БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда республикалық мүлік тиісті саланың уәкілетті органының ұсынысы негізінде тендер өткізусіз 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге сенімгерлік басқаруға беріледі.
Бұл ретте акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) және стратегиялық объектілерді сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталын) төлеуге беру туралы шешімі болған кезде жүзеге асырылады.";
13-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сенімгерлік басқарудың мақсаттары мен міндеттерін сипаттай отырып, объектіні сенімгерлік басқаруға берудің орындылығының негіздемесі;";
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын өтеу көзін белгілеу туралы ұсыныстар.
Сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ағымдағы бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджетте көзделген қаражат есебінен өтеу көзі анықталған жағдайда, тиісті бюджет комиссиясының өтеуге жататын шығыстардың түрлерін көздейтін шешімі қоса беріледі;
9) объектінің ерекшелігіне қарай мүлікті сенімгерлік басқару тиімділігінің мыналарды қамтитын көрсеткіштерін айқындау бойынша:
қаржылық көрсеткіштер:
баланс ұстаушының мүлікті ұстауға арналған шығыстарын алып тастау;
мүліктік көрсеткіштер:
техникалық жай-күйін жақсарту (негізгі құралдардың құнын жаңғырту есебінен ұлғайту);
шарттық міндеттемелерді атқару:
сенімгерлік басқарудың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу.
Тиімділік көрсеткіштері сенімгерлік басқару шартына енгізіледі.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Басқару органы (акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі қатысу үлестеріне қатысты) және (немесе) баланс ұстаушы (жылжымалы және жылжымайтын мемлекеттік мүлікке қатысты) осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген ақпаратты ұсынбауы, осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, құрылтайшының объектіні сенімгерлік басқаруға беруден бас тартуы үшін негіз болып табылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тиімді басқарудың мына:
1._______________________________
2._______________________________
3._______________________________ өлшемшарттарына сәйкес Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;";
20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"20) сенімгерлік басқарудың мақсаттары мен міндеттерін орындауға;
21) өзге міндеттемелерді (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты) орындауға міндетті.";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) кезең-кезеңімен _________ дейін (сенімгерлік басқару мерзіміне байланысты кезең көрсетіледі) сенімгерлік басқарудың мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына мониторингті жүзеге асыруға міндетті.";
8.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және ____________________________дейін қолданылады. / Осы Шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және Құрылтайшы Объектіні сенімгерлік басқарушының жарғылық капиталын/орналастырылатын акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдағанға дейін, бірақ осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімде қолданылады (Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда қолданылады).".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі