"Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 7 қазандағы № 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 қазанда № 40129 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде № 23235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әдістеме) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесінде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жол берілетін шығарындылар нормативтері ластаушы заттар тізбесіне енгізілген әрбір ластаушы зат үшін мынадай түрде белгіленеді:

      1) ластаушы заттың массалық шоғырлануы;

      2) ластаушы заттың жаппай ағымының жылдамдығы.

      Шығарылатын газдардың жаппай ағымының көлемі мен жылдамдығына қатысты көрсеткіштер 273.15 К және 101.3 кПа стандартты жағдайларында және егер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында өзгеше тікелей көзделмесе, су буының құрамы шегерілгеннен кейін айқындалады.

      Ластаушы заттың массалық шоғырлану көрсеткіштері атмосфералық ауаны қорғау тұрғысынан оны пайдаланудың неғұрлым қолайсыз жағдайларында шығарындылардың стационарлық көзінің қалыпты (регламенттік) жұмысының күнтізбелік бір тәулік ішінде шығарындының тиісті көрсеткіштерін орташаландыру жолымен айқындалады.

      Ластаушы заттың жаппай ағыны жылдамдығының көрсеткіштері оны пайдаланудың атмосфералық ауаны қорғау тұрғысынан неғұрлым қолайсыз жағдайларда шығарындылар көзінің қалыпты (регламенттік) жұмысының бір сағаты ішінде шығарындының тиісті көрсеткіштерін орташаландыру жолымен айқындалады.

      Жол берілетін шығарындылар нормативтерін есептеу үшін атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары параметрлерінің кестесі осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сарқынды суларды жер қойнауына төгуге, мынадай жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады:

      1) жерасты сулары ауызсу, бальнеологиялық, техникалық мұқтаждықтар, ирригация және мал шаруашылығы мұқтаждықтары үшін пайдаланылмайтын оқшауланған суландырылмаған жерасты белдеулеріне және жерасты су тұтқыш белдеулеріне тазартылған сарқынды суларды айдау;

      2) карьердегі және (немесе) шахтадағы қазылған кеңістіктерге карьер суларын бұру.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сарқынды суларды тазарту мұнай өнімдері, қалқымалы заттар және күкіртсутек бойынша бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сарқынды суларды тазарту мұнай өнімдері бойынша бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      Сарқынды суларды жер қойнауына айдау және бұру кезінде осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілмеген өзге де ластағыш заттарды төгу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес ластағыш заттар концентрациясының ең жоғары көрсеткіштері бойынша нормаланады. Ластағыш заттар концентрациясының ең жоғары көрсеткіштері қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу кезінде немесе ластағыш заттардың жол берілетін төгінділері нормативтерінің жобасында негізделеді. Осындай заттарды ластағыш заттар концентрациясының белгіленген ең жоғары көрсеткіштерінен асырып төгу нормативтен жоғары эмиссия болып есептелмейді.

      Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес мұнай өнімдері, қалқымалы заттар мен күкіртсутек бойынша тазартылмаған сарқынды суларды жерасты белдеулеріне айдауға тыйым салынады.

      Жол берілетін төгінділер нормативтері белгіленбеген ластағыш заттар болған кезде және осы тармақтың талаптары сақталмаған кезде карьердегі және (немесе) шахтадағы қазылған кеңістіктерге карьер суларын бұруға тыйым салынады.

      Егер сарқынды сулардағы ластағыш заттың не ластағыш заттар қоспасының мөлшері (массасы) экологиялық рұқсатта белгіленген экологиялық нормативтерден асып кетсе, төгінділер нормативтен жоғары деп есептеледі.

      I және II санаттағы объектілер үшін нормативтен жоғары төгінділерді жүзеге асыру кезеңі қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі орнатылған көздерді қоспағанда, өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі соңғы есеп "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесіне берілген күннен бастап айқындалады.

      IIІ санаттағы объектілер үшін нормативтен жоғары төгінділерді жүзеге асыру кезеңі тексерілетін кезең үшін айқындалады".

      Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесіне 1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

      Жол берілетін шығарындылар нормативтерін есептеу үшін атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары параметрлері

Өндіріс

Цех

Ластаушы заттарды шығаратын көз

Жылына жұмыс сағаттарының саны

Зиянды заттардың шығарындыларының көзінің атауы

Карта схемада шығарынды көзінің нөмірі

Шығарынды көзінің биіктігі, м

атауы

саны, дана.

1

2

3

4

5

6

7

8

      Кестенің жалғасы

Құбыр ауызының диаметрі, м

Ең жоғарғы бір реттік жүктеме кезінде құбырдан шығарда газауа қоспасының параметрлері

Карта-схемада көздің координаталары, м

Жылдамдығы, м/с (Т = 273.15 К, Р= 101.3 кПа)

Қоспаның көлемі, м3/с (Т = 273.15 К, Р= 101.3 кПа)

Қоспаның температурасы, оС

нүктелі көздің/желілік көздің 1-шетінің/аудандық көздің ортасының

желілік көздің 2-шетінің/аудандық көздің ұзындығы, енінің

Х1

У1

Х2

У2

9

10

11

12

13

14

15

16

      Жол берілетін шығарындылар нормативтерін есептеу үшін атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларының параметрлері жалғасы

Газтазарту қондырғыларының атауы, үлгісі және шығарындыларды қысқарту бойынша шаралар

Газ тазарту жүргізілетін зат

Газтазартумен қамтамасыз етілетін коэффициент

Тазартудың орташа пайдалану дәрежесі /тазартудың ең жоғарғы дәрежесі, %

Заттың коды

Заттың атауы

Ластаушы заттың шығарындысы

РЕШШ жету жылы

г/с

мг/нм3

т/жыл


17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Ескертпе: Кесте бастапқы мерзімге (түгендеу мәліметтері бойынша РЕШШ нормативтерінің жобаларын әзірлеу сәтіне іс жүзіндегі жағдай) және перспективаға толтырылады.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
Ж. Алиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады