Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы "Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" № 117/3 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 137/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 20 мамырда № 7666-14 болып тіркелді

      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 117/3 "Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5955 болып тіркелді) келесі өзгеріc пен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі 19-тармақпен толықтырылсын:

      "Автомобиль жолының индексі KS-19 Автомобиль жолының атауы Алексеевка-Жаңажол-Ескелді-Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі-Бесқауға-Екібастұз Автомобиль жолының мекенжайы, километр 0-112,024 Жалпы ұзындығы, километр 112,024 Барлығы: 1122,041".

      2. "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының Павлодар облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Б. Батырғұжиновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 137/1 қаулысына
қосымша
  Павлодар облысы әкімдігінің
2018 жылғы 30 наурыз
№ 117/3 қаулысына
қосымша

Автожол индексі

Автомобиль жолының атауы

Автожолдың мекенжайы, километр

Жалпы ұзындығы, километр

1

KS-1

Тереңкөл – Михайловка – Ресей Федерациясының шекарасы

0-108

108,0

2

KS-2

Окуневский өткеліне кіреберіс жол

0-9

9,0

3

KS-3

Подстепкина өткеліне кіреберіс жол

2,728-9,141

6,413

4

KS-4

Беловка – Қалқаман

0-61

61,0

5

KS-5

Жаңаауыл өткеліне кіреберіс жол

0-6,5

6,5

6

KS-6

Ақтоғай – Шолақсор

0-164

164,0

7

KS-7

Ертіс – Пятирыжск (өткел)

0-6,2

6,2

8

KS-8

Ертіс – Ертіс станциясы

0-67,1

67,1

9

KS-9

Панфилов – Бестөбе

0-79,3

79,3

10

KS-10

Ивановка – Трофимовка – Ресей Федерациясының шекарасы

0-95

95,0

11

KS-11

Шақат – Восточное – Шалдай

0-121,6

121,6

12

KS-12

Жаңаауыл өткеліне кіреберіс жол

0-2,5

2,5

13

KS-13

Окунев өткеліне кіреберіс жол

0-3,5

3,5

14

KS-14

Чернорецк – Ольгин – Успен – Шарбақты

0-149

149,0

15

KS-15

Павловка – Галицкое

0-40

40,0

16

KS-16

Екібастұз – ГРЭС-2

0-26,9

26,9

17

KS-17

Майқайың – Екібастұз

0-29

29,0

18

KS-18

Жаңа Жұлдыз – Петропавловка

0-35,004

35,004

19

KS-19

Алексеевка-Жаңажол-Ескелді-Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі-Бесқауға-Екібастұз

0-112,024

112,024



Барлығы:


1122,041







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады