"Азаматтық авиацияның авиация персоналы киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 364 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 1 қазандағы № 321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 қазанда № 37039 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияның авиация персоналы киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 364 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6470 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиация персоналы киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелерінде:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандары - әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінде жұмыс істейтін авиация персоналының адамдары.";

      1-қосымша мынадай мазмұндағы 93, 94 және 95-тармақтармен толықтырылсын:

      "93. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері-нұсқаушысы.

      94. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің аға диспетчері.

      95. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің ұшу басшысы.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша мынадай мазмұндағы 93, 94 және 95-тармақтармен толықтырылсын:

      "

93. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері-нұсқаушысы.

3

Үш жеңдік және үш иықтық

94. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің аға диспетчері.

3

Үш жеңдік және үш иықтық

95. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің ұшу басшысы

4

Төрт жеңдік және төрт иықтық

      ";

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
Ж. Тайжанов

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 1 қазандағы
№ 321 Бұйрыққа 1-қосымша
Азаматтық авиация авиациялық
персоналының киім үлгісін
кию және айырым белгілерін
тағып жүру ережелеріне
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының киiм үлгісін киюге құқығы бар жұмыскерлерiн киiм үлгісімен қамтамасыз ету нормалары және бұйымдарды пайдалану мерзiмдерi

Нысанды киiм бұйымдарының атауы

Бiр адамға арналған жиынтық немесе бұйымдардың саны

Кию мерзімі

Ұшу құрамы үшін

Кокардалы фуражка

1 дана

2 жыл

Кокардалы қыстық құлақшын

1 дана

3 жыл

Мамықтан күртеше немесе қысқы пальто

1 дана

3 жыл

Алмалы-салмалы синтепонды және (немесе) терi астарлы, алмалы-салмалы кашемирлi және (немесе) терi жағасы бар бiрқаусырмалы маусымдық плащ-пальто

1 жиынтық

3 жыл

Плащ-пальтоның алмалы-салмалы және суық күндерге арналған жылы капюшоны

2 дана

3 жыл

Екi жапсырма қалталы, жеңдi және жеңсiз қысқа белдiкшелi погондары бар тоқылған жемпiр

2 дана

2 жыл

Жазғы жеңiл костюм (күртеше, екi шалбар, қысқа жеңдi және жапсырма қалталары бар екi жейде)

1 жиынтық

2 жыл

Алмалы-салмалы жылы астары бар желпiлдек-күртеше

1 дана

3 жыл

Жартылай жүндi (микрогабардиндi) матадан тiгiлген екi түймелi қосқаусырмалы костюм (пиджак және екi шалбар).

1 жиынтық

1 жыл

Ұзын жеңдi және екi жапсырма қалталары бар жейде

3 дана

1 жыл

Қысқа жеңдi және екi жапсырма қалталары бар немесе қалталарсыз жейде

3 дана

1 жыл

Галстук-регат

2 дана

1 жыл

Қысқы шарф

1 дана

2 жыл

Алмалы-салмалы иыққа тағатын айыру белгiлерi (погондар)

4 дана

2 жыл

Мамандықты бiлдiретiн төс белгiлерi

2 дана

2 жыл

Дөңгелегi бар чемодан-сөмке

1 дана

2 жыл

Туфли

1 дана

1 жыл

Қысқы бәтеңке

1 дана

1 жыл

Сигнал немесе шағылыстыратын кеудеше

1 дана

3 жыл

Пилотқа арналған тоқылған жилет

1 дана

3 жыл

Шеврондар (ӘКК және ЕҰ)

2 дана

1 жыл

Бортсерiктер мен бортоператорларға (ерлер)

Кокардалы фуражка

1 дана

2 жыл

Кокардалы қыстық құлақшын

1 дана

3 жыл

Алмалы-салмалы синтепонды және (немесе) терi астарлы, алмалы-салмалы кашемирлi жағасы бар бiрқаусырмалы маусымдық плащ-пальто

1 жиынтық

3 жыл

Мамықтан күртеше немесе қысқы пальто

1 дана

3 жыл

Жартылай жүндi (микрогабардиндi) матадан тiгiлген үш түймелi бiрқаусырмалы костюм  (пиджак және екi шалбар)

1 жиынтық

1 жыл

Шалбар

3 дана

1 жыл

Кардиган немесе пуловер

1 дана

2 жыл

Ұзын жеңдi және жапсырма қалталары бар жейде

3 дана

1 жыл

Қысқа жеңдi және жапсырма қалталары бар жейде

2 дана

2 жыл

Галстук-регат

1 дана

1 жыл

Қысқы шарф

1 дана

2 жыл

Иыққа тағатын белгiлер (аға БП, инструктордың погондары)

4 дана

2 жыл

Аты жазылған бэйдж

3 дана

5 жыл

Дөңгелегi бар чемодан-сөмке

1 дана

3 жыл

Алжапқыш (бортсерiктерге)

1 дана

1 жыл

Нысанды жилет

2 дана

1 жыл

Маусымдық кепеш

1 дана

4 жыл

Жүннен жасалған кепеш

1 дана

4 жыл

Қысқы қалпақ

1 дана

4 жыл

Туфли

1 дана

1 жыл

Қысқы бәтеңке

1 дана

1 жыл

Багаж белгісі

2 дана

2 жыл

Сигнал немесе шағылыстыратын жилет

1 дана

3 жыл

Бортсерiктер үшiн (әйелдер)

Алмалы-салмалы капюшоны, жүндi астары бар маусымдық бiрқаусырмалы пальто немесе плащ

1 дана

3 жыл

Мамықтан күртеше немесе қысқы пальто

1 дана

4 жыл

Нысанды көйлек

1 дана

1 жыл

Ұзын жеңді блуза

2 дана

1 жыл

Шалбар

2 дана

1 жыл

Кокардалы қыстық қалпақ(капюшон-шарфымен)

1 дана

3 жыл

Жартылай жүндi матадан тiгiлген үш түймелi бiрқаусырмалы костюм (жакет, шалбар, жилет, белдемше)

1 жиынтық

1 жыл

Қысқа жеңдi әйел жейдесi

4 дана

2 жыл

Жейдеге тағатын галстук-бант

2 дана

1 жыл

Шарф (фуляр)

1 дана

1 жыл

Иыққа тағатын белгiлер (аға БП, инструктордың погондары)

4 дана

2 жыл

Аты жазылған бэйдж

3 дана

5 жыл

Дөңгелегi бар чемодан-сөмке

1 дана

3 жыл

Алжапқыш

1 дана

1 жыл

Туфли

1 дана

1 жыл

Қысқы етік

1 дана

2 жыл

Багаж белгісі

2 дана

2 жыл

Сигнал немесе шағылыстыратын жилет

1 дана

3 жыл

Кардиган немесе жемпір

1 дана

2 жыл

Мойын орамал

1 дана

2 жыл

Пилотка

1 дана

3 жыл

Жердегi персоналға (әйелдер)

Алмалы-салмалы капюшоны, жүндi астары бар маусымдық бiрқаусырмалы пальто немесе плащ

1 дана

3 жыл

Мамықтан күртеше

1 дана

3 жыл

Тоқылған жемпір

1 дана

2 жыл

Ұзын жеңді блузка

2 дана

1 жыл

Нысанды жемпір

1 дана

2 жыл

Қысқы қалпақ (капюшон-шарфымен)

1 дана

3 жыл

Жартылай жүндi матадан тiгiлген үш түймелi бiрқаусырмалы костюм (жакет, шалбар, жилет, белдемше)

1 жиынтық

1 жыл

Қысқа жеңдi әйел жейдесi

4 дана

2 жыл

Иыққа тағатын белгiлер (қажетiне қарай)

4 дана

2 жыл

Шарф (фуляр)

1 дана

2 жыл

Жейдеге тағатын галстук-бант

2 дана

1 жыл

Мойын орамал

1 дана

3 жыл

Алжапқыш

1 дана

2 жыл

Агентке арналған қол сөмке

1 дана

2 жыл

Қысқы етік

1 дана

2 жыл

Туфли

1 дана

1 жыл

Багаж белгісі

1 дана

2 жыл

Сигнал немесе шағылыстыратын жилет

1 дана

3 жыл

Жаңбыр жамылғысы

1 дана

2 жыл

Аты жазылған бэйдж

3 дана

5 жыл

Жердегi персоналға (ерлер)

Фуражка

1 дана

2 жыл

Қыстық құлақшын

1 дана

4 жыл

Синтепонды немесе жүн астары, алмалы-салмалы кашемирлi жағасы бар бiрқаусырмалы маусымдық плащ-пальто

1 жиынтық

3 жыл

Мамықтан күртеше

1 дана

3 жыл

Тоқылған жемпір

1 дана

2 жыл

Жартылай жүндi матадан тiгiлген үш түймелi бiрқаусырмалы костюм (пиджак және екi шалбар)

1 жиынтық

1 жыл

Ұзын жеңдi және жапсырма қалталары бар жейде

4 дана

1 жыл

Қысқа жеңдi және жапсырма қалталары бар жейде

2 дана

2 жыл

Нысанды жилет

2 дана

1 жыл

Маусымдық кепеш

1 дана

4 жыл

Иыққа тағатын белгiлер (қажетiне қарай)

4 дана

2 жыл

Галстук-регат

1 дана

1 жыл

Қысқы шарф

1 дана

3 жыл

Туфли

1 дана

1 жыл

Қысқы етік

1 дана

2 жыл

Агентке арналған қол сөмке

1 дана

2 жыл

Багаж белгісі

1 дана

2 жыл

Сигнал немесе шағылыстыратын жилет

1 дана

3 жыл

Жаңбыр жамылғысы

1 дана

2 жыл

Нысанды жемпір

1 дана

2 жыл

Аты жазылған бэйдж

3 дана

5 жыл

Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандары (ерлер)

Костюм жартылай жүннен жасалған екі түймемен (куртка, көкірекше және екі шалбар) бір кеудеше

2 жиынтық

3 жыл

Ұзын жеңді көйлек

2 дана

3 жыл

Қысқа жеңді және жүкқұжатты көйлек
қалта

2 дана

3 жыл

Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандары (әйелдер)

Жартылай жүн матадан (пиджак, көкірекше, шалбар, юбка) жасалған бір түймелі қапсырмасы бар бір кеудеше костюм

2 жиынтық

3 жыл

Ұзын жеңді көйлек

2 дана

3 жыл

Қысқа жеңді және жүкқұжатты көйлек
қалта

2 дана

3 жыл

  Бұйрыққа 2-қосымша
Азаматтық авиация
авиациялық персоналының
киім үлгісін кию және айырым
белгілерін тағып жүру
ережелеріне
4-қосымша

Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация жұмыскерлерiнiң киім үлгісінің сипаттамасы

      1. Қатты (жұмсақ) негiздегi фуражка, маңдайшасының жоғарғы бөлiгiнiң (тулья) биiктiгi 7 сантиметрден (бұдан әрі – см) және төменгi бөлiгiнiң (околыш) биiктiгi 4 сантиметрден аспайтын көкшiл қара түстi матадан тiгiледi. Күнқағары пластинка тәрiздес қара түстi жиекпен жиектелген. Күнқағардың үстi бiр реңдi матамен қапталған. Күнқағардың үстiне енi 13,5 мм алтын түстi нейлон бау-таспа түймеленедi. Командалық-ұшу құрамы фуражкасының күнқағарында алтын түстi жiппен бедерлi тiгiлген лавр жапырақтары. Фуражканың алдыңғы жағының ортасына, бау-таспаның үстiнен, мата тәрiздес негiзде алтын түстi жiппен бедерлi тiгiлген азаматтық авиацияға тән белгi - белгiленген үлгiдегi кокарда бекiтiледi. Қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiнiң фуражкасы (бортоператорлар мен бортсерiктердiң) жеке кокардамен және қара түстi белгiленген үлгiдегi бау-таспамен жинақталады.

      2. Ер адамдардың қысқы құлақшыны - фуражкалық күнқағарымен, үстi көкшiл қара түстi кашемир (драп) немесе жадағай матадан жасалған жұмсақ негiздегi бiрiздендiрiлген құлақшын. Құлақшынның алдыңғы жағы қосымша маңдайлықпен тысталған. Құлақшынның негiзi қара түстi терi болып табылады, командалық-ұшу құрамы үшiн қаракөлден немесе колоноктан, қызмет көрсетушi персоналдар үшiн жұқа жақсартылған цигейкадан тігіледі.

      Командалық-ұшу мен ұшу құрамы құлақшынының күнқағары үстiнен алтын түстi нейлон бау-таспа (лента-тесьма) түймеленедi. Командалық-ұшу құрамы құлақшынының күнқағарында алтын түстi жiппен бедерлi тiгiлген лавр жапырақтары. Фуражканың алдыңғы жағының ортасына, бау-таспаның үстiнен, мата тәрiздес негiзде алтын түстi жiппен бедерлi тiгiлген азаматтық авиацияға тән белгi - кокарда бекiтiледi.

      Қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiнiң құлақшыны (бортоператорлар мен бортсерiктердiң) жеке кокарда және белгiленген үлгiдегi қара түстi бау-таспамен жинақталады.

      3. Ер адамның кашемирден тiгiлген көкшiл қара түстi, бiр қаусырмалы, погонсыз пальтосы. Жабық түймелi. Арқасы ортаңғы тiгiсiмен және айырығымен. Қиылған жан қалталары, қайырма жағасы және белдiгi бар пальто. Қатты негiздегi фуражкамен киюге арналған қысқа белдiкшелi тiк жеңмен, немесе жұмсақ негiздегi фуражкамен киюге арналған қысқа белдiкшелi реглан-жең тiгiледi.

      4. Сырып тiгiлген синтепон және жақсартылған терiден алмалы-салмалы маусымдық тыстары бар қара түстi плащтық матадан тiк тiгiлген бiр қаусырмалы ер адамның, маусымдық плащ-пальтосы. Жабық түймелi. Қиылған жан қалталары, алынып-салынатын жағасы мен белдiгi, қысқа белдiкше-погондары бар плащ-пальто. Жеңi тiк тiгiстi төменгi жағында қысқа белдiкшесiмен. Кашемир мен терiден жасалған маусымдық жағалармен жинақталады. Күзгi жағаның негiзi қара түстi кашемир болып табылады. Қысқы жағаның негiзi қара түстi терiден, командалық-ұшу мен ұшу құрамдары үшiн қаракөлден немесе колоноктан, қызмет көрсетушi персоналдар үшiн жұқа жақсартылған цигейкадан.

      5. Қарсы iлгегi бар алмалы-салмалы синтепонмен немесе мамықтан тысталған, аралас немесе плащтық қара немесе қою көк түстi матадан тiгiлген, тiк тiгiстi, қосқаусырмалы ер адамның астарлы желдiрме-күртешесi. Жасырын қарсы iлгегiмен екi қиылған төс қалтасы бар. Екi қиылған тiк жан қалталары мен астыңғы жағынан түймеленетiн қапталында қысқа белдiкшелерi бар. Жағасы қайырмалы. Жеңi тiк, төменгi жағы қысқа-белдiкшелi. Қара түстi алмалы-салмалы кашемир жағамен жинақталады.

      6. Астарлы (пиджак пен шалбар) көкшiл қара түстi жартылай жүндi (микрогабардиндi) матадан тiгiлген қос қаусырмалы ер адамның екi қатарлы төрт түймелi костюмi. Пиджак, кеуде тұсының сол жағында қиылған жапырақша қалтасымен және қақпақтары бар қиылған жан қалталарымен, арқаның төменгi жағындағы екi немесе бір айырығымен. Жеңдерi тiк, төменгi жағында айырығымен. Шалбары тiк, классикалық пiшiмдi, бүгiлмеген немесе бiр бүкпелi, қондырылған белбеуi мен қарсы iлгектi.

      7. Астарлы (пиджак пен шалбар), үш түймелi, жартылай жүндi матадан тiгiлген көкшiл қара түстi ер адамның бiр қаусырмалы костюмы. Пиджак бiр қатар түймелi, қақпақтарымен қиылған жан қалталары және сол жақ кеудесiнде қиылған жапырақ-қалтасы бар. Жеңi тiк, айырықсыз тiгiлген. Шалбары тiк, классикалық пiшiмдi, қондырылған белбеуi мен қарсы iлгегi бар.

      8. Қысқа және ұзын жеңдi, екі жапсырмалы төс қалталары бар, түймеленетін ер адамның жейдесi. Ақ немесе қызыл түстi, жейде матасынан тiгiлген, жағасы қайырмалы, погонсыз немесе екi иықтық қысқа белдiкшелi-погондары және ортасында бiр қатар қаусырма түймелерi бар.

      9. Командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық, ұшқыштар құрамы мен көлiктiк (жүк тасымалдық) әуе кемелерiнiң бортоператорларына арналған жазғы жеңiл костюм, бозғылт-жасыл түстi көйлегi, шалбары мен күртешеден құралады:

      1) бiр қаусырмалы, тiк пiшiмдi, бозғылт-жасыл түстi аралас матадан тiгiлген, қарсы iлгегi бар күртеше. Жасырын қарсы iлгегi бар екi қиылған төс қалта, қапталында екi тiк қиылған жан қалталары бар. Қапталындағы қысқа белдiкшелерiнiң астыңғы жағы түймеленген. Жағасы қайырмалы. Жеңi тiк тiгiстi, төменгi жағында қысқа белдiкшесiмен;

      2) шалбары аралас бозғылт-жасыл немесе қою көк түстi матадан тiк тiгiлген, классикалық пiшiмдi, қондырылған белбеуi және қарсы iлгегi бар;

      3) белгiленген үлгiдегi қысқа жеңдi, кеудесiнде екi жапсырмалы қалтасы бар, түймелi жейде. Бозғылт-жасыл түстi жейде матасынан тiгiлген, жағасы қайырмалы, екi иықтық қысқа белдiкшелi-погондары және ортасында қаусырма түймелерi бар. Кәсiптiк төс белгiмен жинақталады.

      10. Көкшiл қара түстi плащтық матадан тiгiлген әйел адамның қосқаусырмалы плащы. Тiк тiгiстi, қайырмалы жағалы, белдiгi мен алынып-салынатын немесе алынбалы капюшоны тысталған астарлы, қиылған жан қалталары бар.

      11. Көкшiл қара түстi жартылай жүндi матадан тiгiлген әйел адамның костюмi. Жакет, белдемше, көкiрекше және шалбардан құралады. Жакет бiр қаусырмалы немесе қосқаусырмалы, жартылай қынама силуэттi, үш түймелi, қиылған қалталары бар. Белдемшесi тiк тiгiстi, көмкерiп тiгiлген белдiгi және қапталында қарсы iлгегi бар.

      Жилет мойынының қиындысы үшбұрышты, төрт түймелi, астыңғы өңiрi бейнелi болып келген. Шалбары тiк, астыңғы жағы тарлау тiгiлген, тiк тiгiстi, жанап тiгiлген белдiгi және қарсы iлгегi бар.

      Азаматтық авиация ұйымының бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiлген дизайнға қарай, әйел костюмiнiң түсi ауысып құрамдастырылады.

      12. Ақ немесе қызыл түстi жiбек, көйлек матасынан тiгiлген, қысқа немесе ұзын жеңдi, жапсырма қалталы немесе қалтасыз, жағасы қайырмалы, ортасында қаусырма түймелерi бар әйел адамның жейдесi.

      13. Азаматтық авиация ұйымының бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiлген дизайнда әйел адамдардың бас киiмдерi және нысанды киiмдердiң басқа бөлiктерi азаматтық авиация ұйымдарында осы Ережеге сәйкес әзiрленедi.

      14. Иiнiштiк (иық) айырым белгiлерi - белгiленген үлгiдегi көкшiл қара түстi шұғадан жасалған, алмалы-салмалы погондар. Командалық-ұшу құрамы мен мамандарына iшiндегi икемдi қондырғысымен, ұзындығы 112 мм, енi 62 мм.

      Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдарына белгiленген үлгiдегi - ең үлкен ұзындығы 49 мм мен енi 49 мм таңбасыз (қысқартылған) погондар (6-қосымша).

      15. Белгiленген үлгiдегi айырым белгiлерiне арналған оқалардың (бау-таспалардың) енi 8-75 мм. Алмалы-салмалы погондарда ара қашықтығы 13 мм жолағымен, жеңдiк шеврондарында ара қашықтығы 2-3 мм жолағымен орналасады. Азаматтық авиацияның қызмет көрсетушi экипаж мүшелерi мен ұшу, командалық-ұшу құрамына арналған оқалар (галуны) алтын түстi болып келедi. Ұшу немесе қызмет көрсетушi экипаж мүшелерi мамандығының бiлiктiлiгi жоқ авиациялық мамандарына және азаматтық авиация ұйымдарының жердегi авиациялық персоналдарына арналған оқалар күмiс түстi.

      16. Белгiленген үлгiдегi бас киiмдер үшiн бау-таспалардың (оқалардың) енi 13,5 мм. Азаматтық авиацияның командалық-ұшу, ұшқыштар құрамы үшiн алтын түстi. Қызмет көрсетушi экипаждар мүшелерi үшiн қара түстi. Ұшу немесе қызмет көрсетушi экипаж мүшелерi мамандығының бiлiктiлiгi жоқ авиациялық мамандарына және азаматтық авиация ұйымдарының жердегi авиациялық персоналдарына арналған бау-таспалар (оқалар) күмiс түстi.

      17. Костюмдердегі түймелер-үлкен диаметрі 21 мм және кіші диаметрі 13,5-14 мм алтын түсті, әуе қозғалысына қызмет көрсету мамандары үшін - негізгі костюм матасының түсінде. Азаматтық авиацияның командалық-ұшу, ұшу құрамы, азаматтық авиация ұйымдарының ұшу және қызмет көрсету экипажының мүшелері үшін - ұйымның логотипі бар немесе онсыз.

      18. Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдары үшiн белгiленген үлгiдегi бөкебайлар мен мойынорамалдар (шарф, кашне) түсi ашық болмауға тиiстi. Азаматтық авиация азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген дизайнына сәйкес түспен ғана ерекшеленеді.

      19. Ұшу экипажының мүшелерiне арналған мамандықты бiлдiретiн, белгiленген үлгiдегi төс белгiлер көкшiл қара түстi материалға алтын және көкшiл түстi жiппен маталық негiзде бедерлi тiгiледi.

      20. Қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiне арналған мамандықты бiлдiретiн төс белгiлердiң негiзi көкшiл қара түстi материалға алтын және көкшiл түстi жiппен бедерлi тiгiледi.

      21. Командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық құрамның бас киiмдерiне тағатын кокарда - маталық негiзде, бедерлi тiгiлген авиациялық өкiмет елтаңбасы - Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының негiзгi эмблемасы (бұдан әрi - азаматтық авиацияның негiзгi эмблемасы). Командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық құрамдарына алтын түстi жiппен тiгiледi. Ұшу немесе қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiнiң бiлiктiлiгi жоқ мамандарына күмiс түстi жiппен тiгiледi.

      22. Азаматтық авиация ұйымының ұшу экипажы мүшелерiнiң (командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық, ұшу құрамының) бас киiмдерiне тағатын кокарда азаматтық авиация эмблемасының негiздемесі бар осы ұйымның эмблемасының комбинациясын құрайды. Кокарданың негiзi - азаматтық авиацияның негiзгi эмблемасының дөңгеленген сыртқы ою-өрнектерi, алтын түстi жiппен бедерлi тiгiледi. Кокарданың өзегi – азаматтық авиацияның негізгі эмблемасынан алынған шеңберлі сыртқы өрнек алтын түстес жіппен бедерлі тігіледі.

      23. Азаматтық авиацияның қызмет көрсетуші экипаж мүшелеріне (бортоператорлар мен бортсеріктер) арналған бас киiмге тағатын кокарданың негiзi көкшiл қара түстi материалға алтын және көкшiл түстi жiппен бедерлi тiгiледi.

      24. Көкшiл қара түстi галстуктi материалдан тiгiлген классикалық дизайнды галстук-регат қажетiне қарай резеңке бекiтпеде жасалуы мүмкiн. Азаматтық авиация ұйымының бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтілген дизайнға қарай галстуктiң түсi өзгереді.

      25. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандарына арналған қара сұр түсті жартылай жүнді матадан жасалған екі түймелі бекіткіші бар бір төсті еркек костюм. Пиджак, көкірекше және шалбардан тұрады. Түймелердің бір қатары бар блейзер, клапандары бар бүйірлік қалталар және кеуде қуысының сол жағында парақшалы қалта. Пиджактың, графиттің, қара түстің лапельдерінде не негізгі матаның тонында кестеленген Қазақ (ұлттық) ою-өрнектеріне рұқсат етіледі. Жеңдер тіке және жұмыс ілмектері бар, айырым белгілерін білдіретін күртешенің жеңдеріндегі кестеленген Қазақ (ұлттық) ою-өрнектеріне рұқсат етіледі. Үшбұрышты мойын сызығы бар көкірекше, төрт түймеде, бүйірлерінің төменгі бұйра жиектері бар. Тік шалбар классикалық кесілген, белбеуі мен сыдырмасы бар.

      26. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандарына арналған қысқа және ұзын жеңді ерлер жейдесі түймелерге түймеленетін екі төс жапсырма қалтасымен рұқсат етіледі. Ақ түсті жейде матадан, бүктелген жағасы, орталық бүйірлік түймелері бар.

      27. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандарына арналған қара сұр түсті жартылай жүнді матадан жасалған бір түймесі бар астары бар бір кеудеше әйелдер костюмі. Ол куртка, жилет, юбка және шалбардан тұрады. Түймелердің бір қатары бар блейзер, клапандары бар бүйірлік қалталар. Пиджактың, графиттің, қара түстің лапельдерінде не негізгі матаның тонында кестеленген Қазақ (ұлттық) ою-өрнектеріне рұқсат етіледі. Жеңдер тіке және жұмыс ілмектері бар, айырым белгілерін білдіретін күртешенің жеңдеріндегі кестеленген Қазақ (ұлттық) ою-өрнектеріне рұқсат етіледі. Үшбұрышты мойын сызығы бар көкірекше, төрт түймеде, бүйірлерінің төменгі бұйра жиектері бар. Юбка түзу, белбеуі және артқы сыдырмасы бар. Шалбар тік, белбеуі мен сыдырмасы бар төмен қарай тарылған.

      28. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандарына арналған қысқа және ұзын жеңді әйелдер жейдесі екі төс үстеме қалтамен рұқсат етіледі. Ақ түсті жейде матадан, бүктелген жағасы, орталық бүйірлік түймелері бар.

      29. 25, 26, 27, 28-тармақтарда көрсетілген киімдердің жиынтығы, түстері, материалдары мен дизайны азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен өзгереді және біріктіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады