Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 329 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 қыркүйекте № 36959 болып тіркелді

      "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және

      ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 329 бұйрығымен бекітілген

Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аквашаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау (бұдан әрі – паспорттау) – балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, олардың алаңын, жай-күйін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының түрлік құрамын белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені;

      3) көл-тауар шаруашылық қызметі – оқшауланған балық шаруашылығы су айдындарының ихтиофаунасын толық немесе ішінара ауыстыру арқылы онда балықты көбейтумен және (немесе) күтіп-ұстаумен, өсірумен байланысты қызмет;

      4) тор қоршама шаруашылық қызметі – балықтарды балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің акваториясында орналасқан арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтарды көбейтумен және (немесе) күтіп-ұстаумен, өсірумен байланысты қызмет;

      5) су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары (бұдан әрі – бассейндік су инспекциялары) – осы Қазақстан Республикасының Су кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген құзырет шеңберінде су шаруашылығы бассейндері шегінде су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының өңіраралық бөлімшелері.

2-тарау. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау тәртібі

1-параграф. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау

      3. Паспорттау негізінде көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін перспективалы деп танылған халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелері Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесіне (бұдан әрі – халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі) енгізіледі.

      Паспорттау негізінде көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін перспективалы деп танылған жергілікті маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелері Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес бассейндік су инспекциясы мен аумақтық бөлімшенің келісуі бойынша ЖАО бекітетін көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесіне (бұдан әрі – жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі) енгізіледі.Егер осы Қағидалардың 10-тармағында өзгеше көзделмесе, паспорттауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) ғылыми зерттеулер негізінде осы Қағидаларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      4. Паспорттауды ғылыми зерттеулер негізінде Заңның 9-бабының 3-тармағын қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) осы Қағидаларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      5. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар және (немесе) дербес білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ғылыми ұйым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ЖАО мен ғылыми ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүргізеді.

      6. Көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖАО ғылыми зерттеулердің негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспортын (бұдан әрі – паспорт) екі данада жасайды және оның бір данасын аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

      Паспорттың бір данасы ЖАО-да, екіншісі аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органда сақталады. Паспортты сақтау қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      Паспортты сақтау мерзімі балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру мерзіміне байланысты 10 жылдан 49 жылға дейінді құрайды.

      7. Егер көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі аквашаруашылық субъектісіне бекітіліп берілмесе және Заңның 10-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне және 11-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын, көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтегі балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімінде үш жыл бойы қалған жағдайда, жергілікті қайта ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы бюджет қаражаты есебінен паспортты өзектендіру жүргізіледі.

2-параграф . Жеке меншіктегі және (немесе) жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау

      8. Заңның 9-бабы 3-тармағына сәйкес жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғаның жеке меншігіндегі және (немесе) уақытша жер пайдалануындағы жер учаскесінде орналасқан су айдыны болмаған жағдайда, мұндай тұлғалар осы Қағидаларға сәйкес оны паспорттау үшін өз қаражаты есебінен ғылыми зерттеулер жүргізуге құқылы.

      9. Жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ЖАО-ға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жолдайды.

      10. ЖАО өтініш келіп түскен күні оны тіркейді және тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде балық шаруашылығы су айдынында орнатылған су жинау құрылысжайларының бар-жоғы, оның пайдаланылу мақсаты туралы, сондай-ақ көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдынының әлеуеті туралы ақпарат алу үшін аумақтық бөлімшеге және бассейндік су инспекциясына сұраным жолдайды.

      11. Аумақтық бөлімше және бассейндік су инспекциясы сұранымды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖАО-ға тиісті ақпаратты жібереді.

      12. Аумақтық бөлімшеден және бассейндік су инспекциясынан ақпарат алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖАО жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғаға паспорттау жөнінде оң немесе теріс шешім туралы жауап жібереді.

      Заңның 8-бабының 1-тармағында және 16-бабының 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі паспорттаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      13. Оң шешім қабылданған кезде жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлға ғылыми ұйыммен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізу туралы шарт жасасады.

      Ғылыми зерттеулердің нәтижелері паспорттау жүргізу үшін ЖАО-ға жіберіледі.

      14. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖАО үш данада паспорт жасайды.

      Паспорттың бір данасы ЖАО-да қалады, екіншісі аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға, үшіншісі жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғаға жіберіледі.

      15. Паспорттау мәселелері бойынша ЖАО-ның шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

  Көл-тауар және (немесе) тор
қоршама шаруашылық қызметін
жүзеге асыру үшін балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін
паспорттау қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспорты

      Тіркеу нөмірі ________________

      ____________________________________________________________________

      (балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы)

1-тарау. Географиялық орналасуы

      Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (облыс, аудан, ауылдық округ)

      Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің орналасқан жері

      _____________________________________________________________________

      (жақын маңдағы елді мекеннің атауы, су айдынының,

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      орналасу бағыты, қашықтығы шақырыммен)

      Су айдынының және (немесе) учаскенің шекаралары _______________________

      _____________________________________________________________________

      ((GPS) спутниктік-навигациялық жүйелерді пайдалана отырып шекараларды,

      координаттарды сипаттау)

2-тарау. Физикалық сипаттамасы

      Ұзындығы, шақырым __________________________________________________

      Ені, шақырым ________________________________________________________

      Алаңы, гектар ________________________________________________________

      Ең жоғарғы тереңдігі, метр _____________________________________________

      Орташа тереңдігі, метр ________________________________________________

      Су қоймасының техникалық параметрлеріне байланысты судың ең төменгі

      деңгейі (су қоймалары үшін) метр _______________________________________

      Түбінің рельефі, қыстайтын шұңқырлардың саны мен орналасуы _____________

      _____________________________________________________________________

3-тарау. Биологиялық сипаттамасы

      Су айдынында және (немесе) учаскеде:

      суүсті өсімдігінің қаптап өсу дәрежесі __________________________________

      (қатты, орташа, әлсіз)

      суасты өсімдігінің қаптап өсу дәрежесі __________________________________

      (қатты, орташа, әлсіз)

      Фитопланктонның даму дәрежесі (судың гүлденуі) ________________________

      (қатты, орташа, әлсіз)

      Су айдыны және (немесе) учаске фаунасының түрлік құрамы:

      ихтиофауна __________________________________________________________

      омыртқасыздар су жануарлары __________________________________________

      Су айдынының және (немесе) учаскенің балық өнімділігі, гектарына килограмм:

      ихтиофауна __________________________________________________________

      омыртқасыз су жануарлары _____________________________________________

      Азықтық базаның жай-күйі (орташа биомасса), текше метрге милиграммен

      _____________________________________________________________________

      (қанағаттанарлық/қанағаттанарлықсыз)

      Балықтардың ауруының жай-күйі туралы ақпарат __________________________

4-тарау. Шаруашылық сипаттамасы

      Су айдынының және (немесе) учаскенің ластануы __________________________

      _____________________________________________________________________

      (өндіріс қалдықтарымен)

      Судың гидрохимиялық көрсеткіштері ____________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қышқылдық-сілтілік көрсеткіш (pH), негізгі иондар, биогендер, еріген газдар,

      органикалық заттар, минералдану, ауыр металдар, пестицидтер, мұнай өнімдері)

      Су сапасының сәйкестігі _______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (сәйкес келеді/сәйкес келмейді, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және

      ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 111-НҚ бұйрығымен бекітілген

      жерүсті су объектілеріндегі және (немесе) олардың бөліктеріндегі суды жіктеудің

      бірыңғай жүйесіне сәйкес сыныбы)

      Су жинау құрылысжайлары _____________________________________________

      (типі, қуаты, тиесілілігі)

      Аквашаруашылық жүргізу үшін су айдынының және (немесе) учаскесінің сәйкестігі:

      _____________________________________________________________________

      (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

      Шаруашылық қызметтің түрі ____________________________________________

      Бекітіп берілген мерзімі ________________________________________________

      Осы паспорт _____ данада жасалды

      Осы паспортты ресімдеген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,

      астананың жергілікті атқарушы органының атауы

      ____________________________________________________________________

      Мөрдің орны

      Басшы ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      _______________________ (қолы)

     


  Көл-тауар және (немесе) тор
қоршама шаруашылық қызметін
жүзеге асыру үшін балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін
паспорттау қағидаларына
2-қосымша

      Форма

      ____________________________________ әкіміне

      ___________________________________________

      (облыстың, облыстық маңызы бар қаланың, астананың)

      ___________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      ___________________________________________

      не мемлекеттік емес заңды тұлғаның толық атауы)

      ____________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі

      не бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________

      ___________________________________________

      (жеке тұлғаның немесе жеке немесе мемлекеттік

      емес заңды тұлға өкілінің жеке басын

      куәландыратын құжаттың деректемелері,

      ____________________________________________

      байланыс телефоны (бар болса), орналасқан

      жерінің мекенжайы

      ____________________________________________

      (мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін) не

      ____________________________________________

      тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))

Өтініш

      Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін паспорттау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу құқығын беруіңізді сұраймын.

      Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі туралы мәліметтер:

      1) атауы ________________________________________________________

      2) орналасқан жері _______________________________________________

      (облыс, аудан, ең жақын елді мекен)

      Жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі, қоса беріледі.

      Өтініш беруші ___________________________________________________

      (жеке тұлғаның немесе жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Күні ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады