ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"8. Бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізім аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі, уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары арқылы ашық қолжетімділікте орналастырылады.".
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 313 бұйрығына 1-қосымша |
Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) ағымдағы баға – конкурстың екінші кезеңі барысында қалыптасатын конкурс нысанасының бағасы;
2) аукцион залы – конкурстың екінші кезеңін өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік мүлік тізілім веб-порталының бөлімі (бұдан әрі – веб портал);
3) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аквашаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру – балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жатқызылған су айдынында және (немесе) оның бір бөлігінде барлық су айдынын пайдалану құқығынсыз көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу құқығын беру;
5) аквашаруашылық субъектілері – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
6) геоақпараттық сервис – жүргізілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау бойынша электрондық картада графикалық және мәтіндік түрдегі ақпаратты орналастыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйенің сервисі;
7) жеңімпаз – конкурс нысанасы үшін ең жоғары баға ұсынған конкурсқа қатысушы;
8) кепілдік жарна –конкурсқа қатысу үшін қатысушы енгізетін ақша сомасы;
9) көл-тауар шаруашылық қызметі – оқшауланған балық шаруашылығы су айдындарының ихтиофаунасын толық немесе ішінара ауыстыру арқылы онда балықты көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызмет;
10) конкурсқа қатысушының нөмірі – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде конкурсқа қатысу үшін қатысушыға веб-портал беретін бірегей нөмір;
11) қатысушы – конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және өтінімді веб-портал арқылы ұсынған Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы;
12) мемлекеттік мүлік тізілімі – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті жəне мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;
13) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
14) объект – балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі;
15) объектінің электрондық паспорты (бұдан әрі – электрондық паспорт) – объект туралы толық ақпаратты қамтитын электрондық құжат;
16) тор қоршама шаруашылық қызметі – балықтарды балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің акваториясында орналасқан арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызмет;
17) түпкілікті баға – конкурстың екінші кезеңін аяқтау нәтижесінде белгіленген конкурс нысанасының бағасы;
18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі – ведомство) шешімімен жүзеге асырылады.
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) шешімімен жүзеге асырылады.
4. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мерзімі он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімді құрайды, ол су айдындарын және (немесе) учаскелерді паспорттау негізінде айқындалады.
5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімін (бұдан әрі – тізім) ведомство/аумақтық бөлімше жыл сайын, 1 сәуірден кешіктірмей Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілетін балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) және көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің паспорттары (бұдан әрі – паспорт) негізінде қалыптастырады және қалыптастырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясына (бұдан әрі – бассейндік су инспекциясы) келісу үшін жібереді.
6. Бассейндік су инспекциясы тізім келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және келіседі не бас тарту себептерін көрсете отырып, келісуден бас тартады.
Бассейндік су инспекциясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда, тізім келісілген болып есептеледі.
7. Бассейндік су инспекциясының келісімі алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тізім ведомство/аумақтық бөлімше басшысының не оны алмастыратын адамның шешімімен бекітіледі.
8. Бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізім уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастырылады.
Тізімге өзгерістер енгізілген кезде уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары оның өздерінің интернет-ресурстарында өзектендірілуін қамтамасыз етеді.
9. Тізбеге жаңа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері енгізілген немесе жаңа паспорттар бекітілген жағдайда, осы Қағидалардың 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген тәртіппен бассейндік су инспекциясының келісуі бойынша тізімге өзгерістер енгізуге жол беріледі.
2-тарау. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі
1-параграф. Жеке меншіктегі және (немесе) уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелерінде орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі
10. Тізімге енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі және (немесе) уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толығымен орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері конкурс өткізбей аумақтық бөлімшенің шешімімен оларға бекітіліп беріледі.
11. Тізімге енгізілген екі және одан да көп жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі және (немесе) уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толығымен орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері оларға конкурс өткізбей аумақтық бөлімшенің шешімімен бекітіліп беріледі.
12. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жағдайда, жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлға аумақтық бөлімшеге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген жағдайда, жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлға аумақтық бөлімшеге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган бекіткен конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігін растайтын құжаттар;
2) жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелері;
3) екі және одан да көп меншік иелері және (немесе) жер пайдаланушылар болған жағдайда – басқа меншік иелерінің және (немесе) жер пайдаланушылардың көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру құқығынан нотариалды куәландырылған жазбаша бас тартуы.
13. Аумақтық бөлімше құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Аумақтық бөлімше құжаттарды тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды толықтығы және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және тексереді.
14. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешімді ұсынылған құжаттардың толықтығы және олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі анықталған кезде аумақтық бөлімше қабылдайды.
15. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлға осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес белгіленген көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу құқығына бастапқы бағаны жергілікті бюджетке енгізеді.
16. Аумақтық бөлімше мен жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлға арасында көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу құқығына бастапқы баға енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін үлгілік нысан бойынша көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.
17. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, аумақтық бөлімше тиісті жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғаға жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскені бекітіп беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғаға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалымның өткізілетін уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша аумақтық бөлімше жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскені бекітіп беру туралы не жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскені бекітіп беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
18. Аумақтық бөлімше жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы не жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жазбаша сұраным жолдау арқылы жер учаскелерінің меншік иелері және (немесе) жер пайдаланушылары туралы ұсынылған ақпараттың дұрыстығын белгілейді.
19. Жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлға бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 7-тарауына сәйкес сервитут береді.
2-параграф. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі
20. Конкурсты аумақтық бөлімше өткізеді.
21. Конкурсты дайындау және өткізу кезінде аумақтық бөлімше:
1) конкурсты өткізу мерзімдерін және оның шарттарын айқындайды;
2) конкурс нысанасының бастапқы бағасын айқындайды;
3) конкурсты өткізу туралы хабарламаны жариялайды;
4) веб-порталда конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен құжаттарын қарайды және қатысушыларды конкурстың екінші кезеңіне жібереді;
5) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
22. Аумақтық бөлімше конкурс өткізілгенге дейін геоақпараттық сервисте балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау жөнінде толық ақпарат орналастырады, оның ішінде:
барлық балық шаруашылығы су айдынының және әрбір жеке учаскенің (учаскелердің) шекараларының координаттары мен сызбалары;
барлық балық шаруашылығы су айдынының және әрбір учаскенің (учаскелердің) электрондық паспорты.
Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің электрондық паспорты су айдынының және (немесе) учаскенің бірегей сәйкестендіру нөмірін және паспорттау негізінде айқындалған толық ақпаратты қамтиды.
23. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу құқығына бастапқы баға мынадай формула бойынша айқындалады:
N= 10 АЕК * К1,
мұндағы:
N – көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу құқығына бастапқы баға;
АЕК – ағымдағы жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;
К1 – су айдынының ауданын ескеретін коэффициент;
ауданы 100 гектарға дейінгі су айдындары үшін К1=1;
ауданы 100 гектар және одан жоғары су айдындары үшін 1=3,0.
24. Веб-порталдағы конкурсты аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін тағайындайды және тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
25. Аумақтық бөлімше ведомствомен келісу бойынша конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей конкурс өткізу туралы хабарламаны веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады, онда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) конкурсты өткізу күні мен уақыты;
2) аумақтық бөлімшенің толық атауы;
3) объект туралы мәліметтер;
4) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімдері;
5) объектіні бекітіп беру мерзімдері;
6) конкурс өткізу тәртібі;
7) объект бойынша кепілдік жарнаның мөлшері және оны енгізу үшін банктік деректемелер;
8) конкурс нысанасының бастапқы бағасы.
26. Хабарлама жарияланғаннан кейін аумақтық бөлімше конкурстың барлық әлеуетті қатысушыларына объектіге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
27. Конкурсқа қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
байланыс деректері (тіркеу мекенжайлары, телефоны, электрондық мекенжайлары);
2) заңды тұлғалар үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы).
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы өтінімді тіркегенге дейін веб-порталға енгізілген деректерді өзгертеді.
28. Қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
29. Бірыңғай оператор веб-порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды.
30. Конкурсқа қатысушылар веб-портал арқылы қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімді береді.
Өтінімге қосымша біліктілік талаптарында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
31. Өтінімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында сақталады және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақыт пен күнге дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімді болмайды.
32. Өтінімді тіркегеннен кейін веб-портал үш минут ішінде мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында өтінім берілген объект бойынша кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтердің болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді.
33. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде бірыңғай оператордың шотына енгізеді.
34. Конкурсқа қатысуға арналған кепілдік жарна 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
35. Мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның келіп түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, веб-портал өтінімді қабылдауды және конкурс нәтижелері анықталғанға дейін кепілдік жарнаның сомасын бұғаттауды жүзеге асырады. Мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның келіп түскені туралы мәліметтер болмаған кезде веб-портал қатысушының өтінімін қабылдамайды.
36. Конкурс нәтижелері бойынша жеңген және шарт жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы конкурс нәтижелері бойынша белгіленген және шартта көрсетілген түпкілікті баға есебіне жатады және бірыңғай оператор веб-порталда кепілдік жарнаны аударуға арналған өтінішке аумақтық бөлімше қол қойғаннан кейін тиісті бюджетке жібереді.
37. Конкурс нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қойылмаған жағдайда, кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды. Бұл жағдайда конкурс жеңімпазының кепілдік жарнасын аумақтық бөлімше веб-порталда конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қойғаннан кейін бірыңғай оператор тиісті бюджетке жібереді.
Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарналарды бірыңғай оператор конкурс өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда ЭЦҚ пайдалана отырып, қатысушылар қол қойған кепілдік жарналарды қайтаруға арналған өтініштерде конкурсқа қатысушылар көрсететін деректемелерге қайтарады.
38. Автоматты тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан уәжді бас тарту туралы электрондық хабарлама жібереді.
39. Бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның келіп түспеуі веб-порталдың өтінімді қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.
40. Өтінімдерді ашу конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген конкурстың күні мен уақыты басталғаннан кейін веб-портал арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
41. Егер бірінші конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте бір өтінім тіркелген болса, мұндай конкурс өтпеді деп танылады.
Екінші және одан кейінгі конкурстар өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте біліктілік талаптарға сәйкес кемінде бір тіркелген өтінім болған кезде өтті деп танылады.
Екінші және одан кейінгі конкурстарды өткізу кезінде конкурстың екінші кезеңіне жалғыз қатысушы жіберілгенде онымен объектінің бастапқы бағасы төленген және шарт жасасқан жағдайда, мұндай қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.
42. Егер конкурс өткізілмеді деп жарияланса, өтінімдер ашу жүргізілмейді және аумақтық бөлімше конкурс өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, веб-портал қалыптастыратын конкурстың өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
43. Конкурс екі кезеңмен өткізіледі.
Бірінші кезеңде қатысушылардың өтінімдерін аумақтық бөлімше веб-порталда біліктілік талаптарына және конкурс шарттарына сәйкес келетін және конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында қарайды.
44. Аумақтық бөлімше өтінімдерді ашқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ-ын пайдалана отырып қол қою үшін конкурстың екінші кезеңіне қатысушыларға рұқсат беру хаттамасын (бұдан әрі – рұқсат беру хаттама) қалыптастырады.
45. Рұқсат беру хаттамасы өтінім берген барлық қатысушыларды электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аумақтық бөлімше басшысы оған қол қойған сәттен бастап веб-порталда конкурсқа қатысушыларға қолжетімді болады.
46. Рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) себебін көрсете отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілмеген қатысушылардың нөмірлерінің тізімі;
2) конкурстың екінші кезеңін өткізу күні мен уақытын көрсете отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушылар нөмірлерінің тізімі.
47. Конкурстың екінші кезеңінің өткізілетін күні мен уақытын веб-портал рұқсат беру хаттамасы веб-порталда жарияланған күннен бастап бірінші жұмыс күніне автоматты түрде тағайындайды.
48. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар ол басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ-ны және веб-портал беретін аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.
49. Конкурстың екінші кезеңі веб-портал белгілеген уақытта басталады және былайша өткізіледі:
1) екінші кезең басталған сәтте аукцион залында конкурсқа қатысушылардың конкурс нысанасына баға ұсыныстары көрсетіледі, олар конкурс нысанасын шарттарды сақтай отырып, сатып алуға олардың келісімін білдіру нысаны болып табылады және бастапқы баға қалыптастырылады;
2) конкурстың екінші кезеңі басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағидалардың 51-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын ұлғайту мүмкіндігі беріледі;
3) егер конкурстың екінші кезеңі басталғаннан бастап он минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы ең жоғары бағаны көтермесе, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал конкурстың осы нысанасы бойынша конкурс өткізілді деп танылады;
4) егер аукцион залында конкурстың екінші кезеңі басталғаннан бастап он минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағидалардың 51-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын ұлғайту жолымен конкурс нысанасын сатып алу ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
5) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін он минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен конкурс нысанасын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда конкурс нысанасын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал конкурс өткізілді деп танылады;
6) егер конкурстың екінші кезеңі аяқталған сәтте сағат 17:00-де жеңімпаз анықталмаса, онда конкурстың нысанасын сатып алуға өзінің ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал конкурстың осы нысанасы бойынша конкурс өткізілді деп танылады.
50. Егер конкурстың екінші кезеңі басталған сәтте екі және одан да көп қатысушының баға ұсыныстарында конкурс нысанасы үшін бірдей ең жоғары баға болса және осы ағымдағы баға он минут ішінде ұлғайтылмаған жағдайда, онда осы бірдей ең жоғары бағаны ұсынған қатысушылардың арасында өтінімі басқа қатысушылардың өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.
51. Конкурстың екінші кезеңі уақытында бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:
1) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі болған кезде өзгерту қадамы 20 процент мөлшерінде белгіленеді;
2) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшерінен 100 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы 30 процент мөлшерінде белгіленеді;
3) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен 250 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы 15 процент мөлшерінде белгіленеді;
4) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 250 еселенген мөлшерінен 500 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы 10 процент мөлшерінде белгіленеді;
5) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінде және одан жоғары мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
52. Конкурс нәтижелері туралы хаттаманы веб-портал қалыптастырады және ол өткізген күні аумақтық бөлімше басшысы мен жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
53. Конкурс нәтижелері туралы хаттамада мынадай деректер қамтылады:
1) конкурс шарттары;
2) объект туралы мәліметтер;
3) конкурс жеңімпазы туралы мәліметтер;
4) тараптардың шартқа қол қою жөніндегі міндеттемелері.
54. Ведомство/аумақтық бөлімше түпкілікті баға төленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде объектілерді бекітіп беру туралы шешім қабылдайды.
55. Ведомствоның/аумақтық бөлімшенің объектілерді бекітіп беру туралы шешімі негізінде ол қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде шарт жасалады.
Шарт веб-порталда қалыптастырылады және аумақтық бөлімше мен жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды. Шартта конкурс нәтижелері туралы хаттамаға және оны жасасу үшін негіз ретінде объектілерді бекітіп беру туралы шешімге сілтемелер көрсетіледі.
56. Түпкілікті баға конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей бірыңғай оператордың есеп шотына енгізіледі.
Түпкілікті бағаны бірыңғай оператор аумақтық бөлімше веб-порталда жеңімпаздың түпкілікті бағаны:
балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) халықаралық және республикалық маңызы бар учаскелер бойынша республикалық бюджеттің кірісіне;
жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша жергілікті бюджет кірісіне төлегені туралы мәліметтерді енгізген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аударады.
57. Жеңімпаз белгіленген мерзімдерде конкурс нәтижелері туралы хаттамаға, шартқа қол қоймаған немесе түпкілікті бағаны төлеу мерзімін бұзған жағдайда, аумақтық бөлімше веб-порталда қалыптастырылатын конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және конкурстың осы нысанасы бойынша күшін жойған конкурс шарттарымен қайтадан конкурс өткізеді.
58. Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру мәселелері бойынша ведомствоның/аумақтық бөлімшенің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану ҚР ӘРПК 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс өткізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімі
№ | Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы | Координаттары көрсетілген орын | Ауданы, гектар | Шаруашылық қызметтің ұсынылатын түрі | Бекітіп беру мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Көл-тауар және (немесе) тор | |
қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымша |
|
1-нысан |
Өтінім
1. Мен, төменде қол қойған (төменде қол қойылған)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты және әкесінің аты (бар болса), тегі не мемлекеттік емес заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________
(балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы)
____________________________________________________________________
(балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің сәйкестендіру нөмірі, ауданы, облысы)
көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жарияланған тізімін қарап және "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс өткізу қағидаларымен танысып,
____________________________________________________________________
(тор қоршама, көл-тауарлық шаруашылық қызметі) жүргізу мақсатында
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) не мемлекеттік емес заңды тұлғаның атауы)
жеке меншігіндегі және (немесе) уақытша жер пайдалануындағы жер учаскесінде толығымен орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беруге өтінім қабылдауды сұраймын.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, менде (бізде) салық берешегінің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің жоқ екенін мәлімдеймін.
Менің (біздің) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылықтың жосықсыз субъектілерінің тізілімінде (бұдан әрі – аквашаруашылықтың жосықсыз субъектілерінің тізілімінде) жоқ екенімді (мізді) мәлімдеймін.
Заңды тұлғаның басшылары мен құрылтайшылары арасында жосықсыз аквашаруашылық субъектілерінің тізілімінде тұрған басқарумен, мекемемен, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты адамдардың жоқ екендігін мәлімдеймін.
3. Менде (бізде) соңғы бес жылда орындалмаған шарттық міндеттемелердің жоқ екендігін мәлімдеймін (балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекііліп берулген не бұрын бекітіліп берілген адамдар үшін).
4. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
5. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
6. Өзім туралы мынадай мәліметтер ұсынамын:
заңды тұлға үшін:
атауы __________________________________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________
мекенжайы: ____________________________________________________
телефон нөмірі (факс): _________________________________________
жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі__________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________
дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _______________________________________________
хабарлама күні _______________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _________________________________________________________
кім берді _____________________________________________________
берілген күні __________________________________________________
мекенжайы: ___________________________________________________
телефон нөмірі (факс): _________________________________________
Күні ___________________ Қолы _______________________________
2-нысан |
Өтінім
1. Мен, төменде қол қойған (төменде қол қойылатын)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты және әкесінің аты (бар болса), тегі не мемлекеттік емес заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________
(балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы)
____________________________________________________________________
(балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің сәйкестендіру нөмірі, ауданы, облысы)
көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жарияланған тізімін қарап және "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс өткізу қағидаларымен танысып,
___________________________________________________________________
(тор қоршама, көл-тауар шаруашылық қызметі)
жүзеге асыру мақсатында
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты және әкесінің аты (бар болса), тегі не мемлекеттік емес заңды тұлғаның атауы)
екі және одан да көп жеке меншігіндегі және (немесе) уақытша жер пайдалануындағы жер учаскесінде орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беруге өтінім қабылдауды сұраймын.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, менде (бізде) салық берешегінің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегімнің жоқ екенін мәлімдеймін.
Менің (біздің) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруалықтың жосықсыз субъектілерінің тізілімінде (бұдан әрі – аквашаруашылықтың жосықсыз субъектілерінің тізілімінде) жоқ екенімді (мізді) мәлімдеймін.
Заңды тұлғаның басшылары мен құрылтайшылары арасында жосықсыз аквашаруашылық субъектілерінің тізілімінде тұрған басқарумен, мекемемен, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты адамдардың жоқ екендігін мәлімдеймін.
3. Менде (бізде) соңғы бес жылда орындалмаған шарттық міндеттемелердің жоқ екендігін мәлімдеймін (балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген не бұрын бекітіліп берілген адамдар үшін).
4. Басқа меншік иелерінің және (немесе) жер пайдаланушылардың көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру құқығынан жазбаша берген бас тартуларын қоса беремін.
5. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын.
6. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
7. Өзім туралы мынадай мәліметтер ұсынамын:
заңды тұлға үшін:
атауы __________________________________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________
мекенжайы: ____________________________________________________
телефон нөмірі (факс): _________________________________________
жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі__________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________
дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _______________________________________________
хабарлама күні _______________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _________________________________________________________
кім берді _____________________________________________________
берілген күні __________________________________________________
мекенжайы: ___________________________________________________
телефон нөмірі (факс): _________________________________________
Күні ___________________ Қолы _______________________________
Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс өткізу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінім
1. Мен, төменде қол қойған (төменде қол қойылатын)______________
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты және әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________
(балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы)
____________________________________________________________________
(балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің сәйкестендіру нөмірі,
ауданы, облысы)
көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс өткізу қағидаларымен танысып,
__________________________________
(тор қоршама, көл-тауарлық шаруашылық қызметі)
жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__жылғы "___" _______ өтетін конкурсқа қатысуға өтінім қабылдауды және конкурсқа қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.
2. Мен (біз) конкурсқа қатысу үшін хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:
____________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, төлем тағайындау коды, бенефициар коды)
___________________________________________________________________
(сома теңгемен, оның ішінде жазбаша көрсетіледі)
кепілдік жарнаны енгіздім (дік), оны конкурс нәтижелері анықталғанға дейін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы бұғаттайды.
____________________________________________________________________
(төлем құжатының нөмірі мен күні)
3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігіміз және (немесе) осы өтінімде мәлімделген ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда, біз (мен) конкурста жеңіске жеткен жағдайда, біз (мен) қол қойған конкурс нәтижелері туралы хаттама көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт жарамсыз деп танылады, кепілдік жарна қайтарылмайды.
4. Біз (мен) конкурс жеңімпазы болған жағдайда, конкурс өткізілетін күні және объектілерді бекітіп беру туралы шешім негізінде конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоямыз (мын), қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде біз (мен) хабарландыруда көрсеткен және ұсынған конкурс шарттарында көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға шарт жасасамыз.
5. Мен (біз) жеңімпаз деп анықталған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы менің (біздің) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан, түпкілікті бағаны төлеуден не көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға шарт жасасудан бас тартқан жағдайларда қайтарылмайтынымен келісемін.
6. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен таныстым.
7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, менде (бізде) салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің жоқ екенін мәлімдеймін.
Мен (біз) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылықтың жосықсыз субъектілерінің тізілімінде (бұдан әрі – аквашаруашылықтың жосықсыз субъектілерінің тізілімі) жоқ екенімді (мізді) мәлімдеймін (міз).
Заңды тұлғаның басшылары мен құрылтайшылары арасында аквашаруашылықтың жосықсыз субъектілерінің тізіліміндегі заңды тұлғалардың басқаруға, мекемеге, жарғылық капиталына қатысуға байланысты адамдардың жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.
8. Соңғы бес жылда менде (бізде) орындалмаған шарт міндеттемелерінің жоқ екендігін мәлімдеймін (балық шарруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген немесе бұрын бекітіліп берілген адамдар үшін).
9. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
10. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
11. Осы өтінім конкурс нәтижелері туралы хаттамамен бірге көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға шарт жасасқанға дейін қолданылатын шарттың күшіне ие болады.
12. Өзім туралы мәліметтерді ұсынамын:
заңды тұлға үшін:
атауы ___________________________________________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________
мекенжайы: ______________________________________________________
телефон нөмірі (факс): _____________________________________________
кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
жеке сәйкестендіру коды ___________________________________________
банктік сәйкестендіру коды ________________________________________
банктің атауы ____________________________________________________
бенефициар коды ________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі /
кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________________________
жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________
дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _______________________________________________
хабарлама күні _______________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _________________________________________________________
кім берді _____________________________________________________
берілген күні ___________________________________________________
мекенжайы: ____________________________________________________
телефон нөмірі (факс): ____________________________________________
кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер: ______________
жеке сәйкестендіру коды __________________________________________
банктік сәйкестендіру коды ________________________________________
банктің атауы ___________________________________________________
бенефициар коды ________________________________________________
кепілдік жарнаны төлеген адамның жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру
нөмірі _________________________
_______________________________________________________________
Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ қою күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның ведомствосы/ аквашарушылық
саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі
20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні мен уақыты
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 313 бұйрығына 2-қосымша |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) алынған құжаттарды қарау күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық берешегінің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болмауы;
2) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 9-тармағына сәйкес қалыптастырылатын көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылықтың жосықсыз субъектілерінің тізілімінде (бұдан әрі – аквашаруашылықтың жосықсыз субъектілерінің тізілімі) болмауы;
3) заңды тұлғаның басшылары мен құрылтайшылары арасында аквашаруашылықтың жосықсыз субъектілерінің тізілімінде тұрған басқарумен, мекемемен, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысумен байланысты адамдардың болмауы;
4) соңғы бес жылда орындалмаған шарттық міндеттемелердің болмауы (балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген немесе бұрын бекітіліп берілген адамдар үшін);
5) штатта аквашаруашылық немесе балық шаруашылығы саласында мамандығы бар кемінде бір қызметкердің болуы.