"Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларын және Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссияның жұмыс қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 206 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірде № 38600 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларын және Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссияның жұмыс қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 205-бабының 8-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2026 жылғы 27 сәуірдегі № 206
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 379 бұйрығына
1-қосымша

Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабы 25-тармағының төртінші бөлігіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Осы тармаққа сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезіндегі салық есебінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленеді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органы;

      2) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган – жер қойнауын геологиялық зерттеу және жер қойнауы кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын орталық атқарушы орган;

      3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды (бұдан әрі – ПҚҚ), барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт, Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған кең таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі – КТПҚ) өндіруге арналған келісімшарт;

      4) жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимі – ПҚҚ барлау, өндіру немесе КТПҚ өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға берілген лицензия негізінде Кодексте белгіленген жер қойнауын пайдаланудың құқықтық режимі;

      5) КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия – жергілікті атқарушы орган құратын КТПҚ өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілердің жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссия;

      6) ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия – уранды қоспағанда, құзыретті орган құратын ПҚҚ барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілердің жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссия.

      3. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу (жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу) тиісті комиссиялардың шешімі негізінде жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарттардың орнына жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілерге ПҚҚ барлауға лицензия, ПҚҚ өндіруге лицензия немесе КТПҚ өндіруге лицензия беру арқылы жүзеге асырылады.

      Өзара оқшауланған жер қойнауы учаскелерінде ПҚҚ барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жер қойнауының әрбір жеке учаскесіне жер қойнауын пайдалануға тиісті лицензия беру жолымен жүзеге асырылады.

      4. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезінде лицензия оның орнына лицензия берілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      Жер қойнауының екі және одан да көп оқшауланған учаскелерін көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезінде лицензиялар жер қойнауының тиісті учаскесінде жер қойнауын пайдалану кезеңінен аспайтын мерзімге беріледі.

      5. Осы Қағидаларға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жер қойнауын пайдалануға тиісті лицензия (лицензиялар) берілген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына әкеп соғады.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзу туралы келісім жер қойнауын пайдалануға лицензия (лицензиялар) берілген күні жасалады.

      6. "Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ПҚҚ саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші) ПҚҚ барлауға/өндіруге/бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша немесе жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші) КТПҚ өндіру бойынша келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қызмет көрсетіледі.

      7. ПҚҚ саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

2-тарау. Барлау/өндіру/ бірлескен барлау және ПҚҚ өндіру/ КТПҚ өндіру кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі және көрсету нәтижелері, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.

1-параграф. ПҚҚ-ға барлау/бірлескен барлау және өндіру (барлау кезеңінде) жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру

      9. ПҚҚ барлауға/бірлескен барлауға және өндіруге (барлау кезеңінде) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтінішті және осы Қағидалар Тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды "Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы" ақпараттандыру объектісі (бұдан әрі – ЖҚПБП) арқылы береді.

      10. Тіркелген құжаттары бар өтініш бірегей есептік нөмірді, тіркеу күні мен уақытын (сағатын, минутын) бере отырып, ЖҚПБП-да тіркеледі.

      Өтінішті көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетінде тіркеу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      11. ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың осы Қағидалардың Тізбесінің 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметтен бас тартуға Тізбенің 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті әрі қарай қараудан негізделген бас тарту хатын ресімдейді, егер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мұндай негіздер анықталмаса, ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖҚПБП арқылы өтініштің көшірмесін және қоса берілген құжаттарды уәкілетті жер қойнауын зерттеу органына жібереді.

      12. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган Кодекстің 277-бабының 7-тармағын және 278-бабының 25-тармағының сегізінші бөлігін ескере отырып, барлау учаскесі (лері) аумағының 19, 25, 186-баптарының ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан өтінішті қарайды және қарау нәтижелері бойынша құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушіге және көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП арқылы хабарлама жібереді.

      Егер өтінішті және оған қоса тіркелетін құжаттарды қарау кезінде жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган мәлімделген блоктардың Кодекстің 25, 186-баптарына сәйкес олардың жер қойнауының басқа учаскелерінің аумақтарымен бірігуі немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын аумақтармен толық бірігуі салдарынан барлау учаскесінің мәлімделген аумағына қосылуы мүмкін еместігін анықтаса, хабарламада осы блоктар, координаттар және жер қойнауының басқа учаскесіне немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын аумаққа жататын аумақтың ауданы көрсетіледі.

      Мәлімделген барлау учаскесінің шекаралары (блоктары) Кодекстің 19-бабы 2-тармағының және 186-бабының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, немесе көрсетілетін қызмет алушының келісімшарттық аумағына жатпайтын блоктар қамтылған жағдайда, сондай-ақ Кодекстің 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, хабарламада анықталған сәйкессіздіктер немесе көрсетілетін қызмет алушының келісімшарттық аумағына жатпайтын блоктар немесе жер қойнауын пайдалану учаскесін пайдалануға беруге рұқсат етілмейтін мән-жайлар көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, анықталған сәйкессіздіктерді жояды не өзінің қарсылығын ЖҚПБП арқылы жібереді.

      Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мәселені өзі ұсынған ескертуді және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын ескере отырып, барлау учаскесі аумағының шекараларының (блоктарының) Кодекс ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан қайта қарайды.

      Барлау учаскесі аумағының шекараларының (блоктарының) сәйкестігі туралы мәселені қарау нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушіге және көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған шешім туралы ЖҚПБП арқылы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы келісуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады.

      13. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу үшін барлау учаскесі аумағының шекараларын (блоктарын) келісуді және өтінішке және оған қоса берілетін құжаттарға жойылған ескертулерді ескере отырып, ПҚҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖҚПБП арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешім қабылдау үшін ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның қарауына жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесі бойынша қалыптастырылған материалдарды енгізеді.

      14. ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия тиісті материалдар енгізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жиналып, жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесін қарастырады.

      15. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу туралы мәселені қарау барысында Кодекстің 191-бабына сәйкес ПҚҚ-ны барлауға арналған лицензияға енгізуге жататын шарттар, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тиісті келісімшарт бойынша міндеттемелерін негізге ала отырып, Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, қосымша міндеттемелерді қосу мәселесі талқыланады.

      16. Барлауға арналған келісімшарттың, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың (барлау кезеңінде) орнына жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу және ПҚҚ барлауға лицензия беру туралы шешім мынадай шарттар сақталған кезде қабылданады:

      1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келеді;

      2) өтінішке ПҚҚ бойынша Тізбенің 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі;

      3) қарау қорытындылары бойынша берілетін ПҚҚ барлауға арналған лицензиядағы барлау учаскесінің аумағы Кодекстің 19-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келеді;

      4) барлауға берілетін лицензияға енгізілетін және барлау учаскесінің аумағын айқындайтын блоктар Кодекстің 186-бабының талаптарына сәйкес келеді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиясы және көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауын пайдаланушының тиісті келісімшарт бойынша міндеттемелерін, сондай-ақ Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ПҚҚ өндіруге берілетін лицензияның барлық талаптарын айқындады.

      17. Егер өтінішті қараудың және (немесе) өтініш берушімен жүргізілген келіссөздердің қорытындылары бойынша ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның шешімімен ПҚҚ барлауға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесінің бір бөлігі барлауға берілетін лицензияның барлау учаскесіне енгізілмесе, онда Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес берілетін лицензияның шарттары жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесінің осындай бөлігінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемесімен тиісті орындау лицензия берілген күннен бастап күнтізбелік екі жылдан аспайтын мерзіммен толықтырылуға жатады, және осы міндеттеме көзделген мерзімде орындалмаған кезде лицензияны кері қайтарып алу негізімен жүргізіледі.

      18. Қаралып отырған барлау аумағы екі жүз блоктан астам болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мен ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия барлауға берілетін лицензиялардың санын айқындайды, олардың әрқайсысы екі жүз блоктан аспайды.

      19. ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның шешімі отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері отырыс өткізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ЖҚПБП арқылы хаттамада қол қоюмен ресімделеді.

      Осы Қағидаларда көзделмеген лицензиялық режимге көшу шарттарын хаттамаға енгізуге жол берілмейді.

      ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия мүшелері қол қойғаннан кейін хаттама танысу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетінде көрсетіледі.

      20. ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешім қабылдаған кезде ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетіне Кодекстің 55 және 198-баптарына сәйкес ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушіге ПҚҚ барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді және оның тарапынан қол қойылған Келісімшартты бұзу туралы келісімді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 144 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22470 болып тіркелген) Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды мемлекеттік орган қабылдаған қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу қағидаларына сәйкес ПҚҚ барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды тиісінше қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған Келісімшартты бұзу туралы келісім ПҚҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап 40 (қырық) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

      21. ПҚҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан қол қойылған Келісімшартты бұзу туралы келісімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Келісімді жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес келісілген шарттарды қамтитын ПҚҚ барлауға, сонымен бірге Келісімшартты бұзу туралы келісімнің осы данасымен лицензия береді.

      22. ПҚҚ бойынша Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші ЖҚПБП арқылы көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілген қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетіне жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы хабарлама алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды жасап, оны ЖҚПБП арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі – Бас прокуратура) келісуге жібереді.

      Бас прокуратура алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешіммен келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Бас прокуратурамен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны Бас прокуратураның жауабы келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

2-параграф. ПҚҚ/КТПҚ өндіру/бірлесіп барлау және өндіру (өндіру кезеңінде) жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру

      23. ПҚҚ/КТПҚ барлауға/бірлесіп барлауға және өндіруге (өндіру кезеңінде) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге өтінішті және осы Қағидалар Тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ЖҚПБП арқылы ұсынады.

      24. Тіркелген құжаттары бар өтініш бірегей есептік нөмірді, тіркеу күні мен уақытын (сағатын, минутын) бере отырып, ЖҚПБП-да тіркеледі.

      Өтініштің және қоса берілген құжаттардың қабылданғанын растау ЖҚПБП-да өтініштің тіркеу нөмірін беру болып табылады.

      25. ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың осы Қағидаларға Тізбенің 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметтен бас тартуға Тізбенің 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер болған жағдайда, ПҚҚ/ҚТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде ЖҚПБП арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      26. Тізбенің 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ПҚҚ/ҚТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші ЖҚПБП арқылы өтінімді тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініштің көшірмесін қоса берілген құжаттарымен бірге жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға/жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жолдайды.

      27. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган/жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Кодекстің 277-бабының 7-тармағын және 278-бабы 25-тармағының сегізінші бөлігін ескере отырып, өндіру учаскелері шекарасының (шекараларының) 19, 25, 203, 209, 234-баптардың (234-бап КТПҚ өндіру бойынша келісімшарттарға қатысты қолданылады) ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан өтінішті қарайды және қарау нәтижелері бойынша хабарламаны құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ПҚҚ/КТПҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті берушіге және көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП жеке кабинеттеріне жолдайды.

      Егер өтінішті және оған қоса тіркелетін құжаттарды қарау кезінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган/жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі мәлімделген өндіру учаскесінің аумағының бір бөлігі басқа қатты және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауы учаскелерінің аумақтарымен қабаттасуына, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға, жер қойнауын пайдаланушының келісімінсіз көмірсутектерді өндіруге немесе жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге жол берілмейтін аумақтармен толық қабаттасуына байланысты Кодекстің 25 және 203-баптарына сәйкес мәлімделетін өндіру учаскесінің аумағына енгізуге жатпайтындығын анықтаса, хабарламада басқа жер қойнауы учаскесіне жататын немесе жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге тыйым салынатын аумақтың координаттары мен ауданы көрсетіледі.

      Мәлімделген өндіру учаскесінің сыртқы және ішкі шекаралары Кодекстің 209, 234-баптарының (234-бап КТПҚ өндіру бойынша келісімшарттарға қатысты қолданылады) талаптарына сәйкес келмесе, хабарламада анықталған сәйкессіздіктер және оларды жою тәсілдері туралы ұсынымдар көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның/жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, анықталған сәйкессіздіктерді жояды не өзінің қарсылығын ЖҚПБП арқылы жібереді.

      Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган/жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мәселені өзі ұсынған ескертуді және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын ескере отырып, өндіру учаскесі аумағының шекараларының (блоктарының) Кодекс ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан қайта қарайды.

      Өндіру учаскесі аумағының шекараларының (блоктарының) сәйкестігі туралы мәселені қарау нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган/жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушіге және көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған шешім туралы ЖҚПБП арқылы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы келісуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады.

      28. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу үшін өндіру учаскесі аумағының шекараларын (блоктарын) келісуді және өтінішке және оған қоса берілетін құжаттарға жойылған ескертулерді ескере отырып, ПҚҚ/КТПҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖҚПБП арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешім қабылдау үшін ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның қарауына жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесі бойынша қалыптастырылған материалдарды енгізеді.

      29. ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия тиісті материалдар енгізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесін ЖҚПБП арқылы қарастырады.

      30. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу туралы мәселені ЖҚПБП арқылы қарау барысында Кодекстің 208-бабына сәйкес ПҚҚ-ны өндіруге арналған лицензияға енгізуге/Кодекстің 233-бабына сәйкес КТПҚ-ны өндіруге арналған лицензияға енгізуге жататын шарттар, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тиісті келісімшарт бойынша міндеттемелерін негізге ала отырып, Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, қосымша міндеттемелерді қосу мәселесі талқыланады.

      31. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу және ПҚҚ/КТПҚ өндіруге, бірлескен барлауға және ПҚҚ өндіруге (өндіру кезеңінде) арналған келісімшарттың орнына ПҚҚ/КТПҚ өндіруге лицензия беру туралы шешім мынадай шарттар сақталған кезде қабылданады:

      1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келсе;

      2) өтінішке Тізбенің 10-тармағының 2) тармақшасында талап етілетін құжаттар қоса берілсе;

      3) қарау және келіссөздер қорытындылары бойынша қалыптастырылған ПҚҚ/КТПҚ өндіруге берілетін лицензия бойынша ПҚҚ/КТПҚ бойынша өндіру учаскесінің аумағы Кодекстің 203-бабының 2-тармағында және 232-бабының 4-тармағында (232-баптың 4-тармағы КТПҚ өндіру келісімшарттарына қолданылады) көзделген жер қойнауы учаскелерінің аумақтарына жатпаса;

      4) қарау және келіссөздер қорытындылары бойынша қалыптастырылған ПҚҚ/КТПҚ өндіруге берілетін лицензия бойынша өндіру учаскесі аумағының шекаралары Кодекстің 19-бабы 3-тармағының және 209, 234-бабының (234-бап КТПҚ өндіру бойынша келісімшарттарға қатысты қолданылады) талаптарына сәйкес келсе;

      5) ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия және көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауын пайдаланушының тиісті келісімшарт бойынша міндеттемелерін, сондай-ақ Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ПҚҚ/КТПҚ өндіруге берілетін лицензияның барлық талаптарын айқындады.

      32. Егер көрсетілетін қызметті алушымен өтінішті және (немесе) келіссөздерді қарау қорытындылары бойынша ПҚҚ/КТПҚ өндіруге, бірлесіп барлауға және ПҚҚ өндіруге (өндіру кезеңінде) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесінің бір бөлігі ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның шешімімен ПҚҚ/КТПҚ өндіруге арналған лицензияның өндіру учаскесіне енгізілмесе, онда Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес берілетін лицензияның шарттары жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесінің осындай бөлігінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемесімен тиісті орындау лицензия берілген күннен бастап күнтізбелік екі жылдан аспайтын мерзіммен толықтырылуға жатады, және осы міндеттеме көзделген мерзімде орындалмаған кезде кері қайтарып алу негізімен жүргізіледі.

      33. Егер лицензиялық режимге көшу қаралатын ПҚҚ өндіруге арналған келісімшарттың (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңінің) қолданылу мерзімін ұзарту немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру шартымен: жер қойнауын пайдаланушы немесе оның еншілес ұйымы немесе қайта өңдеу өндірістерінің бірлескен кәсіпорнын құру; жер қойнауын пайдаланушының жұмыс істеп тұрған өндіруші өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау кәсіпорындарына; қолданыстағы қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау бойынша; Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қайта өңдеу кәсіпорындарына (өндірісіне) қайта өңдеу үшін өндірілетін пайдалы қазбаны жеткізу бойынша; жер қойнауын пайдаланушының немесе оның еншілес ұйымының немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған инвестициялық жобаның немесе жобаның іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес осы міндеттемені берілетін лицензияға қосымша ретінде енгізу туралы мәселені ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия қарауға тиіс.

      34. ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның шешімі отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері отырыс өткізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ЖҚПБП арқылы хаттамада қол қоюмен ресімделеді.

      Осы Қағидаларда көзделмеген лицензиялық режимге көшу шарттарын хаттамаға енгізуге жол берілмейді.

      ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия мүшелері қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы хаттамамен ЖҚПБП жеке кабинеті арқылы танысады.

      35. ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешім қабылдаған кезде ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оның тарапынан қол қойылған Келісімшартты бұзу туралы келісімді, тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру бойынша операцияларға, Кодекстің 216 және 217-баптарына сәйкес көзделген тау-кен жұмыстары жоспарының және жою жоспарының сараптамаларын және келісулерін жүргізуге тиісті экологиялық рұқсатты ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Келісімшартты бұзу туралы келісімге, келісулерге, оң сараптама қорытындылары мен тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру бойынша операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмелеріне ЭЦҚ арқылы қол қойып, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабарлама жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей ЖҚПБП арқылы ұсынады.

      Көрсетілген мерзімді ұзарту қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушы ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушіге осындай ұзартудың негіздемесімен ЖҚПБП жеке кабинеті арқылы жүгінеді. ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші бұл мерзімді бір жылдық мерзім өткен күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге ұзартады. Мерзімді ұзарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мерзімді өткізуі жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу рәсімін тоқтатады. Бұл жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы қайтадан берілетін өтініш кемінде үш айдан кейін қайта беріледі.

      36. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦК пайдалана отырып, қол қойылған Келісімшартты бұзу туралы келісімді, келісулерді, тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру бойынша операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың оң сараптама қорытындылары мен көшірмелерін көзделген мерзімде ұсынғаннан кейін ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде Келісімшартты бұзу туралы келісімге ЭЦК-ны пайдалана отырып қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне осы Қағидалардың 32 және 33-тармақтарына сәйкес келісілген шарттары бар ПҚҚ/КТПҚ өндіруге арналған лицензияны жібереді.

      37. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу нәтижесінде ПҚҚ/КТПҚ өндіруге лицензия алған жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 55 және 219-баптарына сәйкес жоғарыда көрсетілген операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ПҚҚ/КТПҚ саласындағы уәкілетті органға ЖҚПБП арқылы ұсынған жағдайда, өндіру учаскесінде ПҚҚ/КТПҚ өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуді жалғастырады.

      38. Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ӘРПК 73-бабына сәйкес алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды жасап, оны ЖҚПБП арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына / облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың прокурорына (бұдан әрі – прокурор) келісуге жібереді.

      Прокурор оны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешіммен келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Прокурормен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны Прокурордың жауабы келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

3-параграф. ПҚҚ бірлесіп барлау және өндіру кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру

      39. ПҚҚ бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге өтінішті және осы Қағидалар Тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ЖҚПБП арқылы ұсынады.

      40. Тіркелген құжаттары бар өтініш бірегей есептік нөмірді, тіркеу күні мен уақытын (сағатын, минутын) бере отырып, ЖҚПБП-да тіркеледі.

      Өтініштің және қоса берілген құжаттардың қабылданғанын растау ЖҚПБП-да өтініштің тіркеу нөмірін беру болып табылады.

      41. Көрсетілетін қызметтен бас тартуға Тізбенің 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді.

      42. Өтініш пен құжаттар осы Қағидалардың Тізбесінің 10-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген.

      43. Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, лицензиялар бойынша ПҚҚ барлау учаскесінің (учаскелерінің) және өндіру учаскесінің (учаскелерінің) аумақтарын мемлекеттік органдармен келісу, ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның қарауы үшін жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының материалдарды қалыптастыру, ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның ПҚҚ бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың орнына жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу және барлауға арналған лицензияны (лицензияларды) және ПҚҚ өндіруге арналған лицензияны (лицензияларды) беру туралы шешім қабылдау тәртібі мен мерзімдері мыналарды ескере отырып, осы Қағидалардың 2-параграфының 11-тармақтарының қағидалары бойынша айқындалады:

      1) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 12-тармағының екінші және үшінші бөліктерін сақтай отырып, Кодекстің 277-бабының 7-тармағын және 278-бабының 25-тармағының сегізінші бөлігін ескере отырып, өтініштегі барлау учаскесі аумағының мәлімделген шекараларының (блоктарының) 19, 25, 186-баптардың ережелеріне сәйкестігін тексеріп қарайды;

      2) ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия осы Қағидалардың 18-тармағының ПҚҚ барлауға лицензия (лицензиялар) беру бөлігіндегі талаптары және осы Қағидалардың 34-тармағының ПҚҚ өндіруге лицензия (лицензиялар) беру бөлігіндегі талаптары сақталған кезде бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың жер қойнауының барлық шарттары мен учаскелері бойынша бір мезгілде жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу және ПҚҚ барлауға және өндіруге арналған лицензияларды беру туралы шешім қабылдайды;

      3) жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу туралы мәселені қарау барысында геологиялық теліммен (телімдермен) айқындалған жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бөлігінде Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Кодекстің 191-бабына сәйкес ПҚҚ барлауға арналған лицензияға (лицензияларға) енгізуге жататын шарттар айқындалады;

      4) ПҚҚ барлауға арналған лицензия (лицензиялар) және ПҚҚ өндіруге арналған лицензия (лицензиялар) берілуге тиіс, ал көрсетілген лицензиялардың орнына берілетін Бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшартты бұзу туралы келісімді ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші ПҚҚ барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды тиісті қамтамасыз етуді мұндай қамтамасыз етуді беру туралы хабарлама жіберілген күннен бастап қырық жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда бір мезгілде жасасуы тиіс.

      44. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу нәтижесінде ПҚҚ өндіруге лицензия (лицензиялар) алған жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 55 және 219-баптарына сәйкес жоғарыда көрсетілген операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда берілген лицензияларға сәйкес ПҚҚ өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуді жалғастырады.

      45. Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ӘРПК 73-бабына сәйкес алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды жасап, оны ЖҚПБП арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі – Бас прокуратура) келісуге жібереді.

      Бас прокуратура алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешіммен келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Бас прокуратурамен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны Бас прокуратураның жауабы келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      46. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      47. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер қойнауын пайдаланудың
лицензиялық режиміне көшу
шеңберінде лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
_______________________
_______________________
(мемлекеттік
органның атауы)

"Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ПҚҚ келісімшарттары бойынша: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
КТПҚ келісімшарттары бойынша: Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы" ақпараттандыру объектісі (бұдан әрі – ЖҚПБП).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1. ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді;
2. Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның/жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қарауы – 10 (он) жұмыс күні;
Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның/жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің хабарламасында көрсетілген ескертулер жойылған жағдайда қайта қарау – 10 (он) жұмыс күні;
3. ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесі бойынша қалыптастырылған материалдарды ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның қарауына ұсынады;
4. ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиясы тиісті материалдар енгізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жиналып, жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесін қарастырады.
5. 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хаттаманы ресімдеу және оған отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелерінің қол қоюы;
6. ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 20 және 35-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
7. ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші 5 жұмыс күні ішінде келісімшартты бұзу туралы келісім жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға ПҚҚ/КТПҚ өндіруге лицензия береді.
Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша ПҚҚ барлауға лицензия (лицензиялар) және ПҚҚ өндіруге лицензия (лицензиялар) берілуге жатады, ал орнына осы лицензиялар берілетін Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты бұзу туралы келісімді ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір мезгілде жасасуы тиіс.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия беру / пайдалы қатты қазбаларды / кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру / мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) ЖҚПБП – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Пайдалы қатты қазбаларды барлау, бірлескен барлау және өндіру (барлау кезеңінде) кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу үшін:
осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға/бірлескен барлауға және өндіруге (барлау кезеңінде) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш;
осы Тізбеге 1-қосымшаның 1-тармағында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесі;
жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аталған жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағына ішінара түсетін учаскені барлауға арналған лицензияға енгізуге электрондық келісімі.
Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылуға жатады. Шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады, олардың дұрыстығы нотариалды куәландырылуға жатады.
2) Пайдалы қатты қазбаларды өндіруді/бірлескен барлауды және өндіруді (өндіру кезеңінде)/ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне ауысу үшін:
осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге (өндіру кезеңінде)/кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш;
осы Тізбеге 2-қосымшаның 1-тармағында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесі;
Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылуға жатады. Шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады, олардың дұрыстығы нотариалды куәландырылуға жатады.
3) Пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу үшін:
осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш;
осы Тізбеге 3-қосымшаның 1-тармағында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесі;
жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аталған жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағына ішінара түсетін учаскені барлауға арналған лицензияға енгізуге электрондық келісімі.
Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылуға жатады. Шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады, олардың дұрыстығы нотариалды куәландырылуға жатады.
Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерден алады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) шындыққа сәйкес еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты нақты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) бар болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған шешімінің бар болуы;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы;
6) өтініштер немесе оған қоса берілген құжаттар Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
7) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұратуға теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің немесе тексерудің теріс қорытындысы;
8) осы Қағидалардың 12, 20, 27 және 35-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну мерзімдерін бұзса.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары:
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы бірыңғай байланыс орталығы: 1465.

  "Жер қойнауын пайдаланудың
лицензиялық режиміне көшу
шеңберінде лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
1-қосымша
  Нысан
  ___________________________
___________________________
(мемлекеттік
  органның атауы)

            Пайдалы қатты қазбаларды барлауға/ бірлескен барлауға
            және өндіруге (барлау кезеңінде) арналған келісімшарт
            бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта
                        ресімдеуге арналған өтініш

      20__ жылғы "___" ________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(пайдалы қатты қазбалар түрлері, келісімшарт атауы, келісімшарттың тіркеу нөмірі)
бойынша жер қойнауын пайдалану құқұғын қайта ресімдеуді және пайдалы қатты
қазбаларды барлауға арналған лицензия беруді сұраймын.
      1. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
      жеке тұлғалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты және әкесінің аты
(болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, көрсетілетін қызметті алушының жеке
басын куәландыратын құжаттардың нөмірі мен берілген күні;
      заңды тұлғалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының атауы, орналасқан жері,
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді
көшірме немесе көрсетілетін қызметті алушының шет мемлекеттің заңнамасы бойынша
заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған немесе апостиль
қойылған құжат), басшылары туралы мәліметтер;
      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жасалған күні мен нөмірі;
      3. Келісімшарттық аумаққа жататын блоктың жеке коды (блоктардың жеке кодтары).
      * Егер өтініш екі және одан да көп блоктарды қамтыса, көрсетілген өтініште әр
блоктың тым болмаса басқа бір блокпен ортақ жағы болуы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы:
      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сынан алынған деректері;
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК-мен қол қою күні және уақыты.
      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат____ минут.

  "Жер қойнауын пайдаланудың
лицензиялық режиміне көшу
шеңберінде лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
2-қосымша
Нысан
____________________________
____________________________
(мемлекеттік
органның атауы)

            Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге/бірлескен барлау мен
            өндіруге (өндіру кезеңінде)/кең таралған пайдалы қазбаларды
            өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын
            пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш

      20__ жылғы "___" ________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(пайдалы қатты қазбалар түрлері, келісімшарт атауы, келісімшарттың тіркеу нөмірі)
      бойынша жер қойнауын пайдалану құқұғын қайта ресімдеуді және пайдалы қатты
азбаларды өндіруге/ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия беруді
сұраймын.
      1. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
      жеке тұлғалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты және әкесінің аты
(болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, көрсетілетін қызметті алушының жеке
басын куәландыратын құжаттардың нөмірі мен берілген күні;
      заңды тұлғалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының атауы, орналасқан жері,
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді
көшірме немесе көрсетілетін қызметті алушының шет мемлекеттің заңнамасы бойынша
заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған немесе апостиль
қойылған құжат), басшылары туралы мәліметтер;
      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жасалған күні мен нөмірі;
      _________________________________________________________________________
      3. Келісімшарттық аумақты және оған тікелей іргелес немесе өндіру нәтижесінде
пайда болған (болған жағдайда) тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен байыту өндірістердің
техногенді минералды түзілімдер объектілерін орналастыру аумағының бір километрден
аспайтын қашықтықтағы жерді толық қамтитын аумақтың ауданы және бұрыш нүктелерінің
географиялық координаттары.
__________________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушы:
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сынан алынған деректері;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК-мен қол қою күні және уақыты.
20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат____ минут.

  "Жер қойнауын пайдаланудың
лицензиялық режиміне көшу
шеңберінде лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
3-қосымша
Нысан
____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)

            Пайдалы қатты қазбаларды бірлескен барлауға және
            өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын
            пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш

      20__ жылғы "___" ________
__________________________________________________________________________
      (пайдалы қатты қазбалар түрлері, келісімшарт атауы, келісімшарттың тіркеу нөмірі)
бойынша жер қойнауын пайдалану құқұғын қайта ресімдеуді және пайдалы қатты қазбаларды
барлауға арналған лицензия (лицензиялар) және өндіруге арналған лицензия (лицензиялар)
беруді сұраймын.
      1. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
      жеке тұлғалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты және әкесінің аты
(болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, көрсетілетін қызметті алушының жеке
басын куәландыратын құжаттардың нөмірі мен берілген күні;
      заңды тұлғалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының атауы, орналасқан жері, заңды
тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе
көрсетілетін қызметті алушының шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып
табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат),
басшылары туралы мәліметтер;
      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жасалған күні мен нөмірі.
      3. Келісімшарттық аумаққа жататын блоктың жеке коды (блоктардың жеке кодтары).
      * Егер өтініш екі және одан да көп блоктарды қамтыса, көрсетілген өтініште әр блоктың
тым болмаса басқа бір блокпен ортақ жағы болуы тиіс (геологиялық бөлу бойынша).
      Келісімшарттық аумақты және оған тікелей іргелес немесе өндіру нәтижесінде пайда
болған (болған жағдайда) тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен байыту өндірістердің
техногенді минералды түзілімдер объектілерін орналастыру аумағының бір километрден
аспайтын қашықтықтағы жерді толық қамтитын аумақтың ауданы және бұрыш нүктелерінің
географиялық координаттары (тау-кендік бөлу бойынша).
      Көрсетілетін қызметті алушы:
      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сынан алынған деректері;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК-мен қол қою күні және уақыты.
20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат____ минут.

  "Жер қойнауын пайдаланудың
лицензиялық режиміне көшу
шеңберінде лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)

                  Өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту

                                                      (Көрсетілетін қызметті
                                                      алушының атауы)
_________________________________________________________________________,
(орталық мемлекеттік орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органдары)
      Сіздің 20 __ жылғы "__" ______ № _______ өтінішіңізді қарап,
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
___________________________________________ (бас тарту себебі) хабарлайды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сынан алынған деректері;
      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат____ минут.

  "Жер қойнауын пайдаланудың
лицензиялық режиміне көшу
шеңберінде лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
  ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)

                  Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты
                              бұзу туралы № келісім

      __________________________________________________________________________
      (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың толық атауы, оның ішінде
операциялардың түрлері, пайдалы қазбалардың түрлері, тіркеу нөмірі мен күні) бұзу туралы
келісім Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
және______________________________________________________________________
      (жеке тұлғаның толығымен жазылған тегі, аты және әкесінің аты (бар болған
жағдайда)/заңды тұлғаның толық атауы) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы),
бұдан әрі бірігіп Тараптар арасында жасалды.
      Осы ______________________________________________________________
_             (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
_______________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың толық атауы, оның ішінде
операциялардың түрлері, тіркеу нөмірі мен күні) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдалануға
арналған келісімшарт) бұзу туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) Тараптар
20___жылғы "____" _____________ қол қойды.
__________________________________________________________________________
                  (мемлекеттік органның атауы)
      20___жылғы "____" № ________________________________ комиссия хаттамасының
негізінде.
      Төмендегілерді назарға ала отырып:
      1) Жер қойнауын пайдаланушы Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт
бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие;
      2) Қазақстан Республикасы Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың
тарапы болып табылады, оның атынан ___________________________________ әрекет етеді;
                                    (мемлекеттік органның атауы)
      3) Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"
Кодексі қабылданды және қолданысқа енгізілді;
      4) Жер қойнауын пайдаланушы _________________________________ жүгінді және
                                    (мемлекеттік органның атауы)
      Кодекстің 278-бабының 25 тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын қайта
ресімдеуге өтініш жасады;
      5) _______________________________________________________________________,
            (мемлекеттік органның атауы)
      комиссияда жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу шарттары мәселелерін
қарауға шешім қабылдады;
      6) комиссия _______________________________________________________________
                  (мемлекеттік органның атауы)
      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану
құқығын қайта ресімдеу туралы шешім қабылдады және
_____________________________________________________________________________
      (мемлекеттік органның атауы)
      Жер қойнауын пайдаланушыға
__________________________________________________________________________
      (пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны/лицензияларды, пайдалы
қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны/лицензияларды немесе кең таралған
пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны/лицензияларды, оның/олардың берілген
лицензиялардың тізіліміндегі күнін және нөмірін/нөмірлерін көрсету) (бұдан әрі – Жер
қойнауын пайдалануға арналған лицензия/лицензиялар) Жер қойнауын пайдалануға
арналған келісімшарттың орнына (комиссия хаттамасының нөмірі мен күні)
лицензия/лицензиялар берілсін деп ұсынды.
__________________________
(мемлекеттік органның атауы)
және Жер қойнауын пайдаланушы төмендегілер туралы келіседі:
      1. Осы Келісімнің жасасу күніне Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты
өзара келісім бойынша бұзуға.
      2. Тараптар Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптары бойынша
бір-біріне наразылақтары жоқтығын және болмайтынын растайды.
      3. Келісім жасасқаннан кейін Тараптар арасындағы жер қойнауын пайдалану
талаптары бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жер
қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзу орнына Жер қойнауын пайдаланушыға
берілген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиямен/лицензиялармен реттеледі.
      4. Осы Келісімге қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып
табылады.
      5. Осы Келісімге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес шешілуге жатады.
      6. Келісім Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында электрондық
цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан
берілетін қазақ және орыс тілдерінде жасалды, барлық даналар бірдей.
      7. Келісімнің мазмұнын анықтау және түсіндіру кезінде келіспеушіліктер немесе
даулар туындаған жағдайда, мәтіннің ________________________ тіліндегі (қазақ немесе
орыс тілін белгілеу) нұсқасы басым күшке ие болады.
      8. Осы Келісім 20 ___ жылғы ________ (күні) _______ (айы) _________ қаласында
(Қазақстан Республикасы) Тараптардың уәкілетті өкілдерімен жасалды.
      9. Тараптардың заңды мекенжайлары және қолдары.

Көрсетілетін қызметті берушінің
ЭЦҚ-сынан алынған деректері;
20 _ жылғы "__" _____ _____
сағат____ минут.


Көрсетілетін қызметті алушының
ЭЦҚ-сынан алынған деректері;
20 _ жылғы "__" _____ _____
сағат____ минут.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады