ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 64) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 2-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ауыл субъектісі – мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктердің біріне кіретін аудандық маңызы бар қала, аудан, ауылдық округ, ауыл, кент және "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "БХТ" АЖ) тіркелген халыққа қызметтер кешенін ұсынатын аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектісі;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) 50 000-ға дейін бекітілген халқы бар ауыл субъектілері үшін ауыл халқына МӘМС жүйесінде қызметтер көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – түзету коэффициенттерін ескере отырып, "БХТ" АЖ-да тіркелген медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушысы болып табылатын бір ауыл тұрғынына шаққандағы есеппен МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;";
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) медициналық қызметтерді тұтынушы – "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар жеке тұлға;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"27) ТМККК шеңберінде МСАК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы кешенді норматив (бұдан әрі – КЖН МСАКТМККК) – МСАК денсаулық сақтау субъектісіне "БХТ" АЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға шаққандағы ТМККК шеңберінде МСАК қызметтері кешенінің құны;";
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
"27-1) МӘМС жүйесінде МСАК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы кешенді норматив (бұдан әрі – КЖН МСАКМӘМС) – МСАК ұйымына бекітілген "БХТ" АЖ-да тіркелген медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын бір адамға МӘМС жүйесінде МСАК қызметтері кешенінің құны;";
46) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салықты қоса алғанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар және (немесе) жарналар, "Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 58 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34803 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруға арналған шығыстар;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмекке тарифтерді есептеу:
осы Әдістеменің 6-12-тармақтарына сәйкес интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына медициналық көмектің, шақырулардың жеделдігінің 4-санатына қызмет көрсету үшін бекітілген халыққа қолжетімділікті, кезек күттірмейтін медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін МСАК көрсету үшін;
осы Әдістеменің 17 және 18-тармақтарына сәйкес медициналық қызметтер көрсеткені үшін;
осы Әдістеменің 19 және 20-тармақтарына сәйкес жылжымалы медициналық кешен (бұдан әрі – ЖМК) қызметтерін көрсеткені үшін жүзеге асырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. КЖН МСАКТМККК айына МСАК субъектісіне "БХТ" АЖ-да тіркелген, бекітілген бір тұрғынға анықталады.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. КЖН МСАКМӘМС айына МСАК ұйымдарында бекітілген, "БХТ" АЖ-да тіркелген медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын бір адамға анықталады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Айына ТМККК шеңберінде МСАК субъектісіне "БХТ" АЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға шаққандағы КЖН МСАКТМККК есебі түзету коэффициенттерін ескере отырып, кешенді формула бойынша жүзеге асырылады:
КЖН МСАКТМККК = КЖНбаз.МСАКТМКККх ЖЖКМСАК + КЖНбаз.МСАКТМКККх (Каудан тығыз. – 1) + КЖНбаз.МСАКТМКККх (Кжылыту ауданы – 1) + КЖНбаз.МСАКТМКККх (Кэколог. – 1) + КЖНбаз.МСАКТМКККх (Кауыл обл. – 1) + КЖНбаз.МСАКТМКККх (Кұәк – 1) + КЖНбаз.МСАКТМКККх (Кn- 1), мұндағы:
КЖНбаз.МСАКТМККК – "БХТ" АЖ-да тіркелген, бекітілген бір адамға шаққандағы айына түзету коэффициенттерін ескерусіз айқындалған МСАК субъектілері үшін алдағы қаржы жылына арналған ТМККК шеңберінде МСАК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

мұндағы:
VмсактмкккҚР - ТМККК шеңберінде халыққа МСАК көрсетуге Қазақстан Республикасы бойынша жоспарлы жылдық қаржыландыру көлемі;
Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;
m – МСАКтмккк қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;
ЖЖКқр – Қазақстан Республикасы халқының жыныстық-жастық құрылымы бойынша "БХТ" АЖ деректерінің негізінде есептелген Қазақстан Республикасы деңгейінде халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының орташа жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
ЖЖКқр = (ЖЖКөңір мсак 1 + ЖЖКөңір мсак 2 +... + ЖЖКөңір мсак i)/n, мұндағы:
n – МСАК субъектілерінің саны;
ЖЖКөңір мсак – өңір бойынша халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол тиісті өңірдің МСАК субъектілері үшін қолданылады және мынадай формула бойынша анықталады:
ЖЖКөңір мсак = ∑ (Сөңір мсак k/n х ЖЖК (n))/ Сөңір мсак, мұндағы:
Сөңір мсак – "БХТ" АЖ тіркелген өңірдің бекітілген халқының саны;
Сөңір мсак k/n – "БХТ" АЖ-да тіркелген n жыныстық-жас тобына жататын халық саны, халық k нөмірі;
ЖЖК (n) – осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес жыныстық-жастық топтың n нөмірі жыныстық-жастық түзету коэффициенті;
МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны және халықтың жыныстық-жастық құрамы алдағы қаржы жылына МСАК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын халықты еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе айдың соңғы күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ базасынан халық бойынша деректер негізінде айқындалады.
Ктығыз.қр – Қазақстан Республикасы бойынша халық тығыздығының орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша анықталады:
Ктығыз.қр = (Kаудан тығыз. мсак1 + Каудан тығыз.мсак2 + ... + Каудан тығыз.мсак i) / n, мұндағы:
n – МСАК субъектілерінің саны;
Каудан тығыз мсак – осы аудан/қала бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол тиісті ауданның МСАК субъектісі үшін қолданылады және мынадай формула бойынша айқындалады:
Каудан тығыз.мсак = 1 + Ү х ҚР.тығыз./Т аудан халқ., мұндағы:
Ү – республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалардың халық тығыздығының республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда аудандар, қалалар халқының санынан ауытқуы ескерілетін үлесі (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);
Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
Тығыз.ҚР = Сқр/Ѕқр, мұндағы:
Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;
Ѕқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;
Тығыз.аудан халқ. – аудан, қала тұрғындарының тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
Тығыз.аудан халқ. = Саудан/Ѕаудан, мұндағы:
Саудан – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, тиісті ауданның, қаланың барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;
Ѕаудан – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес тиісті ауданның, қаланың аумағының ауданы.
Аудандар мен ауылдық елді мекендердегі халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде, тығыздық коэффициенті 2-ге (екіге) тең.
Моноқалаларда және шағын қалаларда халыққа қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін тығыздық коэффициенті 1,5-ке (бір жарымға) тең.
Қала халқына қызмет көрсететін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының МСАК субъектілері үшін халық тығыздығының коэффициенті 1-ге (бірлікке) тең.
КҚР ауыл – Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
КҚР ауыл = (Кауыл өңір мсак 1 + Кауыл өңір мсак 2 + ... + Кауыл өңір мсак і) / n, мұндағы:
n – МСАК субъектілерінің саны
Кауыл өңір мсак – өңірлер үшін ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол тиісті өңірдің МСАК субъектілері үшін қолданылады және мынадай формула бойынша айқындалады:
Кауыл өңір мсак.i = 1+0,25 х (Сауыл і/Сөңір.і х ЕҮауылі), мұндағы:
ЕҮауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге шығындар үлесі;
Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл субъектісіне бекітілген халық саны).
Сөңір – "БХТ" АЖ-да тіркелген өңірдің бекітілген халық саны.
Қала және ауыл халқына қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті ауыл халқының санына байланысты қолданылады, қала халқы үшін коэффициент 1-ге (бірге) тең.
Экологиялық түзету коэффициентін Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша үстемеақымен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілері көздейді.
Кэкол.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша экологиялық апат аймақтарындағы жұмыс үшін орташа коэффициент, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
Кэкол.ҚР = (Кэкол.аудан мсак 1+ Кэкол. аудан мсак 2 + ... + Кэкол.аудан мсак i) / n, мұндағы:
n-МСАК субъектілерінің саны;
Кэкол.аудан.мсак – осы аудан бойынша экологиялық апат аймақтарындағы жұмысы үшін коэффициент, ол тиісті ауданның МСАК субъектісі үшін қолданылады және мынадай формула бойынша айқындалады:
Кэкол. аудан мсак = ((V аудан мсак 1 + V аудан мсак 2 + V аудан мсак i)+ (v экол. аудан мсак 1+ V экол. аудан мсак2 +V экол. мсак ауданы i)) / (V аудан мсак 1 + V аудан мсак 2 + V аудан мсак i)
V мсак аудан – медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ауданның МСАК субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемі;
Vэкол. мсак аудан – экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі, ол Арал маңындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СИЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес қалыптастырылады.
КжылытуҚР – Қазақстан Республикасы бойынша жылыту маусымының ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
КжылытуҚР = (Кжылыту аудан мсак 1 + Кжылыту аудан мсак 2 + ... + К жылыту аудан мсак і) / n, мұндағы:
n – МСАК субъектілерінің саны;
Кжылыту аудан – аудан, қала (оның ішінде республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астана) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол тиісті аудан МСАК субъектісі үшін қолданылады және мынадай формула бойынша айқындалады:
Кжылыту аудан мсак= 1 + Үжылыту аудан х (К аудан – КҚР/орташа)/КҚР /орташа, мұндағы:
Кжылыту аудан мсак – аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;
Үжылыту – өткен жылғы тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлемінде жылытудың жылдық көлеміне арналған шығындардың үлесі;
Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалған аудан, қала (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша жылыту маусымының кезеңі;
КҚР/орташа – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
КҚР/орташа = (Каудан 1 + Каудан 2 + ...+ Каудан i)/ n
n – Қазақстан Республикасы аудандарының саны.
К ұәк – өңірлік медициналық ұйымдарға ҰӘК көрсету үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға және республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығына қолданылатын коэффициент, ол мынадай формулаға сәйкес айқындалады:
К ұәк = 1 + (S іссапар шығындары + ЕАҚ тартыл. персонал)/ (V МСАК қарж.), мұндағы:
S іссапар шығыстары – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың және республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының іссапар шығыстарына жұмсалатын шығындардың жылдық сомасы;
Тартылатын персоналдың ЕАҚ – басшының орынбасарының 1 штат бірлігіне, құрылымдық бөлімшелер басшыларының 3 штат бірлігіне, сарапшы дәрігердің 4 штат бірлігіне (жоғары медициналық білімі бар), статист-дәрігердің 6 штат бірлігіне, сарапшының 6 штат бірлігіне, экономистің 0,5 штат бірлігіне, заңгердің 0,5 штат бірлігіне, IT-маманның 0,5 штат бірлігіне есептегенде тартылатын персоналдың еңбегіне ақы төлеу қоры.
V МСАК қарж. – ағымдағы жылдың бекітілген халқын ескере отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша өткен жылғы жалпы шығыстардың жылдық сомасы.
Kn – КЖН МСАК қолданылатын түзету коэффициенттері (экологиялық коэффициент, ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті және басқа коэффициенттер).";
8-2 тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-3-тармақпен толықтырылсын:
"8-3. Айына МӘМС жүйесінде МСАК ұйымына бекітлген, "БХТ" АЖ-да тіркелген медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын бір адамға шаққандағы КЖН МСАКМӘМС есебі түзету коэффициенттерін ескере отырып, кешенді формула бойынша жүзеге асырылады:
КЖН МСАКМӘМС = КЖН МСАКМӘМСбаз. х ЖЖК МСАК + МСАК КЖНМӘМСбаз.х (Каудан тығыз. – 1) + КЖН МСАКМӘМСбаз.х (Кжылыту ауданы – 1) + КЖН МСАКМӘМСбаз. х (Кэколог. – 1) + КЖН МСАКМӘМСбаз.х (Кауыл обл. – 1) + КЖН МСАКМӘМСбаз.х (Кұәк – 1) + КЖН МСАКМӘМСбаз.х (Кn- 1), мұндағы:
КЖН МСАКМӘМСбаз. – алдағы қаржы жылына МСАК ұйымына арналған, түзету коэффициенттерін есепке алмай, "БХТ" АЖ-да тіркелген әрбір медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын адамға ай сайынғы МӘМС шеңберіндегі МСАК базалық кешенді жан басына шаққан норматив, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

мұндағы:
Vмсакмәмс ҚР – МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын халыққа МСАК көрсетуге Қазақстан Республикасы бойынша қаржыландырудың болжамды жылдық көлемі;
Стұтынушы – Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын халықтың болжамды саны;
m – қаржы жылы ішінде МСАКМӘМС қаржыландыру жүзеге асырылатын айлар саны;
ЖЖКқр – Қазақстан Республикасы халқының жыныстық-жастық құрылымы бойынша "БХТ" АЖ деректерінің негізінде есептелген Қазақстан Республикасы деңгейінде халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының орташа жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
ЖЖКқр = (ЖЖКөңір мсак 1 + ЖЖКөңір мсак.2 +... + ЖЖКөңір мсак i)/n, мұндағы:
n – МСАК субъектілерінің саны;
ЖЖКөңір мсак – өңір бойынша халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол тиісті өңірдің МСАК субъектілері үшін қолданылады және мынадай формула бойынша айқындалады:
ЖЖКөңір мсак = ∑ (Сөңір мсак k/n х ЖЖК (n))/ Сөңір мсак, мұндағы:
Сөңір мсак – "БХТ" АЖ тіркелген өңірдің бекітілген халқының саны;
Сөңір мсак k/n – "БХТ" АЖ-да тіркелген n жыныстық-жас тобына жататын халық саны, халықтың k нөмірі;
ЖЖК (n) – осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес жыныстық-жастық топтың n нөмірі жыныстық-жастық түзету коэффициенті;
МСАК субъектісіне бекітілген халық саны және халықтың жыныстық-жастық құрамы алдағы қаржы жылына МСАК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе айдың соңғы күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ базасынан халық бойынша деректер негізінде айқындалады.
Ктығыз.қр – Қазақстан Республикасы бойынша халық тығыздығының орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
Ктығыз.қр = (Kаудан тығыз. мсак1 + Каудан тығыз.мсак2 + ... + Каудан тығыз.мсакi ) / n, мұндағы:
n – МСАК субъектілерінің саны;
Каудан тығыз мсак – осы аудан/қала бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол тиісті ауданның МСАК субъектісі үшін қолданылады және мынадай формула бойынша айқындалады:
Каудан тығыз.мсак = 1 + Ү х ҚР.тығыз./Т аудан халқ., мұндағы:
Ү – республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалардың халық тығыздығының республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда аудандар, қалалар халқының санынан ауытқуы ескерілетін үлесі (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);
Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
Тығыз.ҚР = Сқр/Ѕқр, мұндағы:
Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;
Ѕқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;
Тығыз.аудан халқ. – аудан, қала тұрғындарының тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
Тығыз.аудан халқ. = Саудан/Ѕаудан, мұндағы:
Саудан – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, тиісті ауданның, қаланың барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;
Ѕаудан – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес тиісті ауданның, қаланың аумағының ауданы.
Аудандар мен ауылдық елді мекендердегі халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде, тығыздық коэффициенті 2-ге (екіге) тең.
Моноқалаларда және шағын қалаларда халыққа қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін тығыздық коэффициенті 1,5-ке (бір жарымға) тең.
Қала халқына қызмет көрсететін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының МСАК субъектілері үшін халық тығыздығының коэффициенті 1-ге (бірге) тең.
КҚР ауыл – Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
КҚР ауыл = (Кауыл өңір мсак 1 + Кауыл өңір мсак2 + ... + Кауыл өңір мсак.і) / n, мұндағы:
n – МСАК субъектілерінің саны
Кауыл өңір мсак – өңірлер үшін ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол тиісті өңірдің МСАК субъектілері үшін қолданылады және мынадай формула бойынша айқындалады:
Кауыл өңір мсак.i = 1+0,25 х (Сауыл і/Сөңір.і х ЕҮауыл), мұндағы:
ЕҮауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге шығындар үлесі;
Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл субъектісіне бекітілген халық саны).
Сөңір – "БХТ" АЖ-да тіркелген өңірдің бекітілген халық саны.
Қала және ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін МСАК денсаулық сақтау субъектілері үшін ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті тек ауыл халқының санына қолданылады, қала халқы үшін коэффициент 1-ге (бірге) тең.
Экологиялық түзету коэффициентін Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша үстемеақымен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілері көздейді.
Кэкол.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша экологиялық апат аймақтарындағы жұмыс үшін орташа коэффициент, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
Кэкол.ҚР = (Кэкол.аудан мсак 1+ Кэкол. аудан мсак 2 + ... + Кэкол.аудан мсак i) / n, мұндағы:
n-МСАК субъектілерінің саны;
Кэколог.аудан.мсак – осы аудан бойынша экологиялық апат аймақтарындағы жұмысы үшін коэффициент, ол тиісті ауданның МСАК субъектісі үшін қолданылады және мынадай формула бойынша айқындалады:
Кэколог.мсак ауданы = ((V аудан мсак 1 + V аудан мсак 2 + V аудан мсак i)+ (v экол. аудан мсак 1+ V экол. аудан мсак 2 +V экол. аудан мсак i)) / (V аудан мсак 1 + V аудан мсак 2 + V аудан мсак i)
V аудан мсак – медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ауданның МСАК субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемі;
Vэкол. аудан мсак – экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі, ол Арал маңындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СИЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес қалыптастырылады.
КжылытуҚР – Қазақстан Республикасы бойынша жылыту маусымының ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
КжылытуҚР = (Кжылыту аудан мсак1 + Кжылыту аудан мсак2 + ... + Кжылыту аудан мсакі) / n, мұндағы:
n – МСАК субъектілерінің саны;
Кжылыту аудан – аудан, қала (оның ішінде республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астана) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол тиісті аудан МСАК субъектісі үшін қолданылады және мынадай формула бойынша айқындалады:
Кжылыту аудан мсак = 1 + Үжылыту х (К аудан – КҚР/орташа)/КҚР /орташа, мұндағы:
Кжылыту аудан мсак – аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;
Үжылыту – өткен жылғы тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлемінде жылытудың жылдық көлеміне арналған шығындардың үлесі;
Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалған аудан, қала (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша жылыту маусымының кезеңі;
КҚР/орташа – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
КҚР/орташа = (Каудан 1 + Каудан 2 + ...+ Каудан i)/ n
n – Қазақстан Республикасы аудандарының саны.
К ұәк – өңірлік медициналық ұйымдарға ҰӘК көрсету үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға және республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығына қолданылатын коэффициент, ол мынадай формулаға сәйкес айқындалады:
К ұәк = 1 + (S іссапар шығындары + ЕАҚ тартыл. персонал)/ (V МСАК қарж.), мұндағы:
S іссапар шығыстары – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың және республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының іссапар шығыстарына жұмсалатын шығындардың жылдық сомасы;
Тартылатын персоналдың ЕАҚ – басшы орынбасарының 1 штат бірлігіне, құрылымдық бөлімшелер басшыларының 3 штат бірлігіне, сарапшы дәрігердің 4 штат бірлігіне (жоғары медициналық білімі бар), статист-дәрігердің 6 штат бірлігіне, сарапшының 6 штат бірлігіне, экономистің 0,5 штат бірлігіне, заңгердің 0,5 штат бірлігіне, IT-маманның 0,5 штат бірлігіне есептегенде тартылатын персоналдың еңбегіне ақы төлеу қоры.
V МСАК қарж. – ағымдағы жылдың бекітілген халқын ескере отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша өткен жылғы жалпы шығыстардың жылдық сомасы.
Kn – КЖН МСАК-қа қолданылатын түзету коэффициенттері (экологиялық коэффициент, ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті және басқа коэффициенттер).";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын ауылдық тұрғындарға арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив айына осы ауданға кіретін, тіркелген халық саны 50 000 адамға дейінгі ауыл субъектілері үшін "БХТ" АЖ-да тіркелген бір ауыл тұрғынына анықталады";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын ауылдық тұрғындарға арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив ай сайын ауыл субъектілері үшін мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
КЖНмәмс ауыл = МСАКмәмс КЖНбаз. х ЖЖК МСАК + МСАКмәмс КЖНбаз. х (Каудан тығыз. – 1) + МСАКмәмс КЖНбаз. х (К жылыту аудан – 1) + МСАКмәмс КЖНбаз. х (Кауыл обл. – 1) + МСАКмәмс КЖНбаз. Х (Кэколог. – 1) x Кградация + Vск/сак_ауыл/Сауыл/m, мұндағы:
МСАКмәмсКЖНбаз. – "БХТ" АЖ-да тіркелген бір медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысына арналған айына есептелетін, түзету коэффициенттері ескерілмеген базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив, ол осы Әдістеменің 8-3-тармағына сәйкес формула бойынша есептеледі;
Кградация – 50 000 адамға дейінгі тіркелген халқы бар ауыл субъектілерінің тұрақты қызметін қамтамасыз ету және тарифті түзету мақсатында белгіленетін, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен жыл сайынғы негізде анықталатын түзету коэффициенті;
Vстк/стак_ауыл – 50 000 адамға дейінгі тіркелген халқы бар ауыл субъектісі үшін бекітілген ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсетуге арналған жылдық қаржы көлемі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
Vстк/стак_ауыл=Vстк/стак_ауыл/обл/ЕЖстк/стак_ауыл/обл.хЕЖстк/стак_ауыл, мұнда:
Vстк/стак_ауыл/обл. – ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге облыс бойынша келесі қаржы жылына арналған жылдық қаржы көлемі;
ЕЖстк/стак_ауыл/обл. – облыс бойынша келесі қаржы жылына ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде облыс бойынша жоспарланған емделген жағдайлар саны, ол 50 000 адамға дейінгі тіркелген халқы бар барлық ауыл субъектілерінің емделген жағдайларының (ПСстк/стак_ауыл) қосындысы ретінде анықталады;
ЕЖстк/стак_ауыл – ауыл субъектісі бойынша келесі қаржы жылына ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша жоспарланған емделген жағдайлар саны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
ЕЖстк/стак_ауыл = ЕЖстк/ауыл+ ЕЖстк/ауыл х % стк.қарқ/ауыл + ЕЖстак/ауыл + ЕЖстак/ауыл х % стак.қарқ/ауыл, мұндағы:
ЕЖстк/ауыл – өткен жылы 50 000 адамға дейінгі тіркелген халқы бар ауыл субъектісінің ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген емделген жағдайлар саны;
ЕЖстак/ауыл – өткен жылы 50 000 адамға дейінгі тіркелген халқы бар ауыл субъектісінің ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген емделген жағдайлар саны;
% стк.қарқ/ауыл, % стак.қарқ/ауыл – тиісінше алдағы қаржы жылына жоспарланатын, пайызбен көрсетілген стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмектің өсу немесе төмендеу қарқыны;
m – қаржы жылы ішінде субъектіні қаржыландыру жүзеге асырылатын айлар саны.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
