"Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 1 қазандағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 5 қазанда № 40086 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2021 жылғы 22 маусымдағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде № 23235 болып тіркелген болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесінде:

      12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Қалдықтарды көму лимиттері өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша алынған әсер ету аймағындағы қоршаған орта компоненттерінің (атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулары, топырақ) жай-күйі туралы деректер ескеріле отырып есептеледі.";

      15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Қалдықтарды көму объектісі орналасқан аудандағы (әсер ету аймағы шегінде) қоршаған орта компоненттерінің (атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулары, топырақ) жай-күйі туралы деректер жүргізілетін өндірістік экологиялық бақылаудың нәтижелері бойынша келтіріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады