларға, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардан басым түрде аграрлық маманданған ауылдық елді мекендерге, оның ішінде шекаралық аумақтарға көшіру арқылы жүзеге асырылады;
2) Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасына сәйкес ерікті қоныс аударуды көздейтін қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге (өңіраралық қоныс аудару) жүзеге асырылады.
4. Өңірлік, аудандық (қалалық) комиссия астана (облыс, республикалық маңызы бар қала), аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің халықты жұмыспен қамту бөлігінде облыстың даму жоспарын, өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек картасын іске асыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 15 желтоқсанға дейін еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру үшін елді мекендердің тізбесін бекітеді.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 15 желтоқсанға дейін еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру үшін адамдарды өңіраралық ерікті түрде қоныстандыру үшін сұранысқа ие кәсіптер бойынша тартылатын мамандардың тізбесін бекітеді.
7. Жергілікті атқарушы орган елді мекендер тізбесін Электрондық еңбек биржасына "Қоныс аудару" бөлімінде орналастыруды қамтамасыз етеді және еңбек мобильділігі орталығына, мансап орталықтарына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жібереді.
8. Еңбек мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару шаралары тізбеге кірмейтін өзге де елді мекендерде іске асырылмайды.
9. Еңбек күші тапшы өңірлерге жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі шараларға жұмыссыздар, сұранысқа ие кәсіптер бойынша тартылатын мамандар, шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары, қандастар, сондай-ақ жұмыс берушілер қатысады.
10. Жұмысқа орналасу үшін Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері және түлектері;
2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, оның ішінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында көзделген квота шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;
3) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басымдыққа ие болады.
11. Жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары, осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
12. Осы Қағидалардың 16 және 82-тармақтарында көзделген жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару шаралары туралы мәліметтерді мансап орталықтары "Еңбек нарығы" АЦЖ және (немесе) Электрондық еңбек биржасында орналастырады.
2-тарау. Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру тәртібі
1-параграф. Өңіраралық қоныс аудару тәртібі
13. Өңіраралық қоныс аудару жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жұмысқа орналастыруға немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу бойынша міндеттемелермен жүзеге асырылады.
14. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-дан артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 адамнан асатын шығу өңірлері болып айқындалған.
15. Қабылдау өңірлері "Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 765 қаулысымен айқындалған.
16. Ерікті қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау мыналарды:
1) жұмыскердің қоныс аударуы жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне (болған жағдайда) көшуге арналған субсидиялар, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) шығыстарын, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуді, сондай-ақ халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджет қаражаты есебінен экономикалық мобильділік сертификаттарын беруді;
2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды қоспағанда, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлмелер беруді;
3) жұмыс берушінің қажеттілігі болған кезде кәсіптік оқытуды;
4) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесуді;
5) жұмысқа орналасуға субсидиялар бере отырып, жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті қоныс аудару шараларына қатысатын жұмыс берушілерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді не болмаса жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеуін қамтиды.
17. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы осы Қағидаларда көзделген ерікті түрде қоныс аударуда мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
18. Қандастар мен қоныс аударушыларды өңіраралық қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлерінің жергілікті атқарушы органы шығарған қандастарды және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім болған кезде жүзеге асырылады.
19. Хабарламаны алғаннан кейін қоныс аударуды қандастар және қоныс аударушылар дербес жүзеге асырады.
20. Қабылдау өңірінің мансап орталығы қоныс аударушы жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарттың жобасын дайындайды және қол қою үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.
Еңбек мобильділігі орталығы 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған әлеуметтік келісімшартты қандас немесе қоныс аударушымен одан әрі жасасу үшін мансап орталығына жібереді.
21. Бір қабылдау өңірінің ішінде қоныстандыру ауданынан/қаласынан тыс бір елді мекеннен басқа елді мекенге көшкен жағдайда қандас не қоныс аударушы тиісті мансап орталықтарын себептерін көрсете отырып, көшіп кеткенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабардар етеді және жаңа тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік келісімшарт жасасады.
22. Өңіраралық қоныс аударуды ұйымдастыру мақсатында шығу және қабылдау өңірлерінің еңбек мобильділігі орталығы шығу өңірлерінде бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастыру, қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың белгіленген өңірлік квота, еңбек нарығындағы жағдай, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс туралы, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шарттары және қабылдау өңірлеріне танысу сапарларын ұйымдастыру арқылы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
23. Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2-параграф. Жұмыс берушілердің қатысуымен өңіраралық қоныс аудару тәртібі
24. Жұмыс берушілерге ізденуші (лерді) өңіраралық қоныс аударуда жәрдем көрсету үшін мансап орталықтары өңірлік кәсіпкерлер палаталарының филиалымен бірлесіп, жұмыс берушілерге ерікті өңіраралық қоныс аудару шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің тәртібі мен шарттары туралы консультация береді.
25. Қабылдау өңірінен еңбек ресурстарына қажеттілігі бар жұмыс берушілер персоналды:
1) мамандық (кәсіп) бөлінісінде және жұмыс шарттарында қажетті жұмыскерлердің саны туралы мәліметтерді көрсете отырып, бос орындары туралы өтінімді орналастыру жолымен Электрондық еңбек биржасы не қандастар мен Қазақстан Республикасының азаматтары қатарындағы ізденушіні (бұдан әрі – ізденуші (лер) түйіндемені қарау жолымен шығу өңірлерінен таңдау арқылы іріктейді.
Ақпаратта жұмыс берушінің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде, қосымша қолдау шаралары және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы мәліметтер көрсетіледі.
2) шығу өңірлеріне бару арқылы;
3) бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу арқылы іріктейді.
26. Жұмыс беруші кадрларды алған кезде Электрондық еңбек биржасы арқылы ізденушінің (лердің) байланыс деректері туралы ақпарат алу үшін ізденушінің жүйесінде идентификаторды қамтитын сұрау салуды қалыптастырады.
27. Жұмыс беруші мен ізденуші (лер) қоныс аударуды басталғанға дейін жұмысқа орналастыру, қоныс аудару, орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету шарттарын келіседі, сондай-ақ қатысудың мынадай:
1) ізденуші (лерді) жұмысқа орналастыруға жұмыс берушіге субсидия бере отырып, кемінде екі жыл мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыру;
2) ізденуші (лерді) жұмыс берушіге тұрғын үй сатып алуға жұмсалған шығыстардың бір бөлігін өтей отырып және кейіннен сатып алынған тұрғын үйді жұмыскердің меншігіне бере отырып бес жылдан астам мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыру нысандарының бірін таңдайды.
Қатысудың таңдалған нысаны жұмыс беруші мен ізденуші арасындағы келісімде және "migration.enbek.kz" порталында (бұдан әрі – портал) тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбалары арқылы тіркеледі.
Қатысудың бір нысанын таңдау сол жұмыскерге және қоныс аударудың сол фактісіне қатысты жұмыс берушіге мемлекеттік қолдаудың басқа шарасын ұсынуды болдырмайды.
Жұмыс беруші мен ізденуші арасындағы келісімде жұмыс орны және еңбек функциясы, еңбек шартының мерзімі, қоныс аудару мерзімдері мен тәртібі, жұмыс берушінің қоныс аударуға ақы төлеу жөніндегі міндеттемелері, тұрғын үй беру шарттары, жұмыс беруші таңдаған қолдау шарасы, тараптардың құқықтары мен міндеттері, қоныс аударудан бас тартудың және еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзудың салдары, үміткердің дербес деректерді өңдеуге және ақпараттық өзара іс-қимылға арналған келісімі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
28. Жұмыс беруші ізденушімен (лермен) жұмысқа орналастыру, қоныс аудару, орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету шарттарын келіскеннен кейін портал арқылы жұмыс беруші, ізденуші, ұсынылатын тұрақты жұмыс, кәсіп (мамандық), еңбек жағдайлары, жұмысқа орналастыру мерзімдері, қоныс аудару, орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету шарттары туралы мәліметтерді енгізеді.
Портал арқылы ізденуші енгізілген мәліметтермен, таңдалған қатысу шарттарымен және онда көзделген мемлекеттік қолдау шарттарымен келісімін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растайды.
29. Жұмыс беруші ізденушіні (лерді) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтініш пен құжаттарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларында көзделген тәртіппен береді.
30. Портал мәліметтер мен құжаттардың толықтығын және оларды мемлекеттік цифрлық жүйелермен салыстыруды автоматтандырылған тексеруді жүзеге асырады.
Құжаттардың толық болмауы немесе мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған кезде портал жұмыс берушіге жойылуға жататын кемшіліктердің тізбесін көрсетеді.
Автоматтандырылған тексеруден өтпеген құжаттар мен мәліметтер жергілікті атқарушы органға жіберілмейді.
31. Автоматтандырылған тексеруден өткен құжаттар мен мәліметтер портал арқылы жұмыс беруші тіркелген Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірдің жергілікті атқарушы органына жіберіледі.
32. Жергілікті атқарушы орган келіп түскен құжаттар мен мәліметтердің негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) көзделген тәртіппен ізденушіні қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не ізденушіні қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органның шешімі қалыптастырылады және порталда көрсетіледі.
33. Ізденушіні (лерді) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін жұмыс беруші:
1) 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналастыруға субсидия – кемінде екі жыл мерзімге жұмысқа орналастырған кезде;
2) тұрғын үй сатып алуға нақты жұмсалған шығыстардың 50 пайызын, бірақ 1 160 АЕК-тен аспайтын мөлшерде өтеу – бес жылдан астам мерзімге жұмысқа орналастырған және кейіннен сатып алынған тұрғын үйді жұмыскердің меншігіне берген кезде порталда бұрын таңдалған мемлекеттік қолдау шараларының бірін растайды.
34. Бір жұмыскерге қатысты жұмыс берушіге осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген бір ғана қолдау шарасы ұсынылады.
Бір шараны ұсыну сол жұмыскерге және қоныс аударудың сол фактісіне қатысты екінші шараны ұсынуды болдырмайды.
Жұмыс берушіге тиісті төлем ұсынылғаннан кейін таңдалған қолдау шарасын өзгертуге жол берілмейді.
Портал қайталап қаржыландыруды бұғаттауды және қолдаудың екі шарасы бойынша мәліметтерді бір мезгілде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
35. Жұмысқа орналастыруға субсидияны таңдаған кезде жұмыс беруші ізденушімен кемінде екі жыл мерзімге тұрақты жұмысқа еңбек шартын жасайды, жұмыскерді жұмысқа қабылдайды, оның қоныс аудару шығыстарын төлейді, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша оны жалдауға ақы төлейді және еңбек шартының мәліметтерін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне орналастырады.
Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен бекітілген Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21173 болып тіркелген) сәйкес қандастар мен қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбек шарттары бойынша мәліметтердің "Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" автоматтандырылған цифрлық жүйесіне орналастырылуын қамтамасыз етеді.
36. Осы Қағидалардың 33-тармағының 1) тармақшасында көзделген субсидияға құқықты растау үшін жұмыс беруші порталға мынадай құжаттарды орналастырады:
1) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде ол туралы мәліметтер болмаған жағдайда, кемінде екі жыл мерзімге жасалған еңбек шарты;
2) жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі;
3) жұмыскермен қоныс аудару, жұмысқа орналасу және тұрғын үймен қамтамасыз ету шарттары туралы келісім;
4) тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) туралы шарты;
5) жұмыс берушінің жұмыскер мен оның отбасы мүшелерінің қоныс аударуына жұмсаған шығыстарын растайтын құжаттар.
Субсидия осы тармақта көзделген барлық құжаттардың бар екені расталғаннан кейін беріледі.
Қоныс аударуға және тұрғын үйді жалдауға жұмсалған шығыстар туралы құжаттар жұмыс берушіні төлеуші ретінде, төлем алушыны, төлем сомасын, күнін және төлем мақсатын айқындауға мүмкіндік беруге тиіс.
37. Тұрғын үй сатып алуға жұмсалған шығыстардың бір бөлігін өтеуді таңдаған кезде жұмыс беруші ізденушімен (лермен) бес жылдан астам мерзімге тұрақты жұмысқа еңбек шартын жасайды, қабылдау өңірінен тұрғын үй сатып алады, сатып алынған тұрғын үйді жұмыскер мен оның отбасы мүшелеріне тұрақты тұру үшін береді, міндеттемелерді орындау мерзімі ішінде тұрғын үйдің нысаналы мақсатының сақталуын қамтамасыз етеді және осы Қағидаларда және тараптардың келісімінде көзделген шарттар орындалғаннан кейін тұрғын үйді жұмыскердің меншігіне беру міндеттемесін қабылдайды.
Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен бекітілген Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21173 болып тіркелген) сәйкес қандастар мен қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбек шарттары бойынша мәліметтердің "Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" автоматтандырылған цифрлық жүйесіне орналастырылуын қамтамасыз етеді.
38. Өтемақыға құқықты растау үшін жұмыс беруші порталға мынадай құжаттарды орналастырады:
1) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде ол туралы мәліметтер болмаған жағдайда, бес жылдан астам мерзімге жасалған еңбек шарты;
2) жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі;
3) жұмыскермен қоныс аудару, жұмысқа орналасу, тұрғын үй беру және оны кейіннен меншікке беру шарттары туралы келісім;
4) тұрғын үйді сатып алу-сату шарты;
5) жұмыс берушінің сатып алынған тұрғын үйге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
6) тұрғын үй құнын бағалау туралы есеп;
7) жұмыс берушінің тұрғын үй құнын төлегенін растайтын құжаттар;
8) сатып алынған тұрғын үйді жұмыс берушіге қабылдау-беру актісі;
9) тұрғын үйді жұмыскерге тұру үшін беру актісі;
10) жұмыс берушінің жұмыскер мен оның отбасы мүшелерінің қоныс аударуына жұмсаған шығыстарын растайтын құжаттар;
11) еңбек шартының талаптары орындалғаннан кейін жұмыс берушінің тұрғын үйді жұмыскердің меншігіне беру туралы міндеттемесі.
Тұрғын үйді кейіннен жұмыскердің меншігіне беру туралы келісімде тұрғын үйді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер, еңбек қатынастарының бес жылдан астам мерзімге, тұрғын үй жұмыскерге берілетін күн немесе оқиға, меншік құқығының ауысуын мемлекеттік тіркеу тәртібі, міндеттемелер мерзімі аяқталғанға дейін жұмыскер мен жергілікті атқарушы органның келісімінсіз тұрғын үйді иеліктен шығаруға және оған ауыртпалық салуға тыйым салу, тұрғын үйді күтіп-ұстау жөніндегі тараптардың құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзудың салдары, жұмыс беруші – жеке тұлға қайтыс болған немесе жұмыс беруші – заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тұрғын үйді беру тәртібі туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
Жұмыскер еңбек шарты бойынша міндеттемелерін орындағаннан кейін жұмыс беруші тұрғын үйді иеліктен шығару шарты бойынша оған береді және меншік құқығының ауысуын мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді.
Жұмыскердің меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы құжат порталға орналастырылады не цифрлық өзара іс-қимыл арқылы алынады.
39. Портал жұмыс беруші таңдаған қатысу нысаны бойынша құжаттардың толықтығын, еңбек шарты мерзімінің таңдалған қолдау шарасына сәйкестігін, сол жұмыскерге қатысты жұмыс берушіге бұрын басқа қолдау шарасының ұсынылмағанын, шығыстардың қайталама өтелуінің болмауын, сатып алынған немесе берілген тұрғын үйдің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Кемшіліктер анықталған кезде портал оларды жою үшін олардың тізбесін көрсетеді.
40. Жұмыс берушілер қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім шығарылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде өзі жұмысқа орналастырған ізденушге қатысты портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды төлеу туралы өтініш береді.
Өтінішке мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда, осы Қағидаларда көзделген құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.
Портал құжат иесінің тиісті мәліметтерді пайдалануға келісімі болған кезде цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды жүйелер арасындағы өзара іс-қимыл арқылы алады.
Еңбек шарты туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен алынады.
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық болмауы анықталған жағдайда мансап орталығы жұмыс берушіге жетіспейтін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді көрсете отырып, хабарлама жібереді.
41. Жұмыс берушінің өтініші жұмысқа орналастыруға субсидия беру не жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін еңбек мобильділігі орталығына жіберіледі.
42. Еңбек мобильділігі орталығы өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жұмысқа орналастыруға субсидия беру не жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеу туралы шешім не оларды беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл ретте бас тарту себептері уәжді негізделуге тиіс.
43. Жұмыс берушіге жұмысқа орналастыруға субсидия беруден не жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеуден бас тартудың негіздері:
1) жұмыс берушінің анықтама берілген күннің алдындағы алты айдан астам мерзімде жалақы төлеу бойынша, сондай-ақ үш айдан астам мерзімде есептелген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің, банктің немесе оның филиалының алдында берешегінің болуы (егер тұлға екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес банк филиалының клиенті болып табылған жағдайда, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі);
2) жұмыс беруші ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауы, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттардың болуы және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) сәйкес келмеуі;
3) ізденушімен еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде мәліметтердің болмауы;
4) құжаттардың және (немесе) мәліметтердің субсидияның немесе шығыстарды өтеудің тиісті түрін ұсыну үшін осы Қағидаларда тікелей белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
44. Еңбек мобильділігі орталығы жұмысқа орналастыруға субсидия төлеу немесе жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Еңбек мобильділігі орталығы, жұмыс беруші және жұмыскер арасында үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеу не жұмыс берушіге субсидия төлеу, өңірлік квотаға енгізу, тұрғын үй беру шарттары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көзделеді.
45. Әлеуметтік келісімшарт жасалғаннан кейін еңбек мобильділігі орталықтары үш жұмыс күні ішінде ақшалай төлемдерді екінші деңгейдегі банкте немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған жұмыс берушінің дербес шотына аударады.
46. Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын мансап орталығы, еңбек мобильділігі орталығы және жұмыс беруші бақылайды.
47. Осы параграфта көзделген тәртіппен өңірлік квотаға енгізілген жұмыскерге жұмыс берушінің қатысуынсыз ерікті өңіраралық қоныс аударуға қатысатын азаматтар үшін көзделген мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде қоныс аударуға материалдық көмек, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу шығыстарын өтеу, экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем, тұрғын үй және өңіраралық ерікті қоныс аударуға қатысушыларға тікелей берілетін өзге де төлемдер берілмейді.
3-параграф. Бір облыс шегінде қоныс аударуды ұйымдастыру тәртібі
48. Бір облыс шегінде қоныс аудару экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан даму экономикалық әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерге, моноқалаларға, аудандық (облыстық) маңызы бар қалаларға, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардан негізінен аграрлық мамандануы бар ауылдық елді мекендерге, оның ішінде шекара маңындағы аумақтарға жүзеге асырылады.
49. Облысішілік қоныс аудару шеңберінде осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
50. Бір облыс ішінде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
51. Ерікті облысішілік қоныс аударуға экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, даму экономикалық әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерге, моноқалаларға, аудандық (облыстық) маңызы бар қалаларға қоныс аударушылар, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардан негізінен аграрлық мамандануы бар ауылдық елді мекендерге, оның ішінде шекара маңындағы аумақтарға қоныс аударушылар қатысушылар болып табылады.
52. Облыс шегінде қоныс аударуды қалайтын және жоспарлайтын адамдар тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарына және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінеді.
53. Мансап орталықтары және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері үміткерлерге ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысу және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібі мен шарттары туралы консультация береді.
54. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері облыс шегінде қоныс аударуды жоспарлайтын үміткерлердің тізімдерін мансап орталықтарына жібереді.
55. Мансап орталықтары бір аудан ішінде және облыс шегінде көшуді жоспарлап отырған үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады, қоныс аударуға қатысу тәртібі мен шарттары туралы консультациялар береді.
56. Облыс ішінде қоныс аударғысы келетін үміткерлер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді мынадай құжаттарды қоса бере отырып, мансап орталықтарына ұсынады:
1) өтініш берушіні сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса).
57. Мансап орталықтары құжаттарды қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде басқа ауданға көшкісі келетіндердің өтініштерін және құжаттарын әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға, бір аудан ішінде көшкісі келетіндердікін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді.
58. Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыс шегінде облыстық (аудандық) маңызы бар қалаға көшкісі келетін адамдардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның қарауына жібереді.
59. Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар өтініш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындысы бойынша өтініштер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыс ішінде көшетін Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты қоныс аударушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді.
60. Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар ұсынымдар әзірлегеннен соң үш жұмыс күні ішінде ұсынымдарды мансап орталықтарына жібереді.
61. Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның отырысы өтініштер мен құжаттар келіп түскен кезде өткізіледі.
62. Мансап орталықтары ұсынымдарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде комиссиялардың ұсынымдары негізінде өтініш берушілерді облыс ішінде қоныс аудару бойынша шешім қабылдайды.
63. Мансап орталықтары шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыс ішінде қоныс аударуға қатысатын адамдарға қабылданған шешім туралы байланыс құралдары арқылы хабарлайды.
64. Мансап орталықтары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның оң қорытынды бар үміткерге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшуге жолдама береді. Үміткерлердің көшуі өздігінен жүзеге асырылады.
65. Еңбек мобильділігі орталықтары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт жасайды.
4-параграф. Көшуге берілетін субсидияларды, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) шығыстарын және коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығыстарды төлеудің, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын беру тәртібі
66. Көшуге берілетін субсидияларды, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) шығыстарын және коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығыстарын, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарды, қандастарды немесе қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарды және қоныс аударушыларды, осы Қағидалардың 69, 71 және 73-тармақтарында көзделген жаңа тұрғылықты жерінде жұмыспен қамтудың әрбір кезеңі аяқталғаннан кейін, аталған тармақтарда белгіленген талаптар орындалған жағдайда, кезең-кезеңімен төленеді.
Ерікті қоныс аудару шараларына қатысқанға дейінгі соңғы 36 (отыз алты) ай ішінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдар өтініш берген кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер цифрлық құжаттар сервисінен алынады.
Көшуге берілетін субсидияларды, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) шығыстарын және коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығыстарды өтеуді, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын алу үшін қандас немесе қоныс аударушы осы Қағидаларға 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті портал арқылы электрондық нысанда ұсынады. Өтініш өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылады немесе куәландырылады.
Портал арқылы берілген өтініш келіп түскен күні тіркеледі.
Осы Қағидаларға 8 және 9-қосымшаларда көзделген құжаттардың толық топтамасы берілген жағдайда қандас пен қоныс аударушының "жеке кабинетінде" төлемдерді тағайындау үшін өтінішті қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Осы Қағидалардың 75-тармағында көзделген негіздер болған кезде мансап орталығы құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Еңбек мобильділігі орталығы екі жұмыс күні ішінде төлем тағайындау туралы шешімді не төлем төлеуден бас тарту туралы шешімді қандастар мен қоныс аударушыларға портал арқылы "жеке кабинетке" жібереді.
Бұл ретте осы Қағидалардың 69, 71 және 73-тармақтарында көзделген талаптар тиісті төлемді алу құқығының туындау мерзімі ескеріле отырып қолданылады.
67. Қоныс аударуға арналған субсидияларды тағайындаудан, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуден, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын беруден бас тарту үшін мыналар:
1) қоныс аударуға арналған субсидияларды тағайындау, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын беру үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтердің анық емес екені анықталуы;
2) қоныс аударуға арналған субсидияларды төлеу, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын беру үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушілер мен олардың отбасы мүшелерінде (бар болса) бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының цифрлық жүйесінен алынған мәліметтер негізінде анықталған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерде соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғынжайдың не жаңа тұрғылықты жері бойынша соңғы алты ай бойы және одан астам мерзімде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрақты пайдаланудағы тұрғынжайдың болуы;
4) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерде жаңа тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуінің болмауы;
5) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) мансап орталығы өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне (болған жағдайда) берген қоныс аудару жолдамасында көрсетілген тағайындалған елді мекеннен тыс жерде тұрғын үйді сатып алуы немесе салуы;
6) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем есебінен бұрын сатып алынған тұрғын үйді сатып алуы негіз болып табылады.
68. Экономикалық мобильділік сертификаты осы Қағидаларда көзделген тәртіппен және шарттарда келген өңірдің тұрақты тұратын елді мекендерінде тұрғын үй сатып алуға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ипотекалық бағдарламалар және тұрғын үйді қаржыландырудың өзге де құралдары шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаны енгізуге беріледі.
Экономикалық мобильділік сертификаты қандастарға немесе қоныс аударушыларға қабылдау өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алу кезінде 1 625 АЕК мөлшерінде беріледі.
Бұл ретте, егер тұрғын үйдің құны экономикалық мобильділік сертификатының мөлшерінен аспайтын болса, ақшалай төлем сатып алынатын тұрғын үйдің нақты бағалау құны мөлшерінде жүргізіледі.
Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша төлеу үшін еңбек мобильділігі орталығы қандастар мен қоныс аударушыларды мынадай санаттар бойынша саралайды:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер;
2) отбасы құрамында өтініш берушімен тұрақты бірге тұратын еңбекке қабілетті жастағы отбасы мүшелері бар;
3) отбасы құрамында өтініш берушімен тұрақты бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары не жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін);
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратындар.
69. Экономикалық мобильділік сертификатын алу үшін қандастар мен қоныс аударушылар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті портал арқылы мыналарды:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган берген қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімді;
2) екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша тұрғын үй сатып алу жағдайында қарызды беруді мақұлдауы;
3) екінші деңгейдегі банктегі тұрғын үй қарыз шарты бойынша екінші деңгейдегі банкте сатушының немесе қарыз алушының ағымдағы шоттарын;
4) сатып алынатын жылжымайтын мүліктің сатып алу-сату шартының және бағалау актісінің көшірмелері;
5) жаңа тұрғылықты жері бойынша заңнамаға сәйкес ол үшін кемінде қатарынан 12 (он екі) ай ішінде міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізіле отырып, еңбек қызметінің жүзеге асырылуын растайтын құжаттарды қоса беріп отырып тапсырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар қандастар, қоныс аударушылар мен отбасы мүшелері қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгенге дейін өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде қоныстандыру өңірлерінде жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтаманы, көрсетілетін қызметті алушының жаңа тұрғылықты жеріндегі олардың еңбек қызметін растайтын құжатты еңбек мобильділігі орталығы цифрлық жүйелерден алады.
Қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қандас немес қоныс аударушы заңмен қорғалатын құпия құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бұл мәліметтер цифрлық жүйелерде сақталады.
Қандастар мен қоныс аударушылардан цифрлық жүйелерден алынған құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Қандас немесе қоныс аударушының жылжымайтын мүлікті жұбайынан (зайыбынан) және өзінің жақын туыстарынан, сондай-ақ алушының (өтініш берушінің) жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан сатып алуына экономикалық мобильділік сертификатын пайдалануға жол берілмейді.
Экономикалық мобильділік сертификатын пайдалана отырып сатып алынған жылжымайтын мүлік оны сатып алған күннен бастап 5 (бес) жыл өткенге дейін сатылған жағдайда, ерікті түрде қоныс аударуға қатысушы экономикалық мобильділік сертификаты шеңберінде ұсынылған соманы бюджетке өтейді.
Мансап орталықтары құжаттардың көшірмелерінің сапасын және өтініш беруші ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, қандастар немесе қоныс аударушылардың экономикалық мобильділік сертификатын беру туралы өтініштері мен құжаттарын тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ қандас немесе қоныс аударушы ұсынған экономикалық мобильділік сертификатын пайдалана отырып сатып алынатын жылжымайтын мүлік объектісі бойынша құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы тұрғысынан және үш жұмыс күні ішінде салыстырып тексеруді жүзеге асырады, өтініш тіркелген күннен бастап қандастың немесе қоныс аударушының экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы өтінішін еңбек мобильділігі орталығына қарау үшін жібереді.
Экономикалық мобильділік сертификатын пайдалана отырып сатып алынатын жылжымайтын мүлік объектісі туралы ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы тұрғысынан қосымша салыстыру мансап орталығы маманының мәміле объектісіне оны толық және мұқият тексеру үшін шығуын жүргізу туралы еңбек мобильділігі орталығының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Мансап орталығы экономикалық мобильділік сертификатын пайдалана отырып сатып алынатын жылжымайтын мүлік объектісін толық және мұқият қарап шыққаннан кейін фото және видео материалдармен қоса қорытынды ұсынады және оларды еңбек мобильділігі орталығына жібереді.
Бағалау туралы есепте белгіленген бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге де құнының дұрыстығына қатысты дау туындаған жағдайда, соның ішінде осы объект бойынша өзге бағалау туралы есебінің болуына байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалау туралы есепке сараптама жүргізілуі мүмкін.
Бағалау туралы есепке қорытынды берген бағалаушылар палатасы мен осы есепке дау білдірген тұлғаның арасындағы даулар сот тәртібімен қаралады.
Сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалауға дау айту туралы талап арыз беру экономикалық мобильділік сертификатын төлеу туралы өтінішті қарау мерзімдерін тоқтата тұрады.
70. Еңбек мобильділігі орталығы өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды және өтініш беруші ұсынған осы Қағидалардың 69-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар негізінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім шығарады не осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін дәлелді негіздей отырып, оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабарлайды.
71. Көшуге арналған субсидиялар отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 (жетпіс) АЕК мөлшерінде бір рет беріледі.
Көшуге байланысты шығыстардың орнын толтыру үшін қандастар мен қоныс аударушылар осы Қағидалардың 66-тармағында көзделген тәртіппен өтінішті және өтініш берушінің және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жаңа тұрғылықты жері бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратынын, отбасы мүшелерінің уақытша еңбекке жарамсыздығын қоспағанда, ол үшін заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік аударымдар қатарынан кемінде 3 (үш) ай бойы жүргізілгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
Еңбек мобильділігі орталығы өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшуге арналған субсидияларды беру туралы шешім шығарады, сондай-ақ қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
72. Тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу ай сайын, он екі айдан көп емес тұрғын үйді сатып алу-сату шарты бойынша тұрғын үй алғанға дейін мынадай:
1) қалалық жерге қоныс аударғандар үшін:
бір адам үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 30 (отыз) АЕК мөлшерінде төленеді;
2) ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:
бір адам үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 (он сегіз) АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 (жиырма бір) АЕК мөлшерінде төленеді.
73. Тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия төлеу үшін қандастар немесе қоныс аударушылар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, өтінішке тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) шартының көшірмесі мен отбасындағы мүшелердің уақытша еңбекке жарамсыздығын қоспағанда, өтініш берушінің және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жаңа тұрғылықты жері бойынша заңнамаға сәйкес ол үшін кемінде қатарынан 6 (алты) ай ішінде міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізіле отырып, еңбек қызметінің жүзеге асырылуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Еңбек мобильділігі орталығы субсидияларды төлеу туралы қарап, оны төлеу не осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін дәлелді негіздей отырып, беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 109-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындау кезеңіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын азаматтарды қоныстандыруға арналған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартына сәйкес берген кезде тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу шығыстары өтелмейді.
Төлемдерді жүзеге асыру мынадай:
1) өтініш берушінің және (немесе) оның отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) меншік құқығында, оның ішінде экономикалық мобильділік сертификаты бойынша тұрғын үй сатып алу;
2) өтініш берушінің жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған, алып отырған тұрғын үйден шығару;
3) өтініш берушінің басқа елді мекенге тұрақты тұру үшін көшіп кетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірден тыс жерге кетуі;
4) өтініш берушінің жалдау (жалға алу) шартына көрсетілген мекенжай бойынша тоқтаусыз тоқсан күнтізбелік күннен астам уақыт бойы тұру фактісінің болмауы анықталған жағдайда;
5) өтініш берушінің өзі тұрып жатқан жалға алынған тұрғын үйді қосалқы жалға беру жағдайлары туындаған кезде тоқтатылады.
Өтініш беруші осы тармақтың 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлемдерді тоқтатуға себеп болған жағдайларды жойған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидия төлемін алу үшін қайта жүгінуге құқылы.
Тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге артық есептелген (төленген) ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар қайтаруға жатады.
Тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге артық есептелген (төленген) ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларды қайтару:
арызданушының өтініші;
еңбек мобильділігі орталығының шешімі;
сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
74. Төлемдер осы Қағидалардың 69, 71 және 73-тармақтарында көзделген шарттар сақталған жағдайда беріледі.
Төлемдерді алуға құқықты қалпына келтіру өтініш берушінің алты айлық мерзім өткеннен кейін үш ай ішінде берген өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.
Өтінішке көрсетілген алты ай мерзімде төлемді төлеу туралы өтініш беруге кедергі келтірген өтініш берушіге тәуелді емес мән-жайлар көрсетілген құжат және (немесе) осы мән-жайлардың болуын растайтын құжат қоса беріледі.
75. Қоныс аударуға арналған субсидияларды тағайындау, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу, экономикалық мобильділік сертификаттарын, сондай-ақ жұмысқа орналастыруға арналған субсидияларды не жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеуді тағайындау жөніндегі өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) көшуге субсидиялар түріндегі төлемдерін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған күнге қолданылу мерзімі аяқталатын толық емес құжаттар топтамасын ұсынуы, тұрғын үйді мүліктік бойынша шығыстарды өтеуі тұрғын үй, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, экономикалық мобильділік сертификаттары, сондай-ақ жұмысқа орналастыруға арналған субсидияларға не жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеуге қатысты құжаттарды ұсынуы;
2) қоныс аударуға арналған субсидияларды, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді, экономикалық мобильділік сертификаттарын, сондай-ақ жұмысқа орналастыруға арналған субсидияларды не жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеуді алуға құқығының болмауы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында субсидияларды төлеуге жүгіну үшін белгіленген мерзімнің өтуі.
76. Төлемдер өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттар порталда тіркелген күн төлемдерді тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.
77. Көшуге берілетін субсидияларды төлеу, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеу, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын беру еңбек мобильділігі орталығы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
78. Еңбек мобильділігі орталықтары экономикалық мобильділік сертификатының қаражатын тұрғын үйді сатып алу-сату шартына не екінші деңгейдегі банктегі банктік қарыз (тұрғын үй қарызы) шартына сәйкес екінші деңгейдегі банкте ашылған сатушының не қарыз алушының ағымдағы шотына экономикалық мобильділік сертификатын беру туралы шешім қабылданған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде аударады.
79. Қандас, қоныс аударушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек мобильділігі орталығының, лауазымды тұлғаның шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылы.
Шағым оның шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданылатын еңбек мобильділігі орталығына, лауазымды тұлғаға беріледі.
Шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданылатын еңбек мобильділігі орталығы, лауазымды тұлға шағымды және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.
Бұл ретте, шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданылатын еңбек мобильділігі орталығы, лауазымды тұлға, шағымдағы талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса немесе іс-әрекет жасаса, шағымды үш жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Шағымды тікелей қарайтын жоғары тұрған әкімшілік органға қандас немесе қоныс аударушының келіп түскен шағымы, оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайда, сотқа жүгіну ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
80. Бұрын "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары ретінде тағайындалған көшуге субсидия, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарттарға сәйкес осы Қағидалардың шарттарына сәйкес төлемдерді алады.
81. Қандасқа немесе қоныс аударушыға және оның отбасы мүшелеріне жаңа тұрғылықты жері бойынша соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үй немесе алты айдан астам мерзімге тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй болған жағдайда, бірыңғай жылжымайтын мүлік мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінен алынған мәліметтер негізінде белгіленген, жаңа тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханадағы бөлме және экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем берілмейді, ал мүліктік жалдауға (жалға алуға) алынған тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстары өтелмейді.
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шарасын ұсынудан бас тарту туралы шешім бас тартуға негіз болған мәліметтерді көрсете отырып қабылданады.
82. Қандастардың немесе қоныс аударушылардың және олардың отбасы мүшесі (мүшелері) (бар болса) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің шегінен тыс жерге бес жыл ішінде өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда қандастарға немесе қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшесіне (мүшелеріне) (бар болса) төленген төлемді қайтару:
1) алушының (алушылардың) төлемді қайтару туралы өтініші;
2) еңбек мобильділігі орталығының қандастар немесе қоныс аударушылар және олардың отбасы мүшесі (мүшелері) (бар болса) алған төлемді ерікті түрде қайтару туралы хабарламасы (наразылығы) (бұдан әрі – хабарлама);
3) алынған төлем сомасын бюджетке өтеу туралы сот шешімі негіздемелер болып табылады.
83. Еңбек мобильділігі орталықтары қандастың немесе қоныс аударушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тыс жерлерге өз бетінше кеткені туралы ресми мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қандасқа немесе қоныс аударушыға және оның отбасы мүшелеріне (бар болса) алынған төлемді ерікті түрде қайтару туралы хабарлама (талап) жібереді.
Өз бетінше кету фактісі мемлекеттік цифрлық жүйелердің мәліметтерімен, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығу туралы мәліметтермен және тиісті өңірден тұрақты кеткен фактісін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ресми мәліметтермен расталады.
84. Қандас немесе қоныс аударушы және олардың отбасы мүшесі (мүшелері) хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде алты айдан аспайтын қайтару мерзімін көздейтін жазбаша жауапты адресатқа ұсынады.
85. Қандасқа немесе қоныс аударушыға және олардың отбасы мүшесіне (мүшелеріне) (бар болса) әлеуметтік келісімшарттың 8-тармағынан туындайтын талаптарды еңбек мобильділігі орталығы:
1) қандас немесе қоныс аударушы және олардың отбасы мүшесі (мүшелері) шағымды қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартқан;
2) не олардан берілген хабарламаға (наразылыққа) жауап алмаған жағдайларда еңбек мобильділігі орталықтарымен хабарлама (наразылық) жіберілген сәттен бастап жиырма жұмыс күні өткеннен кейін сот органдарына жібереді.
86. Қандастарға немесе қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшесіне (мүшелеріне) (бар болса) төленген төлемдерді қайтару жергілікті бюджет кірісіне жүзеге асырылады.
5-параграф. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй және жатақханалардағы бөлмелерді беру тәртібі
87. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын тұлғаларға Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес қабылдау өңірлеріне жұмыс беруші жұмыскерге тұрғынжай ұсынған жағдайды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беріледі.
88. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және он сегiз шаршы метрден аспайтын пайдалы алаң көлемінде берiледi.
89. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес және қабылдаушы өңірдегі мансап орталығымен, белсенді еңбекке орналастыру шараларына қатысатын тұлғалардың арасында мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган арқылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) туралы келісім жасалады, ол "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес рәсімделеді.
90. Жатақханадан бөлмелер отыз бес жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған балаларға) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында тұрғанына қарамастан беріледі.
91. Жастар, оның ішінде некеде тұрған жастар үшін жатақханалардан бөлмелер мынадай:
1) жасының отыз беске дейін болуы;
2) қолданыстағы еңбек шартының немесе әлеуметтік келісімшарттың болуы;
3) жылжымайтын мүлкі жоқтығы туралы анықтаманың болуы;
4) екінші деңгейлі банкта шот ашу туралы анықтаманың болуы шарттарына сәйкес келгенде беріледі.
92. Жастарға арналған жатақханадағы бөлмелер 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі және жекешелендіруге жатпайды. Өңірлік комиссияның шешімі бойынша жастарға арналған жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) шарты бес жылдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартылады.
93. Жастарға арналған жатақханадағы бөлме, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй өңірлік комиссия қабылдаған тұрғын үй беру туралы шешімнің және мансап орталығы мен қандас немесе қоныс аударушы арасында жасалған тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді және жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) туралы шарттың негізінде он жұмыс күні ішінде беріледі.
94. Қандастың не қоныс аударушының немесе олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшесінің екі айдан астам қолданыстағы еңбек шарты не мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарты болмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді, жастарға арналған жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылады.
95. Қандаста не қоныс аударушыда немесе оның еңбекке қабілетті отбасы мүшесінде екі айдан астам уақыт қолданыстағы еңбек шарты немесе мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт болмаған жағдайда, мансап орталығы жалдаушыға анықталған бұзушылық туралы, бұзушылықты жою қажеттігін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.
Жалдаушыға бұзушылықты жоюға және растайтын құжаттарды ұсынуға 30 күнтізбелік күн мерзім беріледі.
Бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді, жастарға арналған жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында және жалдау (қосымша жалдау) шартында белгіленген тәртіппен бұзылады.
Жұмысқа орналасуға уақытша кедергі келтіретін, құжатпен расталған, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілікке және босануға байланысты демалыс, бала күтіміне байланысты демалыс және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар болған кезде шарт бұзылмайды.
96. Егер шарт жасасу туралы ұсыныс жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қандас немесе қоныс аударушы жалдау (қосымша жалдау) шартына қол қоймаса, мансап орталығы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді қабылдау квотасына енгізілген басқа қатысушыға қайта бөледі.
97. Мансап орталығы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын мансап орталығының (қоныстандыру жерінің) тұрғын үй комиссиясы тиісті шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жасайды.
98. Қандас немесе қоныс аударушы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының тарапы болады.
99. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабында көзделген тәртіппен екі данада жасалады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын қатынастарға тиісті жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормалары да қолданылады.
100. Жастарға арналған жатақханалардан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының бір данасы мансап орталығында сақталады, екіншісі өтініш берушіге беріледі және жастарға арналған жатақханадан бөлмеге, тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін жалғыз құжат болып табылады.
101. Жалдау (қосымша жалдау) шарты күнтізбелік бір жыл мерзімге жасалады және тараптардың біреуі шарт аяқталғанға дейін күнтізбелік бір ай қалғанда жалдау (қосымша жалдау) шартының талаптарына сәйкес хабарлама (еркін нысанда) жіберген жағдайларды қоспағанда, жыл сайын (жатақханадағы бөлмені жалға алудың онжылдық мерзімі аяқталғанға дейін) автоматты түрде ұзартылады.
102. Қандас немесе қоныс аударушы қайтыс болған жағдайда, жалдау (қосымша жалдау) шартында көрсетілген жалдаушының кәмелетке толған отбасы мүшесі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 95-бабына сәйкес бұрын жасалған жалдау (қосымша жалдау) шарты бойынша өзін жалдаушы (қосымша жалдаушы) деп тануды талап етуге құқылы.
Жалдау (қосымша жалдау) шартын қайта ресімдеуді мансап орталығы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қосымша келісімін алмай жүзеге асырады.
103. Жалдау (қосымша жалдау) шартында көрсетілген кәмелетке толған отбасы мүшесі болмаған жағдайда, отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің тұрғын үйді одан әрі пайдалану мәселелері олардың заңды өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес шешіледі.
104. Жалға алушының ауысуы тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын қайта ресімдеуге алып келеді.
105. Жастарға арналған жатақханадан бөлме, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй қандасқа немесе қоныс аударушыға бір рет қана беріледі.
106. Жастарға арналған жатақханадағы бөлме, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй төтенше жағдайлардың немесе өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және өзге де төтенше жағдайлар сияқты еңсерілмейтін күш мән-жайларының (форс-мажордың) салдарынан авариялық немесе тұруға жарамсыз деп танылған жағдайда, бос тұрғын үй болған кезде басқа тең құқылы тұрғын үй беріледі.
Тең құқылы тұрғын үй мансап орталығы тарапынан бос тұрғын үй қоры болған кезде, алып отырған тұрғын үйді авариялық немесе тұруға жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде беріледі.
Бос тең құқылы тұрғын үй болмаған кезде мансап орталығы қандасты немесе қоныс аударушыны және оның отбасы мүшелерін тең құқылы тұрғын үй берілгенге дейін қолда бар тұрғын үй қорына уақытша орналастыру бойынша шаралар қабылдайды.
Осы тармаққа сәйкес ұсынуға арналған бос тұрғын үй қорының болуы туралы ақпарат мансап орталығы арқылы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесінде және (немесе) Электрондық еңбек биржасында орналастырылады.
107. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалға алудың ай сайынғы төлемінің мөлшерін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес мансап орталығы айқындайды.
108. Тұрғын үйді бөлудің осы тәртібі ЖҚЖК 2020 бағдарламасы, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бұрын салынған (сатып алынған) қызметтік тұрғын үйге және еңбек жастарына арналған жатақханаларға, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынған және (немесе) сатып алынған тұрғын үйге және жатақханаларға қолданылады.
| Жұмыс күшінің мобильділігін | |
| арттыру үшін адамдардың | |
| ерікті түрде қоныс аудару | |
| қағидаларына | |
| 1-қосымша | |
| Нысан |
Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт
__________________ 20__жылғы "___" __________________
(жасалған орны)
______________________________________________бұдан әрі "Еңбек
мобильділігі орталығы" деп аталатын
______________________________________________________________
(Еңбек мобильділігі орталығының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) атынан
_______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
бір тараптан және бұдан әрі "Ерікті қоныс аударуға қатысушы" деп аталатын
________________________________________________________________
________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке
басты куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген),
екінші тараптан төмендегілер туралы осы әлеуметтік келісімшартты
(бұдан әрі – Келісімшарт) жасасты:
1-тарау. Келісімшарттың мәні
1. Келісімшарт жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.
2. Еңбек мобильділігі орталығының филиалы ретінде Мансап орталығы және Ерікті қоныс аударуға қатысушы Келісімшарттың тараптары ретінде қатысады.
Келісімшарт шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
__________________________________________________________
(мемлекеттік қолдау шараларын көрсету)
3. Келісімшарт еңбек мобильділігі орталығы басшысының бұйрығы негізінде жасалды.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Мансап орталығының:
1) Ерікті қоныс аударуға қатысушыдан төлемді тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;
2) тұрғын үй комиссиясының Ерікті қоныс аударуға қатысушыға тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру туралы шешімін қабылдауға;
3) ерікті қоныс аударуға қатысушымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалдау (жалға алу) шартын жасасуға;
4) төлемді төлеу туралы шешім қабылдау және ерікті қоныс аударуға Қатысушының дербес шотына субсидиялар аудару үшін шешімді еңбек мобильділігі орталығына жібереді;
5) Ерікті қоныс аударуға қатысушының тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмеге) қоныстануын қамтамасыз етуге;
6) ерікті қоныс аударуға Қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдемдесуге;
7) Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында келісілген жағдайларда ерікті қоныс аударуға қатысушы отбасының кәмелеттік жасқа толған басқа мүшелерімен тұрғын үйді жалға алу шартын қайта жасауға құқығы бар.
5. Мансап орталығы:
1) Жаңа тұрғылықты жерінде тұруды ұйымдастыруға жәрдемдесу, оның ішінде тұрғын үйдің қолжетімді нұсқалары туралы ақпарат беру, ерікті қоныс аударуға қатысушының тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға және кәсіби дағдыларды игеруге жәрдемдесуге;
2) Ерікті қоныс аударуға қатысушының осы Келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізуге;
3) Тараптардың міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;
4) келісімшарт талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмені) жалға алу шартын бұзуға;
5) жұмысқа орналастырудың жеке картасында ерікті қоныс аударуға қатысушының қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетуге;
6) кәсіптік құзыреттерді бағалау, білім деңгейі негізінде айқындалған қажеттілік болған жағдайда және өңірлік еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, қандастарды техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтуін, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту курстарынан өтуін қамтамасыз ету.
6. Ерікті қоныс аударуға қатысушының:
1) Мансап орталығына төлемді тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініш пен қажетті құжаттар топтамасын тапсыруға;
2) шыққан жерінің Мансап орталығынан көшудің тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның ішінде тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;
3) Келісімшарт тараптарынан Келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
4) Келісімшартта көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға;
5) мансап орталығымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбек жастарына арналған жатақханалардағы бөлмелерді) жалға алу шартын жасасуға және оған белгіленген мерзімде қоныстануға;
6) әзірленген бизнес-жоспарға сәйкес дара кәсіпкер, заңды тұлға, жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде немесе шаруа немесе фермер қожалықтары ретінде міндетті түрде тіркей отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
7) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейіннен жұмысқа орналаса отырып, кәсіптік оқудан өтуге құқығы бар.
7. Ерікті қоныс аударуға қатысушы:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелу;
2) коммуналдық және жалға алу ақысын уақтылы төлеуге;
3) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;
4) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға;
5) ерікті қоныс аударуға қатысушы мен оның отбасы мүшесінің Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тыс жерлерге өз еркімен ішкі көші-қон жағдайларында бес жыл ішінде толық көлемде мерзімінен бұрын қайтаруға;
6) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген сәттен бастап бес жыл ішінде жаңа тұрғылықты жерінде отбасымен бірге тұруға;
7) бейімдеу және интеграциялық қызметтерді алу;
8) Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзбау;
9) еңбек қатынастарын ресімдей отырып жұмысқа орналасқан болу және/немесе жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркелген болу;
10) мансап орталығы ерікті қоныс аударуға қатысушының кәсіби дағдыларын, білім деңгейін бағалау негізінде айқындаған қажеттілік болған жағдайда және өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша міндетті курстардан, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту курстарынан өтуге міндетті.
8. Ерікті қоныс аударуға қатысушы және оның отбасы мүшесі (мүшелері) алған мемлекеттік қолдау шараларын бюджетке қайтару вахталық әдіспен жұмысқа орналасу, әскери қызметке шақырылу, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін ауру, ерікті қоныс аударуға қатысушының және оның отбасы мүшесінің қоныстану өңірінен тыс жерлердегі оқу орындарында оқуы жағдайларын қоспағанда, осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
9. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.
10. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.
11. Осы Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Мансап орталығын және Ерікті қоныс аударуға қатысушыларды осы мерзімнің аяқталуына дейін болған бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатпайды.
4-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары
12. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
13. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндеттенеді.
14. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, Мансап орталығы мен ерікті қоныс аударуға Қатысушыны осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және мекеменің шешімімен расталуға тиіс.
15. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа тең болады. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты Мансап орталығының және Ерікті қоныс аударуға қатысушының осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы ____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, онда Мансап орталығы мен ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
5-тарау. Басқа да жағдайлар
16. Келісімшартқа тараптардың келісуі бойынша қосымша келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Келісімшартта көзделген міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу үшін осы Келісімшартқа қол қоя отырып, Қатысушы өзінің және оның отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді.
17. Осы Келісімшарт оған еңбек мобильділігі орталығы және Ерікті қоныс аударуға қатысушы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ "__" ______ жылға дейін қолданылады.
6-тарау. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Өтініш
Осы арқылы_____________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы) атынан
_______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
___________________________________________________________________
негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________
ерікті өңіраралық қоныс аударуға жұмыс беруші ретінде қатысушылар құрамына қосуды және 400 АЕК мөлшерінде субсидия тағайындауды немесе тұрғын үй шығыстарын өтеуді сұраймын.
Мәселе оң шешiлген жағдайда төмендегілер туралы:
1) Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыны кемінде екі немесе бес жыл мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыруға;
2) "Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" АЦЖ-да жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің еңбек шарттары бойынша мәліметтерді орналастыруды қамтамасыз ету;
3) Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының көшуі, жаңа тұрғылықты жерінде жайластыруға, қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі немесе жұмыскердің тұрғын үй мүліктік жалдау жөніндегі шығыстарын өтеу, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға жұмсаған шығыстарын ішінара немесе толық өтеу міндеттемелерін қабылдаймын.
№ р/с | Ерікті қоныс аударуға қатысушының аты-жөні | Бұйрықтың №, күні | Кім ретінде жұмысқа қабылданды | Айлық жалақының мөлшері, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қосымша:
1. Көшу, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына, қызметтік тұрғын үй беру немесе жұмыскердің тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеу, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға жұмсаған шығыстарын ішінара өтеу бойынша шығыстар сметасы.
2. Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның шешімі.
3. Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі не жұмыс берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттарының көшірмесі.
4. Шығыстарды өтеу кезінде тұрғын-үйді сату-сатып алу келісімшарты.
5. Жалдау немесе қайтарымсыз негізде пайдалану келісімшарты.
Басшы _____________________ ________________ қолы күні М.О. (болған жағдайда)
| Жұмыс күшінің мобильділігін | |
| арттыру үшін адамдардың | |
| ерікті түрде қоныс аудару | |
| қағидаларына | |
| 3-қосымша | |
| Нысан |
Жұмыспен қамту субсидияларын төлеу туралы ШЕШІМ
20___ жылғы "___" ___________ № _______
_____________________________ облысының Еңбек мобильділігі орталығы Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 33-тармағына сәйкес субсидия төлеу туралы өтінішті қарап, төмендегі шешімді қабылдады:
1.___________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы) жұмысқа орналастыруға арналған субсидияны мынадай мөлшерде төленсін:
№ р/с | Жұмыскер (лер) дің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН | Жұмыскер (лер) дің лауазымы | Субсидияның мөлшері (АЕК) | Төлеуге сома (теңге) |
2. KZ жұмыс берушінің ағымдағы шотына аудару
____________________________________________________________________ (банктің атауы, банктің жеке сәйкестендіру нөмірі, банктің банктік сәйкестендіру коды, алушының банктік шотының нөмірі көрсетледі).
Басшының қолы _______________/ (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
| Жұмыс күшінің мобильділігін | |
| арттыру үшін адамдардың | |
| ерікті түрде қоныс аудару | |
| қағидаларына | |
| 4-қосымша | |
| Нысан |
Қоныс аударушының немесе қандастың отбасына тұрғын үй беру үшін жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеу туралы ШЕШІМ 20___ жылғы "___" _____ № _______
_______________________________ облысының еңбек мобильділігі орталығы жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларының 33-тармағына сәйкес субсидиялар төлеу туралы өтінішті қарап, мынадай шешім қабылдады:
1.______________________________________________________________ (жұмыс берушінің атауы) қоныс аударушының немесе қандастың отбасына тұрғын үй беру үшін жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігі мынадай сомада төленсін:
№ р/с | Жұмыскер (лер) дің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН | Жұмыскердің лауазымы (лер) | Төлеуге сома (теңге) |
2. Жұмыс берушінің ағымдағы шотына аудару KZ ________________
____________________________________________________________ (банктің атауы, банктің жеке сәйкестендіру нөмірі, банктің банктік сәйкестендіру коды, алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі).
Басшының қолы_______________/ (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
| Жұмыс күшінің мобильділігін | |
| арттыру үшін адамдардың | |
| ерікті түрде қоныс аудару | |
| қағидаларына | |
| 5-қосымша | |
| Нысан |
Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы үшжақты әлеуметтік келісімшарт
_____________________________________________ 20__ жылғы "___"
(жасалған орны)
Бұдан әрі "Еңбек мобильділігі орталығы" деп аталатын
_______________________________________________________________
(Еңбек мобильділігі орталығының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лауазымы,
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
атынан___________________________________________________________________
бір тараптан, бұдан әрі – "Ерікті қоныс аударуға қатысушы" деп аталатын
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген) атынан екінші тараптан және "Жұмыс беруші" деп аталатын
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), бизнес сәйкестендіру нөмірі, жұмыс берушінің заңды мекенжайы) үшінші тараптар төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасасты:
1-тарау. Келісімшарттың мәні
1. Келісімшарт жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.
2. Еңбек мобильділігі орталығының филиалы ретінде Мансап орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және Жұмыс беруші Келісімшарт тараптары болады.
Келісімшарт шеңберінде жұмыс беруші Ерікті қоныс аударуға қатысушыға мынадай қолдау шараларын ұсынуға міндеттеледі:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(Ерікті қоныс аударуға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету)
3. Келісімшарт Еңбек мобильділігі орталығы басшысының 20 ___ жылғы "___" _____________ № ____ бұйрығы негізінде жасалды.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Мансап орталығының:
1) Жұмыс берушіден жұмыс берушінің шығыстарын өтеу үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;
2) жаңа тұрғылықты жері бойынша Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыны тіркеуге жәрдем көрсетуге;
3) Қағидаларда айтылған жағдайларда Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының кәмелетке толған басқа да отбасы мүшелерімен тұрғын үйді мүліктік жалдау шартын қайта жасасуға құқығы бар.
4) Ерікті қоныс аударуға қатысушыдан және жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
5. Мансап орталығы мыналарға міндетті:
1) жұмысқа орналастырылған күннен бастап екі және бес жыл ішінде Ерікті қоныс аударуға қатысушының жұмыс орнының сақталуына мониторинг жүргізуге;
2) ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушінің келісімшартты орындауына мониторинг жүргізуге;
3) тараптардың міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға және алуға;
4) ерікті қоныс аударуға қатысушылардың қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың картасында көрсетуге міндетті.
6. Ерікті қоныс аударуға қатысушының:
1) Келісімшарт тараптарынан Келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
2) Жұмыс берушіден Келісімшартта көзделген қолдау шараларын алуға құқығы бар;
3) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейіннен жұмысқа орналаса отырып, жұмыс берушінің өтінімі бойынша кәсіптік оқудан өтуге құқығы бар.
7. Ерікті қоныс аударуға қатысушы:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелу;
2) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;
3) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға міндетті.
8. Жұмыс берушінің:
1) субсидияларды тағайындау, шығыстардың өтеу үшін қажетті өтініш пен құжаттар топтамасын Мансап орталығына ұсынуға;
2) келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
3) 400 АЕК мөлшерінде субсидия алған кезде ерікті қоныс аударуға қатысушыларды тұрақты жұмыс орнына қабылданған күннен бастап екі жылдан кем емес мерзімге жұмысқа орналастыруға;
4) экономикалық мобильділік сертификатын беру арқылы шығыстардың орны толтырылған кезде ерікті қоныс аударуға қатысушыларды тұрақты жұмыс орнына қабылданған күннен бастап бес жылдан астам мерзімге жұмысқа орналастыруға құқығы бар.
9. Жұмыс беруші:
1) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы мансап орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;
2) Ерікті қоныс аударуға қатысушымен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасауға;
3) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ерікті қоныс аударуға қатысушылар алған кірістерден жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін Ерікті қоныс аударуға қатысушыларға төленетін жұмыс берушінің табыс түріндегі төлейтін шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;
4) ерікті қоныс аударуға қатысушыны кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік оқытуға жіберуге міндетті.
10. Әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес, ерікті қоныс аударуға қатысушының өз еркі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тыс жерлерге ішкі дербес көші-қоны жағдайында бес жыл ішінде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларын толық көлемде мерзімінен бұрын қайтаруға міндетті.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
11. Мансап орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші осы Келісімшартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.
12. Жұмыс берушілер Ерікті қоныс аударуға қатысушыны жұмысқа орналастыру жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда жұмыс берушілер жұмыскердің көшу, жаңа тұрғылықты жерде орнығуға, қызметтік тұрғын үй беруге жұмыскердің шығыстарын өтеуге немесе тұрғын үйді мүліктік жалдау бойынша шығыстарын өтеуге, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара немесе толық өтеуге, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын мемлекет көтерген шығыстарды өтейді.
13. Мансап орталығының мен Ерікті қоныс аударуға қатысушылармен жұмыс берушілердің осы Келісімшартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.
14. Осы Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Мансап орталығын Ерікті қоныс аударуға қатысушыды және жұмыс берушіні осы мерзімнің аяқталуына дейін болған оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
4-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары
15. Мансап орталығы Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
16. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Мансап орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндеттенеді.
17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Мансап орталығы Ерікті қоныс аударуға қатысушыны және жұмыс берушіні мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады.
Форс-мажор мән-жайлары жалпыға мәлім және жаппай сипатта болған және дәлелдеуді талап етпейтін жағдайларды қоспағанда, форс-мажор мән-жайларының басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама осындай мән-жайларды растайтын тиісті органның және (немесе) мекеменің құжатымен не шешімімен расталады.
18. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа тең болады. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты Мансап орталығының, Ерікті қоныс аударуға қатысушынының және жұмыс берушінің осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындауының мүмкін болмауы (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, онда осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
5-тарау. Басқа да жағдайлар
19. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
20. Осы Келісімшарт оған Мансап орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__" ______ дейін қолданылады.
6-тарау. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушылар қатарына қосу туралы өтініш
Мені/мені және менің отбасымының мүшелерін ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушылар қатарына қосуыңызды өтінемін
ЖСН | |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
Туған күні, айы, жылы | |
Жынысы | |
Мекенжайы |
Төмендегідей отбасымның құрамы бар:
ЖСН | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Жағдайы | Тұру мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
___________________________________________________________________;
___________________________________________________________________;
___________________________________________________________________;
Осымен ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушылар қатарына қосу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
20 ___ "___" ______________________________ (өтініш берушінің қолы )
| Жұмыс күшінің мобильділігін | |
| арттыру үшін адамдардың | |
| ерікті түрде қоныс аудару | |
| қағидаларына | |
| 7-қосымша | |
| Нысан |
Қоныс аударуға №___ жолдама
Қатысушы______________________________________________________
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
өңірлік комиссияның 20 ___ жылғы "____" ________________ №____ шешіміне
сәйкес__________________________________________________________
________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы) тұру
және__________________________________________________
(кәсіп/мамандық атауы) мамандығы (кәсібі) бойынша жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
Онымен бірге:
ЖСН | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Жағдайы | Тұру мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
қоныс аударады
Мансап орталығының директоры
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Берілген күні __________________
М.О.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Жолдама берген мансап орталығына қайтарылады.
№ ____ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________
________________________________________________________________
_____________________________________________________
(қоныстанған аудан/қала, облыстың мансап орталығы)
ЖСН | |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
Туған күні, айы, жылы | |
Жынысы | |
Мекенжайы |
20 __ жылғы "___" ___________ жасалған № ________ әлеуметтік келісімшартқа сәйкес
(20_ жылғы________ № ___ бұйрық) ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушы болып табылады және оған
_______________________________________________________________
(елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы)
________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефондары)
кейіннен жұмысқа орналасумен тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, жатақханадан бөлме, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия беріледі (қажеттінің астын сызу).
Мансап орталығының директоры
________________________________ ___________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Күні __________________
М.О.
Өтініш
Маған, тұрғын үйді меншікке сатып алу құқығын іске асыру үшін төлем түріндегі Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша тиесілі соманы төлеуді сұраймын.
Экономикалық мобильділік сертификаты:
(дұрыс таңдау және астын сызу)
тұрғын үй сатып алу үшін____________________;
ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша бастапқы жарна үшін
________________________________________________________________;
(екінші деңгейдегі банктің атауы, банктің жеке сәйкестендіру нөмірі, банктің банктік сәйкестендіру коды, алушының жеке шотының нөмірі көрсетіледі)
Тұрғын үй мекенжайы: қала (аудан, ауыл), көше, үй.
_______________________________________________________________.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган берген қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім;
2) екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша тұрғын үйді сатып алған жағдайларда қарыз беруді мақұлдау;
3) тұрғын үй қарызы шартына сәйкес екінші деңгейдегі банктегі сатушының не қарыз алушының ағымдағы шоты;
4) сатып алынатын жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартының және бағалау актісінің көшірмелері;
5) өтініш берушінің жаңа тұрғылықты жеріндегі еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері;
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_______ __________ (күні) (қолы)
Құжаттар қабылданды: 20____ жылғы "____" ________
_______________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда) қолы
_______________________________________________________________
Қандастың немесе/және қоныс аударушының мәлімдемесі
____________________________________ қоса берілген құжаттармен бірге
______ дана қабылданды 20___ жылғы "_____" __________.
____ _________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Өтініш
Көшуге субсидиялар төлеу және (немесе) тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу туралы өтініш.
ЖСН | |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
Туған күні, айы, жылы | |
Жынысы | |
Тұрғылықты мекенжайы |
маған және менің отбасы мүшелеріме көшуге және (немесе) мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төлеуді сұраймын (керегінің астын сызу)
ЖСН | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Мәртебесі/Жағдайы | Жаңа тұрғылықты жері бойынша тұратын мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Бізге тиесілі көшуге және (немесе) мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар сомасы аударылсын
_______________________________________________________________
(банк атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктің сәйкестендіру коды мекенжайы, дербес шотының нөмірі көрсетіледі)
бойынша тұрамын ____________________________________________________________________
(нақты тұрғылықты мекенжайы, (өңір, қала / аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шот нөмірі;
2) тұрғын үйді мүліктік жалдау шарты.
____________________________________________
_____________________________________________
20__жылғы "___" _____
________________________
(өтініш берушінің қолы)
| Жұмыс күшінің мобильділігін | |
| арттыру үшін адамдардың | |
| ерікті түрде қоныс аудару | |
| қағидаларына | |
| 10-қосымша | |
| Нысан |
Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша төлемді төлеу туралы ШЕШІМ
20___ жылғы "___" ___________№ _______
_______________________________ облыстарының Еңбек мобильділігі орталығы Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларының 69-тармағына сәйкес субсидиялар төлеу туралы өтінішті қарап, мынадай шешім қабылдады:
1. Өтініш берушіге Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша төлем __________________ (сомасы жазбаша) теңге мөлшерінде төленсін.
№ р/с | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) | Сатып алынатын тұрғын үйдің мекенжайы | Төлем сомасы (теңге) |
2. KZ _____________________________________ағымдағы шотына аудару (банктің атауы, банктің БСН, Банктің БСК, алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі)
Басшының қолы _______________/(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Жұмыс күшінің мобильділігін | |
| арттыру үшін адамдардың | |
| ерікті түрде қоныс аудару | |
| қағидаларына | |
| 11-қосымша | |
| Нысан |
Көшуге арналған субсидияларды төлеу туралы ШЕШІМ 20___ жылы "___" _____ № _______
_______________________________ облыстарының Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 71-тармағына сәйкес субсидиялар төлеу туралы өтінішті қарап, мынадай шешім қабылдады:
1) өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне (бар болса) көшуге субсидия мынадай мөлшерде төленсін:
№ р/с | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) | Субсидия мөлшері (АЕК) | Төлем сомасы (теңге) |
2. KZ _______________________________ағымдағы шотына аудару (банктің атауы, банктің БСН, банктің БСК, алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі)
Басшының қолы_______________/(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Жұмыс күшінің мобильділігін | |
| арттыру үшін адамдардың | |
| ерікті түрде қоныс аудару | |
| қағидаларына | |
| 12-қосымша | |
| Нысан |
Тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу), коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу субсидиялары бойынша шығыстарды төлеу туралы ШЕШІМ
20___ жылы "___" _____ № _______
_______________________________ облыстарының Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 72-тармағына сәйкес субсидиялар төлеу туралы өтінішті қарап, мынадай шешім қабылдады:
1. Өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне (бар болса) тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу), коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерде субсидиялар төленсін:
№ р/с | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) | Субсидия мөлшері (АЕК) | Төлем сомасы (теңге) |
2. KZ _______________________________ағымдағы шотына аудару (банктің атауы, банктің БСН, банктің БСК, алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі)
Басшының қолы_______________/(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Жұмыс күшінің мобильділігін | |
| арттыру үшін адамдардың | |
| ерікті түрде қоныс аудару | |
| қағидаларына | |
| 13-қосымша | |
| Нысан |
Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша төлемнен бас тарту туралы ШЕШІМ 20___ жылы "___" _____ № _______
___________________________________облыстарының Еңбек мобильділігі орталығы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша төлем туралы өтінішті қарап шықты.
1. | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
2. | ЖСН | |
3. | Өтініш нөмірі | |
4. | Мәртебесі | |
5. | Қабылдау күні |
Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 67-тармағы __ тармақшасында көзделген негіздер бойынша Экономикалық мобильділік сертификатын төлеуден бас тартады.
Басшының қолы_______________/
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Жұмыс күшінің мобильділігін | |
| арттыру үшін адамдардың | |
| ерікті түрде қоныс аудару | |
| қағидаларына | |
| 14-қосымша | |
| Нысан |
Көшуге арналған субсидиялар, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу түріндегі материалдық көмек төлеу бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы ҚОЛХАТ
Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 67-тармағының __ тармақшасын басшылыққа ала отырып, Еңбек мобильділігі орталығы _____________________________ көшуге арналған субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеу түріндегі материалдық көмек төлеуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады осы қолхат 2 данада, әрбір тарап үшін бір-бірден жасалды.
Орындаушы:____________________________________________________
____________________________________________________________________
(Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)
Телефон_________________
Алды: __________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/қолы
20___ жылы "___" _________
| Жұмыс күшінің мобильділігін | |
| арттыру үшін адамдардың | |
| ерікті түрде қоныс | |
| аудару қағидаларына | |
| 15-қосымша | |
| Нысан |
Көшуге арналған субсидиялар төлеуге, тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) шығыстарын, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын беруге бағытталған қаражат бойынша салыстыру актісі 20__ жылғы______ ай
Жол коды | Еңбек мобильділігі орталығының БСН | Түскен трансферттердің төлем тапсырмасының № | Келіп түскен трансферттердің төлем тапсырмасының күні | Сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Барлығы:_______________________________________(сомасы жазбаша).
| Қазақстан Республикасы | |
| Еңбек және халықты | |
| әлеуметтік қорғау министрі | |
| 2026 жылғы 13 қазандағы | |
| № 401 бұйрыққа | |
| 2-қосымша |
Күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген).
2. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 536 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33871 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34152 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 10-тармағы.
4. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 169 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34448 болып тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 шiлдедегi № 281 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34837 болып тіркелген) 2-тармағы.
6. "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына және "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №513 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35613 болып тіркелген) 2 және 5-тармақтары.
7. "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына және "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 359 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37453 болып тіркелген) 2-тармағы.
8. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 209 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38821 болып тіркелген).