ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 31.08.2025 ж.бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналыстағы монеталар – бағалы емес металдардан жасалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар;
2) арнаулы қаптама – банкноттар мен монеталарды зақымданудан қорғауды қамтамасыз ететін қаптама;
3) банкноттар және монеталар – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралы болып табылатын ақша белгілері;
4) белгіленген құн – банкноттардың, монеталардың номиналы бойынша құны;
5) инвестициялық монеталар – бағалы металдардан жасалған, инвестициялау және жинақтау объектісі болып табылатын монеталар;
6) коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақтау объектісі болып табылатын, бағалы металдардан, сол сияқты бағалы емес металдардан жасалған, шектеулі таралыммен дайындалған мерекелік, естелік және өзге де арнайы соғылған монеталар;
7) құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталар – түрлі материалдардан жеке-жеке жасалған және бір монетаның бірыңғай композициясына өзара біріктірілген екі және одан да көп бөліктен тұратын коллекциялық монеталар;
8) сауда алаңы – инвестициялық монеталарды, оның ішінде бөліктер (үлестер) бойынша сату және сатып алу жүзеге асырылатын онлайн платформа;
9) Ұлттық Банктің интернет-дүкені және (немесе) мобильді қосымша – Ұлттық Банктің жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Ұлттық Банк шығаратын инвестициялық, коллекциялық монеталарды, арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуға арналған Ұлттық Банктің интернет ресурстары;
10) Ұлттық Банктің Орталығы – ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал);
11) Ұлттық Банктің филиалы – Ұлттық Банктің ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын аумақтық филиалы.";
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Банкноттар мен айналыстағы монеталарды, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды сату және сатып алу";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ұлттық Банктің филиалдары, Ұлттық Банктің Орталығы белгіленген құны бойынша банкноттар мен айналыстағы монеталарды жеке және заңды тұлғаларға сатады, сондай-ақ оларды жеке және заңды тұлғалардан сатып алады.
Арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды жеке және заңды тұлғаларға Ұлттық Банктің филиалдары, Ұлттық Банктің Орталығы сатады және Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.
Арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды сату бағасын Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі белгілейді, ол банкноттар мен айналыстағы монеталардың белгіленген құнынан, арнаулы қаптаманың құнынан тұрады және тіркелген құн болып табылады.
Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатып алған кезде жеке және заңды тұлғалар сатып алынған арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды жеткізу құнын және оларды жеткізу жөніндегі шартта айқындалған сақтандыру алымының сомасын қосымша төлейді.
5. Ұлттық Банктің филиалдары, Ұлттық Банктің Орталығы "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16120 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 230 қағидалар) белгіленген тәртіппен банкноттар мен монеталардың төлемділігін айқындай отырып, жеке және заңды тұлғалардан арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды белгіленген құны бойынша сатып алады.";
8-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатып алған кезде жеке және заңды тұлғалар сатып алынған инвестициялық және коллекциялық монеталарды жеткізу құнын және оларды жеткізу жөніндегі шартта айқындалған сақтандыру алымының сомасын қосымша төлейді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату кезінде жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) Ұлттық Банктің филиалына немесе Ұлттық Банктің Орталығына жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) цифрлық құжатты, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған цифрлық нұсқасын (жеке немесе заңды тұлғаның атынан өкілдік еткен жағдайда) ұсынады.
Жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алған кезде:
1) Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу өтінішін (бұдан әрі – Өтініш) 2 (екі) данада толтырады, оның біреуі Ұлттық Банктің филиалында немесе Ұлттық Банктің Орталығында қалады, ал екіншісі жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) беріледі;
2) Ұлттық Банктің филиалына немесе Ұлттық Банктің Орталығына жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) цифрлық құжатты, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған цифрлық нұсқасын (жеке немесе заңды тұлғаның атынан өкілдік еткен жағдайда) ұсынады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Бағалы емес металдардан жасалған коллекциялық монеталар олардың белгіленген құны бойынша сатып алынады.
Бағалы емес металдардан жасалған коллекциялық монеталарды сатып алу кезінде Ұлттық Банк филиалының немесе Ұлттық Банк Орталығының қызметкері № 230 қағидаларда белгіленген тәртіппен монеталардың төлемділігін айқындайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |