Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 ақпандағы № 16-6 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7703-15 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер еңгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінуге құқылы:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алынатын алименттер туралы мәліметтер;
банктік шот;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) "электрондық үкімет" веб-порталына:
мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
банктік шоттың электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті беруші өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Қайта жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) Қағидалардың 11-тармағында көзделгенді қоспағанда, жүгінгенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының табысы туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарды ғана ұсынады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жіберіледі.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі үәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Казпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Шоттарға ақшалай сомаларды аудару көрсетілетін қызметті берушімен ай сайын өткен айға жүргізіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы | М. Жусупбеков |