"Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36744 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31947 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларында:

      4-тарау мынадай мазмұндағы 8-параграфпен толықтырылсын:

      "8-параграф. Әскери қызметшілерді далалық шығуларға (арнаулы далалық жұмыстарды қоспағанда) теңізге шығуларда, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына жіберу кезіндегі далалық төлемдер.

      73-1. Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда) дала шығулары, теңізге шығулар, оқу-жаттығуларға немесе кемелер жорығына қатысу кезеңі үшін дала төлемдері жүзеге асырылады.

      73-2. Далалық төлемдер тұрақты тұрғылықты жерінен тыс орналасқан жеріне қарамастан, далалық шығуда (арнаулы далалық жұмыстарды қоспағанда), теңізге шығуда болғаны үшін, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысқаны үшін іссапар шығыстарды төленбестен, тәулігіне 1,2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің қаржы қызметі арқылы осы айға арналған ақшалай үлесті төлеумен бір мезгілде, жүзеге асырылады.

      Бұл төлемдер дала шығуларда, теңізге шығуларда, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысқаны үшін бір тәуліктен астам әрбір тәулікке төленеді".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қаржылық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады