ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.05.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Базалық активі ақша жəне оның баламалары болып табылатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Талаптардың 8-тармағының қолданысы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, осы тармақ тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін:
"8. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым цифрлық қаржы активінің базалық активін есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді қорғау үшін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастырады.".
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 48 Қаулымен бекітілді |
Базалық активі ақша жəне оның баламалары болып табылатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Базалық активі ақша жəне оның баламалары болып табылатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Цифрлық активтер туралы заң) 4-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Талаптар базалық активі ақша және олардың баламалары болып табылатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі – цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым) қойылатын талаптарды, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі шартты, клиенттің стейблкоиндердің базалық активі болып табылатын ақшаны пайдалану шарттарын, сондай-ақ клиенттердің стейблкоиндерінің базалық активтерін цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі жаңа ұйымға беруді қамтиды.
2. Талаптарда Цифрлық активтер туралы заңда және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
ақшаның баламалары-цифрлық қаржы активтерінің эмитенті сатып алған жоғары өтімді активтер, олардың базалық активі цифрлық қаржы активінің базалық активі ретінде әрекет ететін ақшаның бір бөлігін инвестициялау үшін ақша болып табылады;
клиент – базалық активі ақша және олардың баламалары болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің эмитенті.
2-тарау. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптар
3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері, Ұлттық пошта операторы, орталық депозитарий және қор биржасы цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымның қызметін жүзеге асырады.
Орталық депозитарий және қор биржасы осы Талаптарға және оның ішкі құжаттарына сәйкес осы Талаптарда реттелмеген бөлігінде цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
4. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым клиенттің цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтауға іс жүзінде алған және клиенттің цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымның есепке алу жүйесінде ашылған шотына есепке жатқызған кезден бастап оны есепке алудың сақталуына, дәйектілігіне және жаңартылуына жауап береді.
5. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым өзіне сеніп тапсырылған клиенттердің цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін өз мүддесіне, өзінің үлестес тұлғаларының мүддесіне пайдаланбайды, оның ішінде өз міндеттемелері және өзінің үлестес тұлғаларының міндеттемелері бойынша олармен жауап бермейді, кепілге қоймайды және көрсетілген активтерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген іс-әрекеттер жасамайды.
6. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым өз қызметі барысында:
1) стейблкоиндердің базалық активтерін есепке алу үшін клиентке шоттар ашады;
2) сақтауға берілген стейблкоиндердің базалық активтерін есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді;
3) сақтауға берілген стейблкоиндердің базалық активтері туралы ақпараттың жасырындылығын қамтамасыз етеді;
4) стейблкоиндерді ұстаушылар алдындағы эмитент міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын базалық активтің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;
5) цифрлық қаржы активінің базалық активі болып табылатын ақшаны сақтау және есепке алу үшін жеке банктік шот ашу арқылы клиенттердің стейблкоиндері базалық активтерінің цифрлық қаржы активтері эмитентінің меншікті активтерінен оқшауланып сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз етеді;
6) клиенттерге олардың шоттарының жай-күйі туралы бір айдан кем емес және олардың талап етуі бойынша ұсынады.
7. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым мен оның клиенті арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген сақтау шарты мен тапсырма шартының нормалары қолданылатын цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі шарттың негізінде туындайды.
8. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым цифрлық қаржы активінің базалық активін есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін цифрлық жүйелерді қорғау үшін киберқауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастырады.
Ескерту. 8-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтата тұру кезеңіндегі редакциясын осы қаулының 4-тармағынан қараңыз.
9. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі шартта айқындалған тәртіпке және талаптарға сәйкес стейблкоиндердің базалық активтері құнының стейблкоиндер шығару көлеміне сәйкестігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру үшін цифрлық қаржы активтері платформасының операторына жәрдем көрсетеді.
Стейблкоиндер шығарылымын тіркеу мақсатында цифрлық қаржы активтерінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым цифрлық қаржы активтері платформасының операторын стейблкоиндердің базалық активтерінің болуы және мөлшері туралы хабардар етеді.
Цифрлық қаржы активтері платформасының операторынан базалық актив қалдықтарының құны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында және (немесе) стейблкоин шығарылымы шарттарында көзделген арақатынасында стейблкоиндер шығарылымының нақты көлеміне сәйкес келмеуі анықталған туралы ақпаратты алған кезде цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым стейблкоин эмитентінің базалық актив қалдығының құнын стейблкоиндер шығарылымының көлеміне сәйкес келтіргенге дейін базалық активті пайдалануына жол бермейді.
10. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау туралы шарт бұзылған жағдайда, базалық активі ретінде ақша қаражаты болып табылатын цифрлық қаржы активінің эмитенті мен базалық активті сақтау ұйымы арасында базалық активті сақтау ұйымы цифрлық қаржы активінің эмитентінің нұсқауы бойынша базалық активті цифрлық қаржы активтерінің жаңа базалық активті сақтау ұйымына беруді жүзеге асырады.
Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі жаңа ұйымға клиенттердің стейблкоиндерінің базалық активтерін беру Талаптарда, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау бойынша шартта және цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
11. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі жаңа ұйым клиенттердің стейблкоиндерінің базалық активтерін беруді жүзеге асыру үшін:
1) стейблкоиннің базалық активінің бір бөлігін пайдалану нәтижесінде клиент сатып алған стейблкоиндердің берілетін базалық активтерінің көлемі мен тізбесі айқындалады;
2) берілетін құжаттардың тізбесін жасайды;
3) стейблкоиндердің базалық активтерін қабылдау-беру актісі жасалады.
Стейблкоиндердің берілетін базалық активтерінің тізбесінде цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымда сақтаудағы клиенттің стейблкоиндерінің барлық базалық активтері көрсетіледі.
12. Стейблкоиндердің базалық активтерін беруді жүзеге асыру кезінде цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым мынадай құжаттардың:
1) цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымның есепке алу жүйесінде клиентке ашылған жеке шоттан және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған қосалқы шоттан (жоғары өтімді активтер берген кезде) стейблкоиндердің базалық активтерін беру күніндегі жағдай бойынша жасалған (Астана қаласының уақыты бойынша 00 сағат 00 минутқа) үзінді-көшірмелердің;
2) цифрлық қаржы активінің базалық активтерін сақтау жөніндегі ұйым мен клиент арасында стейблкоиндердің базалық активтерін беру күніндегі жағдай бойынша жасалған (Астана қаласының уақыты бойынша 00 сағат 00 минутқа) салыстырып тексеру актілерінің, сондай-ақ салыстырып тексеру жүргізуге негіз болған құжаттардың;
3) цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымның есепке алу жүйесінде ашылған клиенттердің шоттары бойынша операцияларды жүргізуге арналған клиенттер тапсырмаларының (бұйрықтарының), сондай-ақ цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі шарт шеңберінде осы клиенттің цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін сақтау қызметіне жататын өзге де құжаттардың көшірмелерін береді.
13. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі жаңа ұйымға стейблкоиндердің базалық активтерін беруді жүзеге асыру кезінде стейблкоиндердің базалық активтерін қабылдау-беру актісі жасалады, онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) стейблкоиндердің базалық активтерін қабылдау-беру актісін жасау күні, клиенттің цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі шартты жасасу күні;
2) стейблкоиндер базалық активтері цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі жаңа ұйымға сақтауға берілетін клиент туралы мәліметтер;
3) цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі шарт жасалған күннен бастап жасалған стейблкоиндердің базалық активтерімен операциялар туралы және стейблкоиндердің базалық активтерін қабылдау-беру актісін жасау күніне стейблкоиндердің базалық активтерінің қалдықтары туралы мәліметтер;
4) цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі жаңа ұйымға берілуі тиіс құжаттардың тізбесі;
5) тараптардың деректемелері.
3-тарау. Ақша баламаларының түрлері, оларды сақтау және есепке алу
14. Цифрлық қаржы активтерінің базалық активі болып табылатын ақша номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның (кастодиан – цифрлық қаржы активтерінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым) клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттарда орналастырылады.
Клиенттің стейблкоиндердің базалық активі болып табылатын ақшаны ақша баламаларына инвестициялау үшін стейблкоиндер шығару көлемінің 50 (елу) пайызынан аспайтын көлемде пайдалануына жол беріледі:
1) Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 139-бабының 6-тармағына сәйкес эмитенті Ұлттық Банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға;
2) Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі деңгейінен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар шет мемлекеттер шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарға;
3) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жинақ шоттарындағы ақша.
15. Клиенттің стейблкоиндердің базалық активі болып табылатын ақшаның бір бөлігін пайдалануы нәтижесінде сатып алынған, Талаптардың 14-тармағының екінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақша баламаларын есепке алу мен сақтауды кастодиандық қызметке және сейф операцияларына лицензиясы бар цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдар, орталық депозитарий және қор биржасы жүзеге асырады.
16. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым клиенттің стейблкоиндердің базалық активі болып табылатын ақшаның бір бөлігін пайдалануы нәтижесінде сатып алынған ақша баламаларының жай-күйін оларды Талаптар мен стейблкоин шығарылымының шарттарында көзделмеген мақсаттарда пайдалану, оның ішінде басқаға беру немесе сату бөлігінде бақылауды қамтамасыз етеді.
Клиент цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымның ақпарат пен құжаттарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді, Талаптардың шарттарында көзделген шоттар мен активтерге ғана орналастыруды, стейблкоин шығарылымының шарттарында көзделмеген мақсаттарда басқаға беруге немесе сатуға жол бермеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі шартта көзделген стейблкоиндердің базалық активі болып табылатын ақшаның бір бөлігін клиенттің пайдалануы нәтижесінде сатып алынған, Талаптардың 14-тармағында көзделген ақша мен ақша баламаларын сақтау жөніндегі талаптар мен рәсімдерді орындайды, сондай-ақ базалық активтің стейблкоиндер шығарылымының көлеміне сәйкестігін бақылау үшін салыстырып тексеру мен тексеруді жүргізуге жәрдемдеседі.
Базалық активті сақтау жөніндегі бірнеше ұйым қатысқан кезде стейблкоин эмитенті базалық актив құнының стейблкоиндер шығару көлеміне сәйкестігін бақылау үшін (клиенттің стейблкоиндердің базалық активі болып табылатын ақшаның бір бөлігін пайдалануы нәтижесінде сатып алынған Талаптардың 14-тармағында көзделген ақша баламаларының жай-күйін қоса алғанда) жауапты болады және цифрлық қаржы активтерін шығару жөніндегі операциялармен базалық активтің қалдықтары туралы деректерді цифрлық қаржы активтері платформасының операторымен бірлесіп тұрақты салыстырып тексеруді ұйымдастыру арқылы оның орындалуын қамтамасыз етеді.
Базалық активті сақтау жөніндегі ұйымдар және цифрлық қаржы активтерінің эмитенті цифрлық қаржы активтері платформасының операторына осындай салыстырып тексеруді жүргізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынады.
17. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым стейблкоиндердің базалық активі болып табылатын ақшаның бір бөлігін клиенттің пайдалануы нәтижесінде сатып алынған және оған сақтауға берілген ақша баламаларын жаңартылған есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында айына бір реттен сиретпей өзінің клиенттерді есепке алу жүйесінің деректерін орталық депозитарийдің есеп айырысу жүйелерінің және (немесе) халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің деректерімен, сондай-ақ шетелдік номиналды ұстаушының деректерімен салыстырып тексеруді жүргізеді.