Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 "Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін келесі объектілер мен межелі орындар тізбесімен кеңейту:
"Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);
Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары;
Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары;
Қарағанды облысы білім басқармасының "Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
"Қарағанды облысы бойынша Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің филиалы;
"Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің түзету орталықтары.
2. Инватакси қызметін көрсетуге көрсеткіштерді мынадай көрсеткіштермен кеңейту:
1) жүріп-тұруы қиын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қамтамасыз ету қағидалары) 49-тармағына сәйкес күрделі және асқынбаған ортопедиялық аяқ киім алуға негіз болып табылатын көрсеткіштер;
Қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымшаның 1-тармағының 1.2, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8 - тармақшаларына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға арналған көрсеткіштер.
2) психоневрологиялық аурулардың болуы немесе аутистік спектрінің бұзылуы бар көрсеткіштер бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға.
3) жүріс арбалар көмегімен жүретін екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға:
Қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымшаның 1-тармағының 1.5 - тармақшасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға арналған көрсеткіштер.
4) аяқтарында ампутациялық тұқылдары бар екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға.
3. Күші жойылды деп тану:
1) Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 19/8 "Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 37/3 "Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772-09 болып тіркелген).
2) Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 37/3 "Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6623-09 болып тіркелген).
4. "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Теміртау қаласының әкімі | Ғ.Әшімов |