БҰЙЫРАМЫН:
1. "Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы ережеде:
184-тармақтың орыс тіліндегі нұсқасына толықтыру енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
226-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) өндіріп алушы төлеген жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін мөлшерлемелер мөлшерінің сомасын белгілеу, өндіріп алушының атқарушылық жазба жасалған кезде көтерген пошталық шығыстары;";
233-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
"233. Жекеше нотариустың атқарушылық жазбаны жасағаны үшін ақы Заңның 30-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 27 қыркүйектегі № 533 бұйрығымен бекітілген Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшеріне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36957 болып тіркелген) алынады.
Жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де қызметтері үшін төлем төлеуден босатылған өндіріп алушы атқарушылық жазбаны жасау үшін жүгінген кезде, оларды төлеу бойынша міндет борышкерге жүктеледі.
Атқарушылық жазбаның күші жойылған кезде нотариусқа оны жасау үшін төленген сома қайтарылуға жатпайды.".
2. "Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 27 қыркүйектегі № 533 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36957 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшерінде:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қалалық жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғынжайларды, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:";
1) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"егер мәмiле ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша алынған қаражат есебiнен жылжымайтын мүлiктi сатып алу мақсатында жасалатын болса – 4 АЕК;";
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ауылдық жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғынжайларды, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) автомобиль көлiгiн, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды сату құқығынсыз пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 2 АЕК;";
26) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"Бұл ретте Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген талап бойынша атқарушылық жазба жасау үшін – 0,5 АЕК.
Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар бойынша атқарушылық жазба жасау үшін ақы төлеудің төменгі шегі 1 АЕК құрайды.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Өндіріп алушының нотариусқа атқарушылық жазба жасағаны үшін төлеген төлемі, сондай-ақ осыған байланысты өндіріп алушы көтерген шығыстар борышкерге жатқызылады.
Атқарушылық жазбаның күші жойылған кезде, нотариусқа оны жасағаны үшін төленген сома қайтарылуға жатпайды.".
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. |
Б. Жакселекова |