БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 166) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі –Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 166) тармақшасына, қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарына сәйкес әзірленді және дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері мен тұрақты мекемелерінің (бұдан әрі – субъектілер) бухгалтерлік есепті "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалардың қолданысы:
1) Заңға сәйкес Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент Сақтандыру брокерлерінің филиалдары және Қазақстанның Даму Банкі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі еншілес компаниялары;
2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленетін мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды;
3) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін заңнамаға сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бухгалтерлiк есептi жүргiзудi, қаржылық есептiлiк жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететiн бас бухгалтер немесе басқа лауазымды адам бухгалтерлiк қызметтiң басшысы (бұдан әрi – бас бухгалтер) болып табылады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізілмейді. Қалған бастапқы құжаттарға түзетулер операцияға қатысушылармен келісім бойынша ғана енгізіледі, бұл түзетулер енгізілген күнді көрсете отырып, құжаттарға қол қойған адамдардың қолдарымен расталады.
Электрондық тасымалдағыштағы бастапқы құжаттағы қателерді түзету Заңға сәйкес ресімделген, бұрын жасалған бастапқы құжатқа (нөмірі мен күні) "түзетілді" деген белгісі бар сілтемені, осы құжатқа бұрын қол қойған операцияға қатысушылардың қолдарын қамтитын түзету нөмірі мен күнін көрсете отырып, жаңа түзетілген бастапқы құжатты жасау арқылы жүзеге асырылады. Түзетілген бастапқы құжатты электрондық тасымалдағышта ресімдеу кезінде бұрын жасалған "күші жойылды" мәртебесі бар бастапқы құжат сақталуға тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. |
Е. Биржанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының
