"Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 700 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 қарашада № 37399 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21302 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-3) тармақшасына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және оларды Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі-АБК) – белгілі бір үлгідегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық құралдардың жиынтығы;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) импорттаушы – ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес, ЕАЭО кедендік аумағына темекі өнімдерін әкелуді, сондай-ақ ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына темекі өнімдерін әкелуді жүзеге асыратын, темекі өнімдерінің айналымына қатысушы;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы (бұдан әрі – Оператор) – "Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалауының бірыңғай операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысына сәйкес айқындалған, Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізуді және өзектендіруді қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, сүйемелдеуді және пайдалануда қолдауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      5-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда баяндалсын:

      "3) таңбалау кодтарын алу, таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді беру бөлігінде, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарын енгізу, жарамсыз ету (болған жағдайда) және агрегациялау туралы ақпаратты, сондай-ақ ЭЦҚ қойылған ТТҚ АЖ таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы туралы мәліметтерді кейін ТТҚ АЖ-ға жібере отырып, темекі өнімдерінің тұтыну және топтық қаптамаларына сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы мәліметтерді Операторға автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін АБК байланыс арналары бойынша ТТҚ АЖ-ға қосулы болуы;

      Бұл ретте таңбалауды енгізген мерзімге дейін Оператор айналымға қатысушылардан ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға дайындығы туралы электрондық хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кеш емес мерзімде айналымға қатысушылардың АБК-мен ТТҚ АЖ ақпараттық өзара іс-қимылын тестілеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.";

      5) тармақша алып тасталсын;

      6-тармақтың 3) және 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) таңбалау кодтарын алу, таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді беру бөлігінде, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарын енгізу, жарамсыз ету (болған жағдайда) және агрегациялау туралы ақпаратты, сондай-ақ ЭЦҚ қойылған ТТҚ АЖ таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы туралы мәліметтерді кейін ТТҚ АЖ-ға жібере отырып, темекі өнімдерінің тұтыну және топтық қаптамаларына сәйкестендіру құралдарын енгізу туралы мәліметтерді Операторға автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін байланыс арналары бойынша ТТҚ АЖ-ға, АБК-ге қосылуды (мүмкіндік болған жағдайда) қамтамасыз етеді;

      4) ЭЦҚ куәландырылған, ТТҚ АЖ-да таңбаланған темекі өнімдерін айналымға енгізу, айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді қалыптастыру және беруге мүмкіндігі бар АБК-нің болуын қамтамасыз етеді.";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ЭЦҚ қойылған ТТҚ АЖ-да таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы және (немесе) оларды айналымнан шығару туралы мәліметтерді қалыптастыру және беру мүмкіндігі бар АБК-нің болуы.";

      8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. АБК ТТҚ АЖ-ға байланыс арналары бойынша қосулы болмаған және (немесе) ТТҚ АЖ-мен интеграция болмаған кезде, айналымға қатысушы мәліметтерді ТТҚ АЖ жеке кабинеті арқылы ұсынады.";

      9-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Операторға ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде, ТБС-ға қол жеткізуді алуға (өндірушілер үшін) немесе Оператордың инфрақұрылымында орнатылған ТБС-ға қашықтықтан қол жеткізуді (импорттаушылар үшін) беруге арналған электронды хабарламаны жолдайды.

      Бұл ретте Оператор көрсетілген хабарлама келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде ТБС-ға қол жеткізуді ұсынады;

      3) ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде, таңбалау кодтарын алу және таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді жіберу бөлігінде ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға АБК-нің дайын болуын қамтамасыз етеді және Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейстерінің сипаттамасына сәйкес Операторға осындай ақпараттық өзара іс-қимылды тестілеуден өтуге электрондық хабарлама жібереді;

      4) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес осындай ақпараттық өзара іс-қимылға АБК дайын болған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) ай ішінде ТТҚ АЖ-мен АБК ақпараттық өзара іс-қимыл тестілеуінен өтеді;";

      10-тармақтың бірінші абзацында орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі нұсқасына өзгеріс енгізілмейді;

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға АБК-нің дайын болуын қамтамасыз етеді;";

      11-тармақта:

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осындай қызмет жүзеге асырылған күннен бастап темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушылар:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға АБК-нің (болған кезде) дайын болуын қамтамасыз етеді;";

      12-тармақтың 2) және 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы;

      3) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) айналымға қатысушының типі (өндіруші, импорттаушы, көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын айналымға қатысушы);";

      17-тармақта:

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ТТҚ АЖ-да темекі өнімдерін тіркеу үшін өндіруші немесе импорттаушы ТТҚ АЖ-да кем дегенде мынадай мәліметтерді:";

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) темекі өнімдерін тіркейтін өндіруші немесе импорттаушының ЖСН немесе БСН;";

      39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Айналымға қатысушы 1 (бір) есепті кезең (ай) шеңберінде тікелей басып шығару әдісін пайдалана отырып, өндірілген барлық темекі өнімдері бойынша тұтыну және топтық қаптамаларды агрегаттаудың орташа тиімділігін 99 пайыздан төмен емес қамтамасыз етеді.";

      10-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін айналымға енгізу кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне мәліметтерді ұсыну тәртібі.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелуді жүзеге асыратын айналымға қатысушылар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламаны қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.

      Әкелінген тауарды есепке алу фактісі бойынша айналымға қатысушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы хабарламада бұрын өзі мәлімдеген сәйкестендіру кодтарын растау туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға жібереді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларда көзделген темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламалар осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған жағдайды қоспағанда, электрондық нысанда ресімделеді.

      Осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларда көзделген темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламалар Оператордың интернет-ресурсында ақпаратпен расталған ТТҚ АЖ-да техникалық қателіктер себебінен электрондық нысанда хабарламаларды ресімдеу мүмкін болмаған жағдайда қағаз жеткізгіште ресімделеді.

      Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз жеткізгіште ресімделген Қазақстан Республикасына темекі өнімдерін әкелу туралы хабарламаларды импорттаушы ТТҚ АЖ-да техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бірақ тауар үшінші тұлғаға берілген күннен кешіктірмей ТТҚ АЖ-ға енгізуге тиіс.";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерінің айналымы кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне мәліметтерді ұсыну тәртібі.";

      45, 46, 47, 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. "Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35129 болып тіркелген) белгіленген сәйкестендіру құралдарымен темекі өнімдерін таңбалау енгізілген күннен кейін өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген темекі өнімдерінің айналымына, олардың айналымы туралы мәліметтер ТТҚ АЖ-ға тіркелген жағдайда ғана жол беріледі.

      46. Темекі өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында жаңа меншік иесіне өтеулі немесе өтеусіз беру кезінде айналымға қатысушы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) бекітілген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларының (бұдан әрі – ЭШФ жазып беру қағидалары) талаптарына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) электрондық нысанда шот-фактураны (бұдан әрі - ЭШФ) таңбалау кодтарын көрсете отырып, жазып береді.

      47. ТТҚ АЖ ЭШФ АЖ-да ЭШФ жазып беру нәтижелері бойынша нақты уақыт режимінде таңбалау кодтары, олардың саны және берілетін темекі өнімдерінің құны туралы мәліметтерді қамтитын, жазып берілген ЭШФ бойынша мәліметтерді алады.

      ЭШФ расталған жағдайда ЭШФ АЖ ЭШФ көрсетілген темекі өнімдерінің айналымы туралы келіп түскен мәліметтерді тіркеу үшін нақты уақыт режимінде осы ЭШФ бойынша мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға береді.

      ЭШФ АЖ-дан алынған жөнелтушінің ЭШФ жазып беру туралы мәліметтерінің негізінде ТТҚ АЖ-да ЭШФ-да көрсетілген таңбалау кодтарының меншік иесінің ауысуы туралы мәліметтерді тіркеу мүмкіндігі автоматты түрде бұғатталады.

      ЭШФ АЖ-дан алынған жөнелтушінің ЭШФ-ны қайтарып алуы, қабылдамауы, түзетуі, жоюы туралы мәліметтерінің негізінде ЭШФ-да көрсетілген таңбалау кодтарының меншік иесінің ауысуы туралы мәліметтерді тіркеуді бұғаттау автоматты түрде жойылады.

      48. ЭШФ бойынша айналымға қатысушы ЭШФ жазып беру қағидаларына сәйкес темекі өнімдерін қабылдауды жүзеге асырады.";

      49, 50, 51,52, 53 және 54-тармақтар алып тасталсын;

      55 және 56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушы оларды ЭШФ АЖ-дан ЭШФ-ны растау туралы мәліметтер негізінде және өткізілетін өнімнің қаптамасына салынған сәйкестендіру құралын айналымға қатысушының бақылау-касса машинасымен ұштасқан техникалық құралдармен сканерлеу және тану тәсілімен ғана оларды ТТҚ АЖ-ға қабылдау туралы ақпарат тіркелген жағдайда ғана айналымнан шығаруды жүзеге асырады.

      56. Фискалдық деректер операторы мынадай мәліметтерді қамтитын әрбір өткізілген тауар бірлігі бойынша ТТҚ АЖ-ға нақты уақыт режимінде мәліметтерді беруді жүзеге асырады:

      1) сатушының ЖСН немесе БСН;

      2) бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі;

      3) фискалдық құжаттың деректемелері (чектің нөмірі мен күні);

      4) өткізу күні мен бағасы;

      5) тауарға түсірілген сәйкестендіру құралындағы тауарды сәйкестендіру коды.";

      57-тармақта:

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Бөлшек саудада өткізу кезінде ТТҚ АЖ-да темекі өнімдерін айналымынан шығару мынадай негіздердің бірі болған кезде:";

      3) тармақшасы алып тасталсын;

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Бөлшек саудада өткізу кезінде бұрын айналымнан шығарылған темекі өнімдерін айналымға қайта енгізу үшін айналымға қатысушы әрбір қалпына келтірілетін бірлік бойынша енгізуді жүзеге асырады.

      Бұл ретте фискалдық деректер операторы айналымға қатысушының мәліметтері негізінде ТТҚ АЖ-ға темекі өнімдерін айналымға қайта енгізу туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асырады.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Осы Қағидалардың 4, 5, 10-тарауларында көзделген мәліметтер өзгерген жағдайда, айналымға қатысушы өзгерген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде ТТҚ АЖ арқылы осы мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат жібереді.";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Айналымға қатысушылардың тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне ақпаратты беру тәртібі";

      66 және 67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Айналымға қатысушылардың ТТҚ АЖ-ға ақпаратты ұсынуы деректерді берудің стандартты хаттамаларын және әзірленген ТТҚ АЖ және ЭШФ АЖ электрондық өзара іс қимыл интерфейстерін пайдалана отырып не ТТҚ АЖ жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

      67. Айналымға қатысушылар ТТҚ АЖ-ға жіберетін мәліметтерге айналымға қатысушының не айналымға қатысушының атынан уәкілетті тұлғаның мынадай:

      бұйрыққа сәйкес фискалдық құжаттардың құрамында электрондық нысанда айналымға қатысушылар беретін темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізу туралы;

      айналымға қатысушының темекі өнімдерін өндіру орындарында орнатылған ТБС пайдалана отырып, электрондық нысанда беретін мәліметтерін беру жағдайларын қоспағанда, ЭЦҚ-мен қол қойылады.";

      71 және 72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Айналымға қатысушы көрсетілген мәліметтерді қабылдау күні және ТТҚ АЖ-да мәліметтерді енгізу немесе оларды енгізуден бас тарту себептері туралы ақпаратты ТТҚ АЖ-да жеке кабинетінде көрсету арқылы ұсынылған мәліметтерді алғаны және олардың ТТҚ АЖ-ға енгізілгені не мәліметтерді қабылдаудан бас тарту туралы туралы хабардар етіледі.

      72. Мәліметтерді қабылдау туралы ТТҚ АЖ жеке кабинетінде тіркелген күн ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді ұсыну күні болып танылады.

      Айналымға қатысушының ТТҚ АЖ-да мәліметтерді ұсыну жөніндегі міндетті орындау фактісі мәліметтерді енгізу туралы ТТҚ АЖ-да жеке кабинетінде көрсетілетін ақпаратпен расталады.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. ТТҚ АЖ-да қамтылған тауарларды таңбалау және қадағалау процесінде қалыптастырылған ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады және тек мынадай тұлғаларға:

      1) тауар айналымына қатысушы жасаған тауармен жасалатын мәмілелер туралы ақпарат бөлігінде тауар айналымына қатысушыға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру мақсаттары үшін сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдарға;

      3) ТТҚ АЖ-да қамтылған тауарлардың сипаттамасы, оларды өндіруші немесе сатушы туралы ақпарат бөлігінде тұтынушыларға беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың оныншы, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпіс бірінші, сексен бірінші, сексен бесінші,сексен алтыншы, тоқсаныншы абзацтарды қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады