БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33056 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу осы әдістеменің 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарын қоспағанда, мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:
1) Vжқ1 – шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын, қазақстандық үлгідегі дипломды алатын, бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі, сондай-ақ қазақстандық үлгідегі дипломды алатын, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:
V жқ1 = Nzb1 * Контzb1,
мұндағы:
Nzb1 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;
Контzb1 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;
Nzb1 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nzb1 = Т+Xz+ A+ S,
мұндағы:
Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП-ның және ПОҚ-тың жылына бір білім алушыға шаққандағы жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Xz – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша жылына бір білім алушыға есептегенде жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде білім алушылардың оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға, зертханалық, практикалық, теориялық және жеке сабақтарының академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға арналған оқу шығыстары – 19 АЕК;
АЕК – жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін айлық есептік көрсеткіш. Айлық есептік көрсеткішке баламалы көрсеткіштердің мәндерін айқындау үшін негіз ретінде 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері алынады;
А – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары үшін оқу құралдары мен жабдықтардың амортизация нормасы 64 АЕК-ті құрайды;
Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП және ПОҚ еңбегіне ақы төлеудің жылдық қоры жылына бір білім алушыға төменде келтірілген персонал құрамы негізге алына отырып есептеледі.
Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура | Персонал | Саны (штат бірлігі) | 1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері теңгемен | АЕК-те 1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері |
ПОҚ | Профессорлық-оқытушылық құрам (ПОҚ): | 100 | ||
ПОҚkz | Отандық ПОҚ | 70 | 860 000 | 280,77 АЕК |
ПОҚin | Шетелдік ПОҚ | 30 | 3 956 000 | 1291,544 АЕК |
ӘБП | Әкімшілік-басқару персоналы: | 54,5 | ||
ӘБП kz | Отандық менеджмент | 1 | 1 075 000 | 350,963 АЕК |
ӘБПin | Шетелдік менеджмент, Халықаралық менеджмент |
1,5 |
4 515 000 | 1474,045 АЕК 1263,467 АЕК |
ӘБПin | Шетелдік орта менеджмент | 5 | 860 000 | 280,77 АЕК |
ӘБПkz | ӘБП кіші құрамы | 46 | 430 000 | 140,385 АЕК |
Барлығы | 154,5 |
Т – білім беру процесіне жылына бір білім алушыға тартылған ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:
T = Tkz+ Tin,
Тkz = Тәбпkz+ Тпоқkz,
Тin = Тәбп in + Тпоқ in,
мұндағы:
Тkz – жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған отандық ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Тin – жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған шетелдік ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Тәбп – ӘБП жылдық еңбекақы төлеу қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:
Тәбпkz (in) = Wәбпkz (in) *12*snokz (in) * mvәбпkz (in) *mp,
Тпоқ – ПОҚ-тың жылдық еңбекақы қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:
Тпоқkz (in) = Wпоқkz (in) * 12*snokz(in)*mvпоқkz (in) * mp,
мұндағы:
W – айына отандық және шетелдік ПОҚ және ӘБП еңбекақы төлеу қоры:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы шарт негізінде отандық және шетелдік ӘБП және ПОҚ үшін белгіленді.
Жалақыны есептеу 2021 жылғы 15 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 430 теңге баламасында ұлттық валютада жүргізілді;
12 – айына нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жылына айлар саны;
sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:
отандық персоналдар үшін snokz – 1,0836;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;
шетелдік персоналдар үшін snoin – 1,095;
mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың коэффициенті:
2023 жылға – 1,03;
2024 жылға – 1,045;
2025 жылға – 1,055;
2026 жылға – 1,065;
2027 жылға – 1,075;
2028 жылға және одан кейінгі жылдарға – 1,08;
mvпоқ – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициентін құрайды:
бір шетелдік оқытушыға mvпоқin – 0,02;
бір отандық оқытушыға mvпоқkz – 0,047;
mvәбп – ӘБП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:
бір шетелдік мидл-менеджментке mvәбпin1 – 0,0033;
бір шетелдік топ-менеджментке mvәбпin2– 0,001;
бір шетелдік халықаралық менеджментке mvәбпin3 – 0,00067;
бір отандық менеджментке mvәбпkz1 – 0,00067;
бір ӘБП кіші құрамға mvәбпkz2 – 0,031;
S – халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу коэффициенті – 102,024 АЕК;
2) Vжқ2 – шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын, қос диплом алатын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:
V жқ2 = Nzb2* Контzb2,
мұндағы:
Контzb2 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;
Nzb2 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі, мына формула бойынша айқындалады:
Nzb2 = Nzb1 + L1,
мұндағы:
L1 – Солтүстік Америка елдерінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қос диплом бағдарламасы бойынша бір білім алушыға жылына 752,693 АЕК есебінен шығыстар;
3) Vжқ3 – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары шеңберінде іске асырылатын, қос диплом алатын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі, мына формула бойынша есептеледі:
Vжқ3 = Nzb3 * Контzb3,
мұндағы:
Контzb3 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;
Nzb3 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі, мына формула бойынша айқындалады:
Nzb3 = Nzb1 - S + L2,
мұндағы:
L2 – Еуропа елдерінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қос диплом бағдарламасы бойынша бір білім алушыға жылына 698,845 АЕК есебінен шығыстар.
Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына төлем барлық оқу кезеңі үшін (4 жыл) тең үлестермен шарт негізінде жүзеге асырылады. L1 және L2 есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2022 жылғы 27 желтоқсанға белгіленген бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 461,1 теңге эквивалентінде ұлттық валютада жүргізілді.";
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасында "Ресей Федерацииясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (университеті)" федералдық дербес мемлекеттік жоғары білім беру мекемесінің Қазақстандық филиалы үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:
Vжқ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі (бакалавриат және магистратура) білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
Vжқ = ∑ (Nb * Контb) + ∑ (Nm * Контm),
мұндағы:
Nb – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;
Nm – магистратурада жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;
Контb – бакалавриатта білім алушылардың орташа жылдық контингенті;
Контm – магистратурада білім алушылардың орташа жылдық контингенті;
Контb, Контm, мына формула бойынша есептеледі:
Контb, m = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 – оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжамды саны;
Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бірнеше бағыты іске асырылатын жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары және білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде айқындалады;
2) Nb/m – бакалавриатта/магистратурада бір жылда бір білім алушыға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі Қазақстан Республикасында (бұдан әрі – ҚР) және Ресей Федерациясында (бұдан әрі – РФ) оқуға байланысты шығыстар нормативінің сомасын құрайды, мына формула бойынша есептеледі:
Nb/m = Nb/m kz + Nb/m rus,
мұндағы:
Nb/m kz – ҚР-да бакалавриатта/ магистратурада бір жылда бір білім алушыға шығыстар нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nb/m kz = F + K + S,
Nb/m rus – РФ-да бакалавриатта/магистратурада бір жылда бір білім алушыға шығыстар нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nb/m rus = O + Kс;
3) F – білім беру процесінің персоналына жылдық еңбекақы төлеу қорын қамтитын персоналдың жалпы жылдық еңбекақы төлеу қоры: (әкімшілік-басқарушы персоналдың (бұдан әрі – ӘБП) және профессорлық-оқытушылық персоналдың (бұдан әрі – ПОҚ)) бір жылда бір білім алушыға есептегенде және ол мына формула бойынша есептеледі:
F = Тпоқ + Тәбп,
Тпоқ және Тәбп – бір жылда бір білім алушыға ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі;
Tпоқ/әбп = Tнег поқ/әбп + Tөтем поқ/әбп,
мұндағы:
Tнег поқ/әбп – ӘБП және ПОҚ-тың өтемақы төлемдерінсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Тнег поқ/әбп = 12 * Wпоқ/әбп * sno * mvпоқ/әбп,
Төтем поқ/әбп – жылына бір білім алушыға қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
Tөтем поқ/әбп = ЛЖ поқ/әбп * sno * mvпоқ/әбп,
мұндағы:
W поқ/әбп – ӘБП мен ПОҚ-тың айлық еңбекақы төлеу қоры;
12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;
sno – әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың, жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының және міндетті зейнетақы жарналарының коэффициенті:
2025 жылға – 1,122097;
2026 жылға – 1,132097;
2027 жылға – 1,142097;
2028 және одан кейінгі жылдарға - 1,147097 құрайды.
mvпоқ – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:
бакалавриат үшін - 0,088542 құрайды;
магистратура үшін – 0,133325 құрайды;
mvәбп – ӘБП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:
бакалавриат үшін – 0,032042 құрайды;
магистратура үшін – 0,032031 құрайды;
W поқ/әбп – ӘБП және ПОҚ-тың айлық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:
Wпоқ = ЛЖ поқ + БЛЖ* (u + Stпоқ),
Wәбп = (БЛЖ * f әбп) + БЛЖ * Stәбп,
мұндағы:
ЛЖпоқ – ПОҚ-тың лауазымдық айлықақысы мына формула бойынша анықталады:
ЛЖпоқ = 26,0922 * БЛЖ;
ЛЖәбп – ӘБП-ның лауазымдық айлықақысы мына формула бойынша айқындалады:
ЛЖәбп = БЛЖ * fәбп,
мұндағы:
fәбп – жалпы ПОҚ жалақысындағы ӘБП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 25,8966;
u – ғылыми дәреже үшін қосымша ақы коэффициенті – 5,1;
Stпоқ – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бұйрығымен бекітілген ПОҚ үшін қосымша ақылар коэффициенті жылына бір білім алушыға есептегенде – 0,52 құрайды;
Stәбп – бір жылда бір білім алушыға есептегенде ӘБП-ның ай сайынғы дербес үстемеақы коэффициенті – 5,4302 құрайды;
4) K – бір жылда бір білім алушыға есептегенде білім беру процесін ұйымдастыру және жүргізу мақсатында ПОҚ мен ӘБП-ны іссапарға жіберуге байланысты шығындардың нормасы:
бакалавриат және магистратура үшін – 49,46 АЕК құрайды;
5) S – жылына бір білім алушыға есептегенде ағымдағы күтіп-ұстауға арналған шығыстар нормасы:
бакалавриат және магистратура үшін - 2,02 АЕК құрайды;
6) O – РФ-да білім алушыларды оқытуға байланысты шығыстар нормасы, бір жылда бір білім алушыға есептегенде:
бакалавриат үшін – 324,28 АЕК құрайды;
магистратура үшін – 231,06 АЕК құрайды;
7) Кс – білім алушылардың іссапар шығыстарының нормасы (ұшу) бір жылда бір білім алушыға есептегенде:
бакалавриат үшін – 13,26 АЕК құрайды;
магистратура үшін – 26,52 АЕК құрайды;
АЕК – 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген айлық есептік көрсеткіш.
8) кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі (Vk) мына формула бойынша айқындалады:
Vk = ∑ (K * Ncred * Конт),
мұндағы:
K – бір білім алушыға арналған кредиттердің жоспарланған жылдық саны;
Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісіндегі бір академиялық кредит құнының нормативі.
Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бір бағытынан артық іске асырылған кезде оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім деңгейлері бойынша оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін жинақтау жолымен айқындалады;
9) Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі мынадай формула бойынша есептеледі:
Ncred = N / 60,
мұндағы:
60 – МЖМББС сәйкес айқындалған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі