"Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 549 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 тамызда № 39596 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16482 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 40-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларында:

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдары цифрлық жүйе арқылы декларантқа және (немесе) кеден өкіліне ТБЖ тәуекелдердің алдын алу және (немесе) барынша азайту бойынша тағайындаған шаралар туралы хабарламаны жолдайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ТБЖ айқындаған тауарларды сыныптау бойынша тәуекелдердің алдын алу және (немесе) барынша азайту бойынша шаралардың қолдануын УЛА мынадай ережелерді ескере отырып жүзеге асырады:

      1) "Кедендік декларацияны толтыру бойынша нұсқаулық және кедендік декларациялардың нысаны туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген, кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру түріндегі кедендік бақылауды жүргізген кезде декларантқа және (немесе) кеден өкіліне цифрлық жүйе арқылы тауарларға арналған декларацияның (бұдан әрі – ТД) 33-бағанында мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды табыс ету қажеттілігі туралы сұрау салу жолданады.

      Декларант немесе кеден өкілі электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта табыс етілетін сұрау салынған құжаттардың тексеруін УЛА Кодекстің 410-бабында белгіленген тәртіп пен мерзімде жүзеге асырады.

      Сұрау салынған құжаттар табыс етілген және оларды тауарлар шығарылғанға дейін тексеру аяқталған жағдайда, кедендік бақылау нәтижелері тексеріліп жатқан мәліметтердің дұрыстығын және (немесе) толықтығын растағанда, УЛА Кодекстің 192, 193-баптарына сәйкес тауарды шығаруды жүзеге асырады және "Бақылау нәтижесі" ұяшығында тиісті нәтижені таңдау арқылы цифрлық жүйесінің "ТБЖ Бақылау" салымында бақылау нәтижесін енгізеді.

      Декларант және (немесе) кеден өкілі тауарларды шығарғанға дейін ТД-да мәлімдеген мәліметтерді растамайтын сұрау салынған құжаттарды ұсынған жағдайда, УЛА:

      тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдайды, оған аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды және мұндай шешім қабылданған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей декларантқа және кеден өкіліне цифрлық жүйе арқылы тауарларды сыныптау туралы шешімнің қабылданғаны туралы хабарлайды;

      "Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы және Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімінің (бұдан әрі – ЕЭК № 289 шешімі) 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ТД мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талап қойылады;

      тауарды шығару Кодекстің 192, 193-баптарына сәйкес жүзеге асырылады;

      электрондық құжатты жолдау жолымен не қағаз тасымалдағышта кедендік декларацияда немесе қағаз тасымалдағышта берілген тауарларға арналған декларацияларды тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтініште тиісті белгіні қою жолымен Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарды шығарудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды. Тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеген жағдайда мұндай бас тарту үшін негіз болып табылған барлық себептер көрсетіледі.

      Егер кедендік, өзге де құжаттар мен (немесе) мәліметтерді тексеру Кодекстің 193-бабында белгіленген тауарларды шығару мерзімінде аяқталмаған жағдайда, УЛА Кодекстің 195-бабына сәйкес тауарлардың шығаруын жүргізу мүмкіндігі туралы декларантқа және кеден өкіліне хабарлайды.

      Бұл ретте УЛА цифрлық жүйе арқылы "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттемені қамтамасыз ету мөлшерін есептеу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімімен (бұдан әрі – ЕЭК № 112 шешімі) бекітілген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз ету мөлшерін есептеуді толтыру тәртібіне сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз ету мөлшерін есептеуді декларантқа және кеден өкіліне жолдайды.

      Декларант және (немесе) кеден өкілі көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз етуді енгізген кезде УЛА цифрлық жүйе арқылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз етудің тіркеуін жүргізеді және Кодекстің 195-бабына сәйкес кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтағанға дейін тауарлардың шығаруын жүзеге асырады.

      Егер сұрау салынған құжаттар және (немесе) мәліметтер, оның ішінде жазбаша түсініктемелер, не мұндай құжаттар мен (немесе) мәліметтерді табыс етудің мүмкін еместігінің себептерін түсіндіруді ұсыну және (немесе) болмауы, Кодекстің 410-бабының 7-тармағымен белгіленген мерзімде ұсынылмаған, және Кодекстің 195-бабымен көзделген шарттар сақталмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартады.

      Мемлекеттік кірістер органы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына қарағанда өзге түрде белгіленген және (немесе) Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың (бұдан әрі – Одақ туралы Шарт) 46, 47, 48, 49 және 50-баптарына сәйкес белгіленген тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді және (немесе) ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану мүмкіндігін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жолдау жолымен тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырады.

      Кодекстің 195-бабына сәйкес тауарларды шығарған кезде кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру Кодекстің 410-бабының 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-тармақтарына сәйкес тауарларды шығарғаннан кейін аяқталады;

      2) кедендік сараптама жүргізуге байланысты тәуекелдердің алдын алу және барынша азайту бойынша ұсынымдар болған кезде, УЛА Кодекстің 54-тарауына сәйкес кедендік сараптаманы тағайындайды және цифрлық жүйе арқылы кедендік сараптаманы жүргізу үшін ТД-ның 33-бағанында мәлімделген мәліметтерді растайтын декларацияланатын тауарлардың үлгілерін ұсыну қажеттілігі туралы декларантқа және (немесе) кеден өкіліне сұрау салуды жолдайды.

      Кедендік сараптама жүргізу үшін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, мұндай тауарлардың сәйкестендіру құралдары мен құжаттарын алу Кодекстің 471-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер кедендік сараптама Кодекстің 193-бабында көзделген тауарларды шығару мерзімінде аяқталған жағдайда, кедендік сараптама актісінің қорытындысы бойынша СЭҚ ТН бойынша мәлімделген сыныптау коды расталған кезде Кодекстің 193-бабына сәйкес тауарды шығаруды жүзеге асырады және "Бақылау нәтижесі" ұяшығында тиісті нәтижені таңдау арқылы цифрлық жүйенің "ТБЖ Бақылау" салымында бақылау нәтижесін енгізеді.

      СЭҚ ТН бойынша мәлімделген сыныптау кодын растамаған кезде УЛА мынадай:

      тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдайды, оған аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды және мұндай шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей декларантқа және кеден өкіліне цифрлық жүйе арқылы тауарларды сыныптау туралы шешімнің қабылданғаны туралы хабарлайды және ЕЭК № 289 шешімінің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талап қояды;

      электрондық құжатты жолдау жолымен не қағаз тасымалдағышта кедендік декларацияда немесе қағаз тасымалдағышта берілген тауарларға арналған декларацияларды тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтініште тиісті белгіні қою жолымен Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарды шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеген жағдайда мұндай бас тарту үшін негіз болып табылған барлық себептер көрсетіледі.

      Егер кедендік сараптама Кодекстің 193-бабында белгіленген шығару мерзімінде аяқталмаған жағдайда, УЛА цифрлық жүйе арқылы:

      Кодекстің 196-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүргізу мүмкіндігі туралы декларантқа және (немесе) кеден өкіліне хабарлайды;

      ЕЭК № 112 шешіміне сәйкес декларантқа және (немесе) кеден өкіліне ЕЭК № 112 шешіммен бекітілген нысан бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз ету мөлшерін есептеуді жолдайды.

      Декларант және (немесе) кеден өкілі аталған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда УЛА цифрлық жүйе арқылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз етуді тіркеуді жүргізеді және кедендік сараптама аяқталғанға дейін тауарлардың шығаруын жүзеге асырады. Бұл ретте, декларантқа және (немесе) кеден өкіліне цифрлық жүйе арқылы тауарларды шығару туралы хабарлама жолданады.

      Мемлекеттік кірістер органы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына қарағанда өзге түрде белгіленген және (немесе) Одақ туралы Шарттың 46, 47, 48, 49 және 50-баптарға сәйкес белгіленген тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді және (немесе) ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану мүмкіндігін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жолдау жолымен тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырады.

      Жүргізілген кедендік сараптаманың нәтижелері СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы шешімі қабылдау үшін тауарлар кодын айқындау мәселесі лауазымдық міндеттемелеріне кіретін құрылымдық бөлімшелерге тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау үшін жолдайды;

      3) тауарлардың кедендік жете тексеруін жүргізу кезінде УЛА цифрлық жүйе арқылы жүргізу орны мен уақыты туралы хабарламаны декларантқа немесе кеден өкіліне жолдайды және Кодекстің 413-бабына сәйкес тауарлардың кедендік жете тексеруін жүргізу бойынша әрекеттерін жүзеге асырады.

      Тауарлардың кедендік жете тексеруін жүргізу үшін УЛА цифрлық жүйе арқылы лауазымды адамдары кедендік жете тексеруді жүзеге асыратын арнайы бөлімшеге (тексеріп қарау тобына) хабарламаны жолдайды.

      Егер кедендік жете тексеру мерзімі Кодекстің 193-бабының 3-тармағында белгіленген тауарларды шығару мерзімінен асып кеткен жағдайда, тауарларды шығару мерзімі кедендік жете тексеруді аяқтау үшін қажетті, алайда Кодекстің 193-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімнен аспайтын уақытқа ұзартылады.

      Кедендік жете тексеру актілерінің нәтижелері бойынша СЭҚ ТН бойынша мәлімделген сыныптау кодын растаған кезде УЛА:

      Кодекстің 193-бабына сәйкес тауарды шығаруды жүзеге асырады және "Бақылау нәтижесі" ұяшығында тиісті нәтижені таңдау арқылы цифрлық жүйенің "ТБЖ Бақылау" салымында бақылау нәтижесін енгізеді;

      СЭҚ ТН бойынша мәлімделген сыныптау кодын растамаған кезде УЛА Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес іс-қимылды жүзеге асырады және:

      тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдайды, оған аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды және мұндай шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей декларантқа және кеден өкіліне цифрлық жүйе арқылы тауарларды сыныптау туралы шешімнің қабылданғаны туралы хабарлайды және Кодекстің 183-бабына сәйкес ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талап қояды;

      тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жолдау жолымен Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарды шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      4) кедендік тексеру түрінде барынша азайту бойынша шараларды тағайындаған жағдайда УЛА цифрлық жүйе арқылы Кодекстің 193-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде декларантқа немесе кеден өкіліне жүргізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жолдайды және цифрлық жүйеге тиісті жазбаларды жүзеге асырады. Бұл ретте, тауарларды шығару Кодекстің 195-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз етуді ұсынусыз жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. СЭҚ ТН бойынша тауарды сыныптау бойынша кедендік бақылауды аяқтау үшін шығарғанға дейін сұрау салынған құжаттар мен мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін декларант немесе кеден өкілі кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын мерзімде табыс етеді.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарды сыныптау туралы шешім екі данада ресімделеді және оған аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 14 тамыздағы
№ 549 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 210 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Тауарды сыныптау туралы шешім

1. Тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органының атауы:

2. Декларант:

3. Тіркеу нөмірі: РКТ-XXXXXXXX-YY/ZZZZZZ _______ жылғы "__"____

4. ТД-ның 31-бағанына сәйкес тауардың атауы:

5. Тауарға арналған декларациядағы Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың мәлімделген коды:

6. Тауарға арналған декларациядағы Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың қабылданған коды:

7. Тауар туралы мәлімет, тауардың сипаттамасы:

8. Тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдаудың негіздемесі (ұсынылған тауарларға ілеспе құжаттар, кеден зертханасының кедендік сарапшысының қорытындысы, не тауарларға тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханасының тауарды зерттеу нәтижелері туралы актісі (анықтамасы), тауарды қарап тексеру/жете тексеру актісі):
1) Шешім ОПИ-ге сәйкес қабылданды _________
2) ________ жылғы________ №_____ <*> қорытынды

9. Қызметтік белгілер үшін (нормативтік құқықтық актілерге сілтеме, мемлекеттік кірістер органының шешімі, тауарларға арналған декларацияның нөмірі, іске қосылған тәуекел бейіні туралы ақпарат):
1) № _______________ ТД бойынша № _____ тауар
2) ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша мәлімделген тауар коды ____________
3) Қосымша парақтардың саны ______
4) Қосымшалардың саны ______
5) Шешім "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 40-баптың 3-тармағаның 1) тармақшасына сәйкес жүргізілген тексерулердің негізінде қабылданды <*>

10. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 91-бабына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
ӘРПК-нің 92-бабына сәйкес тауарды сыныптау туралы шешім қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік тану) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын мемлекеттік кірістер органына беріледі.
Әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын мемлекеттік кірістер органы үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаған не әкімшілік әрекет жасаған жағдайларды қоспағанда, шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жібереді.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе оны алмастыратын адам:

________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))

______________________________
қолтаңба немесе электрондық цифрлық қолтаңба деректері)
 

Орындаушы: ___________
(лауазымы)

___________
(тегі, аты, әкесінің
аты (егер ол жеке
басын
куәландыратын
құжатта көрсетілсе

___________
(электрондық цифрлық
қолтаңбаның қолы немесе
деректері)

 

      <*> Аталған тармақ тек мынадай мәліметтер болған жағдайда толтырылады.

  СЭҚ ТН бойынша тауарды
сыныптау туралы шешімнің
нысанына
қосымша

СЭҚ ТН бойынша тауарды сыныптау туралы шешімді толтыру бойынша түсіндірме

      "Тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органының атауы" деген 1-бағанда.

      Мемлекеттік кірістер органының толық атауы көрсетіледі.

      "Декларант" деген 2-бағанда декларант туралы мәлімет көрсетіледі:

      ұйым үшін – атауы, оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны және орналасқан жері, көшесі, үйінің және пәтерінің нөмірі; бизнес – сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);

      дара кәсіпкер үшін – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның тұрғылықты жері, көшесі, үйінің және пәтерінің нөмірі; жеке сәйкестендiру нөмiрі (бұдан әрі – ЖСН);

      дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның тұрғылықты жері, көшесі, үйінің және пәтерінің нөмірі, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлімет (құжаттың нөмірі, берілген күні), ЖСН.

      "Тіркеу нөмірі" 3-бағанында тауарды жіктеу туралы шешімнің тіркеу нөмірі СЭҚ ТН бойынша тауарларды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу және есепке алу журналында мынадай түрде көрсетіледі:

      РКТ-XXXXXXXX-YY / ZZZZZZ, мұндағы РКТ – "тауарды сыныптау туралы шешім" аббревиатурасы,

      XXXXX-шешім қабылдаған мемлекеттік кірістер органының коды, YY-шешім қабылданған жылдың соңғы цифрлары, zzzzzz-тіркеу журналы бойынша шешімнің реттік нөмірі.

      "тіркеу күнінде" сыныптау бойынша шешімге қол қойылған күн көрсетіледі.

      "ТД 31-бағанына сәйкес тауардың атауы" деген 4-бағанда тауардың атауы (сауда, коммерциялық немесе өзге де дәстүрлі атауы) көрсетіледі, мәліметтер ТД 31-бағанынан алынады.

      "Тауарларға арналған декларацияда СЭҚ ТН сәйкес мәлімделген тауар коды" деген 5-бағанда ТД-да мәлімделген тауар коды көрсетіледі.

      "СЭҚ ТН сәйкес қабылданған тауар коды" деген 6-бағанда 4 және 5, 6 және 7, 9 және 10 цифрлық белгілеу белгілері арасындағы бос орындары бар СЭҚ ТН бойынша тауардың он таңбалы түзетілген цифрлық коды: xxxx XX XXX X үлгісі бойынша көрсетіледі.

      "Тауар туралы мәліметтер, тауардың сипаттамасы" деген 7-бағанда тауардың сипаттамасы, сондай-ақ оны сәйкестендіру үшін қажетті және СЭҚ ТН тиісті кіші субпозициясында сыныптауға әсер ететін ақпарат көрсетіледі.

      8-бағанда "Тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау негіздемесі (ұсынылған тауарға ілеспе құжаттар, кеден зертханасы кеден сарапшысының қорытындысы немесе тауарларға тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханасының тауарды зерттеу нәтижелері туралы актісі (анықтамасы), тауарды тексеріп қарау/жете тексеру актісі):".

      1) СЭҚ ТН бойынша тауарларды түсіндіру қағидалары көрсетіледі, оларға сәйкес Тауарларды сыныптау туралы шешім қабылданды.

      2) Егер сыныптау туралы шешім қабылдау үшін негіздеме сараптама жасау ұйымындағы зерттеулер нәтижесінде алынған ақпарат болып табылса, онда осы бағанда: қорытынды (сараптама жасау ұйымының атауы және қорытынды берілген күн) көрсетіледі.

      "Қызметтік белгілер үшін (нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік кірістер органының шешіміне сілтеме, тауарларға арналған декларацияның нөмірі, іске қосылған тәуекел бейіні туралы ақпарат)" деген 9-бағанда:

      бірінші жолда 1) ТД бойынша тауардың реттік нөмірі және оған қатысты шешім қабылданған ТД нөмірі көрсетіледі. Шешім тек тауардың бір бөлігіне қатысты қабылданған жағдайда "тауардың бір бөлігі" көрсетіледі. Бір сыныптау кодын көрсете отырып декларацияланатын, бір тауар партиясында қамтылатын әртүрлі атаудағы тауарлардың бірін сыныптау жөнінде шешім қабылданған жағдайда "тауар" көрсетіледі.

      Егер шешім қабылдау нәтижесінде ТД-да екі немесе одан да көп тауардың орнына біреуі алынған жағдайда, СЭҚ ТН бойынша коды өзгеретін тауардың ТД-дағы реті бойынша бірінші нөмірі көрсетіледі;

      екінші жолда 2) СЭҚ ТН бойынша ТД-да мәлімделген тауар коды көрсетіледі.

      Егер шешім қабылдау нәтижесінде ТД-да бірнеше тауардың орнына біреуі алынған жағдайда, берілген ТД-да СЭҚ ТН кодтары көрсетіледі, оларға қатысты шешім қабылданған өсу тәртібімен тауарлардың нөмірлеріне сәйкес келеді;

      үшінші жолда 3) қосымша парақтардың саны көрсетіледі (олар болмаған кезде "0" қойылады).

      төртінші жолда 4) қосымшалардың саны көрсетіледі (олар болмаған кезде "0" қойылады).

      бесінші жолда 5) "Шешім "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 40-баптың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүргізілген тексеру негізінде қабылданды" деген жазба жасалады.

      10-бағанда бірінші, екінші және үшінші жолдарда әкімшілік рәсімге қатысушының ӘРПК нормаларына сәйкес тауарды сыныптау туралы шешім қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым беру тәсілдері мен мерзімдері көрсетілген.

      "Мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе оны алмастыратын адам" деген жолда мемлекеттік кірістер органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба деректері көрсетіледі.

      "Орындаушы" деген жолда тауарды сыныптау туралы шешімге қол қойған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның деректері көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады