Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 173 "Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2025 жылғы 10 шілдедегі № 348 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 14 шілдеде № 36437 болып тіркелді

      Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 173 "Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8569-04 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб - порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Ергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады