Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 қыркүйекте № 39982 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
  Еңбек және халықты
  әлеуметтік қорғау министрі
  2026 жылғы 28 қыркүйектегі
  № 374 бұйрығымен
  бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтата тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің негізгі талаптарының тізбесіндегі 9-тармаққа сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның маманы цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды және осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үрдісінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) порталды қоспағанда көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды қайта ұсыну тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 7 (жеті) жұмыс күні белгіленеді, аталған мерзім осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіндегі 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның маманы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген өтініш пен құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік жұмыскер 10 (он) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүргізеді.

      Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау кезінде әлеуметтік жұмыскер "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 200 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32697 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес әрекет етеді.

      Үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің маманы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүгедектігі бар адамның, қарт адамның тұрғылықты жеріне барады және тексеру жүргізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіндегі 10-тармағында көзделген бас тарту негіздері болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      көрсетілген Қағидалардың 4-қосымшасында:

      реттік нөмірі 10-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
3) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

      ";

      осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;

      6-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 427 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35381 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Заңның 18-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтата тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің негізгі талаптарының 9-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды және осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үрдісінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) порталды қоспағанда көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды қайта ұсыну тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 9 (тоғыз) жұмыс күні белгіленеді, аталған мерзім Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын талаптардың 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Құжаттарды қараудың және қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жалпы мерзімі 19 (он тоғыз) жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын талаптардың 10-тармағында көзделген бас тарту негіздері болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасында:

      реттік нөмірі 10-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 122-бабында бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
4) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

      ";

      осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;

      5-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 428 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35384 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспеге орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге талаптардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар туралы мәлеметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сұрау салу көмегімен "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Заңның 18-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтата тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің негізгі талаптарының 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызмет беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды және осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үрдісінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) порталды қоспағанда көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды қайта ұсыну тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні белгіленеді, аталған мерзім Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын талаптардың 5-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызмет беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын талаптардың 11-тармағында көзделген бас тарту негіздері болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасында:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

- Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлігіне билік ету, шотына түскен зейнетақырларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу жөніндегі шешім туралы бұйрық;
- Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған кәмелетке толған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға бұйрық;
- Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

      ";

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 127 және 128-баптарында бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
4) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

      ";

      осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;

      5-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Тізбеге 1-қосымша
  "Арнаулы әлеуметтік
  қызметтер көрсету
  орталықтарында арнаулы
  әлеуметтік көрсетілетін
  қызметтерге құжаттарды
  ресімдеу" мемлекеттік
  қызмет көрсету қағидаларына
  4-1-қосымша

      Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін тоқтата тұру туралы хабарлама

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 1-тармағын және 20-бабы 2-1-тармағын басшылыққа ала отырып, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жергілікті атқарушы органы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтата тұрады (керегінің асты сызылсын):

      1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуына;

      2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне;

      3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауына байланысты, атап айтқанда:

      1) ______________________________________________________________;

      2) ______________________________________________________________;

      3) ... .

      Осыған байланысты Сізге анықталған кемшіліктерді осы хабарламаны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жою және құжаттарды қайта ұсыну қажет.

      Осы хабарлама екі данада, әрбір тарап үшін бір данадан жасалды.

      Мемлекеттік корпорация маманының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      Орындаушы: ____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон: ________________________________________________________

      Алдым: _________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      20__ жылғы "___" __________

  Тізбеге 2-қосымша
  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына
  6-қосымша
  нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы және 20-бабының 2-1-тармағын басшылыққа ала отырып,______________________________________________________________

      (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы) Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ___________________________________________________________.

      Ұсынуыңызға / көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      Орындаушы:_____________________________________________________

      (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы маманының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      Телефон:________________________________________________________

      Алдым: _________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызметті алушының немесе заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      20___ жылғы "___" ____________.

  Тізбеге 3-қосымша
  "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
  4-1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін тоқтата тұру туралы хабарлама

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабының 1-тармағын және 20-бабы 2-1-тармағын басшылыққа ала отырып, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жергілікті атқарушы органы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтата тұрады (керегінің асты сызылсын):

      1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуына;

      2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне;

      3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауына байланысты, атап айтқанда:

      1) ______________________________________________________________;

      2) ______________________________________________________________;

      3) ... .

      Осыған байланысты Сізге анықталған кемшіліктерді осы хабарламаны алған күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде жою және құжаттарды қайта ұсыну қажет.

      Осы хабарлама екі данада, әрбір тарап үшін бір данадан жасалды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      Орындаушы: _____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон: ________________________________________________________

      Алдым: _________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      20__ жылғы "___" __________

  Тізбеге 4-қосымша
  "Әрекетке қабілетсіз немесе
  әрекет қабілеті шектеулі
  кәмелетке толған адамдарға
  қорғаншылық немесе
  қамқоршылық белгілеу"
  мемлекеттік қызметін
  көрсету қағидаларына
  5-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабын және 20-бабынның 2-1-тармағын басшылыққа ала отырып, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті атқарушы орган, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:

      1) ______________________________________________________________;

      2) ______________________________________________________________;

      3) ….

      ұсынуыңызға/көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты ___________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      ________________________________________________________________

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

      Орындаушы: _____________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон: ________________________________________________________

      Алды: ___________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      20__ жылғы "___" _________

  Тізбеге 5-қосымша
  "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
  4-1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін тоқтата тұру туралы хабарлама

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабының 1-тармағын және 20-бабының 2-1-тармағын басшылыққа ала отырып, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жергілікті атқарушы органы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтата тұрады (керегінің асты сызылсын):

      1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуына;

      2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне;

      3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауына байланысты, атап айтқанда:

      1) ______________________________________________________________;

      2) ______________________________________________________________;

      3) ... .

      Осыған байланысты Сізге анықталған кемшіліктерді осы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жою және құжаттарды қайта ұсыну қажет.

      Осы хабарлама екі данада, әрбір тарап үшін бір данадан жасалды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      Орындаушы: _____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон: ________________________________________________________

      Алдым: _________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      20__ жылғы "___" __________

  Тізбеге 6-қосымша
  "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
  5-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабын және 20-бабының 2-1-тармағын басшылыққа ала отырып астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті атқарушы орган, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:

      1) ______________________________________________________________;

      2) ______________________________________________________________;

      3) ….

      ұсынуыңызға/көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты ___________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      ________________________________________________________________

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

      Орындаушы: _____________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон: ________________________________________________________

      Алды: ___________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      20__ жылғы "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады