БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27066 болып тіркелген) сәйкес мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде (бұдан әрі – Ұлттық парктер) туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеменің құрамдас бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақты және оның инфрақұрылымын жоспарлау жобасы;
2) құрылыс объектілері – салынуы Бас жоспарда көзделген туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер;
3) сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклімен балық өсіру шаруашылығы – сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологиясы қолданыла отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын қолдан өсірумен байланысты шаруашылық қызмет түрі.
4) туристік маршрут – туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;
5) туристiк соқпақ – жаяу, велосипедпен немесе атпен (салт атпен) жүруге арналған ұзыннан-ұзақ жер учаскесi;
6) экологиялық туризм – табиғи объектілермен және дәстүрлі мәдениеттермен олардың компоненттерін жоймай және алып қоймай танысу мақсатында және жақын маңдағы елді мекендерде тұратын азаматтардың кәсіпкерлік қызметін дамытуға ықпал ететін табиғи жерлерге саяхат.
2-тарау. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру тәртібі
3. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызмет әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлерді орналастыру, Ұлттық парктiң қорғалуын және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажетті шаруашылық қызмет жүргiзу, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды ұйымдастыруды қоса алғанда, келушiлерге қызмет көрсету, рекреациялық орталықтар, жабайы жануарларды өсіруге және күтіп-бағуға арналған вольерлер, балық өсіру шаруашылығы, қонақ үйлер, кемпингтер, музейлер мен туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салуды және пайдалануды жүзеге асыру, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында рекреациялық жүктемелердің нормаларын ескере отырып, дем алу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайларды, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай құрал-жабдығын жалға беру пункттерін орнату жолымен жүзеге асырылады.
Балық шаруашылықтарын орналастыру үшін учаскелер беру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме болған кезде жүзеге асырылады.
Балық шаруашылығын жүргізу сумен қамтамасыз етудің тұйық циклімен балық өсіру шаруашылықтарын ұйымдастыру тәсілімен жүзеге асырылады.
4. Ұлттық парктердегі туристік және рекреациялық қызметті тікелей Ұлттық парк, сондай-ақ туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
5. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазіргі инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік, рекреациялық (уақытша құрылыстар ғана салу үшін) және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі.
6. Туризм объектілерін салу және орналастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Заңның 46-бабының 3-тармағына сәйкес туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер Ұлттық парктің инфрақұрылымын дамытудың Бас жоспарына сәйкес және қазіргі инфрақұрылымымен де, сол сияқты жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі.
Аумағында автокөлік құралдарына арналған жолдар мен тұрақтар, туристік соқпақтар, туристік маршруттар орналасқан Ұлттық парктер учаскелері пайдалануға берілмейді.
7. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін Ұлттық парктер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) және Ұлттық парктің ресми интернет-ресурстарында Ұлттық парктердің туристік әлеуеті туралы ақпарат орналастырады.
8. Бивак аялдамалары мен тамашалау алаңдарын ұйымдастыру және олардың құрылғыларын пайдалану үшін жеке және заңды тұлғалар Ұлттық паркпен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 393-бабына сәйкес Ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалану шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасады.
Ұлттық парктердің аумағында объектілерді орналастыруға арналған учаскелер туралы әлеуетті инвесторларды хабардар ету үшін Уәкілетті орган мен Ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында Бас жоспардың үзінді көшірмесі орналастырылады.
9. Заңның 46-1-бабының 5-тармағына сәйкес Уәкілетті органның жазбаша хабардар етуіне сәйкес құрылыс объектілері басқа тұлғаға берілген не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жер учаскесін пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, жеке, заңды тұлғаларға немесе жекеше әріптестерге жүктелетін учаскені мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру міндеті сақталады.
10. Туристік соқпақтарды, туристік маршруттарды орналастыруды жобалауды Ұлттық парк немесе Ұлттық паркпен келісу бойынша туроператорлар жүзеге асырады.
11. Туристік соқпақты, туристік маршрутты жобалау туристік маршрутқа зерттеу жүргізуді көздейді және ол:
1) қыстақтардың, бивак аялдамаларының (алаңқайларының), көлiкке арналған тұрақтардың, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтардың, кемпингтердiң, шатырлы лагерьлердiң, тамашалау алаңдарының, суретке түсiру және қоғамдық тамақтандыру пункттерінің, туристiк инвентарьдың, құрал-саймандардың және көлiк құралдарының қажеттi мөлшерiн есептеуді;
2) туризм бойынша нұсқаушыларға, экскурсоводқа, гидқа қажеттiлiктi айқындауды және оларды даярлауды ұйымдастыруды, туристік маршрут сипатталған жарнамалық-ақпараттық материалдар әзірлеуді;
3) рекреациялық жүктеменiң есептеуін қамтиды.
12. Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 233-бабына сәйкес экспедициялық зерттеу экологиялық талаптарға сай келетiн, сондай-ақ туризмнiң нақты түрiн дамытудың шынайы мүмкiндiктерiн ескере отырып, табиғи жағдайлары қолайлы аумақтар бойынша жүзеге асырылады.
13. Туристік соқпақты, туристік маршрутты жобалау кезiнде қауiпсiз жүрiп өту үшiн қажетті нұсқаушылардың бiлiктiлiгi, ұзақтығы, ауданның климаттық, географиялық көрсеткiштерi, тау беткейлерінің еңісі және өзендер ағысының жылдамдығы ескерiледi.
14. Ұлттық парктердегі әрбір туристік соқпақтың, туристік маршруттың осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес туристік соқпақтың, туристік маршруттың паспорты болады.
3-тарау. Ұлттық парктің учаскелерін құрылыс объекті үшін ұзақ мерзімді пайдалануға беру тәртібі
15. Ұлттық парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бес жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Бұл учаскелерді беруді осы Қағидаларға сәйкес тікелей Ұлттық парк жүзеге асырады.
Ұзақ мерзімді пайдалануға Ұлттық парктің учаскелері рекреациялық орталықтарды, қонақүйлерді, музейлерді және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн орналастыруға беріледі.
16. Ұлттық парк мынадай:
1) Бас жоспарға сәйкес қалыптастырылған тендерге қойылатын лотты (лоттар);
2) тендердің өткізілетін уақыты мен орны туралы ақпаратты;
3) тендерлік өтінімдер берудің тәсілін, орны және соңғы мерзімі мен олардың қолданылу мерзімін;
4) учаскенің нысаналы мақсатын;
5) жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу және объектілерді салу мерзімін (бұл ретте ЖСҚ әзірлеу мерзімі күнтізбелік бір жылдан, ал объектіні салу мерзімі күнтізбелік үш жылдан аспайтын уақытқа белгіленеді);
6) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу, құрылыс объектісіне іргелес аумақты абаттандыру, қабат саны, құрылыс кезінде қолданылатын материалдар, құрылыс кезінде жиналатын қалдықтарды басқару жөніндегі талаптарды;
7) Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 44-бабының 7-тармағына сәйкес құрылыс салынатын жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөніндегі талаптарды;
8) жер учаскесінің алаңы көрсетіліп, учаске схемасы қоса берілген оны таңдау актісін қамтитын тендерлік құжаттаманы қалыптастырады.
17. Тендерлік құжаттаманы бекіту үшін Ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесі мүшелері және әлеуетті қатысушылары арасында тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүргізіледі.
Тендерлік құжаттаманың жобасы тендер өткізу туралы хабарландыру орналастырылғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын тендерді ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі күнтізбелік бес күнді құрайды.
Тендерлік құжаттаманың жобасына сұрақтар туындаған жағдайда, тендерлік құжаттаманы талқылауға қатысатын адамдар тендерді ұйымдастырушыға тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен және қажеттігіне қарай оған негізделген ұсыныстар енгізумен жүгінеді.
Тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулер мен ұсыныстар болмаған жағдайда, тендерлік құжаттаманы тендерді ұйымдастырушы бір жұмыс күнінің ішінде бекітеді.
Ескертпелер мен ұсыныстар болған жағдайда, Ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесі тендерлік құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде мынадай шешімдердің бірін ұсынады:
1) тендерлік құжаттаманың жобасын өзгерту және (немесе) толықтыру;
2) тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсетіп, оларды қабылдамау;
3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне түсініктеме беру.
Алдын ала талқылау қорытындылары бойынша Ұлттық парк бір күндік мерзімде тендерлік құжаттаманың жобасына келіп түскен ескертпелер және үйлестіру кеңесінің қабылдаған ұсыныстары туралы ақпаратты қамтуға тиіс тиісті хаттамаға қол қояды.
Тендерді ұйымдастырушы үш жұмыс күні ішінде алдын ала талқылау хаттамасына қол қойылғаннан кейін осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды. Осыдан кейін Ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын және бекітілген тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастырады.
Тендерлік құжаттама көрсетілген шешімдер қабылданған күннен бастап бекітіледі.
18. Ұлттық парк тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он күн қалғанда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және Ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында алдағы тендер туралы хабарландыру орналастырады.
Тендер өткізу туралы хабарландыруда тендерді ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері, қысқаша сипаттамасымен қоса тендерге қойылатын лоттардың тізбесі, тендерлік құжаттаманы алу орны мен тәсілдері, тендерлік өтінімдерді берудің орны мен соңғы мерзімі көрсетіледі.
19. Тендерлік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Ұлттық парк басшысының бұйрығымен құрылады, оның құрамына Ұлттық парктің, туризм саласында қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті органының, үкіметтік емес ұйымдардың (келісу бойынша), Ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесінің өкілдері кіреді.
Комиссия саны тақ мүшелерден тұрады, бірақ кемінде тоғыз адам болуы тиіс. Бұл ретте Комиссия мүшесінде үкіметтік емес ұйымдар өкілдері үштен кем адам болмайтын саннан тұрады.
Комиссия мүшелері өз өкілеттіктерін басқа адамдарға бермейді. Комиссия құрамына кірмейтін және дауыс беру құқығы жоқ Ұлттық парктің қызметкері хатшы болып табылады.
Комиссияның төрағасы болып Ұлттық парктің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады.
Комиссияның мүшесі:
1) тендерлік рәсімдердің нәтижелеріне мүдделі;
2) тендерге қатысушылармен және (немесе) олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарымен еңбек қатынастарына байланысты;
3) Комиссия мүшелерінің, тендерге қатысушылардың, олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаты болып табылатын адам бола алмайды.
Комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесі отырыс өткізілгенге дейін туындаған мүдделер қақтығысы туралы Комиссияның қалған мүшелерін жазбаша нысанда хабардар етеді.
Комиссияның қалған мүшелері мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесінің өтініші бойынша немесе басқа дереккөздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөнінде уақытылы мынадай шаралар қабылдайды:
1) мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесін Комиссия жұмысына қатысудан шеттетеді. Мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесін шеттету туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесінің қатысуымен жарияланады. Дауыстар саны тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады;
2) бір күнтізбелік күн ішінде Комиссия құрамының өзара ауысуы жөніндегі бұйрыққа сәйкес Комиссия құрамын қайта қарастырады.
Комиссияның шешімдері оның отырысына қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның отырыстары отырысқа қатысушылардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, онлайн-трансляцияларды ұйымдастырумен нақты уақыт режимінде жүргізіледі.
Комиссия отырысының видео-аудио жазбасына сілтеме тендерлік Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық парктің интернет-ресурсында орналастырылады.
Комиссияның шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді және оған Комиссияның төрағасы, хатшысы, қатысып отырған мүшелері қол қояды.
Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Комиссия мүшесі ерекше пікірін жазбаша нысанда баяндайды, олар хаттамаға тіркеледі.
20. Тендерді өткізу туралы хабарландыруды орналастырумен бір уақытта Ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында тендерге қойылатын қысқаша сипаттамасы бар лоттардың тізбесі және тендерлік құжаттама орналастырылады.
21. Ұлттық парк тендердің әлеуетті қатысушыларын тіркегенге дейін оларға туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бөлінген учаскелермен танысуға мүмкіндік береді.
22. Тендердің әлеуетті қатысушысы тендерлік құжаттамада белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес тендерлік өтінім дайындайды және оны жабық конвертте Ұлттық паркке тіркеуге ұсынады. Тендерлік өтінім тіркелген сәттен бастап тендерлік өтінім берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесін алады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының шетел қатыспайтын заңды тұлғаларына тендерге қатысуға рұқсат беріледі.
23. Тендерге қатысушы мынадай құжаттарды (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде):
1) лоттар көрсетілген тендерге қатысуға арналған еркін нысанда тендерлік өтінімді;
2) заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) техникалық ерекшеліктерді (ерекшеліктерге, жоспарларға, сызбаларға, эскиздерге қоса, ұсынылатын жұмыстардың және қызметтердің техникалық сипаттамаларын);
4) жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасауды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесін;
5) объектілерді салуға жеткілікті қаржылай қаражаттың болуы және (немесе) қарыз қаражатына қолжетімділік және (немесе) тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы құжаттар. Қаржылай қаражаттың болуы тендерге қатысу үшін ұсынылған сәтке дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей екінші деңгейдегі банк берген анықтамамен расталады. Тендерге қатысушы жобаның қаржы-экономикалық моделіне қоса, жобаның бизнес-жоспарын қоса береді;
6) құрылыс объектілерінің болжанып отырған эскизін (эскиздік жобасы);
7) табиғи кешендерді туристік және рекреациялық мақсаттарда, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді пайдаланғаны үшін ұсынылатын бағаны ұсынады.
Тендерге қатысуға өтінімді өтінім беруші тігілген түрде, беттерін нөмірлеп ұсынады және соңғы беті оның қолымен расталады.
24. Тендерге қатысуға берілген өтінімдерді қарау үшін Ұлттық парк Комиссияның отырысын өткізеді.
Комиссияның отырысында Комиссияның хатшысы Комиссияның қатысушы мүшелерiнiң қатысуымен өтiнiм берушiнiң атауын және осы конверттердiң мазмұнын жариялай отырып, тендерге қатысуға берiлген өтiнiмдер салынған конверттердi кезекпен ашады.
Комиссияның отырысында Комиссияның хатшысы тендерге қатысуға өтінімдерді ашу және қарау хаттамасын жүргізеді.
Тендерге қатысуға ашылған өтінімдер ішіндегісін тексеру үшін Комиссияның әрбір мүшесіне кезекпен беріледі.
Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше құжат болмаған және толтырылған өтініш сәйкес келмеген жағдайларда тендерге қатысуға өтінімдер қарауға қабылданбайды.
25. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша конверттер ашылған күні Комиссия хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған Комиссияның барлық мүшелері қол қойып, расталған көшірмелер тендерге қатысушыларға беріледі.
26. Тендерлік өтінімдерді бағалауды Комиссия конверттер ашылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізеді.
27. Басқа үміткерлер болмаған кезде, егер ол осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынған тендердің жалғыз қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады.
28. Тендер бір де бір өтінім болмаса және (немесе) тендерге қатысушылар ұсынған құжаттарды Комиссия осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес келмейді деп таныса, өткізілмеді деп есептеледі.
29. Тендерге қатысушылардың арасынан жеңімпазын таңдау Комиссияның отырысында жүргізіледі, бұл ретте Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің қатысуы шарт. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі ол үшін дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның кез келген мүшесі Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндап, Ұлттық парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған тендер қорытындыларының хаттамасына (бұдан әрі – тендер қорытындыларының хаттамасы) қоса береді.
Комиссияның отырыстары нақты уақыт режимінде онлайн-трансляцияларды ұйымдастырумен, отырысқа қатысушылардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етумен жүргізіледі.
Комиссия отырысының видео-аудио жазбасына сілтеме Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық парктің интернет-ресурсында орналастырылады.
30. Әрбір лот бойынша тендер қорытындыларының хаттамасына Комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері, хатшысы қол қояды және онда мынадай ақпарат:
1) отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің тізімі;
2) өтінім берушінің атауы және оның заңды мекенжайы;
3) ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін жер учаскесінің орналасқан жері және алаңы;
4) тендерлік өтінімдерді бағалау;
5) Комиссияның шешімі қамтылады
31. Ұлттық парк тендер қорытындыларының хаттамасына қол қойылған сәттен бастап тендер жеңімпазына тендер нәтижелері туралы хабарлама жібереді және бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Шартын жасайды.
Шарт жасалғаннан кейін тендер жеңімпазы Ұлттық парктің учаскесін пайдаланушы (бұдан әрі – Пайдаланушы) болып танылады.
32. Тендер жеңімпазының Шарт жасасу үшін өзіне хабарлама жіберілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде келмеуі Ұлттық парктің учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қаралады.
Комиссия осы Қағидалардың 24 және 30-тармақтарына сәйкес жеңімпазды Ұлттық парктің учаскесін ұзақ мерзімді пайдалану бойынша ең қолайлы шарттар ұсынған тендерге қатысушылардың қалғандарының арасынан айқындайды не бұл лот осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келесі тендерге шығарылады.
33. Тендер нәтижелері мен қорытындыларының хаттамасын Ұлттық парк тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында және Ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
34. Тендерге қатысушы Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгiнуге Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк рәсімдік-процестік кодексiнiң 91-бабында көзделген сотқа дейiнгi рәсiмге шағым жасалғаннан кейiн жол берiледi.
35. Шарт жасалған күннен бастап Пайдаланушы күнтізбелік бір жыл ішінде эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген ЖСҚ дайындауды жүзеге асырады (егер ЖСҚ дайындаудың қажеттілігі шартта көрсетілген болса) және оны құрылыстың күнтізбелік жоспарымен бірге Ұлттық паркке ұсынады.
Ұлттық парк ЖСҚ және құрылыстың күнтізбелік жоспары ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ЖСҚ-ны келісуді жүргізеді.
35-1. Шаруашылық қызметі шектеулі аймақтағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелері мемлекеттік органдарға және мемлекеттің жарғылық капиталда жүз пайыз қатысуымен олардың еншілес және (немесе) үлестес ұйымдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері босалқы жерлерге ауыстырылмай, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін табиғат қорғау ұйымымен жасалған, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша және (немесе) Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб мақұлдаған инвестордың қаражаты есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалар бойынша ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.
36. Ұлттық паркпен келісілген ЖСҚ-ны отыз жұмыс күнінен кешіктірмей Пайдаланушы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-1-бабына сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жібереді.
37. Пайдаланушы ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Ұлттық паркті алдын ала жазбаша нысанда хабардар етіп, объектілердің құрылысын бастайды.
4-тарау. Ұлттық парктің учаскелерін уақытша объектілерді орналастыру үшін қысқа мерзімді пайдалануға беру
38. Ұлттық парктің учаскелері тарихи-мәдени мұра объектілері орналасқан учаскелерді қоспағанда, қысқа мерзімді пайдалануға рекреациялық жүктемелердің нормаларын ескере отырып, уақытша объектілер (шатырлы лагерлер, қоғамдық тамақтандыру объектілері, бивак аялдамалары мен тамашалау алаңдары, жағажайлар, қайық станциялары, велосипедтер мен суда жүзетін көлік түрлерін және жағажай инвентарын жалға беру пункттері), бал арасын өсірумен айналысу үшін қажет уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыру үшін беріледі. Учаскелер Бас жоспарға сәйкес туристік соқпақтардың, туристік маршруттардың бойында және олардан бөлек жерлерден беріледі.
39. Ұлттық парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға беріледі. Бұл учаскелерді беруді осы Қағидаларға сәйкес Ұлттық парк тікелей жүзеге асырады.
40. Ұлттық парк мынадай:
1) Бас жоспарға сәйкес қалыптастырылған конкурсқа шығарылатын лотты (лоттар);
2) конкурстың өткізілетін уақыты мен орны туралы ақпаратты;
3) конкурстық өтінімдер берудің тәсілін, орны және түпкілікті мерзімі мен олардың қолданылу мерзімін;
4) учаскенің нысаналы мақсатын;
5) жер учаскесінің ауданы көрсетіліп, учаске сызбасы қоса берілген таңдау актісін қамтитын конкурстық құжаттаманы қалыптастырады.
41. Әлеуетті қатысушылардың конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылауы осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
42. Алдағы болатын конкурс туралы хабарландыруды орналастыру осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
43. Комиссия Ұлттық парк басшысының бұйрығымен құрылады, оның құрамына Ұлттық парктің, туризм саласында қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, үкіметтік емес ұйымдардың (келісу бойынша), Ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесінің өкілдері кіреді.
Комиссия саны тақ мүшелерден, кемінде тоғыз адамнан тұрады. Комиссия құрамында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің саны үштен кем болмайды.
Комиссия мүшелері өз өкілеттіктерін басқа адамдарға бермейді. Хатшы Комиссия құрамына кірмейтін және дауыс беру құқығы жоқ Ұлттық парктің қызметкері болып табылады.
Комиссияның төрағасы болып Ұлттық парктің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады.
Комиссияның мүшесі:
1) конкурстық рәсімдердің нәтижелеріне мүдделі;
2) конкурсқа қатысушылармен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарымен еңбек қатынастарына байланысты;
3) Комиссия мүшелерінің, конкурсқа қатысушылардың, олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаты болып табылатын адам бола алмайды.
Комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесі отырыс өткізілгенге дейін туындаған мүдделер қақтығысы туралы Комиссияның қалған мүшелерін жазбаша нысанда хабардар етеді.
Комиссияның қалған мүшелері мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесінің өтініші бойынша немесе басқа дереккөздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөнінде уақытылы мынадай шаралар қабылдайды:
1) мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесін Комиссия жұмысына қатысудан шеттетеді. Мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесін шеттету туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесінің қатысуымен жарияланады. Дауыстар саны тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады;
2) бір күнтізбелік күн ішінде Комиссия құрамының өзара ауысуы жөніндегі бұйрыққа сәйкес Комиссия құрамын қайта қарастырады.
Комиссияның шешімдері оның отырысына қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда тендерлік Комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның отырыстары отырысқа қатысушылардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, онлайн-трансляцияларды ұйымдастырумен нақты уақыт режимінде жүргізіледі.
Комиссия отырысының видео-аудио жазбасына сілтеме тендерлік Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық парктің интернет-ресурсында орналастырылады.
Комиссияның шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді және оған тендерлік Комиссияның төрағасы, хатшысы, қатысып отырған мүшелері қол қояды.
Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Комиссия мүшесі ерекше пікірін жазбаша нысанда баяндайды, олар хаттамаға қоса тіркеледі.
44. Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды орналастырумен бір уақытта Ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында тендерге қойылатын қысқаша сипаттамасы бар лоттардың тізбесі және тендерлік құжаттама орналастырылады.
45. Ұлттық парк конкурсқа әлеуетті қатысушыларды тіркегенге дейін оларға туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бөлінген учаскелермен танысуға мүмкіндік береді.
46. Конкурстың әлеуетті қатысушысы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес конкурстық өтінім дайындайды және жабық конвертте Ұлттық паркке тіркеуге ұсынады. Конкурстық өтінім тіркелген сәттен бастап конкурстық өтінім берген тұлға конкурсқа қатысушы мәртебесін алады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының шетел қатыспайтын заңды тұлғаларына конкурсқа қатысуға рұқсат беріледі.
47. Конкурсқа қатысушы мынадай құжаттарды (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде):
1) лоттар көрсетілген конкурсқа қатысуға арналған еркін нысанда конкурстық өтінімді;
2) заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесін, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін, санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды сақтау жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, Ұлттық парктің учаскесін пайдалану және абаттандыру жоспары;
4) тендерге қатысушының уақытша объектілер орналастыруға жеткілікті қаржы қаражатының болуы және (немесе) қарыз қаражатына қолжетімділік және (немесе) тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы құжаттар;
5) жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасауды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесін;
6) табиғи кешендерді туристік және рекреациялық мақсаттарда, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді пайдаланғаны үшін ұсынылатын бағаны ұсынады.
Өтінім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді тігілген түрде, беттерін нөмірлеп ұсынады және соңғы беті оның қолымен куәландырылады.
48. Конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау үшін ұлттық парк комиссияның отырысын өткізеді.
Комиссияның отырысында комиссияның хатшысы комиссияның қатысушы мүшелерінің қатысуымен өтінім берушінің атауын және осы конверттердің мазмұнын жариялай отырып, конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер салынған конверттерді кезекпен ашады.
Комиссияның отырысында комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу және қарау хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) жүргізеді.
Конкурсқа қатысуға ашылған өтінімдер ішіндегісін тексеру үшін комиссияның әрбір мүшесіне кезекпен беріледі.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
49. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша конверттер ашылған күні Комиссия хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған Комиссияның барлық мүшелері қол қойып, расталған көшірмелер конкурсқа қатысушыларға беріледі.
50. Конкурстық өтінімдерді бағалауды Комиссия конверттер ашылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізеді.
51. Басқа үміткерлер болмаған кезде, егер ол осы Қағидалардың 48-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынған конкурстың жалғыз қатысушысы, конкурс жеңімпазы болып танылады.
52. Конкурс бір де бір өтінім болмаса және (немесе) конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды Комиссия осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес келмейді деп таныса, өткізілмеді деп есептеледі.
53. Конкурсқа қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдау Комиссияның отырысында жүргізіледі, бұл ретте Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің қатысуы шарт. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер Комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі ол үшін дауыс берсе, қабылдады деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның кез келген мүшесі Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндап, Ұлттық парк учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурс қорытындыларының хаттамасына (бұдан әрі – конкурс қорытындыларының хаттамасы) қоса береді.
Комиссияның отырыстары онлайн-трансляцияларды ұйымдастырумен, отырысқа қатысушылардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етумен нақты уақыт режимінде жүргізіледі.
Комиссия отырысының видео-аудио жазбасына сілтеме комиссия отырысы өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық парктің интернет-ресурсында орналастырылады.
54. Әрбір лот бойынша конкурс қорытындыларының хаттамасына Комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері, хатшысы қол қояды және онда осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес ақпарат қамтылады.
55. Конкурс қорытындылары хаттамасының негізінде Ұлттық парк бес жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес конкурс нәтижелері және Шарт жасасу туралы хабарлама жібереді.
Шарт жасалғаннан кейін конкурс жеңімпазы Ұлттық парктің учаскесін Пайдаланушы болып танылады.
56. Конкурс жеңімпазының Шарт жасасу үшін өзіне хабарлама жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келмеуі Ұлттық парктің учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қаралады.
Комиссия жеңімпазды Ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалану бойынша ең қолайлы шарттар ұсынған конкурсқа қатысушылардың қалғандарының арасынан айқындайды және (немесе) бұл лот осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келесі конкурсқа шығарылады.
57. Конкурс нәтижелері мен қорытындыларының хаттамасын Ұлттық парк конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында және Ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
58. Конкурс қатысушы Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгiнуге Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк рәсімдік-процестік кодексiнiң 91-бабында көзделген сотқа дейiнгi рәсiмге шағым жасалғаннан кейiн жол берiледi.
5-тарау. Ұлттық парктің учаскелерін балық шаруашылығын жүргізу үшін ұзақ мерзімді пайдалануға беру
59. Балық шаруашылығын жүргiзу үшiн Ұлттық парктердiң учаскелерi бес жылдан жиырма бес жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiледi. Бұл учаскелерді беруді осы Қағидаларға сәйкес Ұлттық парк тікелей жүзеге асырады.
Балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыру уақытша құрылыстарды пайдалана отырып, күрделі құрылыссыз жүзеге асырылады.
60. Ұлттық парк мынадай:
1) Бас жоспарға сәйкес қалыптастырылған тендерге қойылатын лотты (лоттар);
2) тендер өткiзiлетiн уақыт пен орын туралы ақпаратты;
3) тендерлік өтінімдерді беру тәсілін, орны және түпкілікті мерзімі және олардың қолданылу мерзімін;
4) учаскенің нысаналы мақсатын;
5) ауданы көрсетілген және учаскенің схемасы қоса берілген жер учаскесін қарауды таңдау актісін қамтитын тендерлік құжаттаманы қалыптастырады.
61. Әлеуетті қатысушылар тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауды осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
62. Алдағы тендер туралы хабарландыруды орналастыру осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
63. Комиссия осы Қағидалардың 44-тармағында белгіленген тәртіппен құрылады.
64. Тендерлік құжаттаманы алу үшін әлеуетті қатысушы Ұлттық паркке лоттарды көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді және (немесе) өтініш осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген мекенжайға электрондық хат арқылы жіберуге рұқсат етіледі.
65. Ұлттық парк тендерге әлеуетті қатысушыларды тіркеу басталғанға дейін тендерлік құжаттаманы алған тұлғаларға балық шаруашылығын жүргізу үшін бөлінген учаскелермен танысуға мүмкіндік береді.
66. Тендердің әлеуетті қатысушысы Ұлттық паркке тендерлік өтінімді тендерлік құжаттамада белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес жабық конвертте дайындайды және тіркеуге ұсынады. Тендерлік өтінімді ұсынған тұлға тендерлік өтінімді тіркеген кезден бастап тендерге қатысушы мәртебесіне ие болады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының шетел қатыспайтын заңды тұлғаларына тендерге қатысуға рұқсат беріледі.
67. Тендерге қатысушы осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесін (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде) ұсынады.
68. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
69. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша Комиссия хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды, оның куәландырылған көшірмелері тендерге қатысушыларға ұсынылады.
70. Комиссия тендерлік өтінімдерді бағалауды конверттер ашылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
71. Басқа үміткерлер болмаған кезде, осы Қағидалардың 48-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынылған тендердің жалғыз қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады.
72. Тендерге қатысушылар ұсынған құжаттарды Комиссия осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес келмейді деп таныса, тендер өтпеді деп танылады.
73. Тендерге қатысушылардың арасынан тендер жеңімпазын таңдау Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда Комиссия отырысында жүргізіледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның кез келген мүшесі Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікір білдіреді, ол жазбаша түрде баяндайды және Ұлттық парк учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беруге арналған тендер қорытындыларының хаттамасына (бұдан әрі – тендер қорытындыларының хаттамасы) қоса береді.
74. Әрбір лот бойынша тендер қорытындыларының хаттамасына Комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері, хатшы қол қояды және осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес ақпаратты қамтиды.
75. Тендер қорытындыларының хаттамасы негізінде Ұлттық парк бес жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тендер нәтижелері және Шартын жасасу туралы хабарлама жібереді.
Шарт жасасқаннан кейін тендер жеңімпазы Ұлттық парк учаскесін Пайдаланушы болып танылады.
76. Тендер жеңімпазына Шарт жасасу үшін хабарлама жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келмеуі Ұлттық парк учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қаралады.
Комиссия Ұлттық парк учаскесiн ұзақ мерзiмдi пайдалану жөнiнде ең жақсы шарттарды ұсынған тендердiң қалған қатысушыларының iшiнен жеңiмпазды анықтайды және (немесе) осы лот осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен келесi тендерге шығарылады.
77. Ұлттық парк тендер нәтижелері мен қорытындыларының хаттамасын тендер өткізу туралы хабарландыру сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында және Ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
78. Тендерге қатысушы Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгiнуге Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк рәсімдік-процестік кодексiнiң 91-бабында көзделген сотқа дейiнгi рәсiмге шағым жасалғаннан кейiн жол берiледi.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
Туристiк соқпақтың (маршруттың) паспорты
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрi – ЕҚТА) атауы
______________________________________________________________
______________________________________________________________
2. Соқпақтың (маршруттың) атауы_________________________________
3. Соқпақтың (маршруттың) жiктемесi:
1) қозғалыс жасау түрi бойынша: жаяу жүру, су, шаңғы, велосипед, салт атты, автомобиль, мотоцикл, ат-арба, аралас;
2) қолданыс уақыты бойынша: жыл бойы, маусымдық;
3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке;
4. ______________________________________________________________
(негiзгi географиялық пункттердiң атауы)
5. Ұзындығы __ километр (км), аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы ___________ сағат.
6. Соқпақтың (маршруттың) жұмыс iстеу мерзiмi.
7. Топтағы адамдардың ең көп саны; шектеу неге байланысты (тамашалау алаңының сыйымдылығына, психикалық жайлы шегiне, рекреациялық жүктеме нормаларына). Бiр аптаға немесе бiр айға экскурсиялық топтардың лимиттерi (рекреациялық жүктеме).
8. Экскурсиялық маусым iшiндегi әртүрлi кезеңдер бойынша жол берiлетiн рекреациялық жүктемелер.
9. Соқпақпен экскурсоводсыз жүріп өту мүмкіндігі.
Соқпақ қалай таңбаланған. Өзiңмен бiрге киiмнен және (немесе) аяқ киiмнен (мысалы, егер аяқты сулап алу, яғни арнайы ағаш төсенiшсiз сулап алу қаупi ықтиал батпақты учаскелер болса, етiк) не алу керек.
10. Соқпақта жүрiп-тұрудың ерекше ережелерi.
11. Қауiпсiздiк шаралары.
12. Соқпақпен (маршрутпен) жүрiп өту жоспары:
Р/с | Соқпақ (маршрут) учаскелерi | Ұзындығы, км | Қозғалыс уақыты | Аялдау уақыты | Тамашалау алаңының, суретке түсiру пунктерінің нөмірі | |
бастап | дейiн | |||||
Барлығы: |
13. Соқпақ (маршрут) сызбасы (соқпақ (маршрут) белгіленген масштабы кемінде 1:200000 баспахана шығарған карталар мен сызбаларды желiмдеп жапсырып қоюға болады).
14. Шартты белгiлер:
соқпақтар (маршруттар);
қосымша нұсқалар;
түнеу орындары;
паналау орындары;
жасырыну орындары;
медициналық көмек пункттері;
байланыс пункттері (байланыс түрi көрсетiлсiн).
15. Соқпақтың (маршруттың) қысқаша сипаттамасы (сипаты).
16. Соқпақ (маршрут) бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектiлерiнiң қысқаша сипаттамасы.
17. Соқпақтың (маршруттың) күрделi учаскелерiнiң қысқаша сипаттамасы.
18. Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған кезде топтың iс-қимылы.
19. Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтiнi үшiн ұсынымдар.
Туристiк жабдықтарға, киiмге, аяқкиiмге, жүрiс-тұрысқа қатысты ұсынымдар енгiзiледi _____________________________________
20. Соқпақтың (маршруттың) абаттандырылуы
Таңбалау_______________________________________________________
Соқпақтың (маршруттың) аялдау, паналау, абаттандыру орындары
________________________________________________________
21. Табиғат қорғау мекемесінің ғылыми-техникалық кеңесiнiң шешiмi ______ жылғы №___________
22. Паспорт 20____жылы________данада жасалды.
23. 20____жылы________ _______беттерге өзгерiстер енгiзiлдi.
20____жылы________ _______беттерге өзгерiстер енгiзiлдi.
24. Паспорт даналары жiберiлдi:___________________________________
______________________________________________________________