Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 37/3 "Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 19/8 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 19 мамырда № 6772-09 болып тіркелді

      Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 37/3 "Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6623-09 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Теміртау қаласындағы инватакси қызметін алушылар санатын келесі санаттармен кеңейту:

      жүріп-тұруы қиын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

      аяқтарында ампутациялық тұқылдары бар екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      жүріс арбалар көмегімен жүретін екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі Г. Ашимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады