Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 мамырда № 38674 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Қоса беріліп отырған Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары бекітілсін;

      2. "Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 14 мамырдағы № 158 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34371 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және
интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
2026 жылғы 5 мамырдағы
№ 175
бұйрығымен бекітілген

Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің (бұдан әрі – Шешім) 7-тармағы 7.1.83) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібін айқындайды.

      2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған, 100 000 (жүз мың) тоннадан аспайтын мөлшерде әкелінетін құрақ қанты шикізатының (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1701 13; 1701 14 субпозициялар) нысаналы мақсатын растауды жүзеге асырады.

2-тарау. Тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасында өндірістік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатының нысаналы мақсатына растау алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың нысаналы мақсатына растау алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) береді.

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері, олардың негізінде құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыру жоспарланады;

      декларацияланатын тауардың төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелері;

      құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым мен оның өнеркәсіптік өңделуін жүзеге асыратын ұйым арасындағы келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері (құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым оны әкелген жағдайда ұсынылмайды).

      4. Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығы не аудармашының қолының түпнұсқалылығы "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариалды түрде куәландырылуы қажет.

      5. Өтінім берушінің бірінші басшысы не уәкілетті адам өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол түрде немесе уәкілетті орган кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде беріледі.

      Өтінім және өтінімге қоса берілген құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне келіп түскен күні тіркеу нөмірі мен күні беріле отырып қабылданады және тіркеледі және құжаттарды қарауды тікелей жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жолданады.

      Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Құрылымдық бөлімше өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және толықтығы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Ұсынылған мәліметтердің толық еместігі және (немесе) өтінімнің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінім берушіге ұсынылған өтінімнің қандай талаптарға сәйкес келмейтіні көрсетілген хабарлама жібереді. Хабарлама өтінім беруші өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайға жолданады.

      Өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер өтінім беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінімде көрсетілген өтінім берушінің электрондық мекенжайына бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып еркін нысанда уәжді бас тартуды жолдайды.

      7. Өтінім оң қаралған жағдайда, құрылымдық бөлімше 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысының не оның міндеттерін атқарушы адамның қолы қойылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың нысаналы мақсатын растау жобасын дайындайды.

      Тауарлардың нысаналы мақсатын растау өтінім берушіге тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почтамен жіберіледі не уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      8. Шешімнің 7-тармағының 7.1.83) тармақшасына сәйкес тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарылған, кедендік рәсімдеуге жатқызылған құрақ қанты шикізатын тек оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға жол беріледі. Шешімнің 7-тармағының 7.1.83) тармақшасында көзделген тарифтік жеңілдікті пайдалана отырып әкелінетін құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған ақ қант тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдаланылуы және (немесе) сатылуы мүмкін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттерге шығарылмайды.

      Шешімнің 7-тармағының 7.1.83) тармақшасында көзделген тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарылған, кедендік рәсімдеуге жатқызылған құрақ қанты шикізатын пайдалануға және (немесе) иелік етуге шектеулер құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйымның қоймасына келіп түскенге дейін қолданыста болады, бірақ ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес осындай тауарлар шығарылған күнінен бастап 1 жылдан аспауы тиіс. Қабылдау актісінің немесе осындай тауарларды қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі тауарлардың ұйымның қоймасына келіп түскенін растайтын құжат болып табылады.

      9. Құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым және құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым жыл сайын есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрақ қанты шикізатын нысаналы пайдалану туралы есеп береді.

      10. Өтінімді қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-тармағына сәйкес уәкілетті органның шешіміне шағымданады.

  Тауарлардың нысаналы
мақсатын растау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Тауарлардың нысаналы мақсатына растау алуға арналған өтінім
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.83) тармақшасына сәйкес _______________ тонна мөлшерінде Қазақстан Республикасы аумағында өндірістік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды: 1701 13 және 1701 14 субпозициялары) әкелуге шикізатының нысаналы мақсатына растау беруді сұрайды.

      Тарифтік жеңілдікті қолдана отырып әкелінген құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған ақ қанттың тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдаланылатына және (немесе) өткізілетініне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатынынан хабардармын.

Өтінім беруші


Қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышы бойынша коды)


Өтінім берушінің орналасқан мекенжайы (заңды мекенжайы)


Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы


Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) күні


Тауар өткізілетін кеден органы


ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Тауардың атауы


Өлшем бірлігі


Мөлшері


Төлем валютасындағы бірліктің бағасы


Төлем валютасындағы сома


Өндіруші


Өндіруші ел


Құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдейтін ұйым


      Басшы _________________________________ ___________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      20__ жылғы "____" ____________

  Тауарлардың нысаналы
мақсатын растау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Тауарлардың нысаналы мақсатын растау

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (келісімшарттың (шарттың) деректемелері, оның негізінде құрақ қанты шикізатын әкелу жүзеге асырылады)

      _______________________________________________________________сәйкес

      (құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым мен оны өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым арасындағы келісімшарттардың (шарттардың) деректемелері (құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым оны әкелген жағдайда толтырылмайды))

      әкелінетін ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тауардың атауы, мөлшері, келісімшарт (шарт) валютасындағы құны)

      өндірістік өңдеуге арналған.

      Министр _____________ ____________________________________

                  (қолы)             (аты-жөні, тегі)

      Мөрдің орны

      20__ жылғы "____" ____________

  Тауарлардың нысаналы
мақсатын растау қағидаларына
3-қосымша
Нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет – ресурсында орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: Құрақ қанты шикізатын нысаналы пайдалану туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № ҚҚШМПТЕ-1 нысаны

      Кезеңділік: жыл сайын

      Есепті кезең: 20___ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым және құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде.


ЖСН/БСН:



      Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электрондық түрде.

Құрақ қанты шикізатын нысаналы пайдалану туралы есеп

Тауардың аты

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының коды

Өлшем бірлігі

Әкелінген тауардың мөлшері

Өңделген қанттың көлемі

Құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйымның атауы

1

2

3

4

5

6

7

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Құрақ қанты шикізатын нысаналы пайдалану туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

Атауы____________________________ _________________________________

Мекенжайы_______________________ __________________________________

      Телефоны____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_________________________________________

      Орындаушы________________________________________ ________________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ________________________________________________ ________________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)__________________________________________________________

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсынуға арналған
"Құрақ қанты шикізатын нысаналы
пайдалану туралы есеп"
нысанына қосымша
  Нысан

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған "Құрақ қанты шикізатын нысаналы пайдалану туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған "Құрақ қанты шикізатын нысаналы пайдалану туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      3. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында тауардың атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.

      7. Нысанның 4-бағанында өлшем бірлігі көрсетіледі.

      8. Нысанның 5-бағанында әкелінген тауардың мөлшері көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында тарифтік жеңілдікті қолдана отырып әкелінген құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған өңделген қанттың көлемі көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым атауы көрсетіледі. Бұл бағанды құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым толтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады