Эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 қазанда № 37040 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 1 қазандағы
№ 348 бұйрығымен
бекітілген

Эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабы 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;

      2) биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);

      3) ветеринария саласындағы маман – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар қызметкерi;

      4) жануарлар дүниесі объектілерін алу (бұдан әрі – балық және басқа да су жануарларын алып қою) – табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың немесе балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);

      5) эпизоотиялық мониторинг – эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу.

2-тарау. Эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану тәртібі

      3. Эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану тәртібі мыналарды қамтиды:

      1) "Ветеринария туралы" Заңның 1-бабының 17) тармақшасына сәйкес балықтар немесе басқа су жануарлары арасындағы аурудың өршуін немесе қатерін анықтау мәселесін айқындау, сондай-ақ зақымданған дарақтар туралы деректерді, ықтимал таралу жолдарын, тіршілік ету ортасының жай-күйі;

      2) Заңның 9-1-бабының 10) тармақшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау;

      3) Заңның 9-1-бабының 27) тармақшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес биологиялық материал сынамаларын алу үшін балық және басқа да су жануарларын алып қою;

      4) "Ветеринария туралы" Заңның 1-бабының 39-1) тармақшасына сәйкес мониторинг.

      4. Эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарлары мынадай іс-шараларды жүргізу кезінде пайдаланылады:

      1) су айдындарына органикалық жүктемені және патогендік микроағзаларды азайту мақсатында биофильтратор түрлерін (дөңмаңдай, ақ амур) жіберу;

      2) әлсіреген және ауру дарақтардың санын реттеу мақсатында санитар балықтарды (шортан, көксерке) пайдалану;

      3) фильтраторларды (моллюскаларды) пайдалану арқылы суды сүзу және тазарту;

      4) шамадан тыс көбейген түрлерді алып қою, сондай-ақ артық қоныстануды реттеу арқылы балықтардың санын реттеу;

      5) су айдындарына белгілі бір ауруларға төзімді түрлерді жіберу, сондай-ақ инфекция қоздырғыштарын тасымалдаушыларды ығыстыру немесе олардың үлесін азайту арқылы тұрақты балық популяциясын қалыптастыру;

      6) гибрионттардың биоалуантүрлілігін сақтау.

      Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды жүргізу мақсатында Заңның 9-1-бабының 21) тармақшасына сәйкес су айдындарына балық жіберу қолданылады;

      7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес ветеринариялық-санитариялық бақылау.

      5. Эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесіне енгізілген балықтардың және басқа да су жануарларының аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізу жолымен жүзеге асырылады, ол мыналарды қамтиды:

      1) жабайы құстардың қоныс аудару жолымен ұшып келу кезеңінде, олардың алғашқы қону орындарында, аса қауіпті аурулардың әкеліну қаупін бағалау мақсатында мынадай бағыттар бойынша жыл сайын эпизоотиялық мониторинг жүргізу:

      африкалық және оңтүстік еуропалық қыстаулардан;

      пәкістандық қыстаулардан;

      үндістандық қыстаулардан;

      2) ауруға бейім балық және басқа да су жануарларының тіршілік етуі кезінде диагностика жасaу мақсатында, олардың мекендеу орындарында жыл сайын биологиялық материалдың (биологиялық қалдықтардың) сынамаларын іріктеп алуды жүргізу.

      6. Эпизоотиялық мониторинг "Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Эпизоотиялық мониторингтің объектілері:

      1) алып қойылған балық және басқа да су жануарлары;

      2) биологиялық қалдықтар болып табылады.

      8. Биологиялық материалдың (биологиялық қалдықтардың) сынамаларын іріктеу және оны "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымға жеткізуді "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) сәйкес ветеринария саласындағы мамандар жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады