Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 446 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 маусымда № 39164 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 144-1-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 446 Бұйрығымен
бекітілген

Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының (бұдан әрі – Арнаулы қор) қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 144-1-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Арнаулы қордың қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Арнаулы қор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын мемлекет тарапынан қаржылай қолдауды жүзеге асыратын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кәсіпкерлікті дамыту қоры;

      2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган) – басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде бюджеттің атқарылуы, республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізу саласында және өз құзыреті шегінде – жергілікті бюджеттерді, бюджеттен тыс қорларды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі (бұдан әрі – Мемлекеттік кепілдік) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Арнаулы қор алдындағы жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша Кепілдік шартының талаптарына сәйкес қаржыландыру сомасы 7 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жобалар бойынша оларға берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау үшін Арнаулы қордың қаражаты жеткіліксіз болғанда оның қаржы және өзге де ұйымдар алдындағы берешегінің сомасын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі;

      4) сенім білдірілген өкіл (агент) – Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім негізінде мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда берілген мемлекеттік кепілдікпен және республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етумен байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін тұлға;

      5) жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шарты (бұдан әрі – Кепілдік шарты) – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен Арнаулы қор арасындағы мемлекеттік кепілдік беру кезіндегі тараптардың құқықтық қатынастарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейтін жазбаша келісім;

      6) жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме – Арнаулы қор кепілдік төлемдерін жүзеге асырмаған, Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген Кепілдік шарты бойынша өтелмеген міндеттемелердің белгілі бір күнге алынған сомасы.

2-тарау. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібі

1-параграф. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге мониторинг жүргізу тәртібі

      3. Жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге мониторинг объектiсi Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген Кепілдік шарттары бойынша міндеттемелер болып табылады.

      4. Арнаулы қор есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін тоқсан сайын сенім білдірілген өкілге (агентке) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген, қабылданған кепілдік міндеттемелері көлемінің жай-күйі туралы және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген, қабылданған кепілдік міндеттемелері шеңберінде кепілдік төлемдері туралы ақпарат береді.

      5. Сенім білдірілген өкіл (агент) Арнаулы қор ұсынған ақпараттың негізінде осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген, қабылданған кепілдік міндеттемелері көлемінің жай-күйі туралы және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген, қабылданған кепілдік міндеттемелері шеңберінде кепілдік төлемдері туралы ақпаратты қалыптастырады және оны есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сы күніне дейін тоқсан сайын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.

      6. Жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттеменің мониторингі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-ы күніне дейін, осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес сенім білдірілген өкіл (агент) ұсынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады және ол мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген Кепілдік шарттары бойынша міндеттемелер көлемін қадағалаудан тұрады.

      7. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме мониторингінің нәтижелерін тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін өзінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етеді.

2-параграф. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібі

      8. Арнаулы қордың қаржылық жай-күйінің мониторингі қаржылық жай-күйін тоқсан сайынғы талдау және жыл сайынғы аудиттелген қаржылық есептілік негізінде жүргізіледі.

      9. Арнаулы қор:

      есепті айдан кейінгі екінші айдың 10-ы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын сенім білдірілген өкілге (агентке) үлгілік нысандар бойынша (бухгалтерлік баланс, пайда мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, түсіндірме жазба) өспелі қорытындымен қаржылық есептілікті және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жазбаша сұрауы бойынша Арнаулы қордың қаржылық жай-күйін айқындайтын басқа да құжаттарды ұсынады;

      есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 31 тамызынан кешіктірмей жыл сайын сенім білдірілген өкілге (агентке) үлгілік нысандар бойынша аудиттелген қаржылық есептілікті (бухгалтерлік баланс, пайда мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, қаржы жылындағы түсіндірме жазба) ұсынады;

      10. Сенім білдірілген өкіл (агент) Арнаулы қор ұсынған ақпаратты жинауды, қорытуды және оның толықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      Арнаулы қор ақпаратты толық көлемде ұсынбаған не ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) оларды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Арнаулы қорға анықталған ескертулерді көрсете отырып хабарлама жібереді. Арнаулы қор ескертулерді жояды және хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде пысықталған құжаттарды және (немесе) ақпаратты ұсынады.

      Арнаулы қор ақпаратты толық көлемде ұсынған жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) Арнаулы қордың қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 30-ы күніне дейін, сондай-ақ жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қыркүйегіне дейін ұсынады.

      11. Арнаулы қордың қаржылық жай-күйін талдау осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес ұсынылған ақпарат негізінде жүргізіледі және ол қаржылық жай-күйін тоқсан сайынғы талдауды және қаржылық жай-күйін жыл нәтижелері бойынша талдауды қамтиды.

      Қаржылық жай-күйін талдау базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызмет түрлері, сала және нормативтік-құқықтық орта туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты (қаржылық есептерді талдау) талдаудан тұрады.

      12. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Арнаулы қордың қаржылық жай-күйіне мониторингті осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген қаржылық жай-күйін талдау негізінде Арнаулы қордың қаржылық есептілігі бойынша есептелген қаржылық коэффициенттерді талдау және салыстыру арқылы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 25-і күніне дейін, сондай-ақ жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қазанына дейін жүзеге асырады.

      Мониторингті жүзеге асыру кезінде мынадай қаржылық коэффициенттер қолданылады:

      ағымдағы өтімділік коэффициенті – ақша қаражаты мен қысқа мерзімді дебиторлық берешектің қысқа мерзімді міндеттемелердің шамасына қатынасы (рұқсат етілген мәні 1-ден 2-ге дейін);

      борыштық жүктеме коэффициенті – ағымдағы міндеттемелердің меншікті капиталдың шамасына қатынасы (рұқсат етілген мәні 3-тен аспауы тиіс);

      тарту коэффициенті – міндеттемелердің ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер сомасына қатынасы (рұқсат етілген мәні 1-ден артық емес);

      меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті – салық салынғанға дейінгі жиынтық табыстың меншікті капиталдың шамасына қатынасы (жол берілетін мән – 0,05-тен кем емес).

      13. Арнаулы қордың қаржылық жай-күйіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Арнаулы қордың қаржылық жай-күйінің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері мәндерінің рұқсат етілетін мәндерден ауытқу фактісі анықталған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Арнаулы қорға көрсетілген көрсеткіштерді рұқсат етілетін деңгейге дейін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы жазбаша хабарламаны 5 жұмыс күні ішінде жолдайды.

      14. Арнаулы қор осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес хабарламаны алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өзінің қаржылық жай-күйін жақсарту жөнінде қабылданып жатқан және жоспарланған шаралар туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      15. Арнаулы қор Кепілдіктер шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындамамаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органды міндеттемелерін орындамау фактілері мен себептері туралы хабардар етеді;

      16. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Арнаулы қордың төлем қабілетсіздігі фактісі анықталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді және мемлекеттік кепілдікті орындау шеңберінде одан әрі қолданылатын шаралар жөнінде ұсыныс енгізеді.

      17. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында:

      Арнаулы қордың қаржылық жай-күйіне жүргізілген тоқсан сайынғы мониторинг нәтижелерін тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі үшінші айдың 30-ы күніне дейін;

      Арнаулы қордың қаржылық жай-күйіне жүргізілген жылдық мониторинг нәтижелерін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қазанына дейін жариялауды қамтамасыз етеді.

  Жеке кәсіпкерлікті қолдау
бойынша мемлекет кепілдік
берген міндеттемеге және жеке
кәсіпкерлікті қолдау бойынша
мемлекеттік кепілдігі бар
кәсіпкерлікті дамытудың
арнаулы қорының қаржылық
жай-күйіне мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген, қабылданған кепілдік міндеттемелері көлемінің жай-күйі туралы ақпарат

      мың теңге

Атауы

Есепті кезеңнің басындағы міндеттемелер көлемі

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Есепті кезеңнің соңындағы міндеттемелер көлемі (6-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған)

Қабылданған міндеттемелер

Тоқтатылған міндеттемелер

1

2

3

4

5

6

1.

Ұлттық валютадағы міндеттемелер





      кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезеңнің соңындағы меншікті капитал - _____________ мың теңге
Есепті кезеңнің соңына Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген
міндеттемелердің көлемі – ____________ мың теңге
_______________ ________ _____________ __________________________
бірінші басшы қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
______________ ________ _____________ ___________________________
бас бухгалтер қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________ _____ _____________ __________________________
жауапты орындаушы қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
телефон ________________

  Жеке кәсіпкерлікті қолдау
бойынша мемлекет кепілдік
берген міндеттемеге және жеке
кәсіпкерлікті қолдау бойынша
мемлекеттік кепілдігі бар
кәсіпкерлікті дамытудың
арнаулы қорының қаржылық
жай-күйіне мониторинг жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген, қабылданған кепілдік міндеттемелері шеңберінде кепілдік төлемдері бойынша ақпарат

Атауы

Кепілдік төлемдері

Меншікті капитал көлемі

Кепілдік төлемдерінің меншікті капитал көлеміне қатынасы, пайыз

1

2

3

4

Есепті кезеңнің соңындағы жай-күйі бойынша жалпы сома ұлттық валютада




      кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезеңнің соңындағы меншікті капитал – _______ мың теңге
______________ _______ _____________________________________________
бірінші басшы қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________ __________ ______________________________________
бас бухгалтер қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________________ _______ _______________________________________
жауапты орындаушы қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
телефон ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады