Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2021 жылғы 18 мамырдағы № 98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9918 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы.";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бейімбет Майлин ауданының әкімі | К. Муржакупов |
| Әкімдіктің | |
| 2025 жылғы 29 қаңтардағы | |
| № 11 қаулысына | |
| қосымша | |
| Әкімдіктің | |
| 2021 жылғы 18 мамырдағы | |
| № 98 қаулысына | |
| қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның концерттік зал меңгерушісі (басшысы);
4) музыкалық жетекші;
5) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
6) хореограф;
7) дыбыс режиссері;
8) режиссер;
9) қоюшы режиссер;
10) аккомпаниатор;
11) концертмейстр;
12) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
13) кітапханашы;
14) библиограф;
15) редактор (негізгі қызметтер);
16) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
17) қазақ, ағылшын тілдер мұғалімі.
