БҰЙЫРАМЫН:
1. "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1) тармақшасына, 16-бабының 4-тармағына және 19-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5, 16, 17, 18 және 19-бабын іске асыру үшін әзірленді және "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы, борышкер) жеке тұлғаларға банктік қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (ломбардтарды қоспағанда) немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерін тоқтату мақсатында көрсетіледі.
Осы тармақта көрсетілген міндеттемелерге, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың (бұдан әрі – кредиторлар) алдындағы міндеттемелер де жатады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Борышкердің осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) беруі үшін Заңның 5-бабына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және Өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде Қағидалардың 2-тармағында айқындалған міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай:
1) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы;
2) кредиторлар алдындағы міндеттемелері бойынша осындай Өтініш берілген күнге қатарынан он екі ай бойы өтеудің болмауы.
Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі.
Өтеудің болмау мерзімі әрбір банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.
Егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, құқықты (талапты) басқаға беру шарты бойынша коллекторлық агенттікке берілген банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша өтеудің болмау мерзімі соңғы төлем күнінен бастап құқық (талап ету) коллекторлық агенттікке берілгенге дейін есептеледі;
3) кредитор мен борышкерге "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі;
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет.
Осы тармақшаның талаптары осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру шартына қолданылмайды.
4) Өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің қолданылмау шарттарына сәйкес келуі негіз болып табылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы Өтініш берілген күннің алдындағы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылса, осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген шарттарға қарамастан, ол Өтініш бере алады.
Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі Өтініш берілген күннен 5 (бес) жыл асса, осы тармақшада белгіленген шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Өтінішті береді.
Көрсетілетін қызметті алушының Өтінішті өңдеу, оның ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігін тексеру "Qoldau.kz" тіркеуші ақпараттық жүйесінде іске асырылған "Tazalau" ақпараттық сервисінде тіркеуші мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кредиттік бюролардың деректерін салыстыру арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
Көрсетілген қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 5 және 7-тармағында көзделген мән-жайларға сәйкес келген және жұбайының (зайыбының) (ол болған жағдайда) келісімі болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Өтініш берілген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі, осы тармақтың үшінші бөлігінде айқындалғанды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер порталда орналастырылған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.
жиынтық берешегі Өтініш берілген күні республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын және міндеттемелерді орындамау мерзімі бес жылдан асатын борышкерге қатысты соттан тыс банкроттық рәсім осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер порталға орналастырылған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер порталда орналастырады не осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту:
1) портал және (немесе) мобильдік қосымша арқылы және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында;
2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған қағаз жеткізгіште береді.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде (сәйкестендіру үшін) жүзеге асырылады.
Заңның 16-бабы 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуға себеп болған негіздерді жойғаннан кейін, бірақ бас тартуды алған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті қайта береді.
10. Соттан тыс банкроттық рәсімі, Заңның 18-бабына сәйкес егер мұндай рәсімді жүргізу мерзімі ішінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация, портал және (немесе) мобильді қосымша арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы өтініш берсе;
2) борышкердің меншігіне мүлік түсіп немесе өзінің қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайы өзгеріп, бұл оның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік берсе;
3) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иеленуіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сондай-ақ мүлік туралы мәліметтерді көрсететін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау фактілері анықталса;
4) көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болса, соттың оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енсе;
5) борышкердің Өтініш берген күні осы Заңның 5-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес келмеу фактілері, оның ішінде кредитордың өтініші бойынша анықталса тоқтатылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2), 3) және 5) тармақшасының талаптары осы Заңның 5-бабы 3-тармағының негізінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолданған борышкерлерге қатысты болмаса тоқтатылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Өтінішті қайтадан осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша рәсім тоқтатылған күннен кейін 6 (алты) айдан кешіктірмей беруге құқылы.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Заңның 18-бабына сәйкес соттан тыс рәсімді тоқтату үшін негіздер болмаған кезде, уәкілетті орган осы Қағидалардың 9-тармағының екінші және үшінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен соң осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарады және порталда орналастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші:
мемлекеттік қызметті алушының портал және (немесе) мобильді қосымшадағы "жеке кабинетіне";
Мемлекеттік корпорацияға курьерлік, пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өткен күннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде (сәйкестендіру үшін) жүзеге асырылады.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлiгi
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 269 бұйрығына 1-қосымша "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы қағаз жеткізгіште; |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастыруы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз жеткізгіште) |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастыруы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тартуы; |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорациясының және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 08.30-ден 18.00-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініші. Портал және (немесе) мобильді қосымшада: Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініші. |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен ақпараттардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген Өз-өзіне қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып, 1414 Біріңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде) жүгіну арқылы жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алады. |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 269 бұйрығына 2-қосымша "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша нысан |
Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы өтініш
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке куәлікте көрсетілген болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (телефон)
Осы арызбен менің 20__ жылғы _____ №__ өтінішім бойынша бастамашылық жасалған соттан тыс банкроттық рәсімін мына себептерге (қажет болғанын белгілеңіз):
1. Соттан тыс банкроттық рәсімін өз еркімен жүргізуден бас тарту
2. Мүліктің меншігіме түсуіне немесе кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерімді толық немесе 30 (отыз) пайыздан астам орындауға мүмкіндік беретін қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайымның өзгеруіне байланысты тоқтатуыңызды сұраймын.
________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке куәлікте көрсетілген болса)
_________________________________________________________
(қолы, күні/электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ)
деректер, ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты
Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы ӨТІНІШІ
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - АЖТ) (егер ол жеке куәлікте көрсетілген болса)
____________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН))
____________________________________________________________________
(тұрғылықты жері/тіркелген жері бойынша мекенжайы – облыс, аудан (қала), елді
мекен (село және тағы басқа), көше (даңғыл, тұйық көше), үй, пәтер)
Жолдасының ЖСНі:__________________________________________________
Мен:
"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген соттан тыс тәртіппен азаматты банкрот деп тану туралы өтініш беру шарттарына сәйкес келетінімді растаймын, атап айтқанда:
1) менің міндеттемелерім республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туалы өтініш берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайды;
2) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығымда мүлік жоқ;
3) өтініш берілген күнге қатарынан 12 (он екі) ай бойы өтеу болмаған;
4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдер жүргізілді.
Қосымша мәліметтер:
1) соңғы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушымын;
2) міндеттемелерді орындамау мерзімі 5 (бес) жылдан асты.
Мен:
мәліметтер "электрондық үкімет" порталында орналастырылған күннен бастап мынадай салдар басталғаны:
1) мәліметтері кредиттік бюросының деректер базасында көрсетілген, Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген кредитор алдындағы борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептелгені;
2) мәліметтері кредиттік бюросының деректер базасында көрсетілген, Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген кредиторлардан міндеттемелерді орындауды талап етуге тыйым салынатыны;
3) мәліметтері кредиттік бюросының деректер базасында көрсетілген, Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген кредиторлар алдындағы барлық қарыз түрлері бойынша тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдар, айыппұлдар) және сыйақының есептелуі тоқтатылатыны;
4) жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауға тыйым салынатыны;
5) уәкілетті органның мемлекеттік органдар мен өзге де органдардан және ұйымдардан борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану алдындағы үш жылға дейінгі кезеңдегі жалпы ортақ мүлкін қоса алғанда, мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептелетіні;
6) банктік шоттарынан кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне ақша өндіріп алуға жол берілмейтіні;
7) соттардың борышты өндіріп алу туралы шешімдерін орындау тоқтатыла тұратыны;
8) маған соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға дейін және соттан тыс банкроттық рәсімі барысында менің қаржылық жағдайымның 3 (үш) жыл бойы мониторингтелетіні туралы хабардар етілді.
Салдарлар туралы білемін:
1) 5 (бес) жыл ішінде қарыз берілмейді;
2) мені банкрот деп танығаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде маған қатысты қаржылық жай-күйге мониторинг жүргізіледі.
Мен осы өтініште ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптымын.
Мобильді азаматтар базасында (МАБ) көрсетілген телефон нөміріне sms-хабарлама арқылы менің өтінішім бойынша қабылданған шешім туралы хабарламаға келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жұбайының (зайыбының) келісімін алу үшін Мобильді азаматтар базасында көрсетілген телефон нөміріне жұбайыма (зайыбыма) sms-хабарлама жіберуге келісім беремін.
"Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде жеке деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісемін.
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру мерзімі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңінде жарамды.
Жеке деректерді трансшекаралық тасымалдаудың жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таратылмауы туралы хабарлаймыз.
Жиналған деректер тізімі: АЖТ (ол болған жағдайда), ЖСН, банк деректемелері, электрондық поштасы, телефон нөмірі, құқық және (немесе) мәміле құзыретті органда, оның ішінде шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекетте мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік, жалпы ортақ мүлкін қоса алғанда, банктік шоттардағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі ақша, қолма-қол ақша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес, заңды тұлғаның, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда), инвестициялық алтын, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері, шарт немесе міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (растаған) өзге де құжат болған кезде басқа тұлғалардың борышкер алдындағы берешегі (дебиторлық берешек), ветеринариялық паспорты немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаты болған кезде жануарлар, асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер және антиквариат туындылары, тері бұйымдары, басқа да бағалы киім, цифрлық активтер.
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_______________________________________________________________
(қолы, күні/электрондық цифрлық
қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) деректер,
ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты)
өтініш беру күні |
|
тұрғылықты жері бойынша |
|
_______________________________________________________________
(арызды қабылдаған лауазымды адамның қолы, күні/тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЭЦҚ-дан деректер, ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты)
өтінішті қабылдау күні |
|
құжаттың кіріс нөмірі |
|
Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен тең.
Сіз электрондық құжаттың түпнұсқалығын tazalau.qoldau.kz, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасынан тексере аласыз.

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА
Сіздің 20__ "__" _______ №___ өтінішіңізге, Сізге қатысты соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға мынадай себептер бойынша:_____________________________________________________________________________________________________________________ бас тартылғаны туралы хабарлаймыз.
Борышкер "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 5-тармағына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуға себеп болған негіздерді жойғаннан кейін, бірақ бас тартуды алған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті қайтадан беруге құқылы.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 4-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, қызмет алушылар мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушінің және/немесе оның лауазымды тұлғаларының шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі мекемеге немесе тұлғаға шағымдану құқығына ие:
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы атауы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдарды қарауға өкілетті лауазымды тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (егер ол жеке куәлікте көрсетілген болса))
____________________________________________________________________
немесе сотқа, шешім қабылданған немесе әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде шағымдануға болады.
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке куәлікте көрсетілген болса), көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының лауазымы)
____________________________________________________________________
(қолы, күні/ электрондық цифрлық қолтаңба
(бұдан әрі – ЭЦҚ), ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты)

Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы ШЕШІМ
"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің ______________________________________
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ___________________________
Мемлекеттік кірістер басқармасы _______________________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
қатысты соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы және азаматты банкрот деп тану туралы хабарлайды.
__________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке куәлікте көрсетілген болса),
көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының лауазымы)
__________________________________________________________
(қолы, күні/электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ),
ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты)