"Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 25 сәуірдегі № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 сәуірде № 38558 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтеріне ұсыну үшін 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қолданыстағы қорытындысы (бұдан әрі – ДКК қорытындысы) негіз болып табылады.

      ДКК қорытындысын тіркелген жері бойынша бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымы "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) сәйкес береді.

      Психикалық немесе мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар пациенттерге ДКК қорытындысын пациенттерді динамикалық байқауды жүзеге асыратын психикалық денсаулықтың медициналық ұйымы береді.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Инватакси қызметтерін алу үшін мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрақты тіркелген жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инватакси қызметтерін ұсынуға өтінішті және "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатты береді.

      Жергілікті атқарушы органдарының жауапты орындаушысы мынадай мәліметтерді алумен бірге өтініштерді қабылдайды:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) ДКК қорытындысы туралы.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Өнім беруші мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге тасымалдау бойынша қызметті көрсету кезеңінде орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін қалыптастыру үшін порталда "өнім берушінің жеке кабинеті" модуліне бере отырып, таксиге тапсырыстың мобильді қосымшасы арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық-цифрлық құжат нысанында инватакси қызметтерін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы көрсетудің маршруты туралы ақпаратты қалыптастыра отырып, сапар маршруттарын тіркейді.";

      49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Мүгедектігі бар адамдарды Портал арқылы инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтерді көрсететін өнім берушілерге қойылатын талаптар "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, осы Қағидаларға және "Жолаушылар такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" ҚР СТ 2272-2024 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартына сәйкес келеді, оның ішінде мыналарды қамтиды:

      1) жергілікті атқарушы органдарға берілген такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы;

      2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы шарттың болуы;

      3) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған кемінде он автокөлік құралдарының болуы;

      4) әрбір он автокөлік құралдарына мүгедектігі бар адамдарды кресло-арбамен тасымалдауға бейімделген кемінде бір инватакси;

      5) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауды мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету мәселелері бойынша оқудан өткен, автокөлік құралдарын басқару өтілі кемінде үш жыл жүргізушілермен қамтамасыз ету;

      6) сапар маршрутын белгілеу және өнім берушінің орындаған жұмыстарын растайтын инватакси қызметтерін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы көрсетудің маршруты туралы ақпаратты қалыптастыру мүмкіндігі бар таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы арқылы таксиді шақыруды қамтамасыз ететін ақпараттық-диспетчерлік такси қызметімен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі шарттың болуы;

      7) ұялы байланысты қоса алғанда және өтінімдерді қабылдау үшін Интернет желісі арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын бақылау үшін телефон келіссөздерін жазу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталған, өтінімдерді қабылдау үшін кемінде екі телефон нөмірімен жарақтандырылған мүгедектігі бар адамдардан тапсырыстарды қабылдауға арналған диспетчерлік қызметтің болуы;

      8) инватакси тасымалы жүзеге асырылатын және диспетчерлік қызмет орналасқан, сондай-ақ оған инватакси қызметтерін көрсететін өнім берушінің автокөлік құралдары бекітілетін елді мекен;

      9) инватакси қызметтерін көрсету мүгедектігі бар адамның тұрақты тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады;

      10) мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерінің, оның ғимараттары мен құрылысжайларының (бар болса), қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, оларға инватакси қызметтерін көрсету кезінде қажетті жайлылықтар мен жағдайлар жасау.

      50. Межелі пунктке келгеннен кейін инватакси қызметтерін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы көрсетудің маршруты туралы ақпаратты автоматты түрде қалыптастыру үшін мүгедектігі бар адам немесе еріп жүретін адам бағасын қояды.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету елді мекен шегінде осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес қолданыстағы ДКК-ның қорытындысы негізінде мынадай санаттар бойынша есеппен жүзеге асырылады:

      1) бірінші топтағы мүгедек адамдар және екінші топтағы мүгедек адамдар болып табылатын жұмыс істейтіндерге айына кемінде жиырма бес сағат;

      2) мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне, білім беру ұйымдарында білім алушыларына айына кемінде жиырма бес сағат:

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      кресло-арбамен қозғалатын екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

      3) тізбеге сәйкес бағыттар бойынша мүгедектігі бар өзге адамдарға айына кемінде алты сағат.

      Мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге тасымалдау жөніндегі қызметтерге көзделген сағат санын және бір сапар уақыты бойынша ұзақтығын ұлғайтуға осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жол беріледі.

      Ағымдағы айда пайдаланылмаған сағаттар келесі айға ауыстырылмайды.

      Мүгедектігі бар адамды басқа санатқа ауыстыру цифрлық жүйелерден мәліметтер түскеннен немесе өтініш беруден кейін келесі айдың басынан бастап жүргізіледі.

      Мүгедек адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету мынадай мән жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады:

      мүгедектік тобының өзгеруі;

      тұрақты тіркеу орнын ауыстыру;

      мүгедектігі бар адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты мекен-жайға кетуі немесе қайтыс болуы.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Инватакси қызметін алу үшін өтініш беруші инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш (еркін нысанда);

      2) жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік;

      3) ДКК қорытындысы;

      4) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама.

      2), 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мүгедектігі бар адамға қайтарылады.

      Жеке және заңды тұлғаларға цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылатын және ұсынылатын жеке басты куәландыратын құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді таксимен тасымалдаушы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаны жергілікті атқарушы органға берген, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы шарттың жасасқан, сондай-ақ иелігінде инватакси, қызмет көрсету үшін қажетті персоналдың жұмысы үшін шарттары бар, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардан тапсырыстарды қабылдауға арналған, өтінімдерді қабылдау үшін ұялы байланысты қоса алғанда және Интернет желісі арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын бақылау үшін телефон келіссөздерін жазу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталған өтінімдерді қабылдау үшін кемінде екі телефон нөмірімен жарақтандырылған диспетчерлік қызметі бар ұйым көрсетеді.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Инватакси қызметтерін көрсететін ұйым ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инватаксидің орындалған жұмыстарын растайтын мүгедектігі бар адамдардың қолдары бар инватакси қызметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес көрсетудің маршруты туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға береді.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Межелі пунктке келгеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес инватакси қызметтерін көрсету бағыты туралы ақпаратқа мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі қол қояды, мүмкіндік болмаған жағдайда, дене функциясының бұзылуы салдарынан ілесіп жүретін адам қол қояды.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің міндетін
атқарушы
2026 жылғы 25 сәуірдегі
№ 99 Бұйрыққа қосымша
Автомобиль көлігімен
(инватакси) мүгедектігі бар
адамдарды тасымалдау жөнінде
қызметтер көрсету
қағидаларына 2-қосымша

Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметті алуға өтініш

      Мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге тасымалдау жөніндегі қызметтерді әлеуметтік

      көрсетілетін қызметтер порталы арқылы көрсетуді сұраймын.

      Мүгедектігі бар адам туралы мәліметтер:

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні: ______________________________________________________

      Мүгедектік тобы _________________________________________________

      Мүгедек адамдарды кресло-арбамен тасымалдауға бейімделген инватаксиге

      қажеттілік ________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ___________________________

      Құжат нөмірі: __________ кім берді: _________________________________

      Берілген күні: 20 ___ жылғы "____" _____________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі:_________________________________________

      Тұрақты тұратын (тіркелген) мекенжайы: _____________________________

      Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі ________________

      Заңды өкіл туралы мәліметтер (бар болса):

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ___________________________

      Құжат нөмірі: __________ кім берді: _________________________________

      Берілген күні: 20 ___ жылғы "____" ______________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________

      Тұрақты тұратын (тіркелген) мекенжайы: _____________________________

      Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі ________________

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына

      сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, мүгедектігі бар адамдарды

      тасымалдау жөніндегі қызметтерге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Инватакси қызметтерін ұсынуды бақылау мақсатында инватаксимен жүріп-тұру

      маршрутын қадағалауға келісім беремін.

      Келесі шарттар сақталған жағдайда инватакси қызметтерін ұсыну туралы хабардар

      болдым:

      - осы Қағидалармен танысу;

      - мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірі бар ұялы телефонның болуы;

      - әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы инватакси қызметін алу кезінде

      тапсырысты жүзеге асыру үшін таңдалған өнім берушімен шарт жасасқан ақпараттық-

      диспетчерлік такси қызметінің таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын

      жүктеу;

      - әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы инватакси қызметін алу кезінде

      сапардың аяқталуын бағалаумен тіркеу.

      Жалған мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы

      ескертілдім.

      Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің қолы __________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20____ жылғы "____" ___________

      Өтінішті қабылдаған адамның лауазымы және қолы ____________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20__ жылғы "__" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады