"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 қазанда № 40054 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда мансап орталығы мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтата тұрады.

      Ізденуші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің Негізгі талаптарының тізбесіндегі 10-тармаққа сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда, мансап орталығының маманы цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды және осы Қағидаларға 1-1-қосымшада ізденушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үрдісінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.

      Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу процесі осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша тоқтатыла тұрған жағдайда, ізденуші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) мансап орталығының сақтауына қабылданбай, ізденушіге қайтарылуға тиіс, бұған өтініш және (немесе) құжаттар "цифрлық үкімет" веб-порталы немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы берілген жағдайлар кірмейді.

      Ізденушінің құжаттарды қайта ұсыну тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте ізденушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін 1 (бір) жұмыс күні белгіленеді, аталған мерзім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптардың тізбесінің 5-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін ізденуші алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, мансап орталығының маманы ізденушіге осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Мансап орталығының қызметкері осы Қағидалардың 7, 7-1, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтарына сәйкес жұмыс іздеуші адамды тіркеуді жүргізеді.

      Мансап орталығының қызметкері жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті цифрлық жүйелерінен алады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
3) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының
18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

      ";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 381 бұйрығына
1-қосымша
  "Жұмыс іздеуші адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
1-1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін тоқтата тұру туралы хабарлама

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, мансап орталығы (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтата тұрады (керегінің асты сызылсын):

      1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуына;

      2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне;

      3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымшада көзделген "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес, құжаттардың толық топтамасын ұсынбауына байланысты, атап айтқанда:

      1)_______________________________________;

      2) ______________________________________;

      3) ..... .

      Осыған байланысты Сізге осы хабарламаны алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді түзету және түзетілген құжаттарды қайта тапсыру қажет.

      Осы хабарлама екі данада, әрбір тарап үшін бір данадан жасалды.

      Мансап орталығының директоры тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      Орындаушы: __________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон: __________________________________________________

      Алдым: __________________________________________________

      Жұмыс іздеп жүрген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      20__ жылғы "___" __________.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 381 бұйрығына
2-қосымша
  Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды, жұмыссыздарды
тіркеу және мансап
орталықтары көрсететін еңбек
делдалдығын жүзеге асыру
қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабын басшылыққа ала отырып,____________________________________

      (мансап орталығы)

      Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:

      1) ______________________________________________;

      2) ______________________________________________;

      3) ______________________________________________.

      Ұсынуыңызға / ізденушінің және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      Орындаушы:______________________________________

      (мансап орталығы маманының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      Телефон:__________________________________________

      Алдым: __________________________________________

      (Жұмыс іздеп жүрген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      20___ жылғы "___" ____________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады