ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18944 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларында:
23 және 24 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Интеллектуалды бақылау аспабы автомобиль көлігі саласындағы әкімшілік құқық ықтимал құқық бұзушыларды анықтау және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде дәлелдемелер базасын жинауға және нақты уақыт режимінде Ахуалдық орталық пен көліктік бақылау бекеттеріне қалыпқа түсірілген ақпаратты беруге арналған.
Интеллектуалды бақылау аспабы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес көліктік деректер базасының цифрлық-талдау жүйесімен интеграцияланды.
24. Техникалық ақау (оның ішінде деректерді онлайн беру үшін байланыс арналарының сигналдарын жоғалту) жағдайында интеллектуалды бақылау аспабы деректерді автоматты режимде локальды жадта сақтайды, деректерді беру каналы ретке келтірілгеннен кейін – нақты уақыт режимін көрсете отырып, ақпаратты береді.
Деректерді беру көліктік бақылау бекетінің цифрлық жүйесін көліктік бақылау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Әрбір интеллектуалды бақылау аспабын беру, қабылдау және цифрлық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.".
2. "Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын анықтайтын немесе тіркеп-белгілейтін сертификатталған бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені;";
Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымшада:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Автокөлік құралдарының жол жүруі туралы, оның ішінде жол берілетін, АӨС бекітілген салмақ және габариттік параметрлерден асуы туралы ақпарат цифрландыру және киберқауiпсiздiк саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес қолжетімді цифрлық байланыс арналары арқылы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның ЦЖ-не беріледі.";
13-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) киберқауiпсiздiк саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі;";
"Аббревиатуралардың толық жазылуы:" деген бөлімдегі "АҚ – ақпараттық жүйе;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ЦЖ – цифрлық жүйе;".
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |