"Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 16 наурыздағы № 24 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 наурызда № 38218 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19871 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 19 наурыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк Төреағасының міндетін атқарушы
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 24 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 266 қаулысымен
бекітілген

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібі айқындалады.

      2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 78-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған қадағалап ден қою шаралары Банктер және банк қызметі туралы заңның 78-бабының 7-тармағына, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қолданылады.

      3. Ұлттық Банк Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға қадағалап ден қоюдың мынадай шараларын:

      1) қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын;

      2) қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шараларын қолданады.

      4. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде Банктер және банк қызметі туралы заңның 78-бабының 3-тармағында көзделген факторлар ескеріледі.

      5. Ұлттық Банк қолданылған қадағалап ден қою шараларын есепке алады және қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

2-тарау. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары

      6. Банктер және банк қызметі туралы заңның 79-бабының 1-тармағында, Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда Ұлттық Банк Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.

      7. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы Ұлттық Банктің хатымен ресімделеді және осы шараны қолданудың негіздерін және анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы хабарламаны және (немесе) анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды және (немесе) Ұлттық Банк кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда, қадағалап ден қоюдың өзге шараларын қолдану мүмкіндігі туралы ескертуді қамтиды.

      8. Ұлттық Банк Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғаға және Ұлттық Банк қажет деп тапқанда, Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғаның жеке басқару органдарына қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын жібереді.

3-тарау. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары

      9. Ұлттық Банк кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шараларын қолданады.

      10. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 66-бабына сәйкес қызметін Ұлттық Банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шараларының жобасы түрінде ресімделген қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шараларын қолдану туралы алдын ала шешімді оларға алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу орны мен уақыты туралы хабарламамен қоса жібереді.

      Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шараларын қолдану туралы алдын ала шешім және тыңдауды өткізу орны мен уақыты туралы хабарлама қадағалап ден қою шарасын қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Қызметін Ұлттық Банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шараларын қолдану туралы алдын ала шешімге ӘРПК-нің 73-бабы 3-бөлігінде белгіленген мерзімде қарсылығын ұсынады немесе білдіреді.

      11. ӘРПК-нің 96-бабына сәйкес шағым беру қолданылған қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шарасы орындалуын тоқта тұрмайды.

      12. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.

      13. Ұлттық Банк жазбаша нұсқамада Банктер және банк қызметі туралы заңның 80-бабының 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қабылдауды және (немесе) жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) ұсыну қажеттігін көрсетеді.

      14. Іс-шаралар жоспары кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың сипатын, олардың туындауына әкелген себептерді, жоспарланған іс-шаралардың тізбесін, оларды жүзеге асыру мерзімдерін, сондай-ақ іс-шаралар жоспарының әрбір тармағының орындалуына жауапты басшы қызметкерлерді қамтиды.

      15. Ұлттық Банк қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлғаның ұсынған іс-шаралар жоспарын Ұлттық Банкке келіп түскен күнінен кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Ұсынылған іс-шаралар жоспары бойынша Ұлттық Банктің ескертулері болған және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың көлемі 20 (жиырма) іс-шарадан асқан жағдайда, іс-шаралар жоспарын қарау мерзімі бір рет қана 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлғаның ұсынған іс-шаралар жоспарына Ұлттық Банктің ескертулері болған жағдайда, Ұлттық Банк ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлға Ұлттық Банктің ескертулерін ескере отырып, Ұлттық Банктің хатында көрсетілген мерзімде пысықталған шаралар жоспарын ұсынады немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.

      Ұлттық Банк қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлғаның ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.

      Ұлттық Банк ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлға оны іске асыруға кіріседі.

      Ұлттық Банк іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлғаға Банктер және банк қызметі туралы заңның 80-бабының 1-тармағында белгіленген шараларды көрсете отырып, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шараларын қолданады.

      16. Ұлттық Банк Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғамен Банктер және банк қызметі туралы заңның 80-бабының 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім жасайды.

      17. Жазбаша келісімде Банктер және банк қызметі туралы заңның 80-бабының 1-тармағында көрсетілген шаралардың орындалуы туралы келісім, анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдері және (немесе) қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлғаның өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесі көзделеді.

      Жазбаша келісімге қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлға міндетті түрде қол қоюға тиіс. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлға жазбаша келісімге қол қойған соң оның талаптарын толық көлемде және онда белгіленген мерзімдерде орындау жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.

      18. Жазбаша келісім заңды күші бірдей 4 (төрт) дана етіп (қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данадан) жасалады және Ұлттық Банк қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлғаға ілеспе хатпен жібереді.

      Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлға қол қойылған 2 (екі) дана (1 (бір) данадан қазақ және орыс тілдерінде) жазбаша келісімді алған күнінен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы Ұлттық Банкке қайтарады.

      19. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлға Ұлттық Банкті:

      жазбаша нұсқамада, жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны;

      іс-шаралар жоспарында көзделген жүзеге асыру күнінен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы хабардар етеді.

      20. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлғаның жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шаралар мен іс-шараларды орындауы:

      1) жазбаша нұсқама үшін - қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлғаның жазбаша нұсқаманы алған күнінен бастап;

      2) іс-шаралар жоспары үшін - қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлғаның Ұлттық Банк мақұлдаған іс-шаралар жоспарын алған күнінен бастап;

      3) жазбаша келісім үшін - қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлғаның жазбаша келісімге қол қойған күнінен бастап басталады.

      Егер жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген шараларды және (немесе) жоспарланған іс-шараларды орындау мерзімдері 1 (бір) айдан асатын болса, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлға ай сайын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Ұлттық Банкті жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шаралардың және (немесе) іс-шаралардың кезең-кезеңімен орындалғаны туралы жазбаша хабардар етеді.

      21. Жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шараларды және (немесе) іс-шараларды қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлғаға байланысты емес себептер бойынша осы құжаттарда белгіленген мерзімдерде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, осы тұлға осы құжаттарда белгіленген шараларды және (немесе) іс-шараларды орындау мерзімінен кешіктірмей Ұлттық Банкке жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шараларды және (немесе) іс-шараларды орындау мерзімін ұзарту қажеттілігінің негіздемесі қамтылған мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты (бұдан әрі - өтінішхат) ұсынады.

      Ұлттық Банк өтінішхатты қарау нәтижелерін қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған тұлғаға Ұлттық Банкке ол келіп түскен күннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады