БҰЙЫРАМЫН:
1. "Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9176 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасында:
38-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жол төсемдері бойынша, оның ішінде:
Цемент-бетон жамылғысы бар автомобиль жолдары бойынша:
плиталардың шеттерінің сынуы мен үгітілуін жөндеу;
жамылғы бетінің тегістігін қалпына келтіру, шөгулерді жою, плиталардың жекелеген учаскелерін ауыстыру;
цемент-бетон жамылғыларында өтемдік жіктерді орнату;
цемент-бетон жамылғыларының үстіңгі қабатын жөндеу;
асфальт-бетон қоспаларын пайдалана отырып цемент-бетон жамылғыларын жөндеу;
қалпына келтіруге жатпайтын тозған цемент-бетон плиталарын ауыстыру, цемент-бетон жамылғыларында бойлық немесе көлденең ойықтарды кесу;
темір-бетон жамылғыларының тозған плиталарын ауыстыру, жекелеген плиталарды көтеру немесе тегістеу;
қорғаныш қабатын орнату, темір-бетон плиталарының және цемент-бетон жамылғылары сегменттерінің түйіспелерін ұзақ учаскелерде жөндеу, жекелеген учаскелерде асфальт-бетон қабатын төсеу;
беткі өңдеуді, оның ішінде құйма эмульсиялық-минералдық қоспаларды және (немесе) өзге де сертификатталған жетілдірілген қоспаларды қолдана отырып орнату;
жаңа материалдар мен жұмыс өндірісінің технологияларын қолдана отырып тәжірибелік учаскелерді орнату және оларға мониторинг жүргізу;
цемент-бетон жамылғысының шөгулерін, үгітілуін және коррозиясын, оның ішінде қадалық, инъекциялық әдістермен немесе жекелеген плиталарды ауыстыру арқылы жою;
цемент-бетон жамылғысында бойлық және көлденең деформациялық жіктерді орнату;
көтерілу және түсу учаскелерінде авариялық съездерді орнату;
бетон бетінің беріктігін арнайы құрамдармен күшейту;
беткі өңдеуді, қорғаныш қабаттарын және тозу қабаттарын орнату;
шөгулер мен шұңқырларды жою;
жамылғыны ылғалдың, ауаның және күн радиациясының әсерінен тиімді қорғау, үгітілу мен коррозияның алдын алу, атмосфералық әсерден бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру үшін жасартқыш сұйықтықтарды қолдану;
цемент-бетон жамылғысын орнату немесе асфальт-бетон жамылғысын цемент-бетон жамылғысына ауыстыру;
асфальт-бетон және өтпелі жамылғылары бар автомобиль жолдары бойынша:
беткі өңдеуді, оның ішінде жетілдірілген қоспаларды қолдана отырып орнату;
жамылғының тозған үстіңгі қабаттарын қалпына келтіру және жекелеген және ісінуге бейім учаскелерде қолданыстағы жол киімін бөлшектеумен және топырақты тұрақтандырумен, қажет болған жағдайда тегістеуші қабатты және жөнделетін учаскенің бүкіл ұзындығында беткі өңдеуді немесе тозу қабатын фрезерлеусіз орната отырып жол төсемін орнату;
деформациялары мен ақаулары бар жетілдірілген жамылғыны қажетті мөлшерде асфальт-бетон қоспасын қосу арқылы регенерациялау;
зақымдалған қабатты алып тастау, жаңа қабатты төсеуге бетті дайындау, биіктікті реттеу, жол жамылғысының геометриясын жақсарту және профилін қалыптастыру;
ығысу, ағындар, іздер, толқындар және басқа деформациялары мен ақаулары бар жетілдірілген, қиыршықтас және топырақ жамылғыларын қажетті мөлшерде жаңа материал қосу арқылы үлкен және кіші тереңдікте ресайклирлеу және алынған материалды пайдалану:
жол төсемінің негізін орнату, кейіннен оның үстіне асфальт-бетон жамылғысының қабатын (қабаттарын), тегістеуші қабатты немесе тозу қабатын төсеумен;
қозғалыстың перспективалық қарқындылығын, есептік көлік жүктемелерін, автомобиль жолының көліктік-пайдалану жай-күйін және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын ескере отырып, автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда көзделген жергілікті жол-құрылыс материалдарын, топырақты тұрақтандыру технологияларын, сондай-ақ өзге де үлгілік конструктивтік шешімдерді пайдалана отырып, ауылдық елді мекендерге кіреберіс автомобиль жолдарында өтпелі үлгідегі жол төсемдерінің конструкцияларын салу (осы тармақтың күші қолданылмайды: стратегиялық объектілерге, денсаулық сақтау, білім беру, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік объектілеріне және өзге де әлеуметтік маңызы бар объектілерге көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ететін автомобиль жолдарына; халықаралық көлік дәліздерінің құрамына кіретін автомобиль жолдарына; қаржыландырудың бюджеттен тыс көздері есебінен іске асырылатын және олардың шарттарында автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жол төсемдері мен жабындарының белгілі бір түрлерін қолдану көзделген жобаларға);
жаңа материалдар мен жұмыс өндірісінің технологияларын қолдана отырып тәжірибелік учаскелерді орнату және оларға мониторинг жүргізу;
қиыршықтас және шағылтас жамылғыларының, сондай-ақ топырақ жолдардың профилін материалдар қосу арқылы қалпына келтіру;
шағылтас және топырақ жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаң басатын материалдарды қолдану арқылы жақсарту;
қауіпті қисықтарда вираждар орнату және көрінуді қамтамасыз ету;
жөнделетін учаскелердің жүру бөлігінде жол таңбаларын салу;
жолдың техникалық санатын өзгертпей, көлік құралдарының перспективалық қозғалыс қарқындылығы жоғары автомобиль жолдарында және жолдың көліктік-пайдалану сипаттамаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес (жол төсемін күшейту бойынша тиісті есептеулер жүргізе отырып), қиыршықтас және шағылтас жамылғыларын асфальт-бетон жамылғысына ауыстыру;
жолдың техникалық санатын өзгертпей топырақ жолдарды қиыршықтас және шағылтас жамылғыларына, сондай-ақ топырақты тұрақтандырғыштарды қолдана отырып жақсартылған топырақ жамылғыларына ауыстыру;
ауылдық елді мекендерге кіреберіс автомобиль жолдарының техникалық санатын өзгертпей, қозғалыстың перспективалық қарқындылығын, есептік көлік жүктемелерін, көліктік-пайдалану жай-күйін және жол жүрісі қауіпсіздігінің нормативтік деңгейін қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып, автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда көзделген қиыршық тас, шағылтас материалдарын, топырақты тұрақтандыру технологияларын, сондай-ақ өзге де үлгілік жол төсемі конструкцияларын пайдалана отырып, баламалы жол төсемі конструкцияларын салу;
автомобиль жолдары учаскелерінде жөндеу жүргізілгенге дейін және кейін серпімділік модулін анықтау;
тәулігіне 200 автомобильден жоғары қозғалыс қарқындылығы болған жағдайда және көлік ағынында бір оське түсетін жүктемесі 100 кН жоғары жүк автомобильдерінің үлесі жалпы санының 60 пайызынан асқан кезде жол төсемінде кемінде екі қабат асфальт-бетон жамылғысын орнату;
көтерілу және түсу учаскелерінде авариялық съездерді орнату;
асфальт-бетон жамылғысын ылғалдың, ауаның және күн радиациясының әсерінен тиімді қорғау, атмосфералық әсерден бұзылған битумды қалпына келтіру және жамылғының суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру үшін жасартқыш сұйықтықтарды қолдану;".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
