БҰЙЫРАМЫН:
1. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік органдар) – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүзеге асыратын ішкі істер органдары, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ұлттық қауіпсіздік органдары, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;";
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мыналардың:
Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алу үшін жүгінген;
мыналарды:
шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын;
азаматтығы жоқ адамның куәлігін;
босқын куәлігін;
жол жүру құжатын алғаш ресімдеген, сондай-ақ қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда он алты жасқа толған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды және дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты верификациялау рәсімін өткізуді жүзеге асырады.";
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ішкі істер органдары өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеген кезде он алты жасқа толған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды және дактилоскопиялық ақпараты бойынша жеке басты верификациялау рәсімінен өткізуді жүзеге асырады.
8. Ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттар қолданылатын, он алты жасқа толған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды және дактилоскопиялық ақпараты бойынша жеке басты верификациялау рәсімінен өткізуді жүзеге асырады.
9. Қазақстан Республикасының теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы шешім қабылданған, он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық тіркеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.";
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеген кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:";
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қазақстан Республикасының визасын ресімдеген кезде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:";
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:";
17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:";
18-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ресімдеу кезінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру кезінде көші-қон қызметінің қызметкері ҚБҚ-да дактилоскопиялық тіркеуден өткені туралы белгінің бар-жоғын тексереді.
Белгі бар болса, қызметкер шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды жеке басты верификациялауды "ЖБС" ААЖ арқылы заңнамада белгіленген тәртіпте жүргізеді.
Егер ҚБҚ-да шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық тіркеуден өткені туралы белгі болмаса, көші-қон қызметінің қызметкері ҚБҚ-да дактилоскопиялық тіркеуден өтуге өтінімді қалыптастырады. Осыдан кейін "ЖБС" ААЖ-да дактилоскопиялық тіркеуді жүргізеді.
Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам немесе ол заңды мүдделерін білдіретін адам дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқан жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуды жазбаша толтырады.";
23-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеген кезде Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеген кезде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялау бояу жақпайтын әдіспен қолдардың он саусағын сканерлеу арқылы мынадай:";
25-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат беру кезінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттар қолданылатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялау басып түсіру тәсілімен мына әдістердің бірімен:";
26, 27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өткені туралы анықтама осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ресімделеді және оған қағаз форматта беріледі.
Көші-қон қызметінің қызметкері бұрын дактилоскопиялаудан өткен адамның сауалнамалық деректері сәйкес келмеген жағдайда ішкі істер органдарының мүдделі бөлімшелерін екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 133, 134 және 135-тармақтарында көзделген тексеру іс-шараларын жүргізу туралы хабардар етеді.
27. Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттар қолданылатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, тіркелетін адамның қолдарының саусақтарының жекелеген тырнақ фалангаларында дактилоскопиялауды уақытша болдырмайтын ашық жаралар мен өзге де жарақаттар болған жағдайда, дактилоскопиялық ақпаратты жинау қолдардың жарақаттанбаған саусақтары бойынша жүргізіледі.
Дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамның деформацияланған буындары бар болған жағдайда, дактилоскопиялық ақпаратты жинау қолдардың неғұрлым азырақ деформацияланған саусақтары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыратын қызметкер "ЖБС" ААЖ дерекқорына екі қолдың он саусағының тырнақ фалангаларына уақытша зақым келгені және өтініш жасалған күні дактилоскопиялау рәсімін жүзеге асырудың мүмкін еместігі туралы белгі қояды және тіркелетін адамға жазылғаннан кейін жеке басты куәландыратын құжатты алу үшін келесі жүгінген кезде қайтадан дактилоскопиялаудан өту қажеттігі туралы ескертеді.
28. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеген кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеген кезде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың екі қолының саусақтарының папиллярлық бедерлері "ЖБС" ААЖ-да танылмайтын болса, қолды санитариялық-гигиеналық құралдармен өңдеу және қайта дактилоскопиялау рәсімінен өту қажет. Дактилоскопиялаудың батыра басу тәсілі пайдаланылған кезде екі қолдың саусақтарының папиллярлық бедерлері "ЖБС" ААЖ-да қайта танылмаған жағдайда дактилоскопиялаудың басып түсіру тәсілі қолданылады.
29. Осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұрын дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жеке басты верификациялау рәсімінен өтеді.
Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды верификациялау дактилоскопиялық сканердің төсеніш шынысына оң және сол қолдың төрт саусағын (сұқ, ортаңғы, атаусыз саусақ пен шынашақты) бір уақытта, содан кейін бас бармақтарын кезекпен қою арқылы бояу жақпайтын әдіспен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың қолдарының саусақтарының папиллярлық бедерлері жеке басты куәландыратын құжатта орналастырылған не "ЖБС" ААЖ дерекқоры бойынша олардың дактилоскопиялық ақпаратымен сәйкес келетін болса, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар құжаттандырудың одан кейінгі рәсімінен өтеді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың қолдарының саусақтарының папиллярлық бедерлері жеке басты куәландыратын құжатта орналастырылған не "ЖБС" ААЖ дерекқоры бойынша олардың дактилоскопиялық ақпаратымен сәйкес келмеген жағдайда, дактилоскопиялық тіркеуден өз еркімен өткен Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар осы Қағидалардың 133, 134 және 135-тармақтарында көзделген тексеру іс-шаралары жүргізілгеннен кейін осы Қағидалардың 30-тармағының 2) тармақшасына және 31-тармағына сәйкес қайта дактилоскопиялаудан өтеді.";
30-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, егер:";
39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Он екі жасқа толмаған балалар:
1) дактилоскопиялық тіркеуден;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімдерінен өтуден босатылады.
Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өтуден өзаралық қағидатына сүйене отырып, мыналар босатылады:
1) шет мемлекеттердің, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың дипломаттық мәртебеге теңестірілген басшылары және олардың отбасы мүшелері;
2) шет мемлекеттер парламенттерінің, үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың дипломаттық мәртебеге теңестірілген мүшелері және олардың отбасы мүшелері – дипломаттық паспорттардың иелері, сондай-ақ ресми шетелдік делегациялардың мүшелері және оларды ертіп жүретін адамдар – дипломаттық паспорттардың иелері;
3) Қазақстан Республикасының құрметті консулдары және олардың отбасы мүшелері;
4) дипломаттық паспорттардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар паспорттарының Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілетін дипломаттық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар иелері;
5) дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломаттық курьерлер – курьерлік парағы болған кезде дипломаттық паспорттардың иелері;
6) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Халық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде мыналар дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімінен босатылады:
1) дипломаттық паспорттардың иелері;
2) дипломатиялық және қызметтік визалардың иегерлері;
3) арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша өтініші бойынша шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;
4) дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары.
Дактилоскопиялауға мүмкіндігі жоқ адамдар жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы негізінде міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатылады. Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34307 болып тіркелген).
Егер адамның екі қолының барлық саусағы немесе қолбасы болмаса, ол:
1) дактилоскопиялық тіркеуден өтуден;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау рәсімінен босатылады.
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын, екі қолының барлық саусағы жоқ немесе екі қолының барлық саусағының тырнақ фалангаларында папиллярлық бедерлер жоқ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қолдарының алақандары бойынша дактилоскопиялық тіркелуге жатады.
40. Жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеген кезде Қазақстан Республикасының азаматтарында, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарда дактилоскопиялау мүмкіндігін жоққа шығаратын дене кемшіліктері анықталған кезде олардан дактилоскопиялық ақпарат жинауды жүзеге асырған қызметкер ҚБҚ тиісті бөліміне адамның дактилоскопиялық тіркеуден босатылғаны туралы белгі қояды.
Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеген кезде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарда дактилоскопиялау мүмкіндігін жоққа шығаратын дене кемшіліктері анықталған кезде де олардан дактилоскопиялық ақпаратты жинауды жүзеге асырған қызметкер адамның дактилоскопиялық тіркеуден босатылғаны туралы тиісті белгі қояды.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын "ЖБС" ААЖ дерекқорында сақтау тіркелген күннен бастап он жыл бойы жүзеге асырылады. Он жыл өткеннен кейін дактилоскопиялық ақпаратты сақтау оны архивтегеннен кейін "ЖБС" ААЖ дерекқорында қырық жыл бойы жүзеге асырылады.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын растау және (немесе) анықтау;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және бақылау;
3) жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарды дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау рәсімі арқылы есепке алу және бақылау.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімі арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарды есепке алу және бақылау үшін дактилоскопиялық тіркеуден өткен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын пайдалану Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 10 қбпү бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау рәсімін жүзеге асыру және осы адамдардың дактилоскопиялық ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20115 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";
121 және 122-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"121. Геномдық тіркеуді жүргізу нәтижесінде алынған геномдық ақпарат:
1) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашу және тергеп-тексеру, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды анықтау және белгілеу;
2) Қазақстан Республикасының хабар-ошарсыз кеткен азаматтарын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды іздестіру;
3) танылмаған мәйіттер бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын анықтау;
4) іздестіруде немесе анықтауда жүрген адамдардың туыстық қатынастарын анықтау мақсатында пайдаланылады.
122. Хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстарының геномдық ақпараты танылмаған мәйіттер бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын анықтау үшін пайдаланылады.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің міндетін атқарушы
Б. Аленов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
| Қазақстан Республикасы | |
| ішкі істер министрінің | |
| міндетін атқарушы | |
| 2026 жылғы 24 маусымдағы | |
| № 440 | |
| бұйрыққа 1-қосымша | |
| Дактилоскопиялық және | |
| геномдық тіркеуді жүргізу | |
| қағидаларына | |
| 2-қосымша | |
| Уәкілетті органның | |
| бастығына/Начальнику | |
| уполномоченного органа | |
| _______________________ |
ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ТІРКЕУДЕН ӨТУДЕН БАС ТАРТУ/ОТКАЗ ОТ ПРОХОЖДЕНИЯ ДАКТИЛОСКОПИЧЕСКОЙ РЕГИСТРАЦИИ
Мен, тегі/Я, фамилия |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,
аты/имя |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,
әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта
көрсетілсе)/отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем
личность) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|,
туған күні/дата рождения |__|__| |__|__| |__|__|__|__|,
күні/число айы/месяц жылы/года
азаматтығы/гражданство ________________________,
ЖСН/ИИН |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,
құжат түрі/вид документа _________________________________________
(құжат нөмірі немесе сериясы, кім берді,
____________________________________________________________________,
берілген күні/номер или серия документа, кем выдан, дата выдачи)
____________________________________________________________________
_________________________________ негізінде заңды өкілі/қорғаншысы бола
отырып, являясь законным представителем/опекуном на основании:
____________________________________________________________________
(құжатқа сілтеме, сот шешімі, сенімхат /ссылка на документ, решение суда, ____________________________________________________________________
доверенность)
тегі/фамилия |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,
аты/имя |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,
әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта
көрсетілсе)/отчество (если оно
указано в документе, удостоверяющем личность)
|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,
туған күні/дата рождения |__|__| |__|__| |__|__|__|__|,
күні/число айы/месяц жылы/год
азаматтығы/гражданство ____________________________________________,
ЖСН (бар болса)/ИИН (при наличии) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,
Сыртқы жағы/оборотная сторона
құжат түрі/вид документа _________________________________________
(құжат нөмірі немесе сериясы, кім берді,
____________________________________________________________________,
берілген күні/номер или серия документа, кем выдан, дата выдачи)
мынадай себеппен _______________________________________________
дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартамын/отказываюсь от прохождения
дактилоскопической регистрации по причине _____________________________
____________________________________________________________________
(бас тарту себебін көрсету/указать причину отказа)
____________________________________________________________________
|__| Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өту қажеттігі туралы хабардармын/Уведомлен о необходимости прохождения обязательной дактилоскопической регистрации для получения государственной услуги Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 443-1-бабының 2-бөлігінде көзделген міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы маған ескертілді/Предупрежден об административной ответственности за отказ от прохождения обязательной дактилоскопической регистрации, предусмотренной частью 2 статьи 443-1 КоАП Республики Казахстан.
Ескертпе/Примечание:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі/Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях:
443-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуден өтуден бас тартуы/Статья 443-1 Отказ граждан Республики Казахстан, иностранных граждан и лиц без гражданства от прохождения обязательной дактилоскопической и (или) геномной регистрации
2. Шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуы Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады./2. Отказ иностранных граждан или лиц без гражданства от прохождения обязательной дактилоскопической регистрации влечет административное выдворение за пределы Республики Казахстан.".
____________________________________________________________________
(заңды өкілдің, қорғаншының қолтаңбасы)/(подпись законного представителя/опекуна)
|__|__| |__|__| |__|__|__|__|
күні/число айы/месяц жылы/год
Заңды өкілдің/қорғаншының әрекет етуіне негіз болатын құжаттың көшірмесі/
Копия документа, на основании которого действует законный представитель/опекун
Қолтаңбасы/Подпись ____________ күні/дата
| бұйрыққа 2-қосымша | |
| Дактилоскопиялық және | |
| геномдық тіркеуді жүргізу | |
| қағидаларына | |
| 4-қосымша |
Шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өткені туралы АНЫҚТАМА/СПРАВКА о прохождении дактилоскопирования иностранного гражданина или лица без гражданства
Дана___________________________________________________________
(Т.А.Ә. (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе),
____________________________________________________________________
туған күні)/(Ф.И.О. (если оно указано в документе, удостоверяющем
_____________________________________________________________ берілді.
личность), дата рождения)
ЖСН/ИИН _____________________________________________________
Тіркеу сәйкестендіргіші:/Идентификатор регистрации: KZ______________
Ішкі істер органының атауы/Наименование органа внутренних дел_______
____________________________________________________________________
Дактилоскопиялау жүргізген/Дактилоскопирование провел_____________
(қызметкердің
___________________________________________________________________
лауазымы,атағы, Т.А.Ә. (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта ____________________________________________________________________
көрсетілсе) (дактилоскопиялау күні)/(должность, звание, Ф.И.О. (если оно
____________________________________________________________________
указано в документе, удостоверяющем личность) сотрудника) (дата
____________________________________________________________________ дактилоскопирования) (қызметкердің қолы)/(подпись сотрудника)
Мөр орны (бар болса)/Место печати (при наличии)
Анықтама ұлттық паспортты көрсеткен кезде жарамды./Справка действительна при предъявлении национального паспорта.
