БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34655 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
осы бұйрыққа қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
| "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген"; |
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге беріледі.
Оларды жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрлерінің кіші түрлері атауы:
1) I кіші түр – стационар жағдайларында:
мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2) II кіші түр – жартылай стационар жағдайларында:
мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
3) III кіші түр – уақытша болу жағдайларында:
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға;
қатыгездікке ұшыраған құрбандарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
4) IV кіші түр – үйде күтім жасау жағдайларында:
мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Департамент Заңның 18-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтата тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда, Департамент цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды және осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды қайта ұсыну тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні белгіленеді, аталған мерзім Негізгі талаптардың тізбесінің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Департамент қызметкері осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан, өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.";
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Департамент 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкес және олардың Негізгі талаптар тізбесіне сәйкестігін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша тексереді.";
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы оң қорытынды болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияның электрондық нысанын және (немесе) 3-4-қосымшаға сәйкес лицензияға тиісті қосымшаны қалыптастырады.
Негізгі талаптардың тізбесінің 10-тармағында көзделген бас тарту негіздері болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
18. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде қорытындыны тексереді және ЭЦҚ пайдалана отырып, электрондық лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға не лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді бас тартуға қол қояды.";
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) 33 және 34-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.
27. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 33-бабының 3-тармағына сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтінішті Әлеуметтік қызметтер порталы немесе портал арқылы жібереді.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштерде және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ Негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтату туралы хабарландыруды қызмет алушыға жібере отырып, өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 1 (бір) жұмыс күні белгіленеді.";
31, 32, 33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"31. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 33 және 34-баптарында көрсетілген құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдей ме, не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
32. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қолданысын қалпына келтіру, одан айыру "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 45-бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
33. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 35-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.
34. Қағаз нысанда берілген лицензияның рұқсаты жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 43-бабына сәйкес лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алуға құқығы бар.
35. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз берілсе, ол бұл әрекеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға құқылы.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 2-3-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-1 және 3-2-қосымшалар алып тасталсын;
көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 3-4-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (ол болған жағдайда) атауы |
1) I кіші түр – стационар жағдайларында: |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсету мерзімі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсету нәтижесі | арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және демалыс күндерінен басқа; |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін: |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу кезінде: |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады. |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін өтініш
__________________________________________________________ атына
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
____________________________________________________нан/нен/дан/ден/тан/тен (дара кәсіпкердің тегі аты әкесінің аты (ол болған жағдайда) /заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын.
Дара кәсіпкердің мекенжайы/заңды мекенжайы:
_______________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық поштасы __________________
Телефон ________________________
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның орналасқан мекенжайы
________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жай)
Қосымша_____ парақ.
Осымен расталады:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және сенімді болып табылады;
көрсетілетін қызметті алушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға, сондай-ақ орналасқан жері бойынша тексеруді жүргізуге келіседі.
Басшы _________________________ _____________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20 ___ жылғы "__" ______
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетiнің мекенжайында орналасқан____________________________________
қызмет алушының_________________________________________________ "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкестiгiн тексеруге сұрау салуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетiнiң _____________ облысы/қаласы бойынша аумақтық бөлiмшесi (департаментiн) баруды жүзеге асырды және нәтижесінде мыналар анықталды:
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар | Шешім (сәйкес келеді/сәйкес келмейді) | Ескертпе* |
* Ескертпе – біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептерін, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін еркін нысанда көрсетеді.
Қорытынды:
- Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
- Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің маманы
________________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы
________________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Аумақтық бөлімшесінің (департаментінің) басшысы
________________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Келісілді:
Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарманың бас сарапшысы
_______________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарма басшысы
_______________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Төраға орынбасары
_______________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін тоқтата тұру туралы хабарлама
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші, Департамент (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтата тұрады (керегінің асты сызылсын):
1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуына;
2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығымен бектіліген "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34655 болып тіркелген) көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауына байланысты, атап айтқанда:
1) _____________________________________________________________;
2) _____________________________________________________________;
3) ... .
Осыған байланысты Сізге анықталған кемшіліктерді осы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жою және құжаттарды қайта ұсыну қажет (лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні белгіленеді).
Осы хабарлама екі данада, әрбір тарап үшін бір данадан жасалды.
Көрсетілетін қызметті беруші (Департамент) қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Орындаушы:
___________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефон:
___________________________________________________________________
Алдым:
___________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
20__ жылғы "___" __________
| |
АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША БЕРУ | |
Берілген күні: жылы | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру нөмірі: |
Берілді | (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі) |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орны | (ұсынылған объектінің мекенжайы) |
Ескерту | (иеліктен шығару, рұқсат сыныбы) |
Көрсетілетін қызметті беруші | (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) |
Басшы (уәкілетті тұлға) | (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
Бастапқы берілген күні | ______ жылғы "____" __________ |
Лицензияның қолдану мерзімі | ______ жылғы "____" __________ |
Беру орны | |
Лицензияға қосымша
Лицензия нөмірі ______
Лицензияның берілген күні: ____________
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлері(лері) (лицензияның кіші түрін таңдау)
1) I кіші түр – стационар жағдайларында:
мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2) II кіші түр – жартылай стационар жағдайларында:
мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
3) III кіші түр – уақытша болу жағдайларында:
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға;
қатыгездікке ұшыраған құрбандарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
4) IV кіші түр – үйде күтім жасау жағдайларында:
мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру.";
Қуат: _______________________
Лицензиат______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі, филиалдың немесе өкілдіктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Өндірістік база ___________________________
(орналасқан жері)
Лицензияның ерекше шарттары
_______________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Лицензиар ____________________________
(лицензияға қосымша берген органның толық атауы)
Басшы
(уәкілетті тұлға) ____________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолданба нөмірі ________________
Жарамдылық мерзімі ____________
Қосымшаның берілген күні: ________________
Беру орны: _______________________
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініш
________________________________________________________________________ атына (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
______________________________________________ нан, нен, тан, тен, дан, ден
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
жеке кәсіпкер / заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын
арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған 20___ жылғы "___"
№____________берілген __________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нөмірі (А), берілген күні, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берген көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Жүзеге асыруға ______________________________________________________
(Қызмет түрінің және қызметтің кіші түрінің толық атауы)
мынадай негіздер бойынша(рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 33 және 34-баптарына сәйкес): ___________________________________________
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мекенжайы: ________________
____________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта: ______________________________________
Телефон: ________________________________________________
Қоса беріледі ______п.
Осымен расталады:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларда
болуы мүмкін
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілді;
сот өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға тыйым салмайды;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және сенімді болып табылады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
Басшы ____________________ ________________________________________
(электрондық-цифрлық (тегі, аты, әкесінің аты (қолы қойылған кезде) ол болған жағдайда).
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" _______
