БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 564, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 86, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 290, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 394 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 4 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9741 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бірлескен бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау қағидаларын бекіту туралы";
бірлескен бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау қағидалары";
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 146-бабына сәйкес әзірленді, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының не егер бұлтартпау шарасы сот іс жүргізуі уақытында қолданылса, соттың өтініші бойынша тергеу судьясы (сот) таңдайтын үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау тәртібін белгілейді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) үйқамақ – күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны күзетпен қамауда ұстамай, бірақ ҚПК 147-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіпте судья (сот) белгілеген шектеулерді қолдана отырып, қоғамнан оқшаулау;
2) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй).
Модульдік (мобильді) тұрғын үй деп арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұруына арналған және соған пайдаланылатын, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан объект түсініледі.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Үйқамақты қолдану";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Үйқамақта отырған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тәртібін қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыру";
18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға таңдалған бұлтартпау шарасының, тергеу судьясының (соттың) қаулысында көрсетілген шектеулер мен міндеттердің мәнін түсіндіреді. Күдіктіге (айыпталушыға, сотталушыға) бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеу судьясының (соттың) қаулысын хабарлау және оның көшірмесін тапсыру туралы хаттама жасайды. Хаттама тергеушіге, анықтаушыға, прокурорға немесе егер бұлтартпау шарасы сот ісін жүргізу кезінде қолданылса, сотқа жолданады, хаттаманың көшірмесі бақылау-қадағалау ісіне тігіледі.
Күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны кезекші бөлімге және оның мінез-құлқына тікелей қадағалауды жүзеге асырылатын құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне мыналар:
қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен не шұғыл жағдайлар немесе төтенше жағдайларға байланысты тұрғынжайды толық немесе белгілі бір уақытта қалдыру ниеті туралы;
бірге тұратын отбасы мүшелері мен қорғаушысымен байланыстарды және ҚПК-нің 146-бабының үшінші бөлігінде көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен сот тыйым салған белгілі бір адамдармен араласу және кімді болса да үйінде қабылдау туралы;
ҚПК 146-бабының екінші бөлігінің 5) тармағында және үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен телефон арқылы сөйлесу және хат-хабар жөнелту туралы;
байланыс құралдарын пайдаланудың әрбір жағдайы жөнінде хабарлау қажеттілігі туралы жазбаша түрде ескертеді.
Жүктелген шектеулер орындалмаған жағдайда прокурор, тергеуші (анықтаушы) ҚПК-нің 153-бабына сәйкес прокурормен келісім бойынша бұлтартпау шарасын күзетпен қамауда ұстауға өзгерту немесе қосымша міндеттер жүктеу туралы өтінішпен тергеу судьясына (сотқа) жүгінуге құқылы екендігін түсіндіреді;";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Үйқамақта ұстаудың орындалуын бақылау";
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
| "Үйқамақ түріндегі бұлтартпау | |
| шарасын орындау қағидаларына | |
| 1-қосымша (11-тармақ)"; |
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
| "Үйқамақ түріндегі бұлтартпау | |
| шарасын орындау қағидаларына | |
| 2-қосымша (16-тармақ)". |
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.